400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулалары" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулаларын өрнектерді ықшамдауда қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3В Мектеп:№45

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Баимбетова Раушан

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)


7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

Ойлау деңгейі

Қолдану, талдау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
және

формулаларының ережелерін тұжырымдайды

Оқушылардың басым бөлігі: есептерді шығаруда формулаларды тиімді есептеу үшін қолдана алады;

Кейбір оқушылар: күрделі есептерді шығаруда формулаларды еркін қолданады.

Бағалау критерийі

-Көпмүшелерге жіктейді;

-Ұқсас мүшелерді біріктіреді, ықшамдайды;

-Есептеулерде қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: өрнектерді көбейткіштерге жіктейді, қысқаша көбейту формулаларының ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бір мүшелерді көпмүшелерге көбейту, ұқсас қосылғыштарды біріктіру, кубтардың қосындысы, кубтардың айырымы, айырманың квадраты, қосындының квадраты

Диалог арқылы білімді тереңдету (ашық сұрақ):

Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулаларының айырмашылығы неде?

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият

(оқушылар белгілі бір заңдылықтар арқылы құралған санды деректерге болжам жасай білуді үйренеді, қолданады)

Пəнаралық байланыс

Пəнішілік байланыс

Физика, 7 сынып Сандарды стандарт түрде жазу

Математика, 7 сынып Көпмүшелерді көбейту

Алдыңғы білім

Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы





10 мин













І. Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру (дәптерлерін өзара алмасу арқылы тексеру)

Ширату жаттығуы:

  1. Бір қорап чипси 150 теңге тұрады. Дүкенде жексенбі күндері 4 қорап чипсидің ақшасын төлеп 5 қорап чипси алуға болады ( 1 қорап сыйлық) деген ұсыныс бар. 1400 теңгеге көп дегенде неше қорап чипси алуға болады?

«Қай өрнекті қай жәшікке салуға болады?»

Қызыл, сары және жасыл , көк түсті қорапшалар сәйкес формулаларды салу арқылы оқушыларды төрт топқа топтаймын.













Сабақтың ортасы



20 мин

«ДЖИГСО» әдісі


І топ:№ 47.11. Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазыңдар: 1) ; 2)


ІІ топ: №47.12. Көпмүшені көбейтінді түрінде жазыңдар: 1) m3-n3+2n-2m; 2) x3-y3+x2-y2


ІІІ топ: №47.13. Өрнекті ықшамдаңдар: 2) х(х+2)(х-2)-(х-3)(х2+3х+9)


ІV топ: №47.16. Теңдеуді шешіңдер: х2-(х-3)(х2+3х+9)



Оқулық , 7 сынып, математика 80-81 бет

Сабақтың соңы



15 мин

Жеке жұмыс .

1-тапсырма


Көпмүшелерді көбейтіңіз:

а) 3х – 1 және 9х2+3х+1

b) 2х+3 және

4х2 – 6х+9


Дескриптор

-көбейткіштер түрінде жазады;

-сәйкес келетін формуланы қолданады;

-көбейтінді нәтижесін жазады.


Балл

1



1



1

2-тапсырма.


Өрнектерді ықшамдаңыз:

а) (2х+1)3 – 6х2 – 3х – 2

б) (х – 3)3 +9х2 – 27х +20


Дескриптор

-тиісті формулаларды қолданады;

- өрнектерді түрлендіреді.



1



1

3-тапсырма


13+23+33+... +93 қосындысы 5-ке бөлінетінін дәлелдеңдер;


Дескриптор

-сәйкес формулаларды қолданады;

- бөлінгіштікті дәлелдейді.



1




1


Кері байланыс

«Бағалау ағашы»
Оқушылар себеттегі
алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Оқушылардың кері байланысы арқылы мен келесі сабағымды жоспарлаймын


Үй тапсырмасы : №47.11 (3-6), №47.12 (3-6)

Есептер жинағы

7 - сынып

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техника

сын

сақтау


  1. Оқушы зейінін шоғырландыру үшін ширату жаттығуы;

  2. Өткен сабақты байланыстыру, бекіту мақсатында қысқаша көбейту формулалары арқылы топтау;

  3. Оқушыларға күрделі математикалық есептерді меңгерту үшін Джигсо әдісі;

  4. Жеке жұмыс ретінде оқушы деңгейіне байланысты тапсырмалар;

  5. Кері байланыс бағалау ағашы арқылы жоспарланды.


  1. Дәптер алмасу арқылы өзара бағалау

  2. Джигсо әдісінің бағалау парағы

  3. Дескриптор арқылы бағаланады

Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

Қауіпсіздік техникасы ережелері



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
2020
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі