400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дыбыстар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ балалардың дыбысьы тыңдар, әр дыбысты ажыра білуі. Музыкалық қабілеттерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тулебаева Маржан Аманжоловна

Ересек «Көбелек» тобы

Сабақтың тақырыбы: Музыкалы- дидактикалық ойындар.

Мақсаты: Музыкалы-дидактикалық ойын ойнаудағы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша әдістемелік тәсілдерді әзірлеуі және сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта пайдалану.

Міндеттері: 
         1) Студенттердің бойындағы шығармашылық қабілеттерін ояту, музыкаға деген  қызығушылықтарын дамытып, музыкалық өнерге баулу.  Студенттерді әсемдікті сезінуге, музыкадан  эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.

         2) Студенттерді көрнекіліктерді тақырыпқа сай жасауға, оларды қолдана білуге үйрету;

         3) Студенттердің мысалдар көрсету арқылы музыкалы-дидактикалық ойындарды қабылдау дағдыларын қалыптастыру. 

Түрі: тәжірибелік сабақ. 

Әдіс-тәсілдері: Кері байланыс, жаңа тәсілдер қолдану, топпен жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Көрнекілігі: Презентация, видеороликтер, плакат, маркер, стикер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру. 

2. Топқа бөлу. 

3. Негізгі бөлім.Музыкалы- дидактикалық ойындар.

4. Рефлексия.

I. Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқытушы: Қайырлы күн құрметті студенттер, оқытушылар.

 Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар

2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.

3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.

4.Тембрлік естуге арналған ойындар.

5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.

6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.

II. Топқа бөлу. 

1.     Жеребе арқылы топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Музыкалы-дидактикалық ойындар:

1. «Ноталардың атауы» . 

Ойын шарты: Студенттер ноталардың атауын сурет арқылы көрсет білуі керек. Яғни жоғарыдан төменге бағытталған сурет түрлерін қолдана отырып ноталар жайлы мағұлматты жеткізе білуі керек. Мысалы: баспалдақ арқылы көрсете білу т.с.с.

2. «Мажор және минор»

         Ойын шарты: Студенттер бір- біріне қарама –қарсы заттардың суреттерін көрсете отырып мажор мен минордың ерекшеліктерін атай білуі керек.

3. «Скрипка және кілттер»

         Ойын шарты: Студенттер ребус құрастыру арқылы срипка және бас кілттерін бейнелеуі керек . Осы ребусты шеше отырып, скрипка және бас кілті жайлы мағұлмат беруі керек.

4.«Ритм»

         Ойын шарты: Оқытушының көрсеткен ритмикалық суреттерін еш қатесіз , қимыл –қозғалыс арқылы ( шапалақтау, аяқпен іс-әрекет жасау арқылы) қайталауы тиіс.

5. «Регистр».

         Ойын шарты: Студенттер сурет арқылы жоғарғы, ортаңғы және кіші регистр түрлерімен таныстыра отырып , олардың ерекшеліктерін атай білуі керек.

6. «Дауысты ән салуға дайындау» (Распевка)

Оқытушының көрсеткен распевкалық  жаттығуларын , студенттердің есімі арқылы топпен әндетіп айту.

ІҮ. Рефлексия. Маған не ұнады, не ұнамады?

         Студенттер сабақтан алған әсерлерімен  бөлісе отырып, ноталық станға өздерінің ноталарын орналастырады .

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
13.05.2024
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі