Материалдар / Дуалды оқыту жүйесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дуалды оқыту жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
2016-2017 оқу жылынан бастап Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Осы оқыту жүйесі бойынша 2016 жылы 1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына 1304012-Электронды-есептеу машиналарының операторы біліктілігіне 25 студент қабылданды. Оқыту үйлестірушісі Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының білім басқармасы болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
248
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дуалды оқыту жүйесі


Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Таяудағы 2-3 жылда дуалды, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек»  яғни, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет деп  атап көрсеткен.  Қазақстанның инновациялық болашағы еңбек ресурстары сапасына сай тікелей байланысты болғандықтан түбегейлі жаңа әдіс және технология  қажеттілігі туралы мәселеге  Елбасы аса назар аударды. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдірісі басталды. Осыған орай, мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырылды. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады.



2016-2017 оқу жылынан бастап Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Осы оқыту жүйесі бойынша 2016 жылы 1304000-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына 1304012-Электронды-есептеу машиналарының операторы біліктілігіне 25 студент қабылданды. Оқыту үйлестірушісі Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының білім басқармасы болды.

1 курстан бастап студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша оқу танымдық тәжірибесі және өндірістік, диплом алды тәжірибелерден өтті. Тәжірибелерді өту барысында колледжбен серіктестікте болған кәсіпорындар: АО "Ұлттық ақпараттандыру орталығы", ЖШС "Funky Bussines", ЖШС "ALEM-Project Management", Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия", №96 Жалпы білім беру мектебі, ЖШС "PolyМИР", ЖШС "MTI-Global", АО "КазТрансГаз Аймақ", УВД ОМП Әуезов ауданы Алматы қаласы, ГУ "Казселезащита" КЧС ІІМ ҚР, ЖШС "IT-Сарапшы", ЖШС "R-STYLE.KZ", ЖШС "All In Company", Шакена Айманов атындағы "Қазақфильм", ЖШС "Gold-Art", “Қарасай, Әуезов, Наурызбай ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары", "EXPOBEST" тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің халықаралық қауымдастығы. Тәжірибе мақсаты- студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе кезінде бір жерден шектеліп қалмай, әр түрлі мекемелерден өтулерін қамтамасыз етеміз. Студенттер осындай тәжірибелердің арқасында кез келген жұмыс орнында тез тіл табысып жұмыс істеуді, мамандыққа қажетті стандарттарға сәйкестелген кәсіби басқарушылық дағдыларын қолдануды және белгілі бір салада жетістікке қол жеткізуге қажетті кәсіби құзыреттегі білімдерін жетілдіруді үйренді.

Ең алғашқы дуалды оқыту жүйесі бойынша 2019 жылы 22 студент тәмамдап шықты. Оның ішінде 3 студент үздік дипломмен бітірді. Қазіргі таңда осы топтың 14 студенті колледжмізде 1304043-«Техник-бағдарламашы» біліктілігі бойынша сырттай бөлімде білімдерін жалғастыруда. Бітірген түлектердің ішінде 11 студент Әуезов ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына, 1 студент Наурызбай ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына және 4 студент мамандықтары бойынша ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. Биылғы оқу жылында 2 жұмысшы мамандығына яғни, 1304012- «Сандық ақпараттарды қайта өңдеу» және 1308022 – «Байланыс құрал-жабдығын құрастырушы» мамандықтарына 75 студент оқуға қабылданды.

Дуалды оқыту жүйесі – нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарын даярлау, яғни техникалық және кәсіптік кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру деп білемін.



Өндірістік оқыту шебері

Лайық Айдана Әміржанқызы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!