МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

efwfwfw

Материал туралы қысқаша түсінік
wefwefw
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2018
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Жоспар:



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 Кәсіпкерлік құқық негіздері

2.2 Кәсіпкерліктің түрлері

III.Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер



















































I.Кіріспе

Кәсіпкер-Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің  жүргізіген зерттеулерінен басталады.20 ғасырдың 1930 жылдарында кәсіпкерлік терминін Йозеф Шумпетер зерттеген. көтереді. Жалпы кәсіпкерлік құқық  ұғымына сипаттама беретін болсам, кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың  пәні кәсіпкерлік іс-әркет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті  мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкердің құқықтық субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарпынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тиым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.












II.Негізгі бөлім

2.1 Кәсіпкерлік құқық негіздері


Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланысты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда консулдық соттар шешімдеріне негізделген қарапайым құқық болып табылатын итальяндық сауда құқығы қалыптасты. Сауда құқығының ары қарай дамуы Италияның сауда-саттық үстемдігін Франция, кейіннен Испания, Англия, Голландия сияқты елдер алмастырған ХV-XVIII ғасырларға жатады. 1673 ж. Францияда Сауда кодексі, ал 1681 ж. тарихқа Кольбер ордонанстары ретінде енген Теңіз кодексі қабылданады.

1811 ж. Австрияда Жалпы азаматтық  кодекс, ал 1897 ж. Сауда кодексі  қабылданады.  Германияда сол сияқты Францияда да,сауда-саттық заңдарын  бір жүйеге түсіру (унификация) азаматтық кодексті жүйелеуден бұрын іске асырылды. Сөйтіп, жеке құқық дуализмі тек  континенталдық құқық елдеріне ғанатән.Сонымен қатар дуалистік тұжырымдама немесе жеке құқық дуализмі Азаматтық және Сауда кодекстері бір мезгілде жұмыс істейтін елдерге,ал жеке құқықтың монистік жүйесі Азаматтық кодекс және арнайы заң қызмет ететін континенталдық құқық елдеріне тән. Жеке құқық дуализмі, атап айтқанда, Германияда Сауда жинағының арнайы заңы ретіндегі Азаматтық жинақпен қатар өмір сүретінінен көрінеді. Бұл сауда құқығы нормаларының азаматтық құқық жиынтығында бірге қаралуға тиіс екендігін білдіреді. Франция мен Германияның тәжірибесін ТМД елдерінің бірқатары, мысалы, 2003 ж. қаңтардың 16-сында Украинаның Шаруашылық кодексі және Украинаның Азаматтық кодексі бір мезгілде қабылданған және 2004 ж. қаңтардың 1-інен заңды күшіне енген Украина пайдалануда.

Ағылшын-американдық құқық жүйесі елдерінде азаматтық кодекстер  жок, бірақ арнайы сауда заңы жұмыс  істейді. Сөйтіп, іс жүзінде АҚШ-тың  барлық штаттарында АҚШ-тың Біртектес сауда кодексі негізінде әзірленген коммерциялық кодекстері қабылданды. Сол себепті жеке құқық дуализмі кең таралмады және шетелдік мемлекеттерде жеке құқықтың монистік жүйесі қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.

Ресей империясында,батыс-еуропалық құқық жүйелерінен айырмашылығы, ешқашанда азаматтық құқықтың айрықша бөлігі саналатын оқшау сауда құқығы болған емес. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясында ақыр соңында аяқталмай қалған азаматтық құқықты бір жүйеге келтіру жұмысы басталған. Демек, революцияға дейінгі Ресейде біртұтас жеке құқық тұжырымдамасы қалыптасқан. «Екі секторлы құқық» теориясы өз атауын экономикадағы екі сектор құқытағы екі сектордың (жеке сектор – азаматтық құқықтың болуы, ал мемлекеттік сектор – шаруашылық құқығының болуы) өмір сүруіне ықпал етуі себепті алған. Ол кезде экономиканың мемлекеттік секторының дамуы оның артықшылықтарға ие болуына және жеке секторды біртіндеп ығыстырып шығаруға жеткізеді және тиісінше, мемлекеттік секторға қызмет ететін шаруашылық құқығы азаматтық-құқықтық қатынастардың және азаматтық құқықтың жойылуына әкеліп соқтырады.Аталған теорияның кемшіліктерінің  қатарына экономиканың жеке секторының болуын, және, демек, азаматтық құқықтың уақытша құбылыс болып саналуын жатқызу қажет, бірақ даусыз артықшылық ретінде алғаш рет экономика саласында қатынастарды арнайы құқытық реттеу қажеттілігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементі іспетті шаруашылық құқығының дербестігі негізделгенін атап өткен жөн.ХХ ғасырдың 30 жылдарында кеңес мемлекетінің экономикадағы көп салалылықты жеңуге бағытталған өзгерген экономикалық саясаты жағдайында «екі секторлы құқық» теориясының орнын біртұтас шаруашылық құқығы басты, ал оның өкілдері (Л.Я.Гинцбург, Е.Б.Пашуканис және басқалары) социалистік шаруашылық қатынастардың арнайы құқытық реттеуді қажет ететінін, ол үшін Шаруашылық кодексін әзірлеу және қабылдау керек екендігін айтты. Бір жүйеге салынған заңның болуы, өз кезегінде, шаруашылық құқығы дамуының биік дәрежесіне және оның құқықтың салалары ретіндегі дербестігіне дәлел болады.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында И.В.Сталиннің  жеке басқа табынушылығы әшкереленгеннен  кейін, елде орын алған түбегейлі  өзгерістер енді шаруашылық құқығының  үшінші мектебінің пайда болуына  ықпал етті.Шаруашылық құқығының үшінші мектебінің негізін қалаушылар (В.В.Лаптев, В.К.Мамутов), сонымен бірге олардың алдындағылар да шаруашылық қатынастардың біртұтастығы туралы тезисті және оларды айрықша құқықтық реттеу қажеттілігін қорғап бақты, нәтижесінде шаруашылық құқығының монистік тұжырымдамасы әзірленді.ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында шаруашылық құқығы теориясы өркендеу шегіне жетті, іс жүзінде барлық ғалым-заңгерлер  шаруашылық құқығының жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленетін  және оны құқытың дербес саласы ретінде  сипаттайтын қажетті белгілерге ие тұтас құқықтық білім болып табылатынын растады.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап, ТМД-нің жекелеген елдерінде  саны көп жақтастары тағы бір рет  оның дербестігі мен біртұтастығын  негіздеуге тырысқан кәсіпкерлік құқықтың жаңа (бұл жолы – төртінші) мектебінің қалыптасу және даму үдерісі басталды. Қазақстанда кәсіпкерлік құқық саласында азаматтық-құқықтық ғылым аясыда арнайы зерттеулер жүргізіледі, ал кәсіпкерлік құқықтың жеке мектебі жоқ.Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын коғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.

Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістеріпайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай қүқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не занды ұйым-ның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретгі органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында крршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардын барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынандай қағидаттарга негізделеді: 1) кәсіпкерлік істің еркіндігі - кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;

2) кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) тендігі; 3) бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу; 4) кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;

5) кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық; 6) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Кәсіпкерлік кұкыктың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кәсіпкерлік құкыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық; 5) республикалык және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;

7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;

8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қкауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекетгі құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқыктық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бақылауды құқықтық реттеу; сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономиқалық аймақтарды қүқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.

Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конс­титуция, Конституциялық зандар, халықаралық шарттар мен келісімдер, зандар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.

Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық-әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда занды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайда-ланатын; 2) кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Респбуликасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мелшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндеттімемлекеттік тіркеуге жатады. Занды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салык органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымзаңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретіңце пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін(коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коопера­тив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азамат­тар мен занды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке(жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік)негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырады.

Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түріжеке кәсіпкерлік — азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардың (занды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес занды тұлғалардын атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (не­месе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асы­рылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырыла­тын отбасылық кәсіпкерлік; 3) кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.

Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық). Ауыл ша-руашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашьшық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.

Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:

1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы; 2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік шаруашылық; 3) бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде ұйымдастырылғанфермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан Рес-публикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі биз­нес субъектілері. Жеке кәсіпкер:

1) еңбек зандарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен шарттар (келісімшарттар), сондай-ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша ұжымдық шарттар жасауға; 2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтаға бірігуіне кедергі жасамауға; 3) жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерденкем емес деңгейде төлеуге;

4) қолданылып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға;5) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдерді дер кезінде және толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы міндеттемелерін орындауға; 6) Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес лицензиялауға жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға; 7) Қазақстан Республикасынын зандарыңца көзделген өзге де талаптарды cақтауға міндетті.

Занды тұлға құрмай және занды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.

Занды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қыз­метпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын занды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Занды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қыз­метпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтеріңің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын занды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің ор­таша жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерінің жал­пы құны бір жыл ішінде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.

Занды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлгалар шағын кәсіпкерлік субъектілері бо­лып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: занды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін(коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативе қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.Шаруашылық серіктестік. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қаты-сушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік дептанылады.Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (коммандиттік) сенім серіктестігі деп танылады.Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктік танылады.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жа­уап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестікдеп танылады.Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акцияларшығаратын занды тұлғаакционерлік қоғам болып та­нылады.Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа занды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын занды тұлға еншілес ұйьм болып табылады.Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заң­ды тұлғанікі болса, ол тәуелді қогам деп танылады.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік коопе­ратив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістіккооператив деп танылады. Коопера­тив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.Мемлекеттік кәсіпорындарға: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген және оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорынның органы уәкіддік берілген мемлекеттік орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшы болып табылады.Кұрылтайшы бекітетін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.

Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады.Коммерциялық емес ұйьмдар. Басқару, әлеуметтік-мәдени не­месе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржьландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына сәйкес немесе Қазақстан Республи­касы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа зан­ды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қаты-сушысы) бола алмайды.

Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктер болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың зандарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері танылады.Азаматтар және (немесе) занды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қогамдық қор деп танылады.

Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қана-ғаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады.Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардын ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.

Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады. Қауымдастық (одақ) коммер­циялық емес ұйым болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:

  1. кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;

  2. меншіктің болуы;

  3. тәуекел сипаты;

  4. пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.













































2.2 Кәсіпкерліктің түрлері

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).
Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

  1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар)

  2. коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар)

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады.
Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады.
Дара кәсіпкерлікке: 
өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттар

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:

  1. Заңдылық - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы конституциясының, кәсіпкерлік кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.

  2. Кәсіпкерлік еркіндігі - әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

  3. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі- Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің меншік нысанына және кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдында тең. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тең мүмкіндіктерге ие болады.

  4. Меншікке қол сұғылмаушылық –кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне қол сұғылмаушылыққа заңмен кепілдік беріледі. Кәсіпкерлік субъектілері заңды түрде сатып алған кез келген мүлікті меншігінде иелене алады. Сот шешімінсіз кәсіпкерлік субъектілерін өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңда көзделген айырықша жағдайларда мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару тең бағамен өтелген жағдайда жүргізілуі мүмкін.

  5. Адал бәсекелестік - бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған қызметке, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, Қазақстан Республикасында тауарлардың еркін өткізілуін және экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

  6. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.

  7. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік - мемлекеттік органдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте жариялы және ашық болуға тиіс. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік органдарда бар және кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат, егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмесе, қолжетімді болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат тегін беріледі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты барлық рәсімдер мен талаптар нақты және түрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.

  8. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігіне оның негіздеудің, келісудің және мониторингтеудің міндетті рәсімдерін ендіру арқылы қол жеткізіледі.

  9. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру - кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

  10. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы - құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.

  11. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі - мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.

  12. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу - кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуға тиіс. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыратын адамдардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қолдану мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді.

  13. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету - кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, оның ішінде кәсіпкерлікті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

  14. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау - мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жасау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу және халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына қатысу кезінде отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері ескеріледі.

  15. Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу - мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің ісіне, сондай-ақ көрсетілген бірлестіктердің мемлекеттің ісіне заңсыз араласуына және оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.

  16. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы - жеке кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға қатысады.

  17. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру – кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.

  18. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы - мемлекет кәсіпкерлік қызметке кәсіпкерлік кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген шекте қатысады.











































III.Қорытынды

Мен бұл рефератымды корытындылай келе, жалпы кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында сауда құқығының пайда болуымен байланысты тарихи қалыптасқандығы және ол белгілі бір құқықтық нормалармен қатар қағидаларға сүйеніп қызмет атқаратындығы туралы мәліметтер алдым.Бүгінгі уақытта әрбір  саланың құқықтарының нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Осыған сәйкес біздің еліміздің де кәсіпкерлік құқық нормалары, құқықтың қатынастарының қағидалары, сонымен қатар кәсіпкерлік құқық жүйелері қалыптасып бекітілген.Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері  Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.

































IV.Пайдаланған әдебиеттер:

Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7























































М.Тынышбаев атындағы Ақтау көлік колледжі











МӘНЖАЗБА



Пәні: Көлік заңнамасының құқық негіздері

Тақырыбы: Кәсіпкерлік құқық негіздері



















Орындаған: Атс-9/15-01 тобының

3 курс студенті Рахметов Е.А

Тексерген: Пән оқытушысы

Абылаева Ж.Д









Ақтау-2017ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!