Екі тілдің тұғыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі тілдің тұғыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің дамытуүшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№125 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»



















«Екі тілдің тұғыры»

(интеллектуалды сайыс)











Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Айнабаева
















Атакент қалашығы





«Екі тілдің тұғыры» сайысы



Мақсаты:

оқушыларды өз халқының тілін құрметтеуге, қадірлеуге, Тіл заңын меңгере отырып тілді дамытуға, гүлдендіруге, үлес қосуға тәрбиелеу.

Оқушыларды өз ана тілін қастерлеуге баули отырып, өзге тілді білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру, өзге тілді білетін еліміздің білімді де, жан-жақты патриот азаматын тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Қазақ тілі, орыстілі тілі пәндерінің бірігуімен 22-қыркүйек «Тілдер күніне» орай өткізгелі отырған «Екі тілідң тұғыры» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Орыс тілін түсінемін, білемін,

Ата-бабам қастерлеген жанындай,

Ана тілім – менің нағыз жүрегім.

2-жүргізуші:

Тіл сенің – ең қайратты арыстаның,

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің- жүректегі жүйрік елшің,

Көк орман, көк арайлы бағыстаның!



1-жүргізуші:

Ортаға сайыскерлерімізді әділ бағамен бағалайтын әділқазылар

алқасын шақырамыз.

Ендігі кезек сайыскерлермізді шақырсақ.

2-жүргізуші:

Бірінші сайысымыз «Таныстыру»

әр топ өз топ басшыларын, топтарын өлең арқылы таныстырады.

1-жүргізуші:

Сайысымыздың екінші бөлімі

«Бәйге».

Әр топқа қазақ тілі және қазақ әдебиеті, орыс тілі және орыс әдебиеті тілдерінен он сұрақтан қойылады, жауап бере алмаған жағдайда келесі топқа жауап беруге болады.



Бірінші топқа жеті сұрағымыз:

  • Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? (Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем)

  • Перечеслите самостоятельные части речи.(Существительное, глагол, прилагательное, местоимение, числительное, наречие)

  • Ертегілердің неше түрі бар?(Төрт түрі: шыншыл, қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт)

  • Слово «читать-какая часть речи»? (Глагол)

  • Сәкен Сейфуллинның шың есімі? (Сәдуақас)

  • Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)

  • Синонимы – это....(Близкие по значению слова)


Екінші
топқа жеті сұрағымыз:

  • Зат есім неше жақта тәуелденеді? (3 жақта)

  • Жи-ши пишется с буквой (и)

  • Аяз бидің әйелі? (Меңді)

  • Вопросы дополнения? (Кого? чего?кому? чему?)

  • Итмұрын сөзі қандай сөзге жатады? (Біріккен сөз)

  • Шоқан Уалихановтың шың есімі? (Мұхамедқанафия)

  • Антонимы – это.....(против. слова)


2-жүргізуші:

Екінші турымыз

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». Бұл турда командирлар жарысқа түседі. Мақал-мәтелден тысталынып кеткен сөзді тауып, үш тілге аударады, дәл солай жұмбақтың шешуін тауып екі тілде айтады.

Тапсырмалары:

  • Көк жиекті көмкеріп,

Шатыр жайдым кең керіп. (аспан-небо)

  • Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең шөлін қанады.

Ақ болса да, қар емес.

Шешуін кім табады? (сут-молоко)

  • Сирағы ұзын, мүйізі қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па? (керік-жираф)

  • Суда қалқиды, отқа балқиды. (мұз-лёд)

  • Ақыл сөз-атқан оқтай жай кетпейді,

Жаманға оқ өтсе де, ...... өтпейді. (сөз-слово)

  • Артық ғылым .......

Ерінбей оқып көруге. (кітапта-книга)

  • Ақылы қысқаның - .... ұзын.(тілі-язык)

  • Сабыр – түбі ...... алтын. (сары-желтый)


1-жүргізуші:

Төртінші бөлім

«Суреттер әлемі».

Екі топқа мезгілдерден сурет көрсетіледі суреттеп айтып береді.

2-жүргізуші:

Бесінші бөлім

«Тілім менің – айбарым, мақтанышым».

Сайыскерлер өз өнерлерін ортағы салсын, қошеметтеп отырайық.

1-жүргізуші:

Алтыншы турымыз «Кім жылдам?».

Барлық пәннен сұрақтар қойылады тез қол көтеріп жауап берген топқа ұпай саны есептеледі.

Тапсырмалары:

  • Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)

  • Көлемнің өлшем бірлігі (Куб)

  • Электр поезы батыстан шығысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа әкетеді? (электр поезында түтін болмайды)

  • Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында. Екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында үшеуі қаз қатар. Қанша үйрек ұшып келеді? (3)

Қазақ тілі

  • Қосымшаның түрлерін ата? (жұрнақ, жалғау)

  • Ауыз әдебиетінің ең көне жанры? (ертегі)

  • Сөз мағыналарын зерттейтің тіл білімінің бір саласы? (Лексика)

  • Сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтерінкі дауыспен айтылуы. (Екпін)

Биология.

  • Жер бетіндегі ең ірі жануар? (Піл)

  • Қай өсімдікте сабақ, тамыр, жапырақ жоқ? (Саңырауқұлақ)

  • Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін Отанымыздың символы деп есептеген? (жусан)

  • Қандай жапырақтың түрлерін білесін? (домба, бүйрік, жебе тәрізді)

  • «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңінің авторы? (Абай)

  • Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасының авторлары? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов)

  • Қазақ тіліне ғана тән қанша дыбыс бар? (9)

  • Жуан дауыстыларды ата? (а,о,ы,ұ,у)

  • Оңаша тәуелденудің 3-ші жағының жалғаулары? (-сі,-сы,-ы,-і)

  • «Күш кеміді айбынды ту құлады» кімнің өлеңінен? (Мағжан Жұмабаев)

  • Сын есімнің мағыналық түрлері? (Сапалық, қатыстық)

  • «Беті бүлк етпеу» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы? (ұялмау)

2-жүргізуші:

Жетінші турымыз

«Төрт сурет, бір сөз».

Бұл турда төрт сурет көрсетіліп ортақ

бір сөзді табу керек. Табылған сөз үш тілде айтылуы тиіс.

1-жүргізуші:

Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.

2-жүргізуші:

Ана тілім бірге жанар өзіммен,

Ана тілім, қадыр тұтам сені мен .

Ана тілім, ардақтысын қашанда,

Орын берем жүрегімнің төрінен.

Өсірген ой, білімді,

Сүйемін туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

1-жүргізуші:

Қастерле қазақтың ана тілін,

Қайнаған

қаныменен баба тілін.

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

«Өз тіліңді оқы» дейді мектепте,

Селтең қағып жүрме досым бос текке.

Өзге тілге қанша құмар болсаң да,

Өз тіліңді шаман келсе құрметте.

Осы өлең жолдарымен бүгінгі, 22- қыркүйек

«Тілдер күні мерекесіне» арналған «Екі тілдің тұғыры» атты сайысымызды аяқтаймыз.

2- жүргізуші:

Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Қош – сау

болыңыздар!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі