Материалдар / Дымбілмеске көмектесейік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дымбілмеске көмектесейік

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық кіріктірілген түрде ұйымдастырылған іс-әрекеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
72
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагог: Каипбердиева Г.Т.

Пәндік орта: коммуникативтік, шығармашылық іс – әрекет дағдыларын дамыту. (сауат ашу негіздері, құрастыру)

Ұйымдастырылған қызмет тақырыбы: «Дымбілмеске көмектесейік»

Мақсаты: Балаларды сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтауды үйрету; сөздерді дыбыстық талдау, сөздегі дыбыстың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау. Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту, дайын үлгілерге қарап, буындар құрастыру.

Міндеттері

Білімділік: Сөздерді буынға бөлуге және оның ретін анықтауға және сөздерді дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Дамытушылық: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау, таяқшалар арқылы дайын үлгіге қарап, буындар құрай білу дағдысы мен қол маторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды досқа көмек беру, достыққа ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, интерактивті ойындар, құрастыру.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, дауысты-дауыссыз дыбыстардың текшелері, дайын жазылған буын үлгілері, Кюизенер таяқшалары.

Қостілділік компоненті: буын-слоги, Дымбілмес-Незнайка, дыбыстар-звуки, дауысты дыбыстар-гласные звуки, дауыссыз дыбыстар-согласные звуки.

Сөздік жұмыс: Дыбыстық талдау, буынға бөлу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қонақтармен амандасып, шаттық шеңберімен ұйымдастырылған қызметімізді бастайық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысыздар, қонақтар!

Армысыңдар, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

-Балалар, бізде қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

- Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қыс мезгілінің қандай айы?

-Ақпан

- Бір аптада неше күн бар?

- Жеті күн

- Апта күндерін атап беріңдерші?

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

  1. Рефлексиялық түзетушілік

Ғажайып сәт: Топқа әуен ырғағы бойынша Дымбілмес кіріп келеді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма?

-Жоқ, сен кімсің?

Дымбілмес: -Мен – Дымбілмеспін. Мен өз әлемімнен сендерге қонаққа келдім. Менің әлемімде ешкімде оқымайды да жазбайды, ешқандай білім алмайды. Менің сендерге келген себебім. Мен де мектепке барғым келеді. Сабақ оқып, білім алғым келеді. Ал, мен ол үшін мына тапсырмаларды орындауым қажет. Менің болса, миым жетер емес. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: -Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Балалар, олай болса біз Дымбілместің тапсырмаларын орындап берейік. Ал сен - Дымбілмес біздің балалармен бірге тапсырмаларды бірге орында. Сонда сенде білімді боласың.

Ал, қанеки, балалар мұнда экранға назар аударайық. Тапсырмалар экранда ойын түрінде беріліпті. Қане, 1-тапсырма қандай екен көрейік.

Тәрбиеші: Балалар тапсырманы орындамас бұрын мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келеді жауап бересіңдер ме?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Балалар: 2-ге, дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, балалар, дауысты және дауыссыз дыбыстарды өандай текшелермен белгілейміз?

Балалар: дауысты дыбыс болса, қызыл текшемен, ал дауыссыз дыбыс болса, көк текшемен белгілейміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстарды қалай ажырата аламыз? Оларды айтып көрейікші айырмашылығын табайықшы.

Балалар педагогпен бірге а, о, ұ, қ, т, л дыбыстарын бірге айтады. (экранда дыбыстар көрсетіледі)

Тәрбиеші: -Балалар, дауысты дыбыстар ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай шығып, созып айтуға келеді. Ал, дауыссыз дыбыстар-ауыз қуысында кедергі ұшырап шығады да, созып айтуға келмейді екен, өйткені оларды созы айтқанда дауысты дыбыс бірге қосылып айтылып кетеді.

1-тапсырма: «Қай дыбыстан басталған?» дидактикалық ойыны

Шарты: Заттардың суреті берілген сол суреттер қандай дыбыстан басталғанын табу. Ол дауысты ма, дауыссыз дыбыс па ажырату. Сөзді буынға бөлгізіп айтқызу. Балалар, қолдарын көтеріп біртіндеп жауап беру арқылы ойынға белсене қатысады. Соңында жақсы дұрыс жауап беріп, қатысқан балаларды мадақтау.

