Материалдар / Дыбыстану.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дыбыстану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құлағында бұзылысы бар балалар үшін "Дыбыстану" пәнінен оқулықтың тапшылығына байланысты қосымша әдістемелік оқу құралы ретінде ұсынып отырмыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2022
474
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есту қабілеті бұзылған
балаларға

Дыбыстану
бөліміне арналған
әдістемелік оқу құралы
Айтуганова Зубира Кеңескызы
Калшораева Меруерт Паттешкызы

Леңгіркітап 2022 жыл.
ZubiraMeruert

Айтуганова Зубира Кеңесқызы

Калшораева Меруерт Паттешкызы.

Айтуганова Зубира Кенесқызы

Калшораева Меруерт Паттешкызы.

Есту қабілеті бұзылған балаларға

Дыбыстану
бөліміне арналған әдістемелік
оқу құралы.

Леңгіркітап
2022жыл.

«Саңыраулық мені өмір бойы қоршаған
ортадағы адамдардан алшақтауыма себеп болып, мені
өмір бойы қуғындаумен болды. Менің қандай да бір
зерттеушілікпен айналысуыма себеп болды.
Себебі: басқалар игерген қабілеттің менде болмауынан
көп нәрсені ізденуіме, көп нәрсемен айналысуыма
тура келді». (К.Э. Циолковский)

Кіріспе
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған әдістемелік оқу
материалдары оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне қарай
жинақталған.
Бұл оқу құралы отандық дефектолог мамандар Қ. К. Ибрагимова,
Г. Б. Өміржанованың Алматы «Мектеп» баспасы 2001жылы
шығарылған «Әдістемелік нұсқаулық» кітабына сүйене отырып
құрастырылды. Ұсынылған оқу материалдары оқушылардың
дыбыстар артикуляциясын дұрыс қалыптастырып, дұрыс айтуға
үйрету арқылы сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту
жұмыстары мен қатар ойын арқылы тапсырмаларды орындай
білуге көмектеседі. Жұмбақ, жаңылтпаш, өлеңдер оқу арқылы
тілдері жаттығып, машықталады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда сурдопедагог ,
дефектолог мамандарына қосымша оқу құралы ретінде ұсынамыз.

ZubiraMeruert

«А» дыбысын айтқанда даубыс бар. А – дыбысын айтқанда
дауыс ауа қуысы арқылы шығады. А - дыбысын айтқанда тіл
тыныш жатады.
«А» дыбысын созып айт. А____________
А____ А_______А ______ А ________

«А» дыбысын жабық буында оқы.

ПАРТА

. ТАРАҚ

ПА, - ТА, -МА, -СА.

.

ОЛ

МАТА.

«А» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында оқу. ПАП,- ТАТ,- МАМ.

ТАҚ-ТА

ОЛ МАҚ-ТА
«А» дыбысын ашық буында оқы. АП,- АТ,- АШ,- АС,- АЙ.
АТ

.

.

ОЛ

.

АЛМА АЛ.

Суретте «А» дыбысын қадағалап айт.

АТ

АЙ

АЛ-ША

АЛ-МҰРТ
ZubiraMeruert

1

«О» дыбысын
айтқанда дауыс бар.
«О» дыбысын
айтқанда ауа ауыз
қуысы арқылы
шығады.Тіл артқа
жылжиды.

«О» дыбысын созып жеке айт. О___________
«О» дыбысын жабық буында оқы. ПО, - ТО, - МО, - СО, - НО.
Бор

.

ал.
О______________
«О» дыбысын ашық буында оқы. ОТ, - ОМ, - ОН, - ОС.

ОЛ

Борды

. О –РЫН -ДЫҚ .

О-РЫН-ДЫҚ-ТА

О-ТЫР.

«О» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында оқы.
ПОП,- ТОТ, - МОМ.
«О» дыбысын суреттерде дұрыс айт.

Тор-ғай
.
бұтаға қонды.
Суреттерді ата. «О» дыбысын дұрыс айт.

ОТ

О-ШАҚ

О-ЖАУ

О-РАҚ

О-РА-МАЛ
ZubiraMeruert

2

ZubiraMeruert

дыбысының артикуляциясы

У-у


«У» дыбысын айтқанда дауыс бар. Ауа ауыз
қуысы арқылы өтеді. У-дыбысын айтқанда тіл
көмекейге тығылады.

«У» дыбысын жеке созып айт.

У_________

«У» дыбысын жабық буында оқы. ПУ- ТУ, - НУ.
ОЛ ТУ.
КӨК ТУ.
«У» дыбысын ашық буында оқы. УП,- УТ,- УН.

СА-УЫС-ҚАН
.
СА-УЫС-ҚАН
О-ТЫР.
«У» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында оқы. ПУТ,- ТУТ,- МУМ.

ДУЛЫҒА

.

ДУ-ЛЫ –ҒА

Суреттерді ата.

ЖУА

УЫҚ

САУЫСҚАН

БАС КИ-ІМ.

Ойын: «Не» жоқ».

АВТОБУС

ҚАУЫН

ТАУЫҚ
ZubiraMeruert

3

Дауыстап айт.
ПУ – ПУ
КУ – КУ

ТУ – ТУ
СУ- СУ

Жай айт.

Сыбырлап айт.

БУ- БУ
НУ –НУ
МУ –МУ
ЖУ –ЖУ

ЛУ – ЛУ
ФУ – ФУ

ГУ – ГУ
ШУ –ШУ

Суретте «У» дыбысын қадағалап айт.

Ол уық.

Мы-нау уыл-ды-рық. Мы-нау- қа-ра уыл-ды-рық.
Мы-нау – қы-зыл уыл-ды-рық.

Жұмбақты оқы .

Таңертең ну орман,
Түске қарай жоғалған.
(Қырау).

Біздің мынау көк көлде,
Балықтар мыңнан асады.
Өйткені , олар көктемде,
Уылдырық шашады.

ZubiraMeruert

4

«П» дыбысының артикуляциялық кескіні

«П» дыбысын айтқанда дауыс жоқ, ауа ауыз қуысы арқылы өтеді.

«П» дыбысын ашық буында оқы. ПА, –

Парта

ПО, - ПУ,- ПИ,- ПЕ.

. Партада оқушылар отыр.

«П» дыбысын жабық буында оқы.

АП,-ОП, -УП,- ИП.

Апельсин

.
Ол апельсин шырыны.
«П» дыбысын дауысты дыбыстар отасында оқы. АПА,- ОПО,-УПУ,-ИПИ

Апа
. Апа қымыз сапырып отыр.
«П» дыбысын дауыссыз дыбыстар тіркесінде оқы. СПА, -ШПА,-ПТА.

