Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экология негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі»КММ
Тақырыбы:Экология негіздері
8-сынып
Дайындаған: Карпыкова Г
/химия пәні мұғалімі/
Тақырыбы: «Экология негіздері»
Түсінік хат
8сыныпқа арналған таңдау курсының бұл бағдарламасы оқушыларға экологиялық түсінік береді. Бүгінгі таңда адамзатты толғандырып отырған басты мәселенің бірі –экология. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының, қоғамның, қазіргі табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі мәселелерінің бірі- адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл мәселе барлық елдерді толғандыруда. Мұны шешудің бірден-бір жолы экологиялық білім беріп, жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде айтқан. Қазір дүние жүзінде тұрмыстық, экономикалық қажеттілік пен экологиялық мәдениеттілік арасында алшақтық бар екені жиі айтылуда. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруде дүниетанымын жетілдіріп, айналадағы ортамен табиғатқа жауапкершілігін арттыруға сабақтас пәндердің жүйесінде экологиялық мәселелерді үйлестіріп, оны өз беттерінше себеп-салдарын ашып, таңдау жасауға, баға беруге және шара қолдануға үйретуге ықпалы зор.Химия пәнін эколгия пәнімен кіріктіре оқыту жас жеткіншектің теория жүзінде алған білімін іс жүзінде қолдана білуін қалыптастырады. Экологиялық сауаттылыққа, өркениетті мәдениетке тәрбиелейді. Мектеп қабырғасында оқушыға экологиялық білім беруде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор: оқылатын дәрістер, әңгімелер, табиғатқа, өндіріс орындарына саяхат, факультативтік сабақтар, сыныптан тыс жүргізілетін шаралар, оқушылардың азаматтық борышын, қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Мектепте жас ұрпаққа эколгиялық білім мен тәрбие беру адамзаттың табиғатқа, қоршаған ортаға, қоғамға және жеке адамға деген көзқарасымен қатынасын түбегейлі өзгертудің, сөйтіп нағыз өркениетті адамның дамуын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың экологиялық білімін тереңдету, қызығушылығын арттыру, танымдық, ізденушілік қабілеттерін дамыту; Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру; Оқушыларды интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке,ізгілікке, экономиканың барлық салалары бойынша еңбекке тәрбиелеу;
Бағдарламаның міндеттері:
- Оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру; -Экологиялық мәдениет пен ізгілікке тәрбиелеу;
-Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
-оқушыларда қазіргі химияның маңызды экологиялық проблемаларын шешудің жолдары жөніндегі түсініктерді қалыптастыруға, оның қоғамдық өмірге икемделуіне және химиямен, технологиямен байланысты мамандықтарды саналы түрде таңдауына негіз қалыптастыруға ықпал жасау;
Болашақта күтілетін нәтиже:
Оқушы өз бетінше ізденуге дағдылануы қажет
Оқушы жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға машықтауы керек.
Отандық рухты, отаншылдықты ұрпақ санасында қалыптастыру, көзқарасты байыту.
Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.
Пән аралық байланыс
Химия, биология, география.
Аптасына -1сағат, жыл бойы-34 сағат
Курстың ұйымдастыру формасы:
Лекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, акция өткізу.
Тексеру әдістері:
Топтық және дара тапсырмалар арқылы
Тақырып бойынша «проект қорғау» сабағы арқылы
Өздік жұмыс орындау
Семинар сабақтар арқылы.
Мазмұндық бөлімі
Курс 9 тараудан тұрады. Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
І-тарау.Экология- 4 сағат
Эколгия жайлы сұхбат. Эколгияның ғылымдағы орны. Экологиялық мазмұны бар тәрбие.
ІІ-тарау. Экологиялық жүйе-4сағат
Экологиялық жүйелер анықтамасы. Тұщы сулар экологиялық жүйелері. теңіз сулар экологиялық жүйелер.
ІІІ-тарау. Экологиялық жүйе энергиясы-3сағат
Экологиялық жүйедегі процестер. Экологиялық жүйедегі энергия. Экологиялық жүйедегі заттар айналымы.
IV-тарау . Адамдардың табиғи ортаға ықпалы -5 сағат
Адамдар экологиясының анықтамасы. Қалалар мен табиғи орта. Жаһандағы өзекті мәселелер. Табиғи ресурстарды ысыраптау. Қоршаған ортаны ластау.
V –тарау. Табиғаттағы шектеуші факторлар -3сағат
Адамдардың қоршаған ортаға бейімделуі. «Ең аз шама» заңы мен толеранттық шек. климаттық шешуші факторлар.
VІ-тарау. Атмосфералық ауаны сақтау - 6сағат
Атмосфераның газдық құрамы. ауаны ластаушы көздер. Ластанған ауаның зиянды әсері. ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары. Ластаушы және зиянды газдарды тазалау.
VІІ-тарау. Озон-2сағат
Озонның табиғатта таралуы. Озонды қорғай аламызба?
VІІІ-тарау. Су қорларын қорғау-3 сағат
Су қорларының жалпы сипаттамасы , ластаушы көздер, қорғау және үнемді пайдалану.
ІХ-тарау. Жер қойнауын қорғау -4сағат.
Табиғат-елдің панасы. Жер қойнау және оның байлығы. Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану. «Экология және біз».
Күнтізбелік жоспар
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Реті |
Мазмұны |
Сағат саны |
Өтетін күні |
|
Экология |
4 |
|
1 |
Экология жайлы сұхбат |
1 |
|
2 |
Экологияның ғылымдағы орны |
1 |
|
3 |
Экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік негіздері |
1 |
|
4 |
Экологиялық мазмұны бар тәрбие |
1 |
|
|
Экологиялық жүйе |
4 |
|
5 |
Экологиялық жүйелер анықтамасы |
1 |
|
6 |
Экологиялық жүйе түрлері |
1 |
|
7 |
Тұщы сулар экологиялық жүйелері |
1 |
|
8 |
Теңіз сулары экологиялық жүйелер |
1 |
|
|
Экологиялық жүйе энергиясы |
3 |
|
9 |
Экологиялық жүйедегі процестер |
1 |
|
10 |
Экологиялық жүйедегі энергия |
1 |
|
11 |
Экологиялық жүйедегі заттар айналымы |
1 |
|
|
Адамдардың табиғи ортаға ықпалы |
5 |
|
12 |
Адамдар экологиясының анықтамасы |
1 |
|
13 |
Қалалар мен табиғи орта |
1 |
|
14 |
Жаһандағы өзекті мәселелер |
1 |
|
15 |
Табиғи ресурстарды ысыраптау |
1 |
|
16 |
Қоршаған ортаны ластау |
1 |
|
|
Табиғаттың шектеуші факторлары |
3 |
|
17 |
Адамдардың қоршаған ортаға бейімделуі |
1 |
|
18 |
«Ең аз шама» заңы мен толеранттық шек. |
1 |
|
19 |
Климаттық шектеуші факторлар |
1 |
|
|
Атмосфералық ауаны сақтау |
6 |
|
20 |
Атмосфераның газдық құрамы |
1 |
|
21 |
Ауаны ластаушы көздер |
1 |
|
22 |
Ластанған ауаның зиянды әсері |
1 |
|
23 |
Ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары |
1 |
|
24 |
Ластаушы және зиянды газдарды тазалау |
1 |
|
25 |
Атмосфералық ауаны хұқықтық қорғау |
1 |
|
|
Озон |
2 |
|
26 |
Озонның табиғатта таралуы |
1 |
|
27 |
Озонды қорғай аламыз ба? |
1 |
|
|
Су қорларын қорғау |
3 |
|
28 |
Су қорларының жалпы сипаттамасы |
1 |
|
29 |
Су қорларын ластаушы көздер |
1 |
|
30 |
Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану. |
1 |
|
|
Жер қойнауын қорғау |
4 |
|
31 |
Табиғат-елдің панасы |
1 |
|
32 |
Жер қойнауы және оның байлығы |
1 |
|
33 |
Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану. |
1 |
|
34 |
«Экология және біз» атты акция |
1 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Б.Сағымбаев «Экология негіздері»
-
Химия тұрмыста
-
В.Дежкин «Экология жайлы сұхбат»
-
Химия мектепте журналы №1,2010ж
-
Химия мектепте журналы №2,2010ж
-
Химия мектепте журналы №5-6 ,2010ж
-
Химия мектепте журналы №2-3 ,2012ж
-
Х.Д. Молдағалиев «Химия оқу құралы»
Сабақтың тақырыбы:Экология жайлы сұхбат
Мақсаттары:
білімділік: экология жайлы ұғымды жан-жақты ұғындыру.
тәрбиелік: адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: табиғатты сүйе білуге, бүлдірмей қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлы адамдар сөзінен дәйектер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге мынадай өлең шумағын оқығалы отырмын.
Экология!
Бөтен сөз,
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
Эко дегені-үй, Отан
Ежелден-ақ ерекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе,
Тұтқасы бар әлемнің.
Бізше ғылым –логия.
Онсыз мекен, жоқ ұя,
Жоқ киесі өлеңнің.
Өз үй-өлең төсегің
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің
Өз басыңды жарады.
/ Омар Қаржау Айтолқын/
Эколгоия ұғымы туралы мағлұмат
Мұғалім:Қоршаған ортаның күрделіпроблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол гректің «oicos» - үй, мекен, тұрғын жер, және «Logos»- білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған.
Экология барлық тірі организмдерді , олардың тұратын «үйін», «мекен-жайын» және сол «үйді» тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.
Экология- белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен арақатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.
Ең алғаш «экология» деген сөзді пайдаланған Генрих Девид Тюро. Ол 1858 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында бір досына «Гоар мырза әлі Конкордта, ботаника және экология мен айналысуда» деп жазған болатын.
Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э.Геккель. Ол ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты, соның бірі экология.
1869 жылы Э.Геккель экологияға мынадай анықтама бірді: Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортадағы басқа органикалық емес заттардың арақатынасын , өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланысын зерттеу.
Қысқартып айтқанда, экология Ч.Дарвин «өмір сүру үшін күрес жағдайлары» деген табиғаттағы қиын байланыстар мен арақатынастарды зерттейтін ғылым.
Э.Геккель экологияны табиғаттану ғылымдарына жатқызды. Бірақ, ол тірі организмдерді түр-түсін белгілеп топқа бөлу үшін зерттемейді, олардың өмір сүру жағдайын, қоғамның өсіп өнуінде табиғаттың алатын орнын білу үшін зерттейді. Оның үстіне табиғаттың экономикасын білуді де мақсат етеді. Сондықтан экологияны тек табиғаттану ғылымдары қатарына жатқызу дұрыс емес. Табиғат экономикасын жағдайын зерттейтін ғылым қоғамдық ғылымдар қатарына қосылуы тиіс.
Э.Геккель кейінгі көптеген ғалымдар экологияның анықтамаларын беріп, оның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсетуге тырысты.
1920 жылы Ф.Клементс экологияны бірге өмір сүретін түрлі өсімдіктермен жануарлар туралы ғылым;
1937 жылы Ч.Элтон экологияны жануарлардың жаратылу тарихын, олардың әлеуметтік және экономикалық орнын зерттейтін ғылым;
1959 жылы Х.Б.Одум экология табиғаттың құрылысы мен атқаратын міндетін білу туралы ғылым;
1972жылы С.С. Шварц экология өсімдіктер мен жануарлардың табиғи ортада өмір сүру заңдарын зерттейтін ғылым;
1975 жылы Р.Дажо экология тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, организм мен ортаның өзара байланыстарын зерттейтін ғылым деп көрсеткен болатын.
Экологиялық мәселелерді зерттеуге Қазақстан ғалымдары да көптеген зерттеулер жариялап, оқу құралдарын шығарып, өз үлестерін қосып келеді. Бұл салада қазақ тілінде басып шығарылған кітаптарда аз емес. Дегенменде бұл зерттеу бітпейтін, анықтауы таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан талап қоятын тақырып.
Қазіргі кезде көптеген ғалымдар келіскен анықтама мынау:
Экология – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.
Экологиялық мәселелер ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы болып отыр.
Мұрат емес, озғаным, озбағым,
Кімге керек азған соң тозған арың?!
Айналайын Адамдар, аялаңдар.
Туған жердің ырысы мол табиғатын,-дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сабақтың тақырыбы:Экологияның ғылымдағы орны
Мақсаттары:
білімділік: экологияның ғылымдағы орны жайлы түсінік беру.
тәрбиелік: оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
дамытушылық: табиғатты сүйе білуге, бүлдірмей қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы
Тірі организдердің және табиғаттың басқа да құрамдары мен арақатынастарын зерттеген кезде экология басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Зерттеу кезінде биологиялық, техникалық, экономикалық, әсемдік, коркемдік т.б көптеген мәселелермен айналысады. Тек биологиялық проблемалармен айнасып қоймай, табиғатты қорғаудың және пайдаланудың әлеуметтік – экономикалық жақтарында зерттейді. Сондықтан экологияны жаратылыстану саласындағы ғылым, немесе биологияның бір тарауы деп қарау дұрыс болмайды. Әлеуметтік – экономикалық проблемеларды зертейтін болғандықтан оны қоғамдық ғылымдар саласына жатқызуға болады.
Халықтың саны өсіп, азық – түлік және қуаты жетпей, қоршаған орта шектен тыс ластана бастаған соң, экология бұрынғы жаратылыс тану бағытына қосымша экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық бағыт алды.
Түпкі тамыры биологияда болғанмен қазір одан бөлініп, жаңа ғылым саласы ретінде жеке отау тікті.
Экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы. Дұрыс шешімін табу үшін жаратылыс тану, техникалық, қоғамдық тағы басқа ғылым салалары қатысуы қажет. Бұл проблемалар бір ғылымнаң қолынан келмейтін мәселе. Осы күнге дейін әр ғылым өзіне таныс, түсінікті проблеманы бөліп алып, жеке зерттеп келді. Сөйтіп біртұтас, бір жүйеге жататын мәселе еріксіз бөлшектеніп, жан-жақты зерттелмей, ғылыми тұрғыдан негізделген қортынды шешім таппай келді. Олардың зерттеулері өз ара байланысы жоқ, ұштастырылмаған бөлік жүргізілген жұмыстардың жай жиынтығы болып қала береді. Қоршаған ортаны, өндірістік аймақты, ауданды, қаланы, облысты, біртұтас алып, олардағы барлық проблемаларды зерттеу арқылы экологиялық дағдарыстан шығуы мүмкін.
Ол үшін экология басқа ғылым салаларына өзінің тапсырмаларын үлестіріп беріп, олардың түскен ғылыми зерттеулерге талдау жасап, бір-бірімен салысытырып дұрысын алып, қатесін қайтарып, бір жүйеге келтіріп отыратын жеке ғылым саласына айналуы қажет.
Қорытынды: Сонымен экология қамтитын проблемалар өте күрделі әрі көп сырлы.
Сабақтың тақырыбы:экологиялық ұғымдардың қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
Мақсаттары:
білімділік: экологиялық ұғымды қалыптастыру.
тәрбиелік:оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
дамытушылық: оқушылардың өз тәжірибелерінде пайдалана білуге үйрету, оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы
Пәндерді экологияландыру дегеніміз дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту.Бұл мәліметтерді жеткізуді қандай тұрғыдан көрсеткен жөн деген сұрақ туындайды.
Осыған байланысты назар аударатын мәселелеріміз төмендегідей болуы керек.
1.Экологиялық проблемалар ұғымдары тұрғысынан: қышқыл жауын, озон тесігі, булану эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары,радиациялық қатерлер т.с.с.
2.Қоршаған орта ұғымдары тұрғысынан:экожүйе, ауа,су,жер,шикізат ресурстары,зат және энергия айналымдары, биосфера тұрақтылығы т.с.с мәселелер және оған экологиялық проблемалардың әсері.
3.Экономикалық тиімділік ұғымдары тұрғысынан:өндірістік және тұрмыстық залалсыздандыру, іске жарату мүмкіндіктері туралы жаңа технологиянығ экологиялық жаңа өнімдерді жүзеге асыру мүмкіндігі, табиғи қорларды тиімді қолдану т.с.с.
4.Ғылыми –техникалық прогресс ұғымдары тұрғысынан: энергия түрлерін алу,шикізат базасының жасалуы, азық-түлік,қорларын көбейту т.с.с
5.Мемлекетіміздің Заң Конституциясындағы табиғатты қорғаудың нормативті-құқықтық заңдарымен,заңдарға қатысты ішаралармен таныстыру.
Органикалық химия пәнін дәстүрлі оқып үйрену үрдісіне экологиялық білім компоненттерін енгізуде «заттар» «химиялық реакциялар» тірек ұғым ретінде алынып, осы ұғымдар төңірегінде жоғарыдағы мәселелер көрсетіледі.
«Заттар» ұғымы тұрғысынан органикалық заттарды ластаушы заттар,биологиялық маңызда заттар деп шартты түрде бөле отырып,осы заттар тобының қоршаған ортаға әсері,ластаушылардың экологиялық проблемаларды туғызу себебі көрсетіледі.Органикалық ластаушы заттарда улы және қуатты улы заттарға жататын қосылыстар туралы мағлұматтар беріліп, шегі мөлшерленген концентрациясы туралы ұғымдармен танысады.
Заттар |
Ауадағы ШМК |
Судағы ШМК |
Адам ағзасына әсері |
СН3ОН-метанол |
1 мг/м3 |
0,05 мг/л |
Көздің көрмей қалуы |
С2Н5ОН -этанол |
5 мг/л3 |
1 мг/л |
Геппатит,цирроз аурулары, созылмалы алкоголизм |
СН3-СН2-СН2ОН пропанол-1 СН3-СН2-СН3-ОН пропанол-2 |
3,3 мг/л3 0,6 мг/л3 |
0,2 мг/л 0,2 мг/л |
Өкпенің қабынуы, көз көру қабілетінің төмендеуі |
С6Н5ОН- фенол |
0,01 мг/м3 |
0,005 мг/л |
Теріні күйдіртіп, іріңдетуі,анемия ауруы |
Өнеркәсіптегі ағынды суларды жағымсыз ластаушылардың бірі-фенол.Әсіресе оның концентрациясы коксохимия зауыттарының ағынды суында 0,4-0,7 г/л дейін барады. Коксохимия зауыттары тәулігіне 4-10 т фенолды су қоймаларына жібереді.
Көп мөлшерде әр түрлі өндірістік қалдықтар қоршаған ортаға шығады.Өндірістік қалдықтар іске жаратылмайды.
«Химмялық реакциялар» ұғымында реакциялар шартты түрде төртке жіктеледі.
-
Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін реакциялар.
Атмосферада органикалық заттардың фотохимиялық тотығуы,френдардың озон тесігін туғызатын «хлорлы цикл» смогтың фотохимиялық түзілуі,СО, СО2, NОх, көмірсутек радикалдарын түзуге қатысатын реакциялар, ағзада теріс әсер көрсететін реакциялар жатады.
-
Биологиялық маңызды реакциялар.Ағзадағы зат алмасу процесіне негізделген реакциялар.
-
Табиғатты қорғау бағытындағы реакциялар.Қалдықсыз технология процестеріне зиянды қосылыстарды залалсыздандыруға негізделген т.с.с. реакциялар.
Органикалық заттардың химиялық қасиетіндегі реакциялар. Оқыту бағдарламасында көрсетілген заттардың химиялық қасиеттеріндегі реакция
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мазмұны бар тәрбие
Мақсаттары:
білімділік: экологиялық білім беру
тәрбиелік: оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
дамытушылық: жеке тұлғаның экологиялық санасын , мінез-құлқын, мәдениетін барынша жоғары деңгейде қалыптастыру.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі мәселенің бірі- адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Бұл мәселе барлық елдерді толғандыруда. Биосфераның біртұтастылығы, ғаламшардың тірі және өлі заттарының өзара байланысы ұғымдарының мәндерін ашу маңызды. Негізгі үрдістері-фотосинтезбен дем алу, оттектің табиғаттағы айналымы биогеохимиялық үрдіс деп те қаралады. Оттектің ағза өміріндегі және табиғи тепе-теңдіктің сақталуындағы рөлі анықталады. Оттек пен озонның адам ағзасына әсерін салыстырғанда ауадағы озонның шамалы мөлшері ағзаға жағымды әсер етеді, әсіресе тыныс алу жолдары ауруларында. Керісінше озонның жоғарғы концентрациялары өте улы. Атмосфералық ауаның техногендегі ластануының негізгі көздері- транспорт, өндіріс орындары, жылу электростанциялары.
Дүние жүзінде шамамен 500мл-н-дай автокөлік бар деп есептегенде, атмосфераны ластайтын зиянды қоспалардың 60% -ы солардың үлесіне тиеді. Ал автокөліктердің түтін газдарында 200-ге жуық зиянды қоспалар болады.
Оқушылардың назарын атмосфераны ластаушылардың көбі –оксидтер –жану реакциясы нәтижесінде түзіледі. Оксидтердің тірі ағзаға әсерін таныстырамын.
Оксидтердің жоғары концентрациясы созылмалы , жүрек ауруларының белгілерін ауырлатады, тыныс алу жолдары ауруларын туғызады.
Жылда әлем мұхитына әр түрлі себептерге байланысты 2 млн-нан 10млн тоннаға дейін мұнай түседі. Қазіргі уақытта теңізде өндірілетін мұнайдың әрбір 10 тоннасының 7-8 тоннасы пайдалану орындарына теңіз транспорты арқылы жеткізіледі. Әр жылда үлкен апаттар болып жатады деп айтуға болады. 1967 жылы Батыс Еуропа жағалауларында «Тори Каньон» супртанкері аварияға ұшырап, теңізге 120 мың тонна мұнай түскен. Өте үлкен мұнай қабықшасы Франция мен Англияның жағалауларын ластады. 50мың суда жүзетін құстар, яғни осы ауданның құстарының 90%-ы қырылып қалды.
Қорытынды: Осының бәрі жинақтала келе мектеп шәкірттерінің санасында туған табиғатты қорғау, оны ластамау, барынша аялауға жол сілтейтін тәрбиенің пәрменді құрамына айналады.
Тапсырма: Үй маңының,жақын өзеннің экологиялық жағдайын сипаттаңыздар.
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық жүйелер анықтамасы.
Мақсаттары:
білімділік: экологиялық жүйе анықтамасы туралы түсінік қалыптастыру.
тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, туған өлкенің табиғатын аялауға.
дамытушылық:Бақылай білу дағдысын дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы
Тіршіліктің ұйымдасу ережесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте – бірте іліне береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген (тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) – клетка - дене мүшесі-тірі дене-популяция (бір түрлі организмдер тобы)-сообщества (бірге өмір сүретін түрлі организдер тобы).
Тірі организмдердің генасы мен клеткасын зерттеу арқылы мысалы, медицина ғылымы денені немесе дененің жеке мүшелерін түрлі ауыру сырқаудан емдейді. Ал биологиялық жүйенін денеден жоғары сатысын зерттеуге гена мен клетка дәрежесі жеткіліксіз. Жүйенің жоғарғы сатысы болып саналатын популяция мен сообществаны экология зерттейді.
Бірге өмір сүретін организмдер мен оларды қоршаған табиғи орта ажырамайтын байланыста және тұрақты ара қатынаста болады.
тірі организмдер бірге өмір сүретін, өзара және табиғаттың өлі (абиоткалдық) бөліктерімен қарым-қатынас жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасында заттар айналымы болып тұратын ортаны экологиялық жүйе деп атайды.
Экология жүйе көлемі жағынан түрлі болып, кішкентай шалшық суда, үлкен орманда жеке жүйе қатарына жатуы мүмкін. Көршілес орналасқан экологиялық жүйелер арасында белгілі қалыптасқан байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Бірақ қашанда болса жүйе ішіндегі байланыс пен зат айналымынан көп кем болады. Мысалға көлмен орман экологиялық жүйелері арасындағы байланыс пен зат айналымын алып қарауға болады.
Ауадағы азот адамдарға зиянсыз, оттек сияқты дем алуға қажет емес, қышқыл газ сияқты залалы жоқ.
Органикалық заттар құрамында оттек, су ,көміртек пен азоттан басқа күкірт, фосфор, мыс т.б сияқты элементтер бар.
Орманда шөппен қоректенетін жануарлар, оларды азық ететін жыртқыш аңдар, өзара тығыз байласытары бар ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрт-құмырсқалар т.б.) өмір сүреді.
Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте – бірте азайып, араласып келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай екі экологиялық жүйе арасындағы ауыспалы аймақты ЭКОТОН деп атайды.
Қорытынды.
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық жүйе түрлері
Мақсаттары:
білімділік: экология жүйе түрлерімен таныстыру.
тәрбиелік: адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: табиғатты сүйе білуге, бүлдірмей қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлы адамдар сөзінен дәйектер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Экологиялық жүйелер алатын энергия көздері мен құрлымына байланысты екіге бөлінеді.
Экологиялық жүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептеледі де, онда болатын табиғи өзгерістер мен заттар айналымы энергия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады.
Энергия куатының көздеріне қарай экологиялық жүйелер төмендегіше болады.
-
Энергияны күн сәулесінен алып, табиғаттың басқа көздерінен және адамдардан алмайтын жүйелер. Оған мұхиттар мен биік таулар жатады.
-
Энергияны күн сәулесінен және табиғат көздерінен алатындар. Оған шыбындықтар, жағалаудағы шығанақтар, өзендердің құрылыс сағалдары, т.б кіреді. Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап басқаларға береді;
-
Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктермен су қабатында қолдан өнім өсіреті аймақтар жатады. Олар күн сәулесімен қатар,адамдардың сепкен тұқұмдарынан, жұмсаған жанар және жағар майлардың энергиялық қуатын пайдаланады;
-
Энергияны отыннан алатын жүйелер. Оған қалалар, өнер кәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен көрі жығылған отыннан алынатын энергия күшіне мұқтаж.
Экологиялық жүйелердің құрамы бойынша бөлінуі өсімдік түрлері мен жер бетінің бедеріне байланысты болады. Құрлықтағы жүйелер өсімдіктер түрлеріне қарай, судағы жүйелер геологиялық және физикалық айырмашылықтарына сәйкес бөлінеді. Адамзат қоғамының өсіп-өркендеуі мен мәдени дамуы осы құрлықтағы экологиялық жүйелерде өтіп келеді. Экологиялық жүйелердің саны мен құрлымы туралы ғылымда тұрақты қалыптасқан, пікір әлі жоқ. Л. С. Берг, И. С. Лупинович, П. С. Макеев еңбектерінде ірі табиғаттың экологиялық жүйелердің саны мен шекаралары жөнінде әртүрлі ойлар айтылып, бір-біріне қайшы келіп жатады. Солардың ішінен көп тараған, біздіңше дұрыс деген, аса ірі экологиялық жүйелердің құрылымы бойынша бөлінуін ұсынып отырмын:
А.Құрлықтық экологиялық жүйелер- тундра, тайга, орманды дала, шөл, тропик және Таулар
Б. Тұщы сулар экологиялық жүйелері-сулар жүйесі немесе ағынсыз сулар, ағынды сулар.
В. Теңіз сулары экологиялық жүйелері- Ашық мұхиттар, жағадағы сулар.
БҰҰ –ның мәліметтеріне қарағанда әрбір минөт сайын 30-50 гектар, жыл сайын 25-30 миллион гектар жердің орманы жойылады екен. Мұндай қарқын келешекте де сақталатын болса, ормансыз қалу мерзімі өте алыс емес.
Жазық жерлермен салыстырғанда таудағы экологиялық жүйелердің орналасуында өзгешеліктер бар.
Ю.П. Одумның зерттеулері бойынша Солтүстік Американың батыс жағалауындағы тауларда экологиялық жүйелер шекаралары мынадай биіктікте орналасқан:
Экологиялық жүйелер |
Шекараның жоғарғы биіктігі /метр есебімен/ |
|
|
Күнгей беті |
Күнсіз беті |
шөл |
1200 |
900 |
дала |
1900 |
1500 |
Орманды дала |
2700 |
1800 |
Тайга |
3600 |
3000 |
Шаруашылық үшін таулардың маңызы зор. олар ылғалды көп жинап, өзендер, бұлақтар арқылы шөлді, шөлейт жерлерге су жеткізеді. Өзендердің күшті ағысын пайдаланып электр энергиясын алуға, далалық жерлері мал жаюға қолайлы.
Қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы:Тұщы су экологиялық жүйелері
Мақсаттары:
білімділік: Тұщы сулардың адамдар үшін орны мен өндіріс саласында жәнеауыл шаруашылығындағы маңызы туралы түсінік беру.
тәрбиелік: адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: Адам өміріне ең қажеттісу жайлы білімдерін одан әрі дамыту
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Құрлықтағы және мұхиттағы экологиялық жүйелермен салыстырғанда жер шарының аз ғана бөлігін алады. Бірақ адамдар үшін тұщы судық орны бөлек. Оларды тұмыстық қажетке өндіріс саласында, ауыл шаруашылығында көп пайдалынады. Сондықтан да қалалардың көпшілігі ірі өзендер көлдер және лимандар жағалауында орналасқан. Тұщы суларда қалдықтар тез өңделіп, жуылып, еріп зиянсыз қалыпқа келеді.
Дүние жүзінде тұщы сулар қоры өте тапшы, пайдалану мөлшері жылдан жылға көбею салдарынан келешекте бұл қиын проблемаға айналуы мүмкін.Атмосфералық ауамен салыстырғанда судың өзгешілік қасиеттері бар. Олардың ішінде темодинамикалық (жылулық қозғалысының физикалық заңдылығы) қасиеттерін айтуға болады.Суды жылытуға басқа заттармен салыстырғанда қызу көп керек 1мл (грамм) судың жылуын 1 С көтеру үшін (мысалы 15 С дан 16 С-қа дейін) 1каллория энергия қажет. Аммиак пен судан басқа заттар мұндай (1 ден артық) көп жылулық керек етпейді. Суды еріту немесе қатыру үшін көп энергия керек. 1 грамм мұзды суға немесе суды мұзға айналдыру үшін де көп энергия кетеді. Өсімдіктердің, су бетінен, мұздын, 1 грамм судыңбаға айналуы үшін 536 калория кетеді.Күн сәулесі энергиясының көбі суды буландыруға байланысты климат жұмсарып, организмдер өмір сүруге қолайлы жағдай туады.
-ауаның жылылығы 4 С болғанда су ең жоғарғы тығыздық дәрежеде
болады. Температура осы мөлшерден жоғары немесе төмен болса судың көлемі өсіп, тығыздығы азайып, ол жеңілдей түседі. Сондықтан да қыс айларында көлдер түбіне дейін қатпайды.
Лентикалық (ағынсыз сулар) экологиялық жүйе. Тұщы сулар көздері (көл, тоғай т.б.). Байкал көлі сияқты ерте дәуірде пайда болған бірен – сараны болмаса, негізінен мұз дәуірінің қалдықтары болып саналады.
Үлкен көлдер мен тоғандар жағалауында тамыры топырақта болатын өсімдіктер, ортасында фито – зоопланктандар, түбінде гетеротрофтар өмір сүреді.Су терең көлдерде табиғаттың ерекше құбылысын көруге болады. Көл суының жазда жоғары қабаты жылы, төменгі қабаты салқын, қыста жоғары қабаты салқын төменгі қабаты жылы болып екіге бөлініп, өзара араласпайды. Тек күзде немесе жазғытұрым су қабаттарының температурасы бірте –бірте теңелгенде ғана сулар араласады. Сөйтіп көл сулары жылына екі рет, ал, тропикте ауаның үнемі жылы болуына байланысты онан көбірек араласады.
Судың ұзақ мезгіл араласпауы төменгі қабатта оттек қорының , жоғарғы қабатта биологиялық генді элементтерқорының азаюына әкеліп соғады.Көлден суды бөгеп, су қоймаларын салу шаруашылық қажеттерін өтеуге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Су қоймасын салмас бұрын пайдалы және жақсы жақтарын дұрыс есептепталдау жасап алу жөн.
Қорытынды: Сусыз өмір болған емес
Сусыз әлем көркем емес
Сондықтан да бар әлемде
Су қымбат деу жалған емес
Үйге тапсырма: Ең керемет зат-су
1.Егер сіз эколог болсаңыз, суды тазарту үшін не істер едіңіз?
(шығарма «Су-экологиясы» тақырыбында.)
2. шағын шығарма жазу(5-6 сөйлем құрастырыңыздар) мына сөздерді пайдалана отырып, тіршілік, ана, таза, су, өмір.
Сабақтың тақырыбы:Теңіз сулары экологиялық жүйелер
Мақсаттары:
білімділік: .теңіз сулары экологиялық жүйесі туралы түсінік беру.
тәрбиелік: адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: табиғаттану, география пәндерінен су жайында алған білімдерін одан әрі жетілдіру.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Экологиялық тұрғыдан қарағанда теңіздердің құрлық пен өзен суларынан белгілі ерекшіліктері бар. Олар:
-теңіздер(мұхиттар)бөлінбей біртұтас болып,бір-бірімен жалғасып жатады.Теңіз организмдерінің өмір сүруі,өзара қарым-қатынасы судың температурасына, тұздылығына және тереңдігіне байланысты;
-теңіз суралы үнемі белгілі бір бағытта айналып ағып жатады. Экватор мен полюстер (жер меридиандары түйіскен торап)арасындағы температура айырмашылықтарына байланысты жыл бойы үнемі бір бағытта соғатын күшті желдер(пассаттар),жер шарының айналуымен қосылып мұхит суларында күшті ағын пайда болуына себеп болады. Экватордан батысқа және шығысқа қарай, жағадан оңтүстік пен солтүстікке қарай соққан желдерден пайда болған белгілі Гольфстрим және Солтүстік Атлантика ағындары Еуропаның жоғарғы ендіктеріне жылы су апарып климатты жұмсартса,Калифорния ағыны керісінше оңтүстікке салқын сулар әкеледі. Бұл ағындар,балалар ойнайтын зырылдауықтарға ұқсап,солтүстік жарты шарда сағат тілінің бағытымен,Оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта айналып ағып жатады.
Ағын теңіз суының тек үстіңгі қабатында болып қана қоймай,төменгі терең қабатында да болады. Ол судың тұздылығына,тығыздығына және температурасына байланысты. Сөйтіп теңіз сулары тез араласады да,көлдегі сияқты бір қабаты жылы,екінші қабаты салқын болып,тірі организмдер үлкен тереңдікте де өмір сүре береді.
-теңіздер өте терең болады. Ғылымға белгілі мұхит тереңдігі 12км шамасында.
-теңізде толқын көп болады. Күн мен айдың өздеріне тарту күші заңдылығына байланысты толқындар әрбір 12,5 сағат сайын теңіз суын жағаға әкеліп,кері әкетіп жатады. Сөйтіп тәулік бойына екі рет көтеріліп,екі рет кері кетеді. Келесі тәулік сайын бұл құбылыс 50 минутке кешігіп басталып отырады. Екі жеті өткен соң күн мен айдың өздеріне тарту күштері теңеліп,судың ең жоғары көтерілуі мен кері серпілуі болады. Теңіз ортасында толқынның биіктігі 30,5см-ден басталса,жағаға жеткенде 3,5м-ге дейін биіктейді.
Теңіз суының орташа тұздылығы 3,5процент,басқаша айтқанда,1000 бөлек суға 35бөлек тұз келеді,ал тұщы суда тұз мөлшері 0,5 проценттен аспайды.(Мыңнан бір бөлек былай жазылады 1%). Сол 35 бөліктің 27-сі хлорлы натрий,магний,калций т.б. тұздардан құрылады.
-теңіз суы сілтілі және қоректі заттарға кедей болады. Тұздардың құрамында қоректік заттар 1проценттен аспайды. Сондықтан да теңіздегі қоректік заттар үнемі аз болғандықтан тіршілік судың барлық қабаттарында бола бермейді.
Ашық мұхиттар экологиялық жүйесі теңіз сулары жүйесіндегі көлемі жөнінен үлкен алқапты алып жатыр. Бұл жүйенің шекарасын алқаптан есептегенде 12-20км қашықтықта басталады. Орта еңдікте орналасқан теңіздермен салыстырғанда Арктика мен Антрактика теңіздері балыққа да,китке де,басқа жануарларға да өте бай. Сондықтан да ол жақтарға барушылар да балық аулаушылар дажылдан жылға көбейіп келеді.
Теңіз суындағы қоректік тізбек энергияны қайдан алатынның соңғы кезге дейін талас пікірлер туғызып келген болатын. Кейбір ғалымдар қоректік заттар энергияны макропланктоннан алатын болар деген болжам айтса,соңғы зерттеулер негізгі энергия көзі микропланктон алатыны белгілі.
Сабақтың тақырыбы:Экологиялыжүйедегі процестер
Мақсаттары:
білімділік: экологиялық жүйеде өтіп жататын табиғи процестер туралы түсінік беру.
тәрбиелік: адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: өз ойын жеткізе білу және оны жетілдіре отырып талдауға үйрену.
Көрнекілігі: Суреттер № 1 (экологиялыжүйеде өтетін табиғи процестер үлгісі) схемалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2 үй тапсырмасын тексеру
3 жаңа сабақ
Экологиялық жүйеде өтіп жататын табиғи процестер негізінен 4 құрамнан тұрады. Олар: бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы, «қозғаушы күш» болып табылатын энергияның үздіксіз болуы, заттар айналымы және жиналған энергия қорын қайта пайдалану. Осы айтылған құрамдардың арақатынасымен байланыстарын төменгі үлгіден көруге болады.
Экологиялық жүйеде өсетін өсімдіктер немесе «жасыл белдеулер» ғылым тілінде автотрофтар деп аталады. Олар жоғарғыдағы үлгіде «А» әрпімен белгіленген, жануарлар мен жәндіктер «қоңыр белдеулер» ғылым тілінде гетеротрофтар деп аталады. Олар үлгіде «Н» әрпімен белгіленеді. Қоректі заттар мен организмдер қоры «S» әрпімен белгіленеді. Автотрофтар (өз бетімен қоректенетіндер ) қатарына күн сәулесін сіңіріп, органикалық емес оңай қосындыларды пайдаланып органикалық күрделі заттар шығаратын, олардан қажетті қорлар жасайтын өсімдіктер жатады. Басқа сөзбен айтқанда, күн сәулесін органикалық затқа айналдырып, басқаларіа қорек өндіретін өсімдіктерді автотрофтар дейді.
Гетеротрофтар (дайын қоректі заттарға мұқтаж организмдер) қатарына негізінен басқа организмдермен, органиалық заттар қалдықтарымен қоректенетін жануарлар, органикалық заттарды ірітіп – шірітіп энергия (қуат) алатын, олардың ірітінділерін пайдаланатын бактериялар (жәй көзге көрінбейтін микроскоппен ғана көрінетін өте ұсақ организмдер) мен гриптер (өсімдікті шірітетін организмдер) кіреді.
Гетеротрофтар екіге бөлінеді: биофаграттарға – тірі организмдерді жеп күн көретіндерге, және сапрофагтарға - өлі органикалық қалдықтармен қоректенетіндерге.
Автотрофтар мен гетеротрофтар бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобын (сообщество) құрайды. Эклогиялық жүйедегі энергия және заттар айналымы арқылы олар өзара тығыз байланыста болады.
Экологиялық жүйелердің бәріде, биосфераның өзі де,ашық жүйелер болып саналады. Өйткені оларға шеттен энергия мен заттар, тірі организмдер келіп- кетіп жатады. Экологиялық жүйеде кіріс пен шығыс болуының үлкен маңызы бар.Ондай орта өмір сүруге қолайлы және өзін- өзі бір қалыпты ұстап тұрудың негізгі шарты.
№1 суреттегі үлгіде көрсетілгендей экологиялық жүйенің барлық кірісі сол жақта орналасқан.Олар; қозғаушы күш болып саналатын күн сәулесі мен басқа знергия көздері, шеттен келетін қоректік заттар мен организмдер, жүйедегі бірге өмір сүретін түрлі организмдер, заттар мен органикалық элементтер айналымы және олардың жиналған қорлары.
Экологиялық жүйенің шығыстары оң жағында. Олар; күн сәулесін өсімдіктер пайдаланбаған, тірі организмдерден, жаққан отыннан қоршаған ортаға бөлінген(шашырап тараған) жылу, оргникалық заттар мен организмдерің басқа жүйелерге кетуі және органикалық емес түрге айналып заттар айналымынан шығып қалған элементтер.
Сабақтың тақырыбы:Экологияның жүйедегі энергия
Мақсаттары:
білімділік: экологияның жүйедегі энергиясы туралы түсінік беру.
тәрбиелік: оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
дамытушылық: тақырыпты баяндап өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру.
