400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Екі амалды өрнектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір амалдан тұратын өрнектерді құрады жəне олардің мəнін табуды біледі,қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді жəне қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ:

Екі амалды өрнектер

Мектеп: 81-Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:Кошметова Хулкар

Сынып: 1 «Б» сынып

Қатысқандар-19

Қатыспағандар-0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.1.6 екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану

1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады

Бір амалдан тұратын өрнектерді құру және олардың мәнін табуды біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Бір амалдан тұратын өрнектерді құрады және олардың мәнін табады, қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады; +”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады

Кейбір оқушылар орындай алады

Екі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды; қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;

+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар игереді:

Екі амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды

Пәндік лексика және терминология:

амалдар реті

Диалог/жазу үшін қажетті сөздер

Талқылау:

-7 + 4 + 10 мысалын шығару үшін неше амал орындау керек?

-Мысалдағы амалдардың орындалу ретін нөмірле:

7 + 4 + 10.

-Бірінші амалдың нәтижесін ата.

-Екінші амалдың нәтижесін ата.

-Үш қосылғышпен берілген мысалда қосу амалы қандай ретпен орындалады?

- Сен қалай ойлайсың, “–” таңбасы бар өрнектерде амалдарды орындау реті маңызды ма? Неге?

Алдыңғы оқу:

Бір амалдан тұратын өрнектерді құру және олардың мәнін табу; «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар екі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды;

қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;

+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Басы

5 минут













Ортасы

25 минут
















































Соңы

15 минут

Ширату:

«Кім тапқыр?» ойыны

Қай сан 4-тен 2-ге артық?

Қай сан 13-тен 3-ке кем?

Қай сан 18-ден артық, бірақ 20-дан кем?

(Т) «Кіріспе тапсырма»

Сабақтың басында оқушыларға тапсырманы 4 адамнан тұратын топта орындауды ұсынамын. Әр топ алғашқы ондық сандар жазылған 3 парақша және 1 бос парақша алады.

1.Оқушылар орындарында кез-келген ретпен бір қатарға тұрады және “Сандарды қос” дегенде қолындағы ақпаратты бір-біріне беретінін түсіндіріңіз. Бірінші оқушы солдан оңға қарай екіншіге, екінші — үшіншіге, үшінші — төртіншіге береді. Оқушылардың тізбегін аяқтайтын төртінші оқушы үш санның қосындысын тауып, жауабын өз парақшасына жазу керек. Оқушылардың өзінің әрекетін мынадай сөйлемдермен түсіндіріп отыруын қадағалаймын:

2.­ “Біз алғашқы екі санды қостық…”, “біз оның нәтижесін алдық…”, “содан соң біз келесі санды қостық…”, “нәтижесін алдық…”, “Бұл мысалдың нәтижесі…+…+…” Бірнеше амалдан тұратын мысалды шешкен кезде амалдарды бірінен­ соң бірін орындаймыз.

(Ұ) « Автобус жолаушылары»

Осы тапсырманы жалпы сыныппен өткіземін.

Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?

Автобус қайда тоқтады?

Аялдамада не болады?

Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?

Тапсырма мәтінін оқимын және оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұраймын. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап аламын және аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құруды ұсынамын.

Осы өрнек неше амалдан тұрады?

Қандай амалды бірінші орындадыңдар?

Қайсысын екінші орындадыңдар?

Қосуға берілген екі амалды өрнектегі амал реті бірізділікпен солдан оңға қарай орындалуы тиіс деген қорытынды жасатамын.

Жауабы: 16 жолаушы.

(Ж) «Сиқырлы қар қиыршығы»

Оқушыларға ойынды жұптастырып ойнатамын. Олар нүктелі текшені кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсынамын. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар қиыршықтарының орнында 1 , 2, 3, 4, 5 немесе

6 тұруы тиістігін айтады.

Жауабы: 20 – 1 – 3 = 16 20 – 4 – 3 = 13

20 – 2 – 3 = 15 20 – 5 – 3 = 12

20 – 3 – 3 = 14 20 – 6 – 3 = 11

(Ж)«Шығарып көр»

Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Оларға берілген тапсырманы жұппен орындауға тапсырма беремін. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіремін. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізуді сұраймын.

Жауабы: 9, 11, 13, 16, 19, 20. (Қаңтар)

(Т) «Орындап көр»

Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсынамын. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту амалы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырамын. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтуды ұсынамын.

Дәптермен жұмыс

Кері байланыс:

-Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

-Не үйрендіңдер?

Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.

Сөздер тізбегін аяқта:

Мен_________түсіндім.

Мен енді_______ жасай аламын.

Менің қолымнан_______ келеді.

Менің .......................... білгім келеді



бір таңбалы сандарды қосу кестесі









парақшалар
















20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар
















оқулықтағы иллюстрация















оқулықтағы иллюстрация















Дәптер






Қосымша мәліметтер

Саралау (Дифференциация) – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?



Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Оқушылар сабақ соңында:екі амалдан тұратын жақшасыз өрнектердегі амалдардың қандай ретпен орындалатынын түсініп, меңгереді.


Пәнаралық байланыс

математика,

жаратылыс-

тану,

көркем еңбек


Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі