Материалдар / Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
419
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары

Күні: 17.02.20

Өтетін орны:

Н.Есеболатов атындағы орта мектеп

Коучинг тақырыбы:

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Мақсаты:

Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. 

Нәтижесі:

Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен танысады,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейеді . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсінеді.

Сілтемелер:


Негізгі идеялар:

Денсаулықты күту, дұрыс тамақатану, адам ағзасына қажетті тағамдарды қолдану, зиянды заттардан аулақ болу

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, компьютер, бейнематериалдар, постер, маркер, слайдтар

Өту формасы, технологиясы, әдістері:

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс,


Коучинг кезеңдері

Сабақ барысы:

Іс-әрекеті

Психологиялық

дайындық

І.Психологиялық ахуал орнату: Жүректен жүрекке Қасымыздағы сыптасымызға шын жүректен денсаулық, саулық тілеу.




Талқылау

Тақырыпты ашу.

ІІ. Кіріспе әңгіме

-Балалар, адамның басты байлығы не деп ойлайсыңдар?

-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.

-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?

-Балалар, дұрыс тамақтану дегеніміз не?.

-Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.


Түсіну

ІІІ. Жағдаяттарды шешу:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді.

Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.

- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?

Қорытындысында:

«Дәрумендер мен минералдардың керемет-күші» тақырыбындағы бейне жазба.

ІҮ. Сергіту сәті ( бақта және бақшада өсетін жемістер мен көкөністер аттарына сәйкес алма болса тұрып, сәбіз болса отырып жаттығулар жасау )

Алма, картоп, алмұрт, сәбіз, лимон, қарбыз, қауын, апельсин, орамжапырақ, шие, бүлдірген т.с.с





Сынып болып жауап береді , оқушылардың жауабынан кейін

«Дәрумендер мен минералдардың керемет-күші» тақырыбындағы бейне жазба көреді.






Зиянды тағамдарды ажыратады, көп пайдалануға болмайтынын түсінеді


Талдау

ҮІ.

Қыдырып келдің бе,

Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында

Қол жууды ұмытпа!

Кештетпей уақыттан,

Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын,

Сүт пен ірімшік,

Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай,

Аласың қайдан нәр?

Табиғат сыйлаған,

Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған,

Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді,

Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнде,

Сүйсініп жегейсің!



Ата - Ана, құрметті,

Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін,

Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте,

Бұларды тауып бер!


Ботқаны дайындар,

Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп,

Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер,

Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге,

Бұл тағам пайдалы!


Көп сусын ішесің,

Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның,

Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су,

Асыңды қортады.
«Бояу, газ» қосылса,

Асқазан “қорқады”.


«Салауатты тарелка» мультфильм көру.

Ал енді мақал мәтел айтып жарысайық, ойнайды. Мақал мәтелдің басын жүргізуші айтады аяғын оқушылар аяқтау керек. Аяқтаған оқушы келесі мақалдың басын айтады , тапқан оқушы аяқтайды. Жаңа басқа мақалдың басын айтады


Мақал мәтелдер

Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.


Денсаулық — зор байлық.


Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.


Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.


Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.


Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.


Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.


Аяншақ көзге шөп түскіш.


Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...


Жасырғанның жарасы асқынады.


Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.


Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.


Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.


Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.


Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.


Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.


Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.


Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.


Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.


Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.


Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.

Бірге тумақ бар,
Бірге өлмекжоқ.



Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.


Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.


Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.


Ет етке — сорпа бетке.


Ас иесімен тәтті


Ас атасы-нан


Алты жыл аш жүрсең де,
Ата салтыңды ұмытпа.

Оқушылар өлеңдерін айтады

Жинақтау

Y. –Балалар, пайдалы тағамдармен қоса денсаулыққа зиянды тағам түрлерін болады?

Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру:

Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки,  компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.

1-2 оқушыға оқытып, неге олай жазғандарын сұраймын, жауаптарын толықтырамын.-Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер? Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сендер бір ғана гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.

Қорытынды: -Балалар, арамызда фаст-фуд тағамдарын қолданушылар бар ма?-Зиянын білесіңдер, ендеше фаст-фудқа үйір болмаңдар.Өз денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.

«Ең зиянды 7 тағам» бейне жазба көрсетту.

Жұмбақ жасырып ойнайық:



Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
 

 
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

(Асқабақ)  


Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

(Ас бұршақ)
 

Үйде жездем жатыр,
Жез белбауын орап жатыр. Сыпырғыш

Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.

Сабын


Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.



Бағалау

«Денсаулық зор байлық» мультфильм көру

Қорытынды: -Балалар, неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады?

Сендер дұрыс тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алдыңдар ма?

-Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтарыңның кепілі екенін есте сақтаңдар.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!