Материалдар / «Дуалды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дуалды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру »

Материал туралы қысқаша түсінік
Дуалды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру - өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуалды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дуалды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру »



Баяндамашы: өндірістік оқыту шебері

Тулегенова Бакитжан Карабековна

Дуалды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру - өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуалды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шетелдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы оқытудың өндіріспен тығыз байланысын орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады. Бұл процестен

байқайтынымыз дуалдау оқыту жүйесі арқылы жас мамандарды жұмысқа көптеп тарту және оқу процесі аяқталғаннан кейінгі жұмыспен қамтылуына да жағдай жасайтын тиімді жағын байқауымызға болады.

Дуалдау реформасының негізгі жүзеге асырылындағы негізгі бастама:

Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуалды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалыбіліктілік орталықтары қажет» - деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.

Дуалды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату. Дуалды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгертіп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. (Сызба №1)

Дуалды оқыту әдісіндегі ерекшеліктер

Дуалды оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріне әлеуметтік серіктес табуы керек. Ең алғашқы өнеркәсіп АО «Қазақтелеком» Батыс Қазақстан индустриалды колледжбен дуалдық оқытуға меморандуға қол қойды. Бірігіп жұмыс жасау үшін:

- бірігіп өндірістік оқыту жоспарын құрды

- әр студентке білікті жетекшілер бекітілді

-өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән мұғалімдері біліктілік курсынан өткізіледі

-колледжге келген жана жабдықтарды орналастыруға көмектеседі.

-біліктілік емтиханын тапсырғанда комиссия мүшелігіне қатысады.

- КДДБ кәсіпорын қызметкерлері көмек көрсетеді.

Дуалды оқыту жүйесі іс тәжірибеде

Қазіргі таңда колледж токарь, дәнекерлеуші, электр байланысы және желімен хабарлау желілік құрылысының электрмонтері, электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін электрмонтері бойынша мамандар даярлайды. Студенттерді өндірістік практикадан өту және жұмысқа орналастыру үшін, 70-тен астам жетекші өндірістік кәсіпорындармен әріптестік туралы келісім шарт бекітілген. Олар: «Батыс Қазақстан машинақұрастыру компаниясы» АҚ, «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ, «Омега» АҚ, «Металбұйымы» ЖШС, «Құрлыскомбинаты» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Ремзавод» АҚ және облыстың тағы да басқа кәсіпорындары. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Әлеуметтік серіктестермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған колледж-2014» атты облыстық сайыста колледжіміз ІІІ орынды иеленсе, осы жылы «Әлеуметтік серіктестермен жұмысты жүйелі ұйымдастырған оқу орны» номинациясына ие болды. Қазақстандағы iрi кәсiпорындардың бiрi – «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ көп жылдан берi Батыс Қазақстан индустриалды колледждің базалық кәсiпорны болып саналады. Қазақстандағы кәсiпорындар iшiнде жалғыз осы зауыт Отан соғысының I-дәрежелi Орденiмен марапатталды. Нарық заманында бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сапасы жағынан ел аумағында өзіндік орынын белгілеп үлгерген аталмыш зауыт Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің судағы қорғанысын заманауи шағын катерлермен қамтуда. 2015 жылдың қыркүйек айында «Орал «Зенит» зауыты» ААҚ және «Құрылыскомбинаты» ЖСС колледж бірігіп жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды. 2015 оқу жылының қорытындысы бойынша түлектердің жұмысқа орналасу 100%, соның ішінде мамандық бойынша 85%. Сондықтан биылғы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша 160 студент қабылдаудың орнына 175 студент қабылданды. Оқушылар тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісімшартқа отыруы тиіс. Осы жүйе бойынша білім алған студенттердің көпшілігі комбинатқа жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Дуалды жүйені оқу процесіне енгізу мақсатында елімізде әлемнің жетекші кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық дамытылып жатыр. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанның оқытушылары Германия, Сингапур, Канада елдерінің кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында тәжірибе алмасулар дами бастады. Ал біздің Батыс Қазақстан индустриалды колледжі бүгінгі таңда «Кәсіпқор» Холдингінің серіктес колледждер желісінің он іргелі оқу орындарынын катарына еніп отыр. Машина-жасау құрылыс саласы бойынша маман даярлайтын окытушыларымыз бен оқу шеберлеріміз халықаралық және республикалық біліктілік арттыру курсынан өтіп келді. Жаңадан жұмысқа қабылданған оқу орнының бітірушісі туралы, мекемедегі мамандар арнайы келіп, сол оқушы бойынша толық ақпарат алуға құқы бар. Себебі, ол мемкеме мен оқу орны арасында байланыс орнаған. Мекеме басшылары белгілі біруақыт аралығында педагогикалық кеңестерге қатысып отырады. Сондай-ақ, жоғары білімі бар мамандар кәсіптік мектептерге сабақ беруге жіберілмейді және 1,5 жыл көлемінде референтурада оқиды. Референтурада оқушылармен жұмыс жасаудың, сабақ берудің түрлі әдістемелері үйретіледі.

