Материалдар / Дыбыстарды дұрыс айтайық

Дыбыстарды дұрыс айтайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ддыбыстардың дұрыс дыбысталуын үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
299
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БӨЛІМ: 7 Көлік және жол белгілері

Сабақ тақырыбы: Көлік түрлері

Күні: . Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 «Ә» Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы

іске асатын оқыту

мақсаттары 5. ӘТН4. 3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Сын есімнің шырай түрлерін айтылымда, жазылым жұмысында қолданады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сын есімнің мағыналық түрлерін таба алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Сын есімнің түрлерін бір-бірінен ажыратады.

Бағалау критерийі · Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды; · сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды;

Сабақтың түрі жаңа сабақ

Тілдік құзіреттілік Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жол, белгі, көлік, жүргізуші, салыстырмалы шырай, қатыстық шырай, өте жылдам,ең әдемі,тым үлкен, аса қауіпті, қауіпсіздеу, ыңғайлырақ. Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Қандай көлік түрлерін білесің? 2.Көліктің адам өміріндегі маңызы қандай? 3.Алғашқы көліктермен қазіргі көліктердің артықшылығы қандай? 4.Көлікке байланысты қандай қызықты деректерді білесің?

Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, бейнелеу өнері

Алдыңғы білім Жол белгілерін білеміз бе?

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған әрекеттер Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

I. Ұйымдастыру бөлімі а)Оқушылармен амандасу, түгендеу. ә) Психологиялық ахуал қалыптастыру. - Балалар, көңіл-күйлеріңіз қалай? - Сабаққа дайынсыңдар ма? Олай болса, сендерге сәттілік тілеймін. б)Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ-жауап» әдісі. 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? 3. Дара және күрделі сын есімдер деген не? 4. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? 5. Негізгі және туынды сын есімдер деген не? 6. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 7. Сапалық және қатыстық сын есімдер дегеніміз не? Балалар, бүгінгі тақырыбымыз – көлік түрлері 1- тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма.

5 минут «Ойтүрткі» әдісі 1.Автомобиль сөзінің мағынасы қандай? 2.Қандай көлік түрлерін білесің? 3.Көліктің адам өміріндегі маңызы қандай? 4.Алғашқы көліктермен қазіргі көліктердің артықшылығы қандай? 5.Көлікке байланысты қандай қызықты деректерді білесің? 6.Леонардо да Винчидің көлік мәселесіне қатысы бар ма? Дескриптор: · Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, өз ойларын айтады. Қалыптастырушы бағалау: «Сөздік бағалау» әдісі бойынша ауызша бағаланады. «жарайсың», «дәл тауып айттың», «өте жақсы» т.б.

Сабақтың

ортасы

5-7 минут

5 минут

7-8 минут

2-3 минут Тілдік бағдар ІІ -тапсырма. «Топтастыру» әдісі Дескриптор: - Сын есімнің шырай түрлеріне мысал келтіре алады. ІІІ -тапсырма. Төмендегі сын есімдерге шырай жұрнақтарын жалғап, сөйлем құра. Жарық, үлкен, кең, дәмді, дәл, ұзын, жұмсақ, ауыр IV-тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі «Болашақтың көлігі» тақырыбында сын есімнің шырай түрлерін пайдалана отырып мәтін құрастырыңдар Дескриптор: - Мәтін құрастырады; - Сын есімнің шырай түрлерін қолданды. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың бірін-бірі бағалауы Сергіту сәті: «Бір сөзбен айтқанда» әдісі. Сын есімдерді тауып, құрамына, тұлғасына,мағынасына қарай ажырату. 1. Айтқанға көне салатын,еш нәрсені байқамайтын адам.(аңқау – дара, негізгі,сапалық сын есім) 2. Тез ашуланатын адам (ашушаң – дара, туынды, қатыстық сын есім) 3. Көрінгенге соқтыға беретін адам (тентек - сапалық сын есім) 4. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың – сапалық сын есім) 5. Бойы ұзын адам (бойшаң – қатыстық сын есім)

Сабақтың соңы 5 минут Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз – бүгінгі сабақта екі ұнаған нәрсе. Бір тілек – жақсартуды қажет етеін нәрсе. Дескриптор: Оқушылар топтасып сабақта өздеріне ұнаған екі тұсын және бір тілегін айтады. Үйге тапсырма: 10-тапсырма



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