Материалдар / Дулат Исабеков "Тірлігі басқа, тіршілігі бір"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дулат Исабеков "Тірлігі басқа, тіршілігі бір"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дулат Исабековтың " Тіршілік"повестіне талдау, кейіпкерлер бейнесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
2686
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тірлігі басқа, тіршілігі бір...

(Жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Тіршілік» повесті бойынша)

«Қу тіршіліктің қамы» дегенді қай қазақтың аузынан да естіп қалып жатамыз. «Тірі адам тіршілігін» жасайды» деген тағы бар. Дулат Исабековтың «Тіршілік»атты шығармасын оқымай тұрғанда, жазушының тақырып таңдауына қарап қызықты жағдайды күткенім рас. Алайда, көзіме жас үйіріледі деген ой келмеді. Бұл шығарманың қуаты, жазушының шеберлігі. Атынан танылатын бір шығарма бар, енді біреуі жазушымен танылады. Дулат Исабеков «Тіршілік» аталатын шығармасы арқылы өзін де, шығармасын да таныта алды. Дулат Исабековке бір кездері Асқар Сүлейменов: «Арыстың суынан акула іздейтін жазушы», деп баға берген екен. Сол акуласының ірісі «Тіршілік» болса керек.

Тіршілік шығармасының өн бойында шынайылық байқалады. Сонысымен де оқырманнын елітеді. Қыжымгүл деген кемпірдің беймаза тірлігін суреттеумен басталатын шығарманы бірден түсіну қиын. Көкнәр іздеп кеткен шалы Киеваның келе салысымен қара шайды сұрайтын әдеті. «Келе қалса мына самаурын құрғыр да қайнамай кетті, қайтер екенмін» деуімен, күйбеңдеп жүрген жайы бар. Осыны айтып үлгергенінше Киеван да жетіп келіп, әдепкі әдетіне басып кемпіріне жекіре бастайды. Ылғи да солай. Кәрі кемпір шалы жантайып, көкнәрдің уыты тарағанша тіршілігін бір жаққа шығаруға асығатын. Шалының «Киеван» аталуының да сыры қызық. Еліне қай кезде де қамқорлығын аямайтын жас жігіт Молдарәсілжан отыздан асқан шағында үйленбекші болып ел ақсақалдарынан көмек сұрайды.Тоқ кездері жағалап жүретін ел ағалары, басына күн түскенде жігіттен теріс айналады. Одан беті қайтқан Киеван жоқ. Таңатар ақсақалдың қызын алып қашқандардан құтқарғаны үшін үш жігітке сыйға жылқы сұрайды. Ел ішіне көкнәрге құмарлығымен таныла бастағаны ма, Молдарәсілжанға бір қап көкнәр қоса береді. Көкнәрге құмарлығы қатты ауруынан айықпақша болып тоғызыншы кесеге дейін тартқанынан басталып еді. Ес - түссіз ел алдында құлап жатқан көкнәрші осы күннен бастап «Киеван» аталып кетеді. Кемпірі болса жастайынан тауқымет тартпағанымен, бойжеткен шағында әкесі Дәулетбай мен ағасының аяусыздығының арқасында елден аласталып, төрт ұл, бір қызымен жесірліктің зардабын шегіп, айдалада күн көрудің қамын жасап жүрген Қымқаны келіп паналауымен оқиға өрбиді.Жалған намыспен туғандарынан безіндірген әке мен баланың қатыгездігі жан түршіктірерліктей. Әкенің зілді сөздері он жеті жасар абыройы аяқ асты ойран болған сұлудың жүрегіне сызат, көңіліне кетпес қаяу түсірген еді. Жылаған ананың көз жасын елеп жатқан ешкім жоқ. Жалғыз қызының азабы жанын жегідей жеген анасы қыз кетісімен қайтыс болады. Қыжымгүлдің бейкүнә тұрмысына таңба салған аюдай айуанның қызды осынша қорлыққа тастап кеткені аянышты суреттеледі. Қара бет болған қызда шара жоқ, елінен пана іздеп келгенде көргені әкенің ашуы болды. Қыз жоғалып бұрын жанында болған жеңгесіне кінә тағады. Ел ішіндегі қауесет былай тұрсын «шашынан шыңыраққа байлап»тастаған күйеуінің ұдайы да оңай болмай, азаптанып қаза табады. Үш жігіт жігіт қосып ауылдан айдап жіберген Қыжымгүл әкем мені қуды деп келе жатқан жоқ, тек тағдырына налиды.Әлі де әке намысына дақ түсіргісі келмейді. Жазушы оны былай көрсетеді:

«Жауын жауса жауар, - деді қыз да аспанға қарап. Үстеріңіз су болып қалар, қайта беріңіздер. Ары қарай өзім кетермін. Бірақ әкем тереңнен ойламады. Егер сүйегіне таңба түсіргісі келмесе екеуіңе: «Ен далада қаңғып жүріп ел кезіксе, кімнің қызы екенін айтпайсың деп тапсырар еді. Мен кім екенімді тірі жанға айтпаспын. Оған осы сөзімді жеткізгейсіңдер».

Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілегі секілді, Дулат Исабековтың Қыжымгүлі де айдалада сасып, пана таппай жаны жалғыздықтан жаурайды. Айдалада Қымқаның қорасына бүрісіп кіріп, ақырында сол үйдің алтыншы перзентіне айналады.Қымқаның әрең көріп отырған тұрмысын тарылтқандай, ыңғайсыз күн кешумен ақыры сол үйге сіңіп кетеді.Соңғы сәулесі үзіліп түсерде сәби сүйіп атын «Тоқсан» қояды. Арада бір жарым жыл уақыт өткеннен кейін әкесі Дәулетбай болыстық сайлауға түспекші болып, өткенін еске алады ау ақыры. «Ел бетіме басар» деген жалған намыспен үш -төрт күн жол жүріп, сұрастырып Қыжымгүлді табады. Іздеп шыққандағы ниеті баласына деген сағынышы болсашы. Сәбиі барын білгеннен кейін бірден бас тартады. Күндер өте нағашысын іздеп келген Молдарәсілжанмен танысып бас қосады. Бұл уақытта ел ішінен «солдат» алып жатқын болатын. Молдарәсілжан солдаттықтан қашып ел кезіп жүрген шағы еді. Баласы Тоқсанды Қымқаға табыстап, өзі жарымен кетеді. Кейіннен ел ішінде байларды «кәмпескелеу»жүріп әкесінің соған іліккенін, кейін қайтыс болғанын естиді. Қазақ басындағы көші қон салдарынан кейіннен Қымқаны да таба алмай қалады. Молдарәсілжан сүйген екі баласы соғыста қайтыс болған. Қу бастарын құшақтап өмір кешіп жатқандарында, жаңа хабар келеді. Бұл Қымқаның қызы, кезінде «әпке» деп артынан қалмайтын Жамиғаның хаты болатын. Бәрін баяндаған Жәмиға ұлының қайтыс болғанын, одан бұрын соғысқа кетпей тұрып үйленіп артында «Қуаныш» есімді баланың қалғанын жазған екен. Қорқынышы мол хаттың соңында жақында Қуаныштың солдаттан оралып, әжесіне баратыны жазылыпты. Міне,Қыжымгүлге соңғы үміт сыйлаған да осы болды. Алайда, көп қиындықты жеңіп, енді езуіме күлкі оралып, туғанымды бауырыма қысам ба деп жүргенінде беймезгіл қайтыс болады. Артында қалған Киеван өле өлгенінше көкнәр себетін жерді орамын деген басшылармен тайталасып ол да өтіпті. Сорлаған қыз тағдыры, әке мен ағаның қатыгездігі, ананың көз жасы, жазықсыз жеңгенің өлімі өзге ортаға үйрену, бар оқиға бір-біріне себепші болып тұрғандай. Ауыр азапты әке сыйлады ма, әлде қыздың сормаңдай тағдыры себепші болды ма? Шығарма аяқталған кейін осындай сұрақтардың шешімін таппай қиналатынымыз рас. Билік басындағы әкеге ел алдындағы абыройы маңызды болғандықтан осындай қадамға барды, мүмкін, Қыжымгүл әлгі оқиғадан кейін ауылына қайтып бармай ақ қаңғып кетпеді ме екен, айдалада сүйген сәбиін өзі өсіргенде қандай болар еді деген шым-шытырық ойлармен шығарманы өзімізше топшылауға тырысып та жатамыз. Қыжымгүл бойындағы нәзіктік, төзімділік, қайсарлық, сыпайылық шығарманың әр қадамында байқалады.Жазушы қазақ қызына тән осы мінездерді жинақтап, Қыжымгүл арқылы танытқысы келгені анық. Әр кейіпкерді даралап көрсетудегі тапқырлық жазушы үшін уақыт пен кеңістікті танытуға жәрдемдескен. Қамқа бойындағы бауырмалдық, мейірімділік, еңбекқорлық қазақ әйелінің бейнесін танытады. Дәулетбай мен ұлы - қара бастарын байлыққа байлаған сол замандағы байлардың кейпі. Киеван көкнәрші болуымен-ақ ерекше. Кейіпкері дара жазушы, солардың тіршілігі арқылы бір заманның оқиғасын, тарихты өзінше танытты. Сонау жетпісінші жылдары жазылса да, шығарманың әлі де қуатынан айырылмағаны сондай-бізден кейінгі оқырманды да таңғалдыра отырып елітетіні, оқырманға жаңа ой салары күмәнсіз. Әрине,қу тіршілік қай күні тынарын кім білсін... Пендешілдікпен біреуге ауыр, біреуге жеңіл көрінетін өмірдің күре жолы ғой... Кейде шым -шытырық тірлікпен жүріп маңыздысын ұмытып кетіп жатамыз. Кейде ширығып жатқанын байқай да алмаймыз. Дулат Исабековтың шешімі де осы. Дулаттың «Тіршілігін» енді кім өңдеп көрсетер екен, бүгінгі ширыққан тіршілікті қалай өңдей алары әлі құпия.Тіршілік кімге қанша бұйырарын... Жазушы шығармады осыны көркемдікпен шеше алды. Бұл - жазушы үшін шеберлік, тапқырлық, оқырман үшін таңғаларлық туынды болып қала бермек.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сенбай Тұрсынбүбі Серікқызы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!