400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭКОЛОГИЯ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық білім беру – адамның айналадағы әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, ғылыми және практикалық білімге, мінез- құлық пен іс-әрекеттің қалыптасуына негізделген білім беру мен тұлғаны дамытудың үздіксіз процесі. Экологиялық білім беру адамның барлық өмірін қамтитын тұтас жүйе болу керек. Ол сонымен қатар табиғатпен үйлесімділік және тұтастық туралы түсінікке негізделген көзқарасты қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Экологиялық дүниетанымның көзқарасын қалыптастыруда экологиялық интеллектуалдық даму мен экологиялық эмоциялық дамуға назар аударған жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Экология мектеп бағдарламасында


Исимбекова Айгуль Нусуппековна Абай облысы, Семей қаласы

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ,

биология пәнінің мұғалімі


Бүгінде адам санасы барлық іс-әрекетін экологиялық тұрғыдан қарас¬тыр¬маса, тіршілігімізге қауіп төніп тұр¬ғаны сөзсіз. Әл-Фараби атамыз айтқан¬дай, «Дүниеде бәрі математикалық дәлдік¬пен орналасқан, орнынан бір нәрсе жыл¬жыса, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылады». Соңғы жылдары жер бетінен өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің біржола құрып кетуі мен табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алды. Осындай табиғи экожүйелердің бұзылуы салдарынан флора мен фаунаның тозуы орын алып, қолайсыз экологиялық ахуал халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіруде. Ал мұның бәрі қоршаған ортаны қорғап, табиғатты сақтау мен оны орнына келтіру мәселелеріне ерекше мән беріп, оның ресурстарын үнемді пайдалануды қатаң талап етеді. Бұл әрбір адамзаттың экологиялық сауаттылығын талап етеді.

Экологиялық білім беру – адамның айналадағы әлеуметтік табиғи ортаға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, ғылыми және практикалық білімге, мінез- құлық пен іс-әрекеттің қалыптасуына негізделген білім беру мен тұлғаны дамытудың үздіксіз процесі.

Экологиялық білім беру адамның барлық өмірін қамтитын тұтас жүйе болу керек. Ол сонымен қатар табиғатпен үйлесімділік және тұтастық туралы түсінікке негізделген көзқарасты қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Экологиялық дүниетанымның көзқарасын қалыптастыруда экологиялық интеллектуалдық даму мен экологиялық эмоциялық дамуға назар аударған жөн.

Оқушыларға экологиялық тұрғыда білім беру алдымен жеке адамдардың ойлау және сезім тұрғысынан саналы болуын мақсат етеді. Экологиялық білім берудің ең маңызды жақтарының бірі жеке адамның экологиялық проблемаларға қамқорлықпен қарап қабылдауы және болымды істерімен жалғастыруы.

Төмендегі жоба 6-сыныптың «Экология» оқу бағдарламасының іс- шараларына енгізілген. Бұл бағдарлама 5 негізгі бөлімнен тұрады: Экология ғылымы; Тірі табиғат әлемі; Қоршаған орта; Қоршаған ортаны қорғау; Экологиялық мәселелер. Берілген бағдарламалық материалды менгеру үшін оқушылармен әртүрлі формада жұмыстар жасалынды. Экологиялық-іс шаралардың бірі «Жасыл әлем және экология» жобасы алынды.

Жас ұрпақтардың табиғатты танып білуі және жақсы көруі үшін табиғатпен байланыста болуы қажет. Экологиялық білім беру тек балалар мен жастарды емес, бүкіл азаматты және қоғамды қамтиды. Экологиялық білім беру барысында қоршаған ортаға деген санасын қалыптастыру үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізілуі керек.

Экологиялық бағытта жүргізілетін «Жасыл әлем және экология» жобасы» сыныпаралық іс-шарасы жас ұрпақты экологиялық тәрбие берумен толықтырады.

Мектепте өткізілетін іс-шаралар оқушының қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін оятса, экология жақсаруына үлес қосуымыздың бастамасы болмақ. Экологиялық іс-шараны оқушылардың оқу үрдісіне енгіздік. [1-фото]

«Жасыл әлем және экология» жобасы.

«Жасыл әлем және экология» жобасының мақсаты:

- экологияны жақсарту жолында көгалдандыру жұмысын жандандыру

- жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру

- мектеп үлескісін көгалдандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсендіру

«Жасыл әлем және экология» жобасының міндеттері:

- оқушыларды табиғатты сақтауға және сүйе білуге тәрбиелеу

- оқушылардың бойында туған өлкеге деген қызметін белсендіруді қалыптастыру

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Іс-шара шара мазмұны: «Жасыл әлем және экология» жобасы 2 бағыттан тұрады:

1. «Cаябақ» бағыты.

2. «Көгалдандыру- жауапты іс» бағыты.

«Саябақ» бағыты.

Оқушының шығармашылығы. «Қысқы бақ» атты шараға фото суреттерден альбом дайындау.

«Көгалдандыру- жауапты іс» бағыты.

Жобаның практикалық бөлігінің мазмұны мен кезеңдері:

1-кезең – ақпан-наурыз

оқушылардың мектептерді абаттандыру бойынша жобаларды әзірлеуі.

2-кезең – сәуір-мамыр

көгалдандыру материалын дайындау

көшеттерді дайындау

көктемгі өңдеу жұмыстары

мектеп ауласын жақсарту, шірінді жапырақтарды тазалау, бұталарды кесу

көктемгі көгалдандыру

3-кезең – маусым-тамыз

мектеп алаңдарында ағаш отырғызу, суару, шырпу

мектеп алаңының эстетикалық келбетін үнемі қадағалау және сәтті 26 Биология және салауаттылық негізі 5/2023 жобалар жазу

4-кезең – қыркүйек-қазан

тұқым жинау

күзгі көгалдандыру

күзгі ағаш отырғызу

Іс- шараның қорытындысы: жұмыс нәтижесін қорыту, есептерді дайындау; күзгі фестиваль, гүлдер жәрмеңкесі, табиғи материалдардан жасалған қолөнерлер, жеңімпаздарды марапаттау

Табиғатқа жасалған қамқорлық, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты

іс. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай қоршаған

ортаны қорғау әрбір азаматтың абыройлы мақсаты. Осыны негізге ала отырып экологиялық білім мен табиғат қорғауда біздің мектептің оқушылары мен ұстаздары өз үлесін қосуда.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
01.11.2023
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі