Қарындаштар. Берілген тапсырманы жалпы
сыныппен ұйымдастырамын. Оқушыларға оқулықтағы иллюстрацияны
қарауды және қойылған сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. Оларға өз
жауаптарын ламинатталған қағаз бетінде жазып және өзара тексеру
кезінде барлық сыныптағы оқушыларға көрсетіп беру керектігін
ескертемін.
Жауабы:
Қарлығашта 14, ал Асхатта 17
қарындаш. Асхаттың қарындашы артық. 3-ке
артық.
1-деңгей
Мәшинелер
жарысы. Оқушыларға тапсырманы өз
бетіңше орындап, нәтижесін ламинатталған қағаз бетінде жазуды
ұсыныңыз, ал содан кейін жұппен өзара тексеруді
өткізіңіз.
Тапсырманың орындалу барысын
бақылаңыз. Бағалау кезінде өз бақылауыңыздың нәтижесін
пайдаланыңыз.
Жауабы:
а) 15 > 12; ә) 13<19; б)
9 < 18; в) 20 > 10.
2-деңгей
Оқушылармен жұппен ойын
ұйымдастырыңыз. Олар тапсырманы орындау барысында тағы да бір рет
бір таңбалы сандарды қосу мен оларды салыстыру дағдысын бекітеді.
Ойынды ұйымдастыру үшін әрбір оқушы жұбына төрт ойын картасы немесе
нүктелері бар төрт ойын текшесі, 1-ден 12-ге дейінгі сандар
жазылған парақшалар қажет. Ойынның
ережесі:
Әр ойыншы екі текшені лақтырып
және текшелерде түскен нүктелер санының қосындысын
табады.
Ол алынған қосындыны
парақшаның көмегімен сәйкес санды көрсетіп белгілейді. Осыдан кейін
текшелерді екінші ойыншы лақтырады.
Ойыншылар алынған сандарды
өзара салысты-рып, түскен сандардың қайсысы артық немесе кем екенін
анықтайды.
Шыққан нәтижелер салыстыру
белгілерінің көмегімен көрсетіледі.
Оқушылар жұппен қалай
ойнайтынан бақылаңыз. Бағалау үшін бақылау нәтижесін
қолданамын.
Сергіту
кезінде “артық”, “кем”, “тең” сөздерін
қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын ұйым-дастырыңыз. Тірек
сөздермен әмір беретініңізді айтыңыз.
“Артық!” деп әмір бергенде —
оқушылар аяқтарының ұшына тұрып, қолын жоғары көтеруі
тиіс.
“Кем!” деп әмір бергенде —
оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен
құшақтайды.
“Тең!” дегенде — оқушылар
қолдарын жанына қойып түзу тұрады.
3-деңгей
Оқушыларға әр жолдан ең үлкен
немесе ең кіші санды тапсырмаға сәйкес таңдап алуды ұсыныңыз.
Жұмысты жалпы түрде орындауды ұйымдастырыңыз. Әрбір оқушы өзінің
болжаған жауабын ламинатталған қағаз бетіне жазып және өзара
тексеру кезінде жоғары көтеруі тиіс.
Жауабы:
1-3 – топ:ең үлкен санды ата
17.
2-4- топ: ең кіші санды ата
10.
5-топ: 1 онд.6 бірліктен 1-ге
артық санды ата 18.
6-топ: 1 онд.6 бірліктен
тұратын саннан 1-ге кем санды ата 15.
|