Апта

Бұл -апта күндері.
ZubiraMeruert 5

«П» дыбысын сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында , сөз
тіркесінде айтып үйрен.

Апа, апта, парта, пиала, кітап, апельсин, әпке, қаптар.
«П» дыбысын суреттерде ата.

ДОП

КІ-ТАП

Ойын: «Не жоқ»

КІР-ПІ

КЕП-ТЕР

ПАР-ТА

Сурет бойынша сөйлем құра.
Бұл кім? 1. Ол бала. 2.Ол оқушы.

3.Ол Пернебек.

Пернебек неде отыр? Пернебек партада отыр.
Пернебек не істеді? Ол кітап оқыды.

Дәмі, исі, көлемі,түсі, пішіні.

Бұл не? Ол апельсин.
Ол жеміс. Түсі сары,
пішіні домалақ, көлемі
кіші, дәмі қышқыл,
иісі тәтті.
ZubiraMeruer 65

«Б» дыбысының артикуляциялық кескіні
«Б» дыбысын айтқанда дауыс бар,

ауа ауыз қуысы арқылы өтеді.

Ауыз қуысын ауаға толтырамыз.

«Б» дыбысы. Дауысты дыбыстардың ортасында:
АБА
ОБА
УБА

АБО
ОБУ
ҰБЫ

ҚАБАН
ОБАЛ
ҚҰБЫР

Ашық буында, дауысты дыбыстардың ортасында
БА БА БА

БАЛЫҚ, БАЛАПАН.

БУ БУ БУ

БҰЛБҰЛ, БҰҒЫ, БҰЗАУ.

БО БО БО

БОРАН,

БЕ БЕ БЕ

БӨРІК,

БОТА, БОРСЫҚ.
БЕЛДІК,

БЕЛБЕУ.

Суреттерді ата.

БӨ-РІК

БЕЛ-ДІК

БОР-СЫҚ

БИ-ДАЙ БА-ЛА-ПАН

БА-РА-БАН

ZubiraMeruert

7

Ұяң, қатаң дыбыстарды ажыратып оқы.
БА –ПА

АБА – АПА

БО – ПО
БИ– ПИ

АБО – АПО
АБИ – АПИ

БАЛҒА – ПАРТА
БОТА – ПОЕЗД
БИДАЙ -ПИЛАЙ

Жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратып оқы.
БОТА –БӨПЕ

БАЛЫҚ- БЕРІК

БАЙЛЫҚ –БИЛІК

БАЛА -БӘЙГЕ

БАРЫС – БЕЛДІК

БАТЫР - БЕРЕКЕ

Сөйлемдерді оқы.

Балалар бақшадан бүлдірген терді. Асылбек
қарбыз жеді.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Орыс халық ертегісі «..........».
1. Бұл қай ертегі?
2. Ретімен басты кейіпкерлерді ата.
3. Ертегі желісімен әңгімеле.

Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ ,Бауырсақ! Қаймаққа
иленгенмін, майға пісірілгенмін, терезеде суығанмын.
Ұстатпай кеттім атама,
Ұстатпай кеттім әжеме,
Ұстатпай кеттім қоян менен қасқырға.
Ұстатпай кеттім аюға.
Үстатпаймын түлкі саған мүлде де!»
ZubiraMeruert

8

«П – Б» дыбыстарынның артикуляциялық кескіні

«П» дыбысын айтқанда дауыс жоқ,

«Б» дыбысын айтқанда дауыс бар,

ауа ауыз қуысы арқылы өтеді.

ауа ауыз қуысы арқылы өтеді.

«П-Б» дыбыстарын буындарда ажырату.
ПА - БА

ПО – БО

АПА –АБА

ОПО - ОБО

Сөздерде «П - Б» дыбыстарын ажыратып оқы.
БАЛ – ПАЛ
БАЛТА – ПАРТА
БАҚАЙ – ПАҚАЙ

«П – Б» дыбыстарын ажыратып сөздер жаз.
«П» дыбысы бар сөздер

ПІЛ

БА-ЛА

«Б» дыбысы бар сөздер

ПАР-ТА

БАЛ-ТА

БЕ-СІК
ZubiraMeruert

9

«П – Б» дыбыстарын суреттерде қадығалап, сөйлем құра.

Болат балық аулады.

Пернеш парта жуды.

... ... ... .

... ... ... .

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап оқы.
«П» және «Б» дыбыстарын дұрыс айт. Дұрыс тыныс ал.

1. Біздің, бар, оқушы, көп, сыныпта.
2. Сыныпта, тұр, бес, парта.
3. Әр, отырады, екі, партада, бала.
4. Балалар, тауып, алды, баласын, кірпінің.
Мәтінді оқығанда, көп нүктенің орнына
«П» және «Б» дыбыстарын қойып оқы.

Кірпі
Атам . ір кір . і алы . келді. Оны мен
қасыма алғым келді. Сырты толған тікен екен.
Тікені қолыма кірі . кетті. Мен одан қорықтым.
Атам:
- . ақыт қорықпа. «Кірпі - адамға дос жануар», деді. Ол рас екен. Кір. і тышқан алды.
Жыланды қырды.
-

ZubiraMeruer 10

«Т» дыбысының артикуляциялық кескіні
Т дыбысын
айтқанда ауа ауыз
қуысы арқылы
өтеді.
Т дыбысын
айтқанда дауыс
жоқ.

Т-Т-Т

«Т» дыбысын ашық буында оқы. ТА, - ТО,- ТУ,- ТИ, -ТЕ.

Тәрелке

. Тәрелкеде нан тұр.

«Т» дыбысын жабық буында оқы. АТ,- ОТ, -УТ, -ИТ.
бота.

Ол

Бота –түйенің төлі.

«Т» дыбысын дауысты дыбыс ортасында оқы. АТА,- ОТО,- УТУ, - ИТИ.

Ол

.

Ата шәй ішті.

Буындардан сөз құрап оқы.
МАҚ
ТА

РЫ
УЫҚ

ТЫ
СА

ҒАТ
РА

«Т» дыбысын сөз басында, сөз ортасында, сөз аяғында оқы.

Тас, тал, ат, ата, алтын, астық, сағат, астау, шахмат.
ZubiraMeruert 11

Суреттерді ата. «Т» дыбысын дұрыс айт. Артығын тап.

ТАС

ТАЛ

ТА-УЫҚ

ШЫР-ША

ТАС-БА-ҚА

Кім?+ Не істеді? сұрағына жауап болатындай сөйлем құра.
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып сөйлемді толықтыр.

Талғат әжеге көмектесті. ... ... ... Ата Қаламқасқа құрт берді. ... ... .
____________________________________________________________

Торғай
Торғай, торғай торғайсың ,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Орны ауысқан сөздерді, орнына қойып оқы.
1. Тиін жануары орман
2. Патшасы аң арыстан.
3. Тазартады ағаштарды тоқылдақ құрттардан.

ZubiraMeruert 12

«Д» дыбысының артикуляциялық кескіні

«Д» дыбысын айтқанда дауыс бар.
Ауа ауыз қуысы арқылы өтеді.

Д- дыбысы
« Д» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында дұрыс айт.
АДА
ОДА
УДА

АДО
АДО
УДУ

АДУ
АДУ
УДО

АДАЛ
АДАЛ
АУДАН

Сөйлемді оқы.
Дидар адал дос. Досан аудан орталығында тұрады.
Сурет бойынша сөйлем құра.
Д –дыбысын ашық буында дұрыс айт.
А

Ә

Ү

О

і

Д
Е

Ы

Д
У

Ө
ZubiraMeruert 13

«Д» дыбысын жабық буында айт.
АД,- ОД,- УД, - ИД, - ЕД.
Д- дыбысын сөздерде дұрыс оқы.
Дақыл, дала, дәптер, дауыл,
дәрігер, дулыға,
дүрбі,
доп, домбыра , дүкен, дөңгел ек, Дана,
дәмді.
Суреттерді ата. «Д» дыбысын дұрыс айт. Суреттерді есіңде сақта.

ДОП

ДӘ- РІ

ДИ- ВАН

ДҮР-БІ

ДОМ-БЫ-РА

Ойын : «Дүкенде».
1. Саламатсыз ба?
2. Қияр неше теңге тұрады?
3. Қияр ... теңге тұрады.
4. Маған екі келі қияр беріңізші.
5. Екі келі қияр ... теңге. Алыңыз.
6. Рақмет, сау болыңыз!
7. Сау болыңыз!

Ойынды жалғастыр.

ZubiraMeruert

14

Сиқырлы буындар
С
П
ДО

ҒА
ҢЫЗ
ЙБЫ
САН
ЛАНА
МБЫРА

Суреттерді пайдаланып сөйлем құра.

ұлттық аспап.

Дана мен Дина

Дүкенде

ойнады.

бар.

Сөздерді толықтырып оқы.
Ауылдан
су әкелді
Дидар
Дәурен келді
Дариға
қарды күреді
Кітапханадан
демалысқа шықты
Дархан
кітап алдым.
ZubiraMeruert

15

«Д -Т» дыбыстарының артикуляциялық кескіні

«Д» дыбысын
айтқанда дауыс бар.
Ауа ауыз қуысы

арқылы өтеді.

«Т» дыбысын айтқанда
дауыс жоқ.
«Т» дыбысын айтқанда
ауа ауыз қуысы арқылы
өтеді.

«Д –Т» дыбыстарын дұрыс оқы.
ДА -ТА.
АДА - АТА.
ДАНА –ТАНА.
ДАНА
ТАНА

ДО -ТО.
ОДО - ОТО.
ДАРА –ТАРА.

ДУ -ТУ.
УДУ - УТУ.
ДИМА –ТИМА.

ГҮЛГЕ СУ ҚҰЙДЫ.
НАУАДАН СУ ІШТІ.

Суретті ата. «П-Б» дыбыстарын ажыратып оқы.

ПІЛ

ДОП

ПЫ-ШАҚ ПАР-ТА

ДОМ-БЫ-РА ДӘ-РІ-ГЕР

«Т-Д» дыбыстарын дұрыс айтып, тіліңді жаттықтыр.
Ду –ду –ду- ысқырамын ду –ду. Та – та –та сары екен жота.
Да- да –да ойын екен дода. Ты –ты –ты атам менің мықты.
ZubiraMeruert

16

Асау таудай тулайды,
«Гол!» - деп бәрі шулайды.
Жалықтырмас добымыз.
Қуып жүрміз бәріміз.

Қолыма нық ұстаған,
Шеге ұратын балғамын.
«Т» әрпіне ұқсаған,
Түрін көріп таң қалдым.

«Тау бөктері» тақырыбында сөйлем құрап айт.

Жоспар
1. Табиғатты суретте.
2. Таудағы үй жануарларының тіршілігі.
3. Төлдері.

ZubiraMeruert

17

«Ө» дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ө» дыбысын созып жекелей айтуға болады.
Ө________
«Ө» дыбысын ашық буында айтқызып машықтау.
ӨП, - ӨТ, - ӨМ, -ӨН, -ӨШ,-ӨР.
Өшіргіш
Өшіргішті ал.
«Ө» дыбысы жабық буында: ПӨ,-ТӨ, -МӨ, - КӨ, -СӨ.

Өркеш

Ол өркеш.

«Ө» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында оқы.

ПӨП,- ТӨТ,-МӨМ, - КӨК.

Көкек .

Көкек орман жаршысы.
ZubiraMeruert 18

Буындарды дауыстап, жәй, сыбырлап оқы.
ПӨ - ПӨ
ТӨ - ТӨ
КӨ - КӨ

СӨ - СӨ
ШӨ - ШӨ
ЖӨ - ЖӨ

БӨ – БӨ
ДӨ - ДӨ
ГӨ - ГӨ

ЗӨ - ЗӨ
ЛӨ - ЛӨ
МӨ - МӨ

Суретте «Ө» дыбысын қадағалап айт.

Ө-ЗЕН

ШӨ-ЖЕ

Ө -СІМ-ДІК

Ө-ШІР-ГІШ

КӨ-ЗІЛ-ДІ-РІК

Сөздерді оқып, «Ө» дыбысын қадағалап айт.
Бір тыныста төрт сөз, бес сөз, алты сөз оқы.

Өгіз өжет өзге өзек
өзен өкпе өкше өкіл өкініш
өсиет өлең өлке өлшем өмір өлшеуіш
Сурет бойынша әңгіме құрап айт.

1). Бұл қай мезгіл?
2). Ауа райы қандай?
3). Балалар қайда барды?
4). Олар нені көрді?
5). Балалар балапанға қандай көмек берді?
6). Балалар дұрыс жасады ма?
Жұмбақты шеш.
Доп - домалақ сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты ( ... )

ZubiraMeruert

19

«Л» дыбысының артикуляциялық кескіні.

Ашық буында: ЛА, -ЛО, -ЛУ.

Лақ.

Лаура лаққа сүт берді..

Дауысты дыбыстардың ортасында «Л» дыбысын дұрыс айт.

АЛА, - АЛО, -АЛУ,- ОРО,-ОЛУ.

Балық

.

Мен балық ауладым.

Жабық буында: АЛ, - ОЛ,- УЛ,- ЕЛ.

Мынау

бал. Мынау –бал арасы.
ZubiraMeruert

20

«Л» дыбысы дыбауыссыз дыбыстар ортасында оқы.
ЛТА,- ЛҚА, -СЛА, -ШЛА.

Суретте «Л» дыбысын дұрыс айт.

ЛИ - МОН

ҚА-ЛАМ

БА- ЛЫҚ

ЛАҚ

БАЛ

Лама
Түйе тұмсық, ат құлақ.
Келді лама шапқылап.
Аша тұяқ, қодас жүн.
Қоян құйрық қораш тым.
Алмат

алма ал.

«Л» дыбысын дұрыс айт, анық айт.

Ла - ла - ла – лас
Ал – ал – ал - алма

Ло - ло - ло - лом
Ол – ол – ол - олжас

Кім? Қандай
ойыншық алды?
Сөйлем құра.

ZubiraMeruert

21

«С» дыбысының артикуляциялық кескіні

«С» дыбысын жеке сөзып айт.
С-с-с-с-

«С» дыбысын жабық буында оқы.
«С» дыбысын ашық буында оқы.
А
О

С

А

У
И

О
С

У
И

УС_____АВТОБУС

СА_______САБЫН

«С» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында оқы.
АСА, - ОСО, - УСО, - ИСИ.

ҚасықZubiraMeruert 22

«С» дыбысын дауыссыз дыбыстар тіркесінде оқы .
СТА ,- СҚА, -СЛА, - СМА.

Астана, Асқар, Аслан, Осман

Артығын тап!

СА-ҒАТ

СЫ-ПЫР-ҒЫШ

ҚАР-БЫЗ

СӨМ-КЕ

СӘ-БІЗ

Жұмбақты шеш

Кө-рін-бей-ді ба-сы,
Кө-рі-не-ді ша-шы.
Кө-ріп қой-са қо-ян,
Тап бе-ре-ді о-ған.

( .... ).

Ал қане «С» дыбысынан келетін сөздер айт.
Сыпырғыш

Сөмке

Сауысқан
Сағыз

Сәбіз

Самал
Сызғыш

Сыр
Сақина
Сүт

ZubiraMeruert 23

Суреттерді пайдаланып, сөйлем құра.

үстінде

бар.

Самалдың

қызыл- сары.

Сара дүкеннен

сатып әкелді.
Буынұйқас

Са – са – са. Ызыңдайды маса.
Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі - Дүйсенбі;
Екіншісі – Сейсенбі;
Үшіншісі – Сәрсенбі;
Төртіншісі –Бейсенбі;
Бесіншісі - Жұма;
Алтыншысы – Сенбі;
Жетіншісі – Жексенбі.

Із – із –із . Бақшадағы сәбіз.

(«С» дыбысын қадағалап оқы).

Апта күндері.

ZubiraMeruert

24

«Ш» дыбысының артикуляциялық кескіні

Артикуляциялық жаттығу.

Желдің шулы дауысы. Ш-ш-ш.
Дөңгелек жарылды, қандай дыбыс шығады? Ш-ш-ш.
«Ш» дыбысын жеке созып айтады.
Жабық буында: А

Ш________________

Ашық буында: А

О

О

У

Ш

Ы

Ш

У
Ы

Ұ

Ұ
ZubiraMeruert

25

Ш дыб.дауысты дыбыстар ортасында: АША, - АШО, - ОШО, - УШУ.
Ш дыб.дауыссыз дыбыстар тіркесінде: ШТА, -ШҚА, ШПА.
«Ш» дыбын сөздерде дұрыс айт.
Шам, шаш, шапан, шопан, шаңғы, шана, шеге, шелек, шелпек,
қылыш, шағала, шаңырақ, шанышқы, ғарышкер,
Суреттерде «Ш» дыбысын дұрыс айт.

Ойын : «Не жоқ».

ШАНА

ШЕЛЕК

ШАҢҒЫ

ШАПАН

ШАЛБАР

Суретке сөйлем құрағанда «Ш» дыбысын дұрыс айт.

Балалар

сырғанап жүр.

Теңіздің бетінде

ұшып жүр.

Ұшты-ұшты» ойыны.
(Балалар ұшатын затты естісе қол көтереді, ұшпайтын затты естігенде қолды
көтермейді).
Ұшты-ұшты шана ұшты ,
Ұшты-ұшты ұшақ ұшты.
Ұшты-ұшты үйрек ұшты ,
Ұшты-ұшты шаңғы ұшты .
Кім не істеді?
Ұшқыш ... (Ұшақ ұшырды).
Қойшы
...
...
.
Етікші
...
... .
Балықшы
...
... .
Аспазшы
...
...
.
ZubiraMeruert

26

Сөздерді оқы. «Ш» дыбысын дұрыс айт. Дұрыс тыныс ал.
Дауыстап айт.

Жәй айт,

Шағала
Алаша
Шана
Шырша

шапан
ағаш
алша
шыбын

Сыбырлап айт.
шара
арша
шаш
шырмауық

Құмырсқалар алқынды,
Үлкен іске талпынды.
«Е» әрпінен құтылып,
«Ш» жасады ұнатып.
Буынұйқас
Ша-ша-ша ,
Қысы жазы бір түсте шырша.

Шу-шу-шу,
Тойдағы шашу.

Орыс халық ертегісі «Шалқан»
Тапсырма: 1. Ертегі кейіпкерлерін ата.
2. Оларды ретімен орналастыр. 3.Ертегі желісімен әңгімеле.

ZubiraMeruert

27

«С»

дыбысының артикуляциясы

« Ш » дыбысының артикуляциясы

«С – Ш» дыбыстарын ажырату.
С – Ш дыбыстарының пішінімен жұмыс жүргізу.
1.Буындарды оқы.
Ашық буында. Жабық буында. Дауыссыз дыбыстар тіркесінде

Са – ша
Со –шо
Су –шу

Ас – аш
Ус – уш
Ос – ош

Сқа - шқа
Ста - шта
Сла - шла
ZubiraMeruert 28

Сөздерде «С – Ш» дыбыстарын ажыратып оқы.
Сана –шана. Сара – шара. Самға –шамға. Ескі –ешкі
Сөйлемді оқы:
Сиыр шөп жеді. Шара ағашқа шықты. Балалар ешкіге
су берді. Шырша тауда өседі.
Буынұйқас
Са-са-са – би билейді жараса
Іс – іс – іс- піседі жеміс.
«Адасқан әріптер»
Шабақ оқып, бес алдық,
Бүгін алдық, кеше алдық.
Ілінді сортан қармаққа,
Сортанды өзің салмақта.

Ша-ша-ша
Балалық шақ тамаша
Өлеңдегі қатені түзеу.
Бөркін киіп башына,
Үйден сықты асыға.
Төбет шүйек кемірді
Содан күнде шемірді.

Жаңылтпаштар айту.
«Ш» ға тілің келе ме?
«С» боп кете бере ме?
Тілің келсе сен енді,
Айта қойшы тездетіп,
«Шана-сана» – дегенді.
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.
Суретке қарап, «С – Ш»дыбыстарын пайдаланып, сөйлем құра.

ZubiraMeruert 29

з
З дыбысы
З дыбысын жекелей созып айтуға болады.

З_____

МАСА

«З» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында дұрыс айт.
АЗА,- АЗО,- АЗУ, - АЗИ,- АЗЕ,- УЗЫ.

Сөздерде «З» дыбысын дұрыс оқы.
Азық, Азамат, терезе, жүзім, музыка, тоңазытқыш.
Суреттерді атап айт.

ЖҮ-ЗІМ

ТЕ-РЕ-ЗЕ

ТО-ҢА-ЗЫТ-ҚЫШ А-ЗЫҚ - ТҮ-ЛІК
ZubiraMeruert 30

Сөйлемде «З» дыбысын дұрыс оқы, мұғалімді тыңдап бір
тыныста айт.
Мен – қазақпын.

Менің елім Қазақстан!
ҚР рәміздері

КӨКБАЙРАҚ
ЕЛТАҢБА
ӘНҰРАН
«З» дыбысын ашық буындарда айтқызып дағдыландыру.
ЗА, -ЗО, - ЗУ,

ЗЕ, -ЗІ

Суреттерді атап айт.

ҚАЗ

БҰ-ЗАУ

ҚА-ЗАН

ТА-ЗА
ТА-ЗА-ЛА
ТА-ЗА-ЛЫҚ

ЗЫ-МЫ-РАН ЗЫ –РЫЛ -ДА-УЫҚ

ОЗ
О-ЗЫҚ
О-ЗАТ

ҚО-РАЗ
О-РАЗ
О-РА-ЗА-ЛЫ

Ат о-зар,
Тон то-зар.
Мақ-та мол, ар-зан .
Шор-тан-нан са-зан зор.
ZubiraMeruert

31

Артық сөз
1.Зат, көз, аяз, жұлдыз, аспан.
2.Тұз, ащы, қазы, қыс, қаз.
3.Ұзын, қысқа, мұз, бұзау, қағаз.
Сюжетті сурет бойынша сөйлем құрап айт, жаз.

1._________________________ 2.___________________________
3._________________________4.___________________________

Буынұйқас
Зы-зы-зы,
Секіреді қозы.

Ыз-ыз-ыз,
Аспандағы жұлдыз.

Ыз-ыз-ыз,
Бақшадағы қарбыз.

Ыз-ыз-ыз,
Бақшадағы қарбыздың саны тоғыз.

Сурет бойынша әңгіме құра.

ZubiraMeruert

32

«С-З» дыбыстарының
артикуляциялық кескіні.
Қиын емес – бұл маған!
(Өлеңді

жаттап

ал!).

«З» дыбысын айтқанда дауыс бар.
«З» дыбысын айтқанда тіл ұшы төменгі тіске
тіреледі. Тамақ асында діріл бар.

«С» дыбысы

«З» дыбысы

«С» дыбысын айтқанда дауыс жоқ.
«С» дыбысын айтқанда тіл ұшы төменгі тіске
тіреледі.Суық ауа шығады.

« С – З» дыбыстарын ажырату.
1.Буындарда «С-З» дыбыстарын ажыратып оқы.
Ашық буында:
СА – ЗА

Жабық буында:
Дауысты. Дыб.Орт.
АС – АЗ
АСА – АЗА

СУ – ЗУ

ӨС – ӨЗ

АСЫ – АЗЫ

СО –ЗУ

УС – УЗ

УСА - УЗА

Сөздерді дұрыс оқы.
Сүт, қаз, сазан, сағыз, жүзім, сырға, қасық, зырылдауық.
Суреттерді ата. «С» дыбысы бар суретті бірінші бағанға
«З» дыбысы бар суретті екінші бағанға орналастыр.
«С» дыбысы бар сурет

«З» дыбысы бар сурет
.

СҮТ

САЗАН ЖҮЗІМ

СЫРҒА

САҒЫЗ

ЗЫМЫРАН
ZubiraMeruert 33

«С- З» ДЫБЫСТАРЫН

БУЫНДА , СӨЗДЕ ДҰРЫС АЙТ.

САҚИНА
С

СЕБЕТ

ЗАМАН
З

СЫРМАҚ

ЗЫМЫРАН
ЗЕКЕТ

Сурет бойынша әңгіме.
Балаларға ат қой. Олар не істеп отыр?

Нүкте орнына керекті «С-З» дыбыстарын қойып оқы. дұрыс ажыратып оқы.

Қазақстан
Қа . ақ . тан – бі . дің туған жерімі . Қа . ақ . танда
пайдалы қа . балар көп. Пайдалы қа . баларды өңдейтін
. ауыттар бар. Қа . ақстанда алтын, күмі . , мы . , қорға . ын
ба . қа да пайдалы қазбалар көп.

Сауысқан деген сақ болар,
Құйрық жүні ақ болар.
Жер бетіндегі жемтікке
Жалғыз жүріп, тап болар.
ZubiraMeruert 34

Ү дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ү» дыбысын ашық буында дауыссыз дыбыстармен дұрыс айт.
ҮС, - ҮТ, - ҮН, - ҮК, - ҮЙ, - ҮШ.

Сөздерді тыңда, қайтала.
Үй, үш, үкі, үтік, үстел , үйшік, үйрек, үлкен.
Суреттерді ата. Ойын: «Не» жоқ» .

Сөйлемді дұрыс оқы.
Үміт киім үтіктеді. Үкі түнде ұшады.

Үсен мен Үрипа үй жинады. Үсен ... ... ... . Үрипа ... ... ... .
ZubiraMeruert

35

«Ү» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында дұрыс айт.
ТҮТ ТҮС КҮШ КҮН ТҮП ТҮН ТҮР

Сөздерді дұрыс оқы.
Гүл, күз, түн, түйе, нүкте, түтін, дүрбі, бүршік.
Суретті ата.

КҮН

ГҮЛ

СҮТ

ТҮЙЕ

ДҮРБІ

Сөйлемді оқы.
Күз мезгілінде күн суытады.
Кейде күн жаңбырлы болады.

Түйе шөлге бейім жануар.
Қоян.
Қоян секең қағады,
Сәбізді ізлеп табады,
Үйшігіне барады,
Ауқаттанып алады.

ZubiraMeruert

36

Ү- дыбысын жабық буында дауыссыз дыбыстармен дұрыс айт.

Сү, тү, нү, мү, кү .
Сөздерді тыңда қайтала.

КҮШІК

ЖҮЗІМ

СҮЙЕК

ЖҮРЕК

МҮЙІЗ

Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Балаларға ат қой.

Үстел басында

... ... ... ... .

Мына мысық,
Ерекше пысық.
Кетпесін күшік,
Тосапқа түсіп.

Дұрысын айт.
Мысық
Тосап
Күшік

үреді.
мияулайды.
тәтті.

ZubiraMeruert 37

«Ұ» дыбысының артикуляциялық кескіні
«Ұ» дыбысын айтқанда дауыс
бар. «Ұ» дыбысын айтқанда ауа
ауыз қуысы арқылы шығады.
«Ұ» дыбысын айтқанда тіл ұшы
астыңғы тістің астына төмен
түседі тіл артына қарай
тартылады. Ерін сәл сүйірленеді.

Ұ-дыбысын жеке созып айт. Ұ ___________
Ұ- дыбысын ашық буындарда дауыссыз дыбыстармен
айт.
ҰС, - ҰС, - ҰШ, - ҰН, - ҰЛ, - ҰҚ, -ҰР, -ҰЯ.

Сөздерді дұрыс оқы.

Ұя, ұл, ұн, ұлу, ұста, ұлан, ұстаз, ұшақ, ұшқыш.
Суреттерді ата.

ҰН

ҰЯ

ҰЛУ

ҰШАҚ

ҰСТАЗ

Ұяда құстың жұмыртқасы бар.
ZubiraMeruert 38

«Ұ» дыбысын дауыссыз дыбыстар ортасында оқы.
- СҰС, - ШҰШ, - ТҰТ, - НҰН, - ҚҰТ.

Тұз, құрт,

ТҰЗ

Сөздерді дұрыс оқы.
бұтақ, құлын, жұмыртқа,

ҚҰРТ

ҚҰЛЫН

ЖҰ- МЫРТ-ҚА

құлпынай.

ҚҰЛ-ПЫ-НАЙ

Тұз: дәмі ащы, түсі ақ, кристалды, ұсақ.
Құлпынай: жидек, түсі қызыл, дәмі тәтті, пішіні домалақ.
... , ... , ... , .

Суретке қарап сөйлем құрап айт.

Керекті сөздер: ұя, құстар,сауысқан, жем, Ұлан,
Ұлжалғас, бұта.
«Ұ» дыбысын жабық буында оқы.
Ш

С

ұ

Н
Р

Қ

ZubiraMeruert

39

СҰЛЫ

ШҰЖЫҚ

ҚҰЛЫН

ШҰЛЫҚ

Шұжық

шұжық тәрелкеде.

Құстар

балапандарға тамақ берді.

Мен

-пен аспанға ұштым.
Ұшқыр кемем не түрлі,
Жұлдыздармен таласар.
Тоқтар ағам секілді,
Ұшқыш болсам жарасар.

Ұшқыш болу - арманым.
Нүкте орнына «Ұ» дыбысын қойып оқы.

С . лтан жақсы оқушы. Ол . шқыш болуды
армандайды. С. лтан – . қыпты да батыл бала. Ол ағаштан
. шақ жасайды. Талаптыға н . р жауар. С . лтан . шқыш
болады.
ZubiraMeruert

40

«Ж» дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ж» дыбысын айтқанда дауыс бар. Тіл ұшы жоғары көтеріледі.
Ауа тіл ортасынан өтеді. Тамақ астында діріл бар.

«Ж» дыбысын жеке созып айт. Ж_______
Ж- дыбысын дауысты дыбыстардың ортасында айту.
Дауыстап айт.
Жәй айт.
Жа – ажа - жа
жұ – ұжы - жұ
Жо – ожо - жо
жү – үжі – жү
Ж- дыбысын ашық буында дауысты дыбыстармен дұрыс айт.
ЖА, - ЖО, - ЖУ, - ЖҰ, - ЖҮ, - ЖӨ.

Ж-дыбысын сөздерде дұрыс айт.
Жастық, жеміс, жалау, жейде, жүгері, жалбыз, жылан.
Ж- дыбысын дауыссыз дыбыстар тіркесінде оқы:
нжы, - нжі, - мжы, - нже,- нжу.
Сөздерді дұрыс оқы.
Ажар, ожау, жағажай;
Жүзім, жүгері, жапырақ, жастық;
Қонжық, шынжыр, қанжар.
Суреттерде «Ж» дыбысын дұрыс айт.

ЖҮ-ГЕ-РІ

ЖҮ- ЗІМ

ЖАС- ТЫҚ

ҚОН-ЖЫҚ

ҚАН-ЖАР
ZubiraMeruert

41

Сиқырлы буындар
У
ЖҮЗ

У

ІК

ЖЫЛ

ІМ

АН
ҚЫ

Көбелекке кәдімгі ,
Қарасаңыз анықтап.
Жаны бар «Ж» ұшып жүр.
Жапырақша қалықтап.

Буынұйқас
Ақ –ақ-ақ,
Сарғайды күзде жапырақ.

Ақ –ақ –ақ,
Ағаштан түсті жапырақ.

Суретті пайдаланып сөйлем құра.

Мен зообақтан

көрдім.

пайдалы ас.

Әкем

жинады.
ZubiraMeruert 42

Жадырап жаз келді

Жылдың
қай
мезгілі?

Ауа райы
қандай?

Кім? Не істеді ?
сұрағына жауап
болатындай сөйлем құра.

Орны ауысқан сөздерден дұрыс сөйлем құра.

1. Мектепке барды балалар.
2. Сабақты оқыды жақсы Омар.
3. Бес алды тілінен қазақ Омар.
Жаңылтпашты оқы. Ж - дыбысын дұрыс айт.

Жағажай
Жағажайда –
Қамажай.
Жағажайда жағалай,
Жүгіреді Қамажай.

ZubiraMeruert 43

«М» дыбысының артикуляциялық кескіні

«М» дыбысын созып жеке айт. М__________
«М» дыбысын жабық буында оқы. ОМ,-УМ,-ИМ
Сөмке
. Қыз сөмке алды.
«М» дыбысын ашық буында оқы. МА, - МО, - МУ, -МЕ.
Машина

.

Машинаның түсі сары.

«М» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында оқы.
ОМО, - ИМО,- ИМА,-УМУ, - УМО.

Пима

МАЙ

Пима ол аяқ киім.

МАТА

МА- МА –МА –МАТА.
МЕ – МЕ –МЕ – МЕКТЕП.

МАҚТА

МЫСЫҚ

СӨМКЕ

МО –МО –МО –МОНШАҚ.
МҰ—МҰ –МҰ- МҰХИТ

ZubiraMeruert

44

Сиқырлы буындар
Л
Й
СА
ТА
ҚТА
ШИНА
ЙМЫЛ

МА

«М» дыбысын дұрыс айт.

Мақсат

сатып алды.

Мысық

(kitekat) тамақ жеді.

жылы жерде өседі.

Мынау алма .(Қандай?)

.

Анау алма

Көп нүктенің орнына «М» дыбысын қойып, оқы.
. аржан сары ал . аны ал . а . Қызыл ал . аны ал.
. ына ал . а қызыл. Осы ал . аны ал.
ZubiraMeruert 45

Мәтінді оқып, «М» дыбысын қадағалап айт.

Музыка сабақтары оқушыларды әсемдік әлемінің
таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны
шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір
жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп
өнегелі істерге баулиды.
Буынұйқас

Ма -ма –ма
Апорт –тәтті алма.

Ме – ме –ме
Келе жатыр кеме

Жұмбақты шеш

Өзі жап –жас, мұрты бар,
Етпен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп –шұбар. (Мысық).
Бұл қай ертегі? Ертегінің басты кейіпкерлерін ата. Ертегі желісімен әңгімеле.

ZubiraMeruert

46

«Н – Ң» дыбысын ажыратып оқы.
АН– АҢ ,

ОН –ОҢ,

УН –УҢ.

АНА – АҢА, ОНО – ОҢО, УНА – УҢУ.
Сөздерде «Н – Ң» дыбысын ажыратып, оқы. Бағандарға бөліп қой.
АҢ АНА НАР НАН ДӘН ШАНА ШАҢҒЫ
ОЙЫНШЫҚ, ҚОҢЫРАУ, ШАҢСОРҒЫШ.

НАН

АҢДАР

ШАНА

ҚОҢЫРАУ ШАҢ-СОР-ҒЫШ

де болдым
Мен үй

ден келдім
ге бардым

дан келдің
Сен кино

ға бардың
ны көрдің
ZubiraMeruert

47

Жаңылтпаш

Қаңбақ, жаңғақ, аң, таң, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, сен,«Ң»- нан сөз жоқ басталған –
«Ң» үлестен бос қалған.
Жұмбақ

Жаңа жылды қай айда,
Қарсы аласың тойлайсың?
Ең басында ол сөздің,
Қай әріп деп ойлайсың?
Мнемокесте.
Нан қоқымын шашпаңдар ,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

ZubiraMeruert

48

«К» дыбысының артикуляциялық кескіні

«К» дыбысын ашық буында дұрыс айт.

К
Кептер.

А

А

О

О

У

У

И

И

Е

Е

К
Бесік.

«К» дыбысын жабық буында дұрыс айт.

Кептер –құс.

Бала бесікте жатыр.
ZubiraMeruert

49

«К» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында дұрыс айт.
АКА, - ОКО, - УКО, - ОКЕ, - УКУ, - АКУ.

Текемет

Мынау текемет.

Мереке, береке, шекер, текемет, көкек.
«К» дыбысын дауыссыз дыбыстар тіркесінде дұрыс айт.
ШКА,- СКА, - РКА,- РКЕ,- КТЕ, - ТКЕ.

шке – кіш- кентай
рке - көр- кем
кте - көк – тем
тке – шегірт – ке

кішкентай
көркем
көктем
шегіртке

«К» дыбысы сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында
келетін суреттерді ата.

Үйрек

Түлкі

Кесе

Жүрек
ZubiraMeruert

50

Суретті ретімен орналастыр. Сөйлем құрап, әңгімеле.
1

2

3

4

5

Мәтінде көп нүктенің орнына «К « дыбысын қойып, оқы.
Көл.
Қа-сым О-мар да-ла-ға шық-ты. А-уа ыс-тық.
А-лыс-та . өл . ө-рін-ді. О-лар шо-мы-лу-ға а-сық-ты.
. ел-се . өл-де ақ-қу-лар шо-мы-лып жүр е- .ен. О-лар
ақ-қу-дың су-да жүз-ге-ні-не там-са-нып қа-рап тұр-ды.
Сурет бойынша әңгімеле

Сюжетті сурет бойынша әңгіме
Айтылуы бір мағынасы әр басқа сөдер.

Адамның көзі. Ағаштың көзі.

Жұмыстың көзі.

Бұлақтың көзі.
ZubiraMeruert

51

«К - Г» дыбыстарын ажырату.
К және Г дыбыстарын ажырата біл. К – дыбысын айтқанда дауыс жоқ .
К – дыбысын айтқанда тіл ортасы таңдайға тиеді.
Г – дыбысын айтқанда дауыс бар. Г – дыбысын айтқанда тіл ортасы
таңдайға тиеді.

«К – Г» дыбыстарын буындарда ажыратып оқы.
А

ОО
АА

УУ

К

И

ИИ

О

Г

А

Е

ЕЕ

У

«К» дыбысы бар суреттерді бірінші бағанға
«Г» дыбысы бар суреттерді екінші бағанға орналастыр.
«К» дыбысы бар суреттер

КӨБЕЛЕК

ГАЗЕТ

КӨРПЕ

«Г» дыбысы бар суреттер

ГҮЛ

КІРПІ

КІРПІШ

К- дыбысын буындарда, сөздерде дұрыс айт.
Дауыстап оқы
Жәй оқы
Кә – кә – кәсіп
кә – кә - кәуәп
Ке – ке – кезекші
Ке – ке кеме

га – га – газет
га – га – гауһар
гү – гү – гүлзар
га – га – гауһар

ZubiraMeruert

52

Сөздердің соңына «І» дыбысын қосып айту.

Бесік
Төсек
Күрек
Жүрек

Бесігі
Төсегі
Күрегі
Жүрегі

Нүкте орнына керекті «К» және «Г» дыбыстарын
қойып оқы.
.үн ыстық, Тоғайда бүлдір.ен пісті. .үлім мен
.үлнәр е.еуі. .іш.ене себеттерін тоғайға алып .елді. Олар
бүлдір.ен, терді. .енеттен, .үн .үркіреп, жаңбыр жауды.
.үлім мен .үлнәр үй.е қарай қашты. Олар үй.е .еліп, су
болған .өйлектерін .ептірді. Тер.ен бүлдір.ендерін
тәрел.е.е салып, үстел.е қойды.
Ойын: «Балық аулау».
«К-Г» дыбыстарын ажыратып, суретті шелекке сал.

К

Г

ZubiraMeruert 53

«Г» дыбысының артикуляциялық кескіні
«Г» дыбысын айтқанда дауыс
бар. «Г» дыбысын айтқанда тіл
ортасы таңдайға тиеді.

Г- дыбысы.
Дауысты дыбыстар ортасында дұрыс айт.
АГА
ОГА
УГА

АГО
ОГО
УГО

АГУ
ОГУ
УГУ

Сөздерді дұрыс оқы:
Дәрігер,
өнеге, үлгі,
тілегі, шеге, сегіз,

саудагер,

бөбегін,

Көшеде құдықҚарайық,
Ұқсайды оған қай әріп.

ZubiraMeruert 54

Ашық буында «Г»- дыбысын дұрыс айт.
ГА –ГО

ГУ – ГО

ГЕ –ГИ

ГО –ГУ

ГИ –ГІ

Суреттерді дұрыс ата:

ГҮЛ

ГҮЛЗАР

ГИТАРА

ГАЗЕТ

ТЕҢГЕ

Сөйлемді дұрыс оқы:

Ол дәрігер
Гүлсім үлгілі оқушы.
Анасы бөбегін ұйқтатты.

Гүлнәр гүлге су құйды.

Meruert19700511@gmail.coom

Гүл
Гүл суарып кеше де,
Гүлзар ішін жинадым.
Гүлхадиша шешеме,
Гүл шоғын мен сыйладым.

ZubiraMeruert 55

Жаңылтпашта «Г» дыбысын қадағалап айт.
Гауһар жеңін
түргенде,
Газға балық қуырды.
Гүлзарға су себелеп,
Газетке де үңілді.

«Г» дыбысын айтып жаттығу.
ГА
ГҮ
ГА
ГҮ

-

ГА
ГҮ
ГА
ГҮ

-

ГАЗЕТ
ГҮЛЗАР
ГАУХАР
ГҮЛДЕСТЕ

8 наурыз аналар мерекесі.
Гүлсім анасына гүл сыйлады.

Мақал –мәтелде «Г» дыбысын дұрыс айт.
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
Ұяң ,қатаң дыбыстарда оқы. « І» дыбысы
жалғанғанда «К» дыбысы түсіп «Г» дыбысы айтылады.

Шелек –шелегі
Өрік –өрігі
Көмек –көмегі.
Бөрік –бөрігі.
ZubiraMeruert 56

«Қ» дыбысының артиуляциялық кескіні.

«Қ» дыбысын ашық буында оқы:
ҚАЛАМ.

ҚА, - ҚО, -ҚУ. ҚАЛАМ.

ҚАЙРАТ ҚАЛАМ АЛДЫ.

«Қ» дыбысын жабық буында оқы:
ОЛ

Ұ-ШАҚ.

АҚ, - ОҚ, -УҚ.

Ұ-ШАҚ АС-ПАН-ДА Ұ-ША-ДЫ.

«Қ» дыбысын дауысты дыбыстардың ортасында оқы.
АҚА,- ОҚО, УҚУ.

БАҚА .

БАҚА БА-ҚЫЛ-ДАЙ-ДЫ.

«Қ» дыбысын дауыссыз дыбыстар тіркесінде оқы. СҚЫ,- ШҚА,-СҚА,-ЛҚА.

Сөздерді дұрыс оқы. Дауыссыз дыбыс тіркесінде дұрыс айт.
АС-ТЫҚ. АС-ҚАҚ, АЛ-ТЫН, АС-ҚА-БАҚ, АШ-ҚА-ЛАҚ, АС-ҚА-ЗАН.

Суреттерді ата:

ҚАЛАМ

ҚОЯН

Бұл не? Қандай? Сұрағына жауап бер.

ҚОБЫЗ

ҚАРБЫЗ

ҚУЫРШАҚ

ҚҰЛ-ПЫ-НАЙ
ZubiraMeruert

57

Буынұйқас
Қа - қа -қа.
Түнде жортты қасқыр.

Ық-ық -ық.
Суда жүзді қайық.

Нүктенің орнына «Қ» дыбысын қойып дұрыс оқы.

...анат қаза... тілінен
сабақ...а дайындалып отыр.

Құмырсқа

Еңбек сүйгіш құмырсқа,
Ерте шығып жұмысқа.
Жаздай астық тасиды.
Толтырады ас үйді.
Қыстай тыныш жатады,
Рақатқа батады.

1. Суретті ретімен
әңгімеле.
2. Аққала сөзіне
талдау жаса.
Үлгі: ақ , ала, ..., ...,
..., ..., ..., ... .
ZubiraMeruer

58

Қ-дыбысы

Дүкенде

бар.
өріске кетті.

Қайрат

ойнады.

Бірінші бағанға қысқы киімдерді ал, екінші бағанға
қысқы ойындарды жаз. Оқы.
Қысқы киімдер
..., ..., ..., ..., ..., ..., ...,
..., ..., ... .

Қысқы ойындар
..., ..., ..., ..., ..., ..., ...,
..., ..., ... .

Сурет бойынша әңгіме.

1).Суретке тақырып қой.
2). Ауа райы қандай?
3). Адамдар қалай киінген?
4).Кім ? Не істеді?
ZubiraMeruert

59

«Ғ» дыбысын айтқанда дауыс
бар. Ауа ауыз қуысы арқылы
өтеді. «Ғ» дыбсын айтқанда тілдің
арты таңдайдың түбіне
жиырылады. Ауа олардың
арасынан шығады.

«Ғ» дыбысын дауысты дыбыстар ортасында оқы.
АҒА, - ОҒО, - АҒО,- АҒУ, - УҒУ, - УҒА, - УҒО.

Ағаш

.

Ағаш жапырақ жайды.

«Ғ» дыбысын ашық буында оқы. ҒА, - ҒО,- ҒУ,- ҒИ.

Балға

Ғарыш

.

Ғалым балға алды.

Ғарыш байқоңыр аймағы

.

А
ТА
ҒА
ҚО
ҚАР

А__а,

Жоғалған әріп
қар__ а, қарлы__аш , тор__ай, са__ат,

__алым.
ZubiraMeruert

60

Буынұйқас
Ға –ға -ға
Ұшып келді қарға

Кер –кер –кер
Тоқтар аға ғарышкер

Бір тыныста бірнеше сөз айт.
Ғани Ғалия Ғалымжан ;
Ғылым ғалым ғасыр ғарыш ғарышкер .
Адасқан сөздерді орнына қойып оқы.
1. Сәуір 12- күні ғарышкерлер.
2. Ғарышкер тұңғыш Гагарин Юри.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!