Экология және адам денсаулығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экология және адам денсаулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
м95ал3мге к-мек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Экология және адам денсаулығы

Адамның денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланыт. Таза ауа , су, топырақ- адамның дені сау болып тіршілігі әрекеті үшін қажетті жағдайлар.

Қазіргі кезде адам табиғаттың тепе-теңдігін бұзғаны үшін өзінің денсаулығына зиян келтіргенін сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады. Ластанған топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға да жарамсыз болып қалады.

Таза ауаның да адам денсаулығына әсері орасан. Ауаның зиянды заттармен ластануы тыныс алу мүшелерінде ауру қоздырады. Ауа құрамындағы канцерогенді заттар аса қауіпті, олар өкпенің пәле ауруын қоздырады.Әр түрлі зиянды заттармен атмосфералық ауаның ластануы тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Өкпенің пәле ауруын тудыратын канцерогендік заттардың ауада көбеюі ерекше қауіпті. Түсті металлургия зауыттарының ауаға шығаратын улы заттары адам ағзасында қантамырлар аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, мүшелерде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепші болады. Қара металлургия және энергетика кәсіпорындарының ауаға шығарған қалдықтары өкпе ауруларының дамуына әкеледі. Химия өндірісінің зауыттары жиі орналасқан аймақтарда аллергиялық аурулар, эндокриндік және жыныс мүшелерінің аурулары кең тараған. Үлкен қалалардың ауасының азот оксидтерімен ластануы адамдарда өкпе ауруларын қоздырады. Жыл сайын Қазақстанда тұрғындардың әр түрлі ауруларының саны өсіп келе жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта атмосфераның ластануының негізгі көзі автокөлік бөлып табылады.. Атмосфераны ластайтын кең тараған улы заттар: CO; SO2 ; NO2; Cn Hm және шаң.ауаны ең көп ластайтын автотранспорт. Барлық ластаушы заттардың ішінде аитотранспорт Қазақстанның ірі қалаларының ауасын 60-80% ластайды, ал Оңтүстік облысы ауасының 90% ластайды.

Аталған ластаушы заттардан басқа ауаға бөлінетін күшті улы заттар: фтор, хлор, қорғасын, сынап қосылыстары, бензапирен. Бүгінгі күні 500- ден астаматмосфераны ластаушы зиянды заттар белгілі.Олардың саны жыл сайын өсіп өтыр.

Улы заттардың адам ағзасына әсері оның әсер етуші мерзіміне байланысты. Мысалы, улы заттар аз уақыт әсер етсе адамның басы айналып, лоқсып, ауызы қурап, жөтеледі. Егер улы заттардың әсері көп уақытқа сөзылса, онда адам есінен танып, қатты уланып, өліпкетуі де мүмкін. Бұндай жағдай ірі қалаларда болатын түтін ( смог) немесе өндіріс орындарында авария кезінде ауаға улы заттардың бөлінуінен болады.

Адам ағзасының улы заттарға реакциясы оның жасына, жынысына, денсаулығына байланысты, Улы заттар жас балаларға, қарт адамдар мен ауруларға көп әсер етеді. Улы заттардың әсері узақ уақытқа созылса, онда ағза қатты уланады да адамның мінез-құлқы өзгеріп өгеріп, неропсихологиялық өзгерістерге ұшырайды, тез шаршау, жиі есінеу, ұйқы қашу, тәбетінің нашарлауы,зейіннің төмендеуі, ұмытшақтық, көңіл-күйдің ауытқуы.

Сонымен қатар бүйрек, қан түзуші мүшелер, жүйке жүйесі, бауырдың жұмысы бұзылады, ұзаққа сөзылатын мүшелердің қабынуына, баланың жатырда дамуына әсер етеді, яғни түрлі патологиялар пайда болады. Дәрігерлер аллергия, ентікпе, рак (пәле) ауруларының көбеюі экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты екендігін анықтады. Зауыттардың қалдықтврында болатын хром, никель, бериллий, асбест, улы заттарканцерогенді яғни пәле ауруын қоздыратындығы анықталды. Қазір рак ауруы жас балаларда да кездеседі. Сонымен қатар бұрын белгісіз ауруларда пайда бөлып, олардың себеп-салдарын анықтау қиынға түседі.Қазақстан жерінде таза сумен қамтамасыз ету проблемасы бірінші проблема бөліп тұр. Көп жағдайда табиғи сулар өндіріс қалдықтарымен ластанады да, адамдар уланады. Елімізде тұрғындардың 25% таза ауыз су ішпейді. Олардың 16,5 % ішер суды ашық су қоймаларынан алады, ал 3,2 % тасып әкелінетін сапасыз суды қолданады. Сөндықтан олар жұқпалы аурулармен (гепатит, дизентерия) жиі аурады. Қазақстанда жыл сайын әр 100 мың адамға есептегенде гепатитпен ауратын адам саны 260 жетеді.

Өнырыс қалдықтарыңың құрамындағы мыс, мырыш, никель, сынап (ртуть) , фосфор, хлорорганикалық заттар, қорғасын, марганец, мұнай заттары, фтор, азот нитраты, азот , аммонийі, мышьяк, пестицидтер ашық және жерасты суларға ағады. Мысалы Қазақстанның ең ірі өзендері (Щрал. Сырдария, Іле, Ертіс, Есіл, Нұра ) фенолдармен , мұнай заттарымен, мыс қосылыстарымен , тыңатқыштармен және басқа да улы заттармен ластанған. Улы сулар Балқаш көліне, Арал және Каспий теңіздеріне құйылады. Бұл су қоймаларының ағатын жері жоқ болғандықтан жыл сайын су буланады да оның құрамындағы улы заттар концентрациясы көбейіп отырады.

Топырақтың қатты ластануы минералды тыңатқыштардың және улы химикаттарды нормадан көп қолданудан, оларды дұрыс сақтамаудан және дұрыс тасымалдамаудан болады. Көптеген минералды тыңайтқыштар тазартылмаған,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
2363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі