Материалдар / Экология және өлкетану тарихы туралы түсінік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экология және өлкетану тарихы туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды қазақ сыныптарындағы география пәні мұғалімдері экология және өлкетану факультативі немесе үйірмесінде қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2018
1933
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мүғалімі: Минжасов А. Ж.

Күні: Сыныбы:

1– сабақ Тақырыбы: Кіріспе. Экология және өлкетану тарихы туралы түсінік.

Экология туралы ұғым.  Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі  тобы белгілі бір жерде қоныстанып,  өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.

       Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

       Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

       Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  организмдерді зерттейді, олардың басқа  организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.

        Экология терминін  ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын,  өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары  мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

        Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл  және Теофраст  (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы  - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.

        Экология ғылымының дамуына А. Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.Рулье, Н.Северцов және басқалардың еңбектері үлкен үлесін қосты.

        А.Гумбольдтың (1769-1859)  еңбектері өз уақыты үшін өте елеулі болды. Ол өз бетімен жеке Солтүстік  және Оңтүстік Американы , Орталық Европаны, Сібірді , Алтайды, Каспий жағалауларын зерттеді. Сөйтіп ол өсімдіктер географиясын қалыптастырды, жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінің таралу  заңдылығы  туралы  рекше ғылым ретінде және өсімдіктер тіршілігін зерттеуде экологиялық бағыттың негізін салды.

         XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы  экологиялық  бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.

            XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды .  Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде. 

            XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық  елдерде  экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар  бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.

        Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның  бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.

        Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.

        Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

    *  организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

*  табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

    * адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

    *  биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

    * биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

    *  көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздікті сақтау.

Өлкетану бастапқы түсініктері: өлке (түсінігінің мәні) – жер, жақ, ел, өлке; өлкетану әдебиет, жергілкті басылымдар, аймақ – белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті, өлкетану библиографиясы, тарихи библиографиясы, аймақтық әдебиет.

     Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.

Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихиәдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді

    «Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.

     ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.

1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.

    Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.

    Өлкені зерттеудің көздері: 1. өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы), 2. мұрағат құжаттары, 3. баспа шығармалары, өнімдер 4. заттар 5. жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна), 6.статистикалық деректер 7.өлкетану библиографиясы 8. тарих және мәдениет ескерткіштері 9. табиғат процестері мен объектілерін бақылау 9.  пайдалы қазбалар.10. Мектеп өлкетану музейі

     Оқу пән ретінде  өлкетанудың негізгі функциялары: танымдылық (өз білімін жетілдіру),  ғылыми (зерттеулік), білім беру,  мәдени-ағартушылық  (тәрбиелік).

     Қазіргі кезде практикалық міндеттер қажеттілігіне орай өлкетану оны ұйымдастыру формасы бойынша ерекшеленеді:

     Мемлекеттік өлкетануда өлкені зерттеу өлкетану музейлерінің, әкімшіліктердің, мәдениет басқармасы мен бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары, облыстық кітапханалар, оқушылар мұғалімдер басшылығымен іске асырады т.б. жүргізеді.

     Қоғамдық өлкетануда өлкені зерттеу қоғамдық өлкетанушылар, туристер, қоғамдық ұйымдар (өлкетану бөлімі, географиялық қоғам, тарих және мәдениетті қорғау қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы) т.б. іске асырады.

      Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулары, үйірмелер, конференциялар, жас туристер  станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!