Мақсаты: Балаларды дыбыстарды ажырата білуге, буынға бөле білуге үйрету.

2-тапсырма: «Сөздерге дыбыстық талдау жаса»

Шарты: Педагог суреттерді экраннан көрсетеді (тау, үй, бұзау, қызанақ суреттері берілген). Сол сөздерге балалар дауысты, дауыссыз дыбыстардың текшелерін көтеру арқылы, дыбыстық талдау жасайды.

Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.

Тапсырмаларды орындауға белсене қатысқан дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білген балаларды мадақтау.

Балалар олай болса, біз шаршаған болсақ, бір сәт көңілімізді көтеріп, көңілді әуенге бойымызды сергітіп алайық. Ол үшін экранға назар аударайық. Бірге қимылмен жасайық.

Сергіту сәті: «Көңілді күн» әуені бойынша бойларын сергіту.

3-тапсырма: «Суретті құрастырайық» ойыны.

Мақсаты: Суретті құрастыру арқылы санай білуге, дыбыстық талдау жасай білуге , буынға бөлуге, суретті дұрыс құрастыру арқылы ақыл-ойлары мен қолдың ұсақ маторикасын дамыту.

Барысы: Балалар сендер 4 топқа бөлініп, мына үстелдің үстіндегі суреттердің бөлігін құрастырып, шыққан суреттердің астында суреттің аты әріптермен жазылған және онда неше дыбыс бар сандармен көрсетілген сандарды санап, дыбыстарды қандай дыбыс екенін анықтап, буынға бөлесіңдер.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер тапсырманы дұрыс мұқият орындадыңдар!

4-тапсырма: «Кюизенер таяқшаларынан буындарды құра» деп аталады.

Мақсаты: дайын үлгілерге қарап, таяқшалардан буын құрастыру.

Барысы: тәрбиеші үстелдің үстіне әр балаға жетерлік дайын буын үлгілерін қояды, балалар сол буындарды кюизенер таяқшаларын пайдаланып құрастырады.

Тәрбиеші тапсырмаларды орындағанда кейбір тапсырмаларды орындау қиын болған балаларға жеке барып көмектеседі. Соңында қай бала дұрыс орындаған қай бала дұрыс орындамаған тексеріп, дұрыс орындаған баланы мадақтап, дұрыс орындамаған баланы келесіде қате жібермеу керектігін айтады.

Тәрбиеші: -Дымбілмес біздің балалар білімді ме екен?

Дымбілмес: иә, білімді екен.

-Саған біздің балалармен бірге тапсырмаларды бірге орындаған ұнады ма?

Дымбілмес: -ұнады, бәрі де ақылды екен.

Енді сен мектепке баруға дайынсың. Еш қорықпа.

Дымбілмес: -Рақмет, сендерге балалар, менің де қайтатын уақытым болды.

-Сау болыңдар!

Рефлексия

Қорытынды: (бағдаршам әдісі арқылы)

Тәрбиеші:

-Кім бізге қонаққа келді?

-Кімге көмектестік?

-Балалар, біз бүгін қандай тапсырмалар орындадық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Егер сендерге ұнаса мына смайликтермен бағдаршам әдісі арқылы бағалайық.

Егер сендерге тапсырмалар мүлдем түсініксіз болса қызыл түсті смайликті, ал, кейбір тапсырмалар түсінікті кейбірі түсініксіз болса, сары смайликті, барлық тапсырмалар түсінікті болса-жасыл смайликті алып көтерейік.

Қане, балалар енді қонақтарымызбен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!




































Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны















Ашық кіріктірілген түрде

ұйымдастырылған қызметінің жоспары

( сауат ашу негіздері, құрастыру - коммуникативтік, шығармашылық

іс-әрекет дағдыларын дамыту)

Тақырыбы: «Дымбілмеске көмектесейік»

9 «Раушан» мектепалды тобы







Өткізген тәрбиеші:

Каипбердиева Гулмайра Тилеубердиевна










Теміртау қаласы 2023 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!