Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экология негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қамқорлық жасау» дегенді қалай түсінесің? |
|||||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты |
0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу. |
||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: • «Қамқорлық жасау» деген ұғымды түсіндіре алады. |
||||
Көпшілік балалар: • Қамқорлық жасау іс-әрекеттерін атайды. • Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды. |
|||||
Кейбір балалар: • Қамқорлық жасау не үшін керек екенін айтып бере алады; • Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді. |
|||||
Тілдік мақсат |
Дағдыларды дамыту. Балаларға «Қамқорлық жасау» туралы түсінік беру, табиғатты бұзу мен оған қамқорлық жасаудың айырмашылығын ұғындыру. Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану. Болжамдар ұсыну үшін тірек сөздерді пайдалану. Қамқорлық жасау іс-әрекеттері мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды салыстыру. Қамқорлық жасау іс-әрекеттері мен зиян келтіруі ықтимал жағдаяттардың маңыздылығы туралы әңгіме. Қамқорлық жасау – тіршілік иелеріне деген бей-жай қарамауды немесе алаңдаушылықты айтамыз. Көптілділік: қамқорлық – забота – care негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Қамқорлық жасау, қамқор болу, пайдалы іс-әрекет, зиянды іс-әрекет, экология; ағаш отырғызу, гүлге су құю, қоқысты тастау, ағаш сындыру.229 талқылауға арналған сұрақтар. Қамқорлық жасау іс-әрекеттерін ата? Сен табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? |
||||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Табиғат бұрышы туралы қарапайым түсініктер; табиғат бұрышындағы іс-әрекеттер, табиғаттың зиянды амалдар жасамауға және пайдалы іс-әрекеттерге біршама тәуелділігі. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 мин. |
Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Қайырлы таң, балалар! Сәлеметсіздер ме! Миға шабуыл: Табиғат дегеніміз не? Табиғатты нешеге бөлеміз? Қандай-қандай? Тірі табиғатқа не жатады? Табиғат туралы не білесіңдер? - Табиғат адам үшін жаралыпты Бар қызық табиғаттан таралыпты. -Табиғат әсемдіктің төркінісің Ән саламын бір сенің көркің үшін. -Табиғат кенің ғой, ауырсаң емің ғой. (Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде) Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, қыста ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау – табиғатты көркейтіп, құстарды аялап, қамқор болуға үйрету. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып өздіктерінен өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға бейімдеу. Қызығушылығын ояту: Ойын-өлең: Торғай.. |
Табиғат туралы нақылдар. Торғай өлеңі. |
|||
Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.мақсатты болжам 2-5 мин. |
(Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Қамқорлық). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Қамқорлық жасау». Педагог балалардың қамқорлық жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады). Топқа бөліну. Алған суреттері бойынша А.Вивальди Көктем. Табиғаттың оянуы тамашалау. Педагог Б. Соқпақпаевтың «Қамқорлық» әңгімесін айтып береді. Болжамдар: – Қамқорлық жасауға, ағаштарды отырғызу жататын шығар. Табиғатты қорғауға– Табиғатқа зиян келтіретін амалдарға жануарларды қоректендіру жатады. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? |
Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер. 3 топ суреттері. Ағаш, құстар, жануарлар бейнесі парталарда тұрады. Аудиожазбаны тыңдуау. |
|||
Табиғатты қорғау туралы түсініктерін дамыту |
Болжам |
||||
ҰОҚ-ның ортасы ҰОҚ-ның тақырыбы бойынша жұмыс 6-28 мин. |
(Ұ) Презентация бойынша жұмыс. Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды. (Слайдта пайдалы және зиян іс-әрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып жатыр?) (т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қамқорлық жасау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, -ағаш –табиғат көркі, таза ауа береді, нашар ауаны өзіне тартып алады; -адамның денсаулығын түзейді; -жазда ыстықта –адамды көлеңкесіне алады. - ағаштан түрлі бұйымдар жасалады. -құрылыста ағашты қолданады. -Ағаштан қағаздар жасалады. 2-топ – керек емес. (Не үшін? Неге?). Ағаш сынықтарын шаруашылыққа пайдалануға болар еді. Мыс: қараңғыда жарық жасау үшін;
Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз: • ықтимал • болжамдайық • мүмкін • солай дейік • ал, егер… д/о -«Егер де не болар еді?» Сергіту: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп- кішкентай ағаштар Үп -үлкен боп өседі. Қане қанат жаяйық Қарлығашқа ұқсайық Ұшып- ұшып алайық ОРнымызға қонайық. (Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.) Педагог экология жайында түсінік береді. Бұл – табиғатты, қоршаған ортаны зерттеп, қорғауға бағытталған ғылым. Мен гүлдерді жұлмаймын... Интерактивті тақта 231 2-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрастырады. -Бір тал кессең , он тал ек. -Атаңнан мал қалғанша- тал қалсын. -Көкті жұлма , көктей соласың. 3-тапсырма бойынша ережелер құрастырады. -Тоғайға барғанда от жақпа. Орманда демалған соң қалдық заттарды тастама. Музыканы қатты жіберме/құстар үркиді/ Ағаштың бұтағын сындырма. Құстар мен ұсақ жәндіктерді жәбірлеме. Суды ластама, түкірме. Өзенге қалдық заттарды тастама. Көкке тас атпа, түкірме. Малды теппе. 4-тапсырма бойынша «Табиғатты қорғау» тақырыбына диалог «Аңшы» Ә.Тәжібаев. д/о - «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?»
(ҰОҚ-ны қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысуы керек. Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу. Пайдалы ісәрекет – нәтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-әрекет. Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар. (Ұ) Өзекті мәселе. Қамқорлық жасауға не керектігін салыстырамыз. (Қандай көмек) |
Интерактивті тақта Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар.
Нақыл сөздер.
Түсті карындаштар, Желім,ұсақ суреттер, көлемді қағаз. «Аңшы» Ә.Тәжібаев. шығармасы Музыкалық сүйемелдеу
Жарық, су |
|||
ҰОҚ-ның соңы ҰОҚ-ның қорытындысы.Рефлексия. 28-30 мин.
|
(Ө) Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау біздің парызымыз. рефлексивті бағалау. «Бағдаршам» әдісімен 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім-қызыл түсті көтереді. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын- сары түсті көтереді. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түсті көтереді. |
Әліппе-дәптер. Түрлі түсті қарындаштар |
|||
Жалпы білім беретін №28 орта мектеп
«Қамқорлық жасау» дегенді қалай түсінесің?
Мектепалды даярлық «А» сыныбы Абдешева Т.Б. Атырау қ, 2018ж |