Материалдар / Екінші кішілер тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. "Айна" ертегісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Екінші кішілер тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. "Айна" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2020
317
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 20.02. 2020 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Айна» (ертегісі) _

Мақсаты: балаларды «Айна» ертегісімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ;

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: керік

Үштілдік компоненет : кірпі – ёж – hedgehog,қоян –заяц –hare,керік –жираф –giraffe

Керекті құрал - жабдықтар: кейіпкерлердің суреттері

Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

Ғажайып сәт:

  • Мен жолда келе жатып, бір әжейді кездестірдім, ол маған кішкентай ғана сандықша берді. Ашайын деп қанша тырыссам да аша алмадым. Сонда әже маған жұмбақ айтты, оның шешуін тапсақ, сандықша ашылады екен. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме?

Жұмбақ жасырады:

Жылтырақ бір әйнек,

Қарайсың сәндене.

Күлсең бірге күледі,

Қайталап бәрін де.

Ол не?

  • Енді ашып көрейін! О! Ашылды!

(сандықшаның ішкі жағына сылдырмақтар тігілген , аузы ашылғанда сыңғырлайды.)

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады.




Қызыға, мұқият тындайды.








Жұмбақты тыңдайды, ойланып шешуін табуға тырысады.


  • Ол – айна.




Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

Бұрынғы өткен заманда, адамдар айнаны ойлап таппаған кезде өздерінің бейнесін көру үшін су бетіне қараған екен. Ауа – райы жақсы, жел жоқ кезде судың беті теп – тегіс болып, адам бейнесі анық көрінген .

Тәжірибе жасау.

  • Міне, бізде де мөлдір ыдыста су бар. Өз бейнемізді көре аламыз ба? – Жоқ! Өйткені, өзен – көлдердің түбінде құм , тас жатады, түбі қаралау болып келеді. Ал, біздің суымыз қандай? – Мөлдір! Егер судың түбі қара болса, өз бейнемізді көре алатын едік. Енді, мынадай тәжірибе жасап көрейік. Мына судың астына қара түсті картон қағазды салайық. Енді өзімізді көре аламыз ба? (– Иә!) – Ал, жел тұрса, судың беті бұлдырлап (Бұлдырлап – кедір – бұдыр болып, тегіс емес болып дегенді білдіреді), бейнеміз дұрыс көрінбей қалады. Қане , жел соққанда қалай болады екен?

  • Барлығымыз судың бетіне үрлейікші. Енді өзімізді көре алмай қалдық. Ауы – райы ылғи да жақсы болып тұрмайды ғой, сол себептен де адамдар айнаны ойлап тапқан. Ең алғаш айнаны итальяндық діни адам Джон Пекам ойлап тапқан.

Әңгімелесу.

  • Балалар, менің қолымдағы сандықшаны ашып, қарап , оған жымияйықшы, ол не істейді екен.

(түрлі гриммасалар жасатады: ашуланған, мейірімді, таңғалған, қорыққан)

  • Біз сендермен осы қолымыздағы зат туралы қандай ертегі білеміз?

  • Қане, «Айна» ертегісінің кейіпкерлерін есімізге түсіріп алайықшы. Ертегіде қандай аңдар бар еді?

Тыныс алу жаттығуы.

«Аңдарға көмектесейік!»

  • Достарын қуып жетуге көмектесейік.


Ертегіні сахналау.

  • Қазір әртіс болып көреміз. Ертегіні ойнап көрейікші.

«Айна» ертегісі.

Бір күні орманда кірпі,қоян,керік үшеуі келе жатады.Ағаштардың арасынан бір нәрсенің жылтырағанын көріп,қарамақшы болып барады.

Кірпі бірінші болып қарап:











Осы кезде жанына қоян жүгіріп келіп «қане,қане мен көрейінші»-деп айнаны қолына алып қарайды. Айна бетінен өз бейнесін көрген Қоян былай депті.








Осы кезде мойнын алысқа созып алысқа қарап тұрған Керік былай дейді:









Бір кезде үшеуі қатар тұрып айнаға қараған кезде әркім өз бейнесін көргенін түсініпті.

Сергіту сәті:

Let’s jump like a hare!

Let’s run like a dog!

Let’s fly like a bird!

Let’s swim like a fish!

Let’s be a good child!

Тақпақ айту.

Ертегі кейіпкерлері туралы тақпақтарын сұрайды.

(Рөлдерде ойнамаған балалар тақпақтарын айтады.)

















«Құрастырмақ» дидактикалық ойыны.

(Төртке бөлінген бөліктерден үлгіге қарап ертегі кейіпкерін құрастыру)


  • Ертегі кейіпкерлерінің орысша және ағылшынша атауларын еске түсіріп көрейікші.