Көрнекілігі: Суреттер /Б. Ортаға шашыраған күн сәулесі/. схемалар.
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Энергия әрқашан белгілі бір жұмысты орындауға, немесе қозғаушы күш ретінде пайдаланылады.
Термодинамиканың бірінші заңы энергия жоғалмайды немесе жаңадан пайда болмайды,тек басқа түрге өзгертуге болады дейді.
Мысалы: энергияның бір түрі болып табылатын сәулені жылулыққа өзгертуге, жұмыс істейтін күш реитінде пайдалануға, организмдерге қоре болатын энергия түріне айналдыруға болады. Сәуленің бастапқы энергиясы жоғалмай тек басқа түрдегі энергияға айналады.
Термодинамиканың екінші заңы немесе энтропия-(Entropia- гректің өзгеру, бұрылу деген сөзі) заңы энергияның бәрі жылулық энергиясына айналмайды, бір бөлігі үнемі шашырап кетеді. Сондықтан кинетикалық энергияның өздігінен потенциалды энергияға өзгеру коэффициенті әрқашан 1 ден кем болады.
Заттың молекуладан, молекулалық атомдардан тұратыны физикадан белгілі.Молекулалар құрамында дұрыс және теріс заттардың болуында. Бір түрлі дұрыс және теріс заряттар өзіне тартатын болғандықтан молекулалар (атомдар) қимылы үздіксіз әрі ретсіз (шым- шытырық )болады. Осы қимылдар кезінде атомдар мен молекулалардың жылуы да осы кеңістікке тарайды. Осылай тараған жылудың кинетикалык энергиясыдеп атайды. Кинетикалық энергия барлық заттарда бар. Егер заттың жылуы коп болса молекула(атом) шапшаң қимылдап кинетикалық энаргияны коп таратады., керсінше зат салқын болса қимылдар баяулап, кинетикалық энергияда азаяды.
Молекула құрамындағы өзіне тартып және кері тебу қимылдары жасалатын күшті потенциалды энергия деп атайды.
Мысалы, күн сәулесінің табиғи ортаға шашыраған энергиясын емен ағаштың жапырағы қалай пайдаланытын №2 суреттен коруге болады.
Қоршаған ортаға шығарған күн сәулесінің тек 2 процентін ғана еменағаштың жапырағын пайдаланып, өсімдік қантына айналдырады, ал қалған 98 проценті жылу ретінде ортаға тарап кететінн көреміз(3)
Мәшине өнім шығарған сияқты өсімдік организмдер де өнім береді. Экологиялық жүйе немесе биосфераның энергиясы дегенде осы фотосинтез процессі қос тотық көміртекті қалпына келтіруді айтады.
Адамзат алдында тұрған міндеттердің бірі – күн сәулесін пайдалануды 3 – 5 есе көбейтіп, астық, басқа да азық – түлік түрлерін өндіруді артырып қазіргі ашаршылықьан құтқару.
Өсімдіктердің өсуіне – қолайлы жағдай жасап, оларға қажетті көмір қышқыл газіның молшерін өзгертіп алынатын өнімді көбейтуге, күн сәулесі пайдалану коэффицентін котеруге болар еді
Сабақты қорытындылау: Қорытындылай келе экологиялық жүйедегі энергия туралы түсінік берілді.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, қосымша іздену
Сабақтың тақырыбы: Экологиялық жүйедегі заттар айналымы
Сабақтың мақсаты: Экологиялық жүйедегі заттар айналымы жайлы білім беру
2. Оқу материалдарын түсіне отырып, ойлау қабілетін дамыту.
3. Қоршаған биосфераны қорғауға және еңбекке баулу.
Сабақтың әдісі: көрнекі талдау, сұрақ-жауап.
Сабақтың пән аралық байланысы: география,өсімдіктану.
Сабақтың көрнекілігі: альбом,суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды.
І. Амандасу,түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ жаңа тақырыпты түсіндіру
Биосфера жер шарынын тіршілігі бар жерлерін қамтиды. Биосфера атмосфераның төменгі, литосфераньщ жоғары қабатын ж\е гидросфераны түгел дерліктей қамтитын тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы табиғи орталар.
Биосфераның қалыптасуы – ұзақ жылдарға созылған күрделі процесс. Биосфераны академик В.И.Вернадский жан-жакты толык зерттеді. В.И.Вернадскийдін негізгі идеясы "Биосфера" деген еңбегінде 1926 жылы жарық көрді.
Биосфера 3 кұрамдас бөліктен түрады. Олар: ауа қабаты (атмосфера), су қабаты (гидросфера) және жер қабаты (литосфера)Атмосфера – біздің ғаламшарымыздың ғарыш кеңістігімеі шектесіп жатқан аралығы. Атмосфера арқылы зат және энергия алмасады. Жерге атмосфера арқылы ғарыштық шаң-тозан, метеорит сынықтары түсетін болса, жер сутек, гелий сиякты жеңіл газдарды жоғалтып отырады. Атмосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын бірнеше қабаттардан тұрады. Тіршілік тропосфера қабатына тән. Онда барлык тірі организмдерге қажетті оттек, азот, көміркышкыл газдары, т.б. бар. Атмосфераның ең маңызды атқаратын қызметі – тыныс алу, қорғаныш, зат жөне энергия алмасуды жүзеге асыру.
Гидросфера қабаты жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр. Сусыз әлемде тіршілік болмайды. Жер шарындағы барлық судың 94%-ы мүхиттар мен теңіздердің, 6%-ы ғана езен, көл, жерасты сулары мен мұздықтардың үлесіне тиеді.
Судың беткі қабатында ұсақ организмдер калқып жүріп, тіршілік етеді. Оларды планктон дейді. Судың терең тұңғиықтарында еркін жүзіп жүретін балықтар тіршілік етеді. Оларды нектон дейді. Бұл кдбатта, негізінен, акула, кит, дельфин, камбала, скаттар тіршілік етеді. Ал мұхиттардың ең түбінде көбінесе козғалыссыз тіршілік етуге бейімделген су организмдері – бентос орнығады. Олар –кәдімгі теңіз жұлдызы, теңіз орамжапырағы, губкалар, былқылдақ-денелілер, т.б.
Өзен-көл суларында көптеген су өсімдіктері мен балықтар тіршілік етеді. Қазіргі кезде су көздерінің ластануы ондагы тіршішк иелеріне зардабын тигізуде. Өсіресе мұнай өнімдері, радиоактивті калдықтар мен химияльщ заттар суға түсіп, оньщ түракды тіришгік ырғагын бұзып отыр. Мысалы, Каспий, Арал теңіздері мен Ертіс, Іле, Жайық, Шу, Сырдария өзендерінің ластануы – шешімін таппай жатқан өзекті мөселелердің бірі.
Литосфера құрлықтағы тіршілікке ең қолайлы орта болып табылады. Оның түп негізін әр түрлі минералдар, тау жыныстары, шөгінділер, органикалық қалдықтар кұрайды. Топырақ қабатын "тіршілік тірегі" десек те болады. Онда тірі организм-дерге қажетті барлық жағдайлар бар. Топырақ организм үшін қолайлы орта, қореқ кезі, жауларынан корғанатын орын, көбею, таралу аймағы болып табылады. Тіршілік жердің беткі қабатынан бастап 3-10 см терендікте, ал кейбір бактериялар тіптен 1 мың м тереңдікте кездесетіні дәлелденіп отыр.
Биосфераның алуан түрлілігіне байланысты ондағы организм-дердід сан алуандығы, саны мен тығыздығы, кеңістікте кездесуі және олардъщ биологиялык өнімділігі де өр түрлі болып келеді. Мысалы, су мен күрлықтағы, тропиктік ормандар мен піөл белдемінщ биологиялық өшмділігі сөйкес келмейді. Сондыктан биосферадағы тірі организмдердің өнімділігі сол жердің биоценоз құрамындағы өсімдіктер мен жануарлардың белгЪгі бір уакьіт пен көлемдегі биомассасымен елшенеді. Күрлықта шел, шөлейтті жерлердщ биологиялық өнімділігі темен, ал ормандардын енімділігі жоғары деп есептеледі. Биологиялық енімділікті есепке алу – шаруашылық салаларын дұрыс үйымдастыру мен азык-түлік мөселесін шешуде үлкен рөл аткарады.
Кез келген тірі организмнің тыныс-тіршілігі үшін ауа, су, топырақ өте қажет екені белгілі. Ал тірі организмдерде заттар бір түрден екінші түрге айналып, тіршілікке қозғаушы күш болады. Осы процестер жүру үшін Күн энергиясы кажет. Тірі заттар мен өлі заттар арасында ырғақты әрі тұракты зат жөне энергия айнальхмы жүріп, үнемі кайталанып отырады. Бұларды биогеохимиялық айналымдар деп атайды.
Су айналымы. Бүкіл жер шарындағы су Күн энергиясының әсерінен кіші жөне үлкен айналымға түседі. Судың булануы су бетінен топырак ж\е өсімдіктер арқылы жүреді. Одан соң су булары атмосфераға көтеріліп, салкындап, қайтадан жауып, қар, бұршақ түрінде жерге түседі.
Суд ың күнгі айналымы кезінде мұхиттар, теніздер, көлдер бетінен кетерілген су булары қайтадан сол жерге, ал судың үлкен айналымы кезінде буланған судың біразы алыстағы құрлықка түседі. Ендігі жерде күрлыкта жинакталған су корлары өзен, жер асты сулары күйінде қайтадан мұхиттарға кұяды. Осылайша құрлык пен мұхиттар арасындағы судың тепе-теңдігі сақталады. Құрлықтағы су айналымның тұрақты болуы көбінесе өсімдіктерге және адамнын суды тиімді пайдалануына байланысты. Мысалы, орман ағаштарын жаппай кесу, жою, өртеу немесе суды тиімсіз пайдалану су-ң үлкен жөне кіші айналымдарын бұзып, табиғатта экологиялық апаттар тудырады. Соның салдарынан жер бетінде көлдер мен өзендердің суы тартылып, шөлейтті жерлер көбейеді, куаңшылық сиякты адамзат үшін қолайсыз жағдайлар п.б.
Каспий, Арал теңдерінің суында тұз көп. Мысалы, Каспий теңізшің 1 кг суында 14 г тұз болса, Арал тенізшің 1 кг суында 45 г тұз бар. Тұздың шектен тыс көп болуы тірі организмдер үшін зиян. Су айналымының ерекшелігі – литосфера, атмосфера жөне тірі заттар мен топырақтағы ылғал, мұхит, өзен, жер асты суларын жөне атмосфералық ылғалды байланыстыруы.
Экологиялык апат аймағы – Арал төңірегінде су ресурстарының жетіспеушілігінен экожүйелер деградациясы жүруде ж\е кеуіп қалған Арал теңізі түбінен мыңдаған тонна түзды шаң-тозаң үшып, табиғи коршаған ортаға зиянын тигізуде.
Қазіргі кездегі аса қауіп төндіретін мөселелердің бірі – теңіздер мен мұхиттардың мұнаймен ластануы. Каспий теңізінің көтерілуінен мұнай коймалары мен мүнай үңғымалары су астында калып, теңіз жануарлары мен күстарын көп шығынға үшыратуда.
Табиғаттағы көміртек айналымы. Табиғатта көміртек бос күйіңде (алмаз, графит) және коспа түрінде (кеміркышкыл газы, көмір, мүнай, табиғи газдар, т.б.) кездеседі. Сол сияқты көміртек тірі организмдердің де күрамында болады. Мысалы, біз ауамен тыныс аламыз.
Ауаның құрамбөліктеріүлес мөлшері %
Көлемі
Массасы
Азот
Оттек
Көміртек
Басқа газдар
78,09
0,95
0,03
0,9
75,51
23,15
0,046
1,28
Кестеде көрсетілген газдардың шекті мөлшері ауытқыса, атмосфера ауасының қүрамы өзгеріп, тепе-тендік бүзылады. Көмір-тектін табиғаттағы айналымы жасыл өсімдіктерде Күн сөулесінің катысуымен жүретін фотосинтез процесі кезінде үнемі жүзеге асып отырады. біраз бөлігі литосфера кабатында шымтезек, көмір күйінде жинақталып отырады.
Табиғаттағы көміртек айналымы
Тыныс алу Жанартау
Шіру Зауыттар
Өнеркөсіптер Көмір
Автокөліктер Фотосинтез
(өсімдік)
Адам көміртектің табиғаттағы айналымына кері әсерін тигізеді. Мысалы, көмір, шымтезек, мұнай өнімдерін пайдаланып, жыл сайын атмосферага 6 млрд тоннадан астам көміртек шығарады. Керісінше, ормандарды жойып, оттек мөлшерін азайтьш отыр. Соньщ салдарынан, табиғатта тепе-теңдік бүзылып, кеміртек мөлшері артып, тірі организмдерге кауіп төнуде. Соңғы жылдары жер шары бойынша көміркышкьіл газының көбеюі салдарьшан ауа райы озгеріп, қышкыл жанбырлар, жылу эффектісі, т.б. экологиялық апаттардың нышаны білініп, бүкіл адамзат қауымдастыгын ойландыратын мәселе тудыруда.
Оттек айналымы. Атмосферадагы бос оттек табиғатта фотосинтез лроцесі кезінде түзіледі. Оттек – нағыз активті газ. Биосфера шегінде оттектің тірі организмдермен немесе олар шірігеннен кейінгі қалдықтарымен алмасуы жүреді. Өсімдіктер бөліп шыгаратын оттек атмосфера кұрамында азоттан кейінгі екінші орынды алады. Биосферадағы оттек айналымы – күрделі процесс, өйткені ол минералды және органикалық қосылыстардың көбісінің құрамына кіреді
Табнғаттағы оттек айналымы Атмосфера – 21% О2
Фотосинтез О2 Гидросфера-