Материалдар / Егемен елдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Егемен елдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның егемен ел болуын түсіндіріп үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





« Егенмен елдің ертеңімін» сценарий.-Балалар қатарға тұрып әуен ырғағымен залға кіреді.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, бүгін бізде үлкен мейрам.Тәуелсіздігімізге биыл 25-жыл, тәуелсіздік күні құтты болсынБүгінгі «Егеменді елдің ертеңімін» атты ертеңгілімізге қош келдініздер!Еліміз тәуелсіз, жеріміз шуақты, рухымыз, ұлттық байлығымыз өлмейстей боп, көк байрағы төбеге көтерген күн! Бейбіт таңдар арайлап атады, Туған жерім аймалайды шапағы, Байтақ елім-ұлы Қазақстан, Ең бақытты балалардын отаны.Балалар Қазақстан Респуликасының әнұраның салтанатты түрде орындап берейік.-Жүргізуші:-Балалар біздің отанымыз қалай аталады?-Балалар:- Қазақстан Респуликасы.-Балалар: Қазақстан Респуликамыздың қандай рәміздерің білесіңдер?-Ту, елтаңба, әнұраны.Балалар мына суретте, қай елдің туы?-Балалар:- Бұл Қазақстан Респуликасының туы.Жүргізуші. Қазақстан Респулиакасының туы көгілдір түсті тік бұрышты, тудың ортасында шұғылалы күннің суреті, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген, күн, қыран және ою-өрнек алтын түсті.-Балалар сендер Мемлекеттік ту туралы тақпақтар білесіңдер ме?Аягүл: Елтаңбасы елімнің, Ортасында шаңырақ, Мемлекеттік туымнан, Күн шығып тұр жарқырап.Нұрәділ:Көк аспандай көкпенбек, Қазақстан жалауы, Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық аспаны.Құрмет: Әнұраны елімнің Шақырады бірлікке Егеменді халқымның Болашығы бірлікте.Нұрбибі: Қазақ жері – Қазақстан Мөлдіреген ашық аспан Алыс кетсем сағынамын Отаным сен - ҚазақстанЗергүл: Болашаққа бастаған, Шырықтайды асқақ ән Ел ортасы Отанымның Мақтанышым астанам.



Ерб.Зарина: Қазақстан елім менің, Қазақстан жерім менің, Саған арнап айтылады, Әнім меніңГүлназ:Елімнің атын айтсам-Қазақстан, Жерімнің атын айтсам-Қазақстан, Қойнауы қазынаға толған мекен, Байлығын атын айтсам-ҚазақстанСабина: Туға мойын бұрамыз. Елтаңба деп тұрамыз, Әнұраны болып асқақтар. Біздің елдің рәміз.- Балалар ,сендер мемлекеттік ту туралы тақпақты жақсы білетін екенсіңдер ,ал енді мына суретте не?- Балалар, елтаңба деп жауап береді.Жүргізуші:Респуликамыздын елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды,шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардын бірлігін көрсетеді. Қанатты тұлпар көшпенділердің өмірі атпен байланысты болғанын, ат адамның сенімді досы екенің көрсетеді.Жүргізуші:-Елтаңба туралы қандай тақпақтар білесіндер?Ләйла: Елтаңбасы елімнің, Неткен айбат, әдемі, Тұнығындай көңілдің, Ортада аспан әлемі.Зарина: Елім бар егемен Алып еді не деген, Батыр десе батырмыз, Ақын десе ақынбызЖангүлім: Достығымыз жарасқан Ақпыз, сары,қарамыз. Құшағы ол кең байлақ Қазақстан даламыз.Айару:Тәуелсіздік арқасында, Мәртебесі артқан елім.Аяжан: Қазақстан-тәуелсіз ел, Сақтаймын ел бірлігінАлимхан: Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым.Саят: Егемен елім бүгін, Өзге елдермен тең жұлдызымДелназ: Қазақстан-елім менің, Қазақстан-жерім меніңБалалар, біздің елбасшымыз кім? -Балалар, біздің елбасшымы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.



Жүргізуші:- Біз қай тілде сөйлеміз?-Балалар: қазақ-тілінде.Жүргізуші; Біздің ұлтымыз қандай ұлтқа жатады.?Балалар:-Қазақ ұлты,Жүргізуші:,Балалар біреудің даусы естілетін сияқты?-Ол кім екен қарайықшы?--Батыр келеді.-Батыр:Сәлеметсіздерме , балалар?Балалар-Сәлеметсіздерме, Батыр.Батыр:-Балалар мында қандай мейрам болып жатыр?Жүргізуші: Біздің тәуелсіздігімізге 25- жылдығына орай «Егемен елдің ертеңімін» атты мерелік іс-шара өтіп жатыр.Батыр:Иә, Исатай, Махамбет сияқты бабаларымыз осы егеменімізді аңсап кеткен,осы мерекені мен бірге тойлауға асығып келдім.Жүргізуші:-Қош келдіңіз батыр, төрлетініз.Батыр: балалар мен сендермен ойын ойнасамба деп едім ойын ойнағыларын келеме?-Жүргізуші: Ендеше балалар батырмен бірге ойын ойнайық?Ойын ойнау. Ұлттық ойын: «Көтермек»Мақсаты: Екі бала шығып арқаларын тигізіп қолдарың арттарына байлап бір , екі, үш деген кезде арқасына көтеріп қалу керек. Жеңілген бала ойыннан шығады.Жүргізуші:Отан елдің анасы, Отан жердің анасы Бақытты ғой дәл мендей, Тәуелсіз ел баласы.Бүркіт кіреді:-Сәлеметсіздерме, балалар?Балалар:-Сәлемсіздерме, бүркіт.Бүркіт: -Балалар, мені қайдан көрдіңдер?Қандай мемлекеттік рәмізде кездесемін?Жүргізуші:-Балалар,қыран бүркіттің суретін қайдан көрдік, есімізге түсірейікші?Балалар-туда.Бүркіт: еркіндікті, теңдікті аңсайтын еркін, қырағы құспын, сондықтанда мені рәміздердің бірі туда бейнеленгенЖүргізуші:Қош келдің бізге бүркіт, тәуелсіздігімізге орай балаларымыздын билерін қабыл алыңыздарБи: «Қазақ биі»Бүркіт:Егемендігімізді ертеңі болып өсе беріңдер, мына манің көк туым әрқашанда биіктен желбіресін.Жүргізуші: Отан- сөнбес күніміз. Отан туған жеріміз, Отан ортақ үйіміз, Отан ән мен күйіміз.







Балалардың орындауында ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші. Құрметті, әріптестер, қымбатты балалар, әрқашан күн сөнбесің, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларыныңұйқысы тыныш болсын деп бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған ертеңгіліз өз мәресіне жетті.Қатысқандарынызға көп рахмет













































































«Балбөбек» бөбекжайы МКҚК











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!