  • Кірпі – ёж – hedgehog,қоян –заяц –hare,керік –жираф –giraffe


Мұқият, қызыға тыңдайды.





Тәжірибе жасайды.

Жасалынған тәжірибе бойынша қорытынды жасайды.























Қызыға қарайды, өздерін айнадан көріп жымияды.



  • «Айна» ертегісін білеміз.



  • Кірпі, Қоян, Керік.



Тыңдайды, суреттерге қарайды. Кірпіге қоян мен керікке жетуге көмектесіп үрлейді.

.








«Ой-ой-ой қандай ғажап сиқыр! Маған біреу қарап тұр!Бұл кім өзі...Үсті-басы тікенек-тікенек,бойы да кішкентай,мұрны үшкір,арқасында көп инесі бар.Қандай қызық жануар.Маған бір жерлері ұқсайтын секілді..»






«Ешқандай да мұрны үшкір,инесі бар жануарды көріп тұрған жоқпын.Мұнда құлағы ұзын,көздері қып-қызыл,өзі үлпілдек аңды аңды көріп тұрмын»-дейді.



«Қане маған беріңдер мен көрейін» -деп жақындап келіп.Қолнына айнаны алып: «Ой..ой мынаның мойыны қандай ұзын,құлағы да қысқа ғой,ұзынқұлақты қайдан көріп тұрсың» депті.




Қимылмен бірге көрсетеді.




Жолда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Үсті – басы көп ине,

Себеттің жоқ керегі.

***

Хоп, хоп, хоп,

Хоп, хоп, хоп.

Хоп май Банни, хоп,

Хоп элоң май литл Банни,

Ю лук свит энд вери фанни!

***

Ноги,ноги,тело,хвост-

Вот так шея!Вот так рост!

В ярких пятнышках все тело,

Очень странно загорело.


Төртке бөлінген бөліктерден үлгіге қарап, қоян, кірпі, керікті құрап шығады.




  • Кірпі – ёж – hedgehog,қоян –заяц –hare,керік –жираф –giraffe



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

  • Біз қандай ертегіні сомдадық?


  • «Айна» ертегісінде қандай кейіпкерлер бар?

  • Аңдар орманнан не тауып алды?


Кейіпкерлерді орысша, ағылшынша айтып көрейікші.

Балаларды мақтап, мадақтайды.


  • «Айна» ертегісін ойнадық.

  • Қоян, кірпі, керік.


  • Олар айна тауып алды.

Кейіпкерлерді үш тілде атап шығады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ертегі мазмұнын;

Болу керек: жануарлардың ерекшеліктері, айнадан көрінетін бейне туралы түсінік;

Істей білу керек: сөйлем құрастыра білу, өз ойын толық жасқанбай жеткізе білу, рөлге бөлініп ойнауды.

Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова – Шагирова

Тексерілді: ____________




























ІІ кішілер «Балауса» тобындағы :

Таңғы жиын


Тәрбиеші балаларды сылдырмақпен ортаға жинап алады.

Балалардың білетін өлеңдерін (тақпақ) қимылдарын келтіре отырып айтады.

  • «Не үшін керек?»

  • «Қоян»



Қыс мезгілі туралы бағыттау сұрақтар қою арқылы әңгімелесу:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Табиғатта не өзгерістер байқадыңдар?

  • Қардың түсі қандай?

  • Қар неге ұқсайды?

  • Тағы неге ұқсайды?


Тәрбиеші: - Бүгін, менің орталығымда болатын балалар, тәжірибе жасап, айна туралы жаңа мағлұмат алатын боламыз, бір жақсы ертегіні сомдаймыз. Ал, Рысгүл апаймен бірге пысырма (печенье) жасайтын боласыңдар. Ал, Сәулеш Каукеновнамен орыс тілі сабағында жабайы аңдар туралы әңгімелесетін боласыңдар.

Таңдау жасату:

  • Балалар, енді дөңгелектерімізді таңдап алайық. Жасыл түсті дөңгелекті алған балалар маған келеді. Сары түсті дөңгелек алған балалар Сәулеш Каукеновнаға, ал қызыл дөңгелек алған балалар Рысгүл апайға барады.

Әрбір айналым біткен соң:

  • «Қара жорға» биі

  • «Мишка косолапый» әнін айту













Сюжетті – рөлдік ойын орталығы

Тақырыбы: «Пысырма жасау» (Печенье)

Мақсаты: Балаларды пысырма жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: қамырды оқтаумен жаюға, түрлі қалыптармен оюға үйрету;

Дамытушылық: ұсақ қол бұлшықеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Үштілдік компонент: жұмыртқа – яйца – egg (эг), ұн – мука – flour (флоо), қант – сахар – sugar (щу- гәә) , май – масло – butter (баттә)

Қажетті құрал жабдықтар: түрлі пысырмалардың суреттері, 4 – 5 түрлі пысырма түрлері, ұн, май, қант, жұмыртқа, майлықтар, әр балаға алжапқыш, басорамал, жеңше, оқтау, тақтайша, екі тәрелкеге салынған бірнеше қалып түрлері .

Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?

  • Қалай ойлайсыңдар , біз бүгін не істейміз?

  • Дұрыс! Біз бүгін пысырма жасаймыз. Қараңдаршы алдымызда пысырманың неше түрі салынған. Пысырмалар әртүрлі болады. Нан зауыттарында пісірілетін зауыттық пысырмалар, және қолдан пісірілетін пысырмалар болады. Бірақ барлығын да ұннан, майдан, жұмыртқадан жасайды. Ішіне әртүрлі салмалар салынып пісіріледі. Кейбіреулеріне мейіз қосса, енді біріне түрлі жаңғақтар, көкнәр қосады, кейбір пысырмалардың беттерін, қантпен, түрлі пістелермен, ұнтақтармен безендіріп, әдемілейді. Бүгін біз өзіміз қолдан пысырма жасап, пісіретін боламыз.

  • Үйде аналарың пысырмалар пісіреді ме?

  • Дәмді ме?

  • Қалай ойлайсыңдар үйден пісіретін пысырмалар дәмдірек пе, дүкеннен сатып алғандар ма?

  • Әрине үйде пісірген пысырмалар дәмдірек! Себебі пысырманы аналарымыз үлкен мейіріммен, сүйіспеншілігімен пісіреді.

  • Біз бүгін үгіліп пісетін пысырма (печенье) пісіреміз. Ол үшін бізге 2 жұмыртқа, ұн, май, қант қажет болады. Әуелі жұмыртқа мен қантты қосып толқиды, кейін май мен ұн қосып жұмсақ қамыр илейді. Қамыр орысша қалай болады?

  • Енді мына сөздерді өзге тілдерде де айтып көрейікші: жұмыртқа – яйца – egg (эг), ұн – мука – flour (флоо), қант – сахар – sugar (щу- гәә) , май – масло – butter (баттә).

  • Тамаша!

Қауіпсіздік ережесін ескерту.

  • Біз қалыппен жұмыс жасайын деп отырмыз. Сол себептен абай болуымыз керек. Оқтаумен, тақтайшамен ойнауға, бір – бірімізге сермеуге болмайды. Жұмыс жасап болған соң, орнына қоямыз.

Сергіту сәті:

Барлық орталықтарға бір. «Тышқан» атты сергіту сәті.

Жұмыс барысы:

  • Алжапқыштарымызбен жеңшелерімізді киеміз, ең алдымен тақтайшаға біраз ұн себеміз. Енді қамырымызды қоямыз.

  • Енді оқтауды алып, қамырдың бетіне қойып, қатты баспай, қамырды жаямыз.

  • Қамыр жайылған соң, оқтауды орнына алып тастаймыз.

  • Өздеріңе ұнаған қалыпты таңдап алыңдар, енді сол қалыптың өткірлеу жағын қамырдың бетіне қойып, алақанымызбен басып, ойып аламыз. Шеттеріндегі артық қамырларды алып тастаймыз да, дайын пысырманы үлкен тақтайға тіземіз.

  • Жұмыстарыңды аяқтасаңдар, қолдарыңды майлықпен сүртіп, қоқыс салғышқа тастаңдар.

Қорытынды:

  • Бүгін біз не істедік?

  • Сендерге пысырма жасаған ұнады ма?

  • Біз пысырманы неден жасадық?

  • Маған бүгін сендердің пысырма жасағандарың өте ұнады. Жеп көргілерің келе ме? Онда аспазшы апайларымызға апарып, пешке пісіртіп алайық.

Жұмыс барысында:

  • Балалармен ҰОҚ бойы тақырып төңірегінде әңгімелесіп отыру

  • Тақырып төңірегінде сұрақтар қоюды ұмытпау

  • Көмек керек балаларға бағыт беріп , көмектесіп отыру (балаларға өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беру, балалар үшін олардың орындарына ештеңе мүмкіндігінше жасамау)

  • Жұмыс соңында келесі айналымда келетін балаларға жұмыс орындарын тазалап, әзірлеп кету.

6 «Балауса» тобы

20. 02. 2020 жыл

















Ақмарал

С. Каукеновна

Рысгүл

Сапаш Бекнұр

Ерсұлтан

Аяла

Нұрдос

Жанғазы Айсана

Баян

Айлин

Арнай

Бекжан

Бекзат

Амир

Фазылова Айару

Аруна

Бексұлтан

Азиза

Ақжол

С. Алинұр

Айерке

Али

Айсезім

Азаматов Айсана




Көркем





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!