Оқушылар топтастырылып оқытылады. Кәсіпорын мамандарының қатысуымен жаңа жобаларды талқылау мақсатында, шешімін табуға тиіс ортақ мәселелер бойынша өзара жиындар, конференциялар жиі өткізіліп тұрады. Бүгінгі студент ертеңгі маман. Ал таңдаған кәсіптерін тереңірек меңгеру үшін студенттер ұстаздарының жетекшілік етуімен сайыстарға, ғылыми-тәжірибелік конферненцияларға, семинарларға қатысады.

«Кәсіби маман-2015» халықаралық кәсіби шеберлік байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері студент Е.Мырзагалиев, (жетекшілері Р.Чуюншалиева, Б.Тулегенова), «Менің мамандығым» атты облыстық байқауында І-орын – Есқақ Азамат (жетекшісі –Бисенгалиева С.) «Путешествие в страну -электричество» облыстық байқауда І орын –Ж.Аскарұлы (жетекшісі –Крайнюк О.А), И.Ерболатов (жетекшісі – С.Бисенгалиева) алғыс хатпен марапатталды, «Менің мамандығымның әлемі» атты облыстық-ғылыми зерттеу оқуындаІІІ –орын Р.Дамирұлы ( жетекшісі –А. Хамидуллина), Біз болашақты бірге құрамыз» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Күлшиев Сержан (жетекшісі-Г.Т.Каргина) «Өз мамандығын жарнамалау» номинациясына ие болды. Колледж шеберханаларында жаңа технологиядағы станоктар мен машина-механизмдер қойылған. Бұл жерде де өндірістің оқу орындарына деген сұранысы мен талабы жоғарылғы оқыту жүйесінің табысты нәтиже беруіне өз септігін тигізеді.Оқу орталықтары жүйелі түрде жұмыс жасай отыра жаңа инновациялық технологиялық талаптарға сай жабдықталған. «Кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық жағдайы жақсармай, сапалы мамандар даярлау мүмкін емес» деген түсінік қалыптасқан. Әлемдік тәжірибеден байқайтынымыз әлемдегі жетекші оқу орындарымен халықаралық байланысты нығайта отырып, оқытушылардың дамыған шет елдерде білімдерін жетілдіруінің еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласын жаңғыртуда пайдасы зор екендігін көрсетеді.

























Қорытынды

Қорытындылай келе, әлемдік тәжірибеден алынған бұл оқыту жүйесінің тиімді жақтарының көп екендігін байқауымызға болады. Оған басты себеп, ел экономикасын көтеруде техникалық мамандықтағы жоғары технологияны меңгерген мамандар азшылық етуде, сондай-ақ, қоғамдағы жұмыссыздық мәселесінің шешуде де алар орны ерекше. Сондықтан, қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септілігін тигізетін, жаңа технология меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу. Болашақта әлемдік деңгейдегі колледж болып, түлектерміз ұлттық біліктілік шеңберінде бірден екінші біліктілік алып шығып, ел экономикасы өркендетуге қызмет атқарады деген сенімдеміз.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!