Материалдар / "Екібастұз аумағының экологиялық жағдайын жақсарту" ғылыми жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Екібастұз аумағының экологиялық жағдайын жақсарту" ғылыми жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Табиғат – халық қазынасы. Ата заңымызда көрсетілгендей оны қорғау әрбір азаматтың парызы.

Экология саласын жақсартуға қаламызда елеулі шаралар өткізілуде. Адам денсаулығының жақсаруы қоршаған ортаға байланысты. Ұлы ғұлама Аристотель айтқандай «Біз қаланы құрамыз, ал қала бізді...». Біз өскелең ұрпақ қаламыздың жасыл желекке бөленуіне үлес қосуымыз керек.

Экологиялық проблема адамзат дамуындағы маңызды проблема. Ол адамзат әлемінің тағдырын анықтайды. Атақты француз мұхиттанушысы Жак Ив Кусто «Бұрын табиғат адамға кері әсерін тигізетін (жел, топан су және т.б.), қазір адам табиғатқа кері әсерін тигізетін болған» деп айтқан болатын. Су ішкен құдығыңа түкірме деген мақал бар. Қаламызда кез келген жерге қоқыс лақтыруға болмайды. Арнайы қоқыс орындарына тастау керек.

Қаламызды қоқыстан тазарту, табиғатқа қатер төндіретін факторлардан қорғау менің ғылыми жұмысымның негізгі мақсаты.

Өзімнің зерттеу жұмысымды өте өзекті деп санаймын. Оқу зерттеу жұмысымда экологиялық тұрғыдан қаламыздың қоршаған орта проблемасын көрсетуге тырыстым. Әрбір адам табиғатқа құрметпен қарау керек.

Зерттеу объектісі: Екібастұз қаласының экологиясы.

Зерттеудің міндеттері:

1. Туған қаламның экологиялық проблемаларын зерттеу;

2. Табиғатқа қатер төндіретін факторларды анықтау.

Зерттеу әдістері: қажетті материалдарды іздеу және таңдау; материалды талдау; нәтижелерді қорытындылау.







ІІ. Теориялық бөлім:

2.1. Экология түсінігі

- Экология деген не?

Экология – қоршаған ортаны қорғау туралы ғылым.

Бұл терминді алғаш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккель қолданған, қоршаған ортамен тірі организмдердің өзара қатынасы деп түсініледі. Оқымысты өсімдіктер мен жануарлар арасындағы қатынасты ғана зерттейді деген болатын.

Бұл термин бізге ХХ ғасырдың 70-інші жылдары жетті. Бірақта, бүгін біз экологияны қоршаған орта мен қоғам арасындағы қатынастар проблемасын зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз [1, 28 б].

Экология сөзі гректің «oikos» - үй – жай және «logos» - ілім деген сөзінен шыққан.


2.2. Туған қаламның экологиялық проблемалары

Қаладан қандай экологиялық проблемалар анықталды?

Біздің қала зәулім ғимараттармен, көпқабатты және жеке үйлермен, ағаштармен ерекшеленеді. Қалада аула тазалаушылар жиі жұмыс істейді. Әйтсе де, көптеген жерлерде қоқыстарды кезіктіруге болады. Олар пластикалық бөтелкелер, пакеттер, азық – түлік заттарының тыстары және т.б. Қазіргі уақытта бөтелкелерге арналған арнайы қоқыс жәшігі дайындалған. Оқушылар арасында «Қаламыздың қоршаған ортасын қалай болғанын қалайсын?» деген сұрақпен сауалнама жүргіздім. Барлығында бір жауап болды: «таза су, таза ауа, құнарлы топырақ, зиянды заттардың болмауы, жасыл желек».

Қаланың қазіргі жағдайы қандай?

Жылда қала мектептерінің оқушыларымен сенбілік өтіп тұрады. Былтыр қала әкімімен мектеп алдына ағаштар отырғыздық.

Жасыл желек ауаның ластануын тазартады. Бөлме өсімдіктері жаман ауаны өзіне тартып бойынан таза ауаны шығарады.

Қоқыстың қоршаған ортаға кері әсері.

Қоқыс – қатты тұрмыстық қалдықтар (пластикалық заттар, банкілер, шынылар, қағаздар және т.б.), кәсіпорындар қалдықтары, иттердің қалалы жерде мекендеуі және т.б. кейбір жерлерде қоқыс жиналып қалған.

Қоқыс қайдан келеді?

Қоқыстың негізгі көздері:

- адам

- көлік

- дүкендер.

Қала тұрғындарының денсаулығына әсері [2, 58 б].

Қоқыс көптеген аурулардың пайда болуына әсер етеді. Топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік саласына зиян келтіреді. Қоқысты жаққанда ультрафиолетивый сәуледен улы заттар пайда болады. Балқыған пластмассалық затта кобальт болады, ол қанның азаюына әсер етеді. Сондықтан қоқысты жақпаған дұрыс. Электронды өндіріс өнімінен тұратын қоқыс бауыр қызметін бұзады, құрамында кадмий бар қоқыс адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Батерия, шамдар (лампы) түрлі бояулардың писихикалық әсері бар [3, 28 б].

Қоқыспен күрес.

Қоқыспен күрестің негізгі тәсілі: қала тұрғындарының мәдениетін көтеру. Мектептерде әртүрлі экологиялық бағдарламалар, сенбіліктер жүргізіледі.

Қоқысты жақпаған дұрыс, оны көмген абзал. Жоғарыда айтып өткендей, денсаулыққа зиян.

Келесі әдіс – шикізатты қайта даярлау.

Ең тиімді әдіс – бұл насихат жүргізу. Әрбір тұрғынның мәдениетті болуына көңіл бөлу.

Қаламыздағы негізгі экологиялық проблемалар:

1) Екібастұз ЖЭО қалдықтары.

2) Көмір өндіруден пайда болған шаң мен күлдер.

3) Көліктен шығатын зиянды ауа.

4) жасыл желектің аз болуы.

Екібастұз ЖЭО-мен күніне 30 тонна көмірқышқыл газы шығады екен. Ол адамның қан айналым жүйесіне және жүйке жүйесіне кері әсер етеді екен.

Ауа қабатына көмірқышқыл газын шығару ғаламдық жылынуға алып келеді. Көмірқышқыл газын басты пайдаланушы ормандар болып табылады.

Көмір өндіруден пайда болатын шаң мен күлдер адамның тыныс алуына кері әсерін тигізіп, жұқпалы аурулардың туындауына әкелуі мүмкін.

Қала кеңістігін негізгі ластаушылар автокөліктер. Қала ауасын ластаушылардың 55 пайызы осы автокөліктер құрайды.

Ғалымдардың есептеулері бойынша ауаның ластануынан жылына 2 млн адам қайтыс болады екен. Ал, қаламыздағы қайтыс болушылардың 10 пайызы ауа ластануынан, өкпенің қабынуынан қайтыс болады. Ауаны тазарту үшін ағаштар отырғызу керек. Менің ойымша, қаланың батыс жағына, темір жолдан бастап ұзындығы 6,5 км, ені 100 метр ағаш отырғызу керек. Өйткені өсімдіктер өз бойына көмірқышқыл газын сіңіріп, таза ауаны шығарады [3, 32 б].

Терек жылдам өседі, жылына 2 метрден 3 метрге дейін өседі. Жас терек күніне өз бойына 13 грамм шаңды сіңіреді. Бір ағаш күніне 300 грамм оттегі шығарады. Егер ексек, 1 гектар ағаштан 300 кг оттегі алушы едік.






2.3. Табиғатқа қатер төндіретін факторлар


Табиғатқа қатер төндіретін факторлар:

- жер бетіндегі халықтың өсуі;

- ғаламдық жылыну;

- азон қабатының жұқаруы;

- тіршілік ету ортасының күйреуі;

- Өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің құрып кетуі мысалы ақбөкен, қызыл түлкі, ұлар, қырғауыл, арыстан, жолбарыс, арқарлар тағы да басқа аң құстардың кейбір түрлерінің құрып кетуі, қаламыздағы судың ластануы, жер асты суларының сарқылуы және ластануы, химиялық өндірістерден келетін қауіп қатерлер.

Қаламыздың жер аумағы 188 шаршы метр, биіктігі 347 м, климаты шұғыл континенталды, халық саны 146 991 адам. Халық санының қатты, ерекше өсуі байқалмайды.

Жоғарыда аталған факторлардың болуы байқалмайды.

Тек ауаның ластануы бойынша проблемалар туындауда. Үйінділер (терриконы) – бұл көмір үйіндісі, бұл конустар тәрізді төбелер ешқандай зиянсыз, бірақ ондаған жылдар бойы олар ауаны және жер асты суларын ластайды, құнды жерлерді алады [3, 40 б].

Көлік құралдары да ауаны ластайды.









2.4 Екібастұз аумағының өсімдіктер әлемі


Өсімдіктердің кеңістіктікте таралуының негізгі факторы-рельеф. Климаттың құрғақтығына байланысты рельефтің барлық элементтерінде топырақтың тұздану процестері көрінеді. Бұл фактор өсімдіктердің биоалуантүрлілігін түрлерге де, фитоценотикалық және ландшафт деңгейіне де шектейді.

Далада құрғақшылыққа төзімді шөптер өседі, олардың ішінде ең көп тарағандары-қауырсын шөптері, жіңішке аяқты және сұлы. Ағаш және бұта өсімдіктері негізінен өзендердің жағасында және жартастарда кездеседі және талдың кішкентай бұталарымен ұсынылған.

Кен орнының учаскесі жазық жер бедері, құмды-қиыршық тасты, сазды топырақ –фаунаның әртүрлі тұлғаларының мекендеуі мен өмір сүруіне жарамсыз өсімдік жамылғысы. Кәсіпорынның ықпалында сирек кездесетін, эндемикалық және Қызыл кітапқа енгізілген жасыл екпелермен ұсынылған өсімдік жамылғысы жоқ. Ауданда сирек кездесетін жануарлардың тіршілік ету ортасы да жоқ.


Практикалық бөлім:

Қала жағдайы туралы суреттер

Мектептегі сенбілік


Оқушы тапсырмалары

«Туған қаламызды қалай елестетесің?»

(суреттер)

Зерттеу: қоқыс су мен топырақта қалай ұзақ сақталады?

Полигондар - бұл егеуқұйрықтар, тышқандар және көптеген жәндіктер үшін өсіру алаңы. Кәдімгі қағаздың табиғи жағдайда ыдырау жылдамдығы шамамен 2 жыл, металл консервілеу шамамен 90, пластикалық пакет 200 жылға жуық, ал әйнек 1000 жылға жуық, ал көптеген пластмасс ыдырамайды.

Мен өзімнің зерттеулеріммен бұл сандарды растай аламын: қоқыс қанша уақыт суда және топырақта қалады.

Біз қоқысты әртүрлі материалдардан: қағаздан, пластиктен, металлдан, жемістерден сынақ көреміз.

- сумен контейнерде

- топырақпен контейнерде

Қоқыспен не болатынын көрейік:

Суда

Метал

Пластик

Жемістер

Қағаз

Бірден

Төменге қарай батты

Бетінде қалды

Бетінде қалды

Дымқыл

Бір аптадан соң

өзгеріссіз

өзгеріссіз

ісінді

Жұтыла бастады

Келесі апта

Өзгерістер болды

өзгеріссіз

шіріді

Жоқ болып кетеді


Топырақта

металл

Пластик

Жемістер

Қағаз

Бірден

-

-

-

-

Бір аптадан кейін

өзгеріссіз

өзгеріссіз

ісінеді

Кішкене өзгереді

Болашақты қоқыстармен елестетудің өзі қорқынышты.


Медицина мекемесі бойынша берілген деректер

Зерттеу жұмысым барысында №3 поликлина дәрігері Узенбаева Айнаш апаймен кездестім. Кездесуде қаламыздағы экологиялық проблемалардан қандай аурулар туындайтынын сұрадым.

Ауаның ластануынан көбінесе, адамдамдарда тыныс алу органдарының проблемалары туындайды. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуына алып келеді.Сол себептен, қаламызда МАЭС-1, МАЭС-2 электр қуатының жұмыс істеуі, ашық әдіспен өңдіретін көмірімізді пайдалану арқылы, одан бөлінетін не бір улы заттарымызбен ауамыз ластанып, халық сонымен тыныс ала отырып, түрлі аурулар өршуде. Бұл қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр.













Қорытынды

Жасыл әлем - мен планетаны және менің кішкентай Отанымды осылай көргім келеді. Табиғат - біздің ортақ мұрамыз және ортақ үйіміз.
Кәдімгі қағаздың табиғи жағдайда ыдырау жылдамдығы шамамен 2 жыл, металл консервілеу шамамен 90, пластикалық пакет 200 жылға жуық, ал әйнек 1000 жылға жуық, ал көптеген пластмасса ыдырамайды.

Қала тұрғындарына мынадай ұсыныс жасаушы едім: «Сіз қоқысты жақсы пайдалану үшін қолдана аласыз - пластикалық қалдықтардың бір бөлігін гүл бақшасын жабдықтау үшін қолданыңыз, әртүрлі қолөнер, құс өсірушілерді және т.б. жасаңыз; мүмкін болса, шыны ыдыстарды жинау орнына тапсырыңыз; бұдан былай тозбайтын киім-кешектерді мұқтаж адамдарға беруге; кітапханаға тапсыру үшін кітаптар, журналдар; ескі ойыншықтарды балабақшаға беріңіз».

Келешекте қаламыздың қандай болғанын қалаймын?

Таза ауа, күннің сәулесі, қайың ағаштарының ақ бұталары, гүлденген, жасыл желекке бөленген таза Екібастұзды елестеткім келеді.

Ертеде бір дана адам өмір сүріпті. Оқушылар ұстазына сұрақ қойыпты. Біреуі алақанына көбелекті қысып ұстап, сұрапты: тірі ме әлде өлі ме деп. Егер өлі десе, көбелекті ұшырып жібереміз, тірі десе алақанды қатты қысып өлітіріп жібереміз депті. Бәрібір дұрыс жауап бере алмайды деп ойлапты. Дана адам оқушыларына «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті. Осыны есте сақтап: болашағымыз өзіміздің қолымызда дегім келеді.

Барлық қала тұрғындарына:

Өз үйіндегі тазалыққа қана емес, ауласындағы тазалыққа да қарауына;

Тұрмыстық қалдықтармен топырақты зақымдамауға, жер ананы қадірлеуге;

Негізсіз ағаш кеспеуге;

Ағаштар отырғызуға;

Қалалық сенбілікке белсенді қатысуға ұсыныс жасаймын.

Ұсыным:


Осы ғылыми жұмысымды «Богатырь» кеніш аймағын көгалдандырып, экологиялық жағдайды жақсартуды ұсынамын.

Үкімет тарапынан қолдау болса деп ойлаймын.

Ағаштар егуді қолға алса деймін.

Мектеп ішінде «Жас эколог» үйірмесін ашуды ұсынамын.

Мен қала әкімімен мектеп алдына ағаш отырғыздым.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Алексеева. Учебник «Экология» - М., Просвещение, 2002 г. – 98 с.

2. Чернова Н.М., Былова А.М. «Экология» - М., Просвещение, 2002 г. – 254 с.

3. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М.: Агенство «Файр», 1998. – 320 с.

4. Дүниетану. Жалы білім беретін 1 сыныбына арналған оқулық / Б.Қ. Тұпмашева, С.С. Салиш, Т.Н. Мирук. – Алматы: Атамұра, 2017. – 112 бет.

5. http//works.<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!