Басы
|
Психологиялық дайындық
Мынау менің
жүрегім
Бәрі осыдан
басталады.
Мынау басым
ақылды,
Бәрі оны
басқарған.
Мынау менің оң
қолым,
Мынау менің сол
қолым,
Барлық істі
атқарған.
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай
қуаныш!
|
|
Ортасы
Сергіту сәті
|
Заттан шыққан дыбыс
толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын
жайылып таралады. Дыбыс көзі — секундына 16 -дан 20 000 ретке дейін
жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық
денелер
Дыбыс көздерінің тербелісін
қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге
асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық
аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы
дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі
және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі
сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі
және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады.
Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды
әсері болатын өнеркәсіптік,
көліктік шуларды және аэродинамикалық шу
көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар
қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар
мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады.
Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық
түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда
гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс
толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады.
Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс
бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның
біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі,
теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы)
шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера,
теңіздегі
қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы
да әсер етеді.
|
Оқулық бойынша жұмыс
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Дәптер бойынша
жұмыс
|
Соңы
|
Сайыс
ұйымдастырыңыз: бір топ — табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс
көздерін атайды. Қай топ көбірек атайды, сол топ
жеңеді.
Лабиринт. Оқушыларға лабиринт жолы
бойыншаөтуді тапсырыңыз. Сызықтардың жолдың ортасында болуына назар
аударыңыз. Жасанды дыбыс көзін белгілеуі тиіс
(қоңырау).
|
|