жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ежелгі ата-бабаларымыз
|
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Саяхат Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Төребаева А.О. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ежелгі ата- бабаларымыз |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау. 1.3.4.1 дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу. |
|
|
Оқу мақсаттары |
Барлық оқушылар: Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын анықтау, дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы айтады. Көптеген оқушылар: Көшпенділік ұғымын және Томирис ерлігін бүгінгі өмірмен байланыстырады. Кейбір оқушылар: Сақ патшайымы Томирис және сақтардың өмірі туралы сұрақтар құрастырады. |
|
|
Бағалау критерийлері |
1.Көрнекі материалдардың негізінде сақтардың өмір салтын анықтайды. 2.Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы айтады. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады. Түйінді сөздер мен тіркестер: Қоныс,ежелгі, ата-бабалар ұғымдарын біледі. Көшпенді ел- кочевник – nomadic people; Бостандық – свобода- freedom. -Көшпенді деген сөзді қалай ұғасыңдар? -Көшу деген нені білдіреді? -Кімдер көшеді? -Көшетін адамдарды кім дейді? -Бостандық деген не? -Басқа қандай сөзбен ауыстыруға болады? |
|
|
Құндылықтарды дамыту |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының бірі- «тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылықтарын бойларына дамыту, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білуге деген қызығушылықтарын, құрмет пен мақтаныш сезімдерін ояту. |
|
|
Пәнаралық байланыс |
Сауат ашу, Көркем еңбек |
|
|
Акт қолдану дағдылары |
Сен білесің бе? «Сақтар» video. YouTube.kom., таныстырылым. |
|
|
Алдыңғы білім |
Ежелгі адамдардың құрал- жабдықтары мен тіршілігіне қажетті заттардың суреттері. Ол суреттердің артында өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары жазылған. |
|
|
Сабақтың барысы |
|
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Сабақта жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Сәлемдесу. Ежелгі адамдардың қажетті заттарының суреттері бойынша топқа бөлінеді. Суреттердің артында жазылған сұрақтарға топта талқылап, жауап береді. Ширату. «Сақтар» сөзіне ассоциация құру. Сақтар туралы, сақ патшайымы Томирис туралы білу үшін Өскемен қаласындағы этнографиялық мұражайға виртуалды саяхат. |
5- балта, 5- ат, 5-киіз үй, 5- қазан, 5- ошақ, 5- арба,5-түйе. Ватман-1, маркерлер |
|
Сабақтың ортасы 30минут |
1.«Сақтар бөлмесі» Тапсырма №1 (Т) «Суретті сөйлетейік» Суретке мұқият қара. Бұл сақтардың қонысы. Суретте берілген адамдардың тіршілігі туралы талқылап, айт. Дескриптор: 1.Суретті қарайды. 2.Суретте берілген адамдардың тіршілігі туралы талқылап, айтады. ҚБ: (графикалық) Тапсырма №2 (Ө) (Ұ) «Микрофон» (Ө) мәтінді тыңдату. (Ұ) Көшпенді халық, бостандық сөздерін қалай түсінетіндіктерін сұрау. Мәтін мазмұны бойынша талқылау. -Сақтар деген кімдер? -Көшпенді деген сөзді қалай ұғасыңдар? -Көшу деген нені білдіреді. -Кімдер көшеді? -Көшетін адамдарды кім дейді? -Көшпенді халық дегенді қалай түсінесіңдер? -Көшпенді халықтың үйі қандай болған? -Бостандық деген не? -Басқа қандай сөзбен ауыстыруға болады? -Елін, жерін жаудан қалай қорғаған? Дескритор: 1.Мәтінді тыңдайды. 2.Мәтін мазмұны бойынша талқылайды. 3.Сұрақтарға жауап береді. ҚБ: (графикалық) 2.«Тапсырмалар бөлмесі» Тапсырма №3 (Ө) Дәптермен жұмыс. Суреттерді қолданып, көшпенділер қонысының суретін салу. Дескриптор: 1.Суреттерді қолданып, көшпенділер қонысының суретін салады. ҚБ: (графикалық) 3 .«Көңілді бөлме» Сергіту сәті «Мен қазақпын» 4. «Кинозал» Бейнекөрініс. «Көр, ойлан, талқыла» «Сақтар» Сақ патшайымы Томирис туралы Тапсырма №4 (Ұ) Талқылау сұрақ – жауап. -Бейнекөрініс не туралы? -Оқиға қай кезде болып жатыр? -Әйел адамды кім деп ойлайсыңдар? -Томирис патшайым қандай? -Томирис деген атты естігендерің бар ма? -Қазіргі кезде ата- аналар қыздарына неге бұл есімді таңдады деп ойлайсыңдар? Дескриптор: 1.Бейнекөріністі көреді. 2.Талқылап, сұрақтарға жауап береді. ҚБ: (сурет арқылы) 5 .«Ойын алаңы» «Көш» (Т) 1.Ежелгі замандағы көшке қажетті заттарды алып көшеді. 2.Қазіргі заманға қажетті заттарды алып көшеді. «Көш қозғалды» деген сәтте заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Өздерінің алып көшкен заттарын атайды. Ежелгі көш пен жаңа заманғы қоныс ерекшеліктері туралы айтады. ҚБ: (графикалық) |
Оқулық (50б),суреттер Аудиожазба. Оқулық (50б). Жұмыс дәптері. Е.Құдайбергенов audio.nur.kz Сен білесің бе? Сақтар Video. YouTube.kom Киіз үй,қазан-ошақ,қой, түйе, арба, дулыға, садақ, найза,қылыш,қалқан, Торсық, кебеже,сандық,машина,бокал, Кітап, теледидар, тоңазытқыш- әр заттың өзі, суреттері, макеттерінен -5тен. |
|
Сабақтың соңы 5минут |
Ассоциацияны толықтыру. Ассоциацияға қайта оралып,сабақты бекіту. ҚБ: (графикалық) Кері байланыс: (ауызша) Не білдім? Не түсініксіз болды? |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген