Материалдар / Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған білім бойынша сабақ беретін мұғалімдерге арналады.Күнделікті сабақта немесе ашықта қолдануға болады. Материал ішіндегі белсенді әдіс тәсілдерді,сабақ барысын қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2019
1864
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Екі айнымалысы бар теңдеулер,теңсіздіктер және олардың жүйелері.

Күні:

Сынып: 9

Мектеп: №59 жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Бектурганова А.С.


Қатысқандар :

Қатыспағандар :





Сабақ тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.2.1. Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару.


Сабақ мақсаты

  • Мәтін есептердің шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрастыру;

  • Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін есептердің шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрастырады,

  • Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығарады;


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

теңдеу; теңдеулер жүйесі; жүйе; жүйенің шешімі; мәндес теңдеулер; алмастыру тәсілі; қосу тәсілі; графиктік тәсіл; жаңа айнымалы;Виет теоремасы;

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;

- жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;

- екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;

- ... болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз;

- теңдеудің екі жағын ... көбейтеміз;

- ... мүшелеп қосамыз;

-…жаңа айнымалы енгіземіз;

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарға

баулу

Ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жұпта және топта өз ойын жеткізу және өзгені тыңдауға, бағалауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы білім


Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін шеше біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

1- мин






2-мин





1-мин
























4-мин














4-мин


















Сабақтың ортасы















20-мин















































Сабақтың соңы




5 мин









2-мин







1-мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.


Миға шабуыл.

Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше: «Алдаркөсе, сені жұрт «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26-да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?

Жауабы: 4 жылдан кейін.

Үй тапсырмасын тексеру. ( жеке жұмыс)

Оқушылар тақтаға жазылған жауаптар бойынша уй тапсырмасын тексереді, дәптерлеріне «+», «-» қояды. Тақтаға бағалау критерийлерін көрсетіп, өзін-өзі бағалау парағын таратамын.

Бағалау критерийі

Толық орындадым

Жартылай орындадым

Орындамадым

Үй тапсырмасы

+

 

 

«Бір минут» әдісі

+

 

        

«Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі


 +

 

«Тарсия»әдісі



+

Тест

 +


 


Топқа бөлу:Оқушыларға әртүрлі түске боялған фигураларды (үшбұрыш, квадрат, трапеция, ромб) таңдату арқылы топқа бөлемін. Әр фигураны толық құрастырғанда екінші бетінде «мәтіндік есеп және оны шешу» жолы шығады.

-Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін қандай тәсілдермен шығаруға болады?

-Алдарыңдағы теңдеулер кай тәсілмен шешілген?

Үшбұрыш-қосу тәсілі

Квадрат-алмастыру тәсілі

Трапеция-графиктік тәсіл

Ромб-жаңа айнымалы енгізу тәсілімен.


Бір минут” әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсу.(Әр топтағы оқушылар тақырып бойынша кезегімен бір минут тоқтаусыз, қатесіз сөйлейді)

Топтарды ауызша мадақтау арқылы бағалаймын.

Сонымен,бүгінгі сабақтың мақсаты: “Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шығару”.


Ойлан-жұптас-бөліс” тәсілі

(Топтық жұмыс) 1-тапсырма.

Үшбұрыш тобы

Бірінші сан екіншісінен 4-ке артық. Бірінші санның квадраты мен екінші санның квадратының айырымы 56 тең. Осы сандарды табыңыз. Жауабы:9 және 5

Дескриптор:

-Есептің шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрады;

-Теңдеулер жүйесін шешуде тиімді тәсілді қолданады;

-Жауабын табады.

Өзін-өзі +, - бағалау. Саралау: Баяулау шығаратын оқушыларға деңгейлік үлестірмелі материалдар беремін.

2-тапсырма. (жұптық жұмыс)

«Кім жылдам» әдісі

Оқушылар мозайка құрастырады.

Ауызша мадақтаймын. Жарайсың, өте жақсы, жақсы. Саралау: Ерекше көмек қажет ететін оқушы мен үлгерімі жоғары оқушыны бірге отырғызамын.

Квадрат тобы

1-тапсырма

Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің ұзындықтарының қосындысы 14 см, ал ауданы 24 см2. Катеттерінің ұзындықтарын табыңыз. Жауабы:6см,8см

Өзін-өзі бағалау. Жылдамдық арқылы саралау.Баяулау шығаратын оқушыларға үлестірмелі материалдар беремін.

2-тапсырма. (жұптық жұмыс)

« Кім жылдам» әдісі

  1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5см,ал катеттерінің қосындысы 7см. Осы үшбұрыштың ауданын табыңыз.

1-тапсырма. Трапеция тобы

 Екі натурал санның қосындысының мәні 50 – ге тең. Егер біріншісін 30% - ға, ал екіншісін 70% - ға арттырса, онда олардың қосындысының мәні 81 болады. Бастапқы сандарды табыңдар. Жауабы:10 және 40

Өзін-өзі бағалау. Жылдамдық арқылы саралау.Баяулау шығаратын оқушыларға үлестірмелі материалдар беремін.

1-тапсырма. Ромб тобы

  Тіктөртбұрыштың ауданы 972 см2, ал диоганалінің ұзындығы 45 см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табыңдар. Жауабы:27см,36см

Дескриптор:

-Есептің шартына сәйкес теңдеулер жүйесін құрады;

-Теңдеулер жүйесін шешуде тиімді тәсілді қолданады;

-Жауабын табады.

Стикер арқылы бағалау. Жылдамдық арқылы саралау. Баяулау шығаратын оқушыларға үлестірмелі материалдар беремін.






Сабақты бекіту.

«Жинақтау» тесті. (Жеке жұмыс.)

  1. 1.Тік төртбұрыш периметрі 26 см, ал ауданы 36 см2. Қабырғалар ұзындығын табыңыз.

  2. 2.Үш дәптер мен бес қаламсапқа 49 теңге төленді. Егер екі дәптер үш қаламсаптан 1 теңгеге қымбат болса, онда дәптер мен қаламсаптың жеке-жеке бағалары қанша?

  3. 3.Бір сан екіншісінен 4-ке артық. Ал олардың квадраттарының айырмасы 56-ға тең. Осы сандарды табыңыз.

  4. 4.Ауданы 84 см2 тік төртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз.

Өзін-өзі бағалау

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

Бүгінгі сабақта... білдім

үйрендім

қиындықтар туындады

әлі де жұмыс жасауым керек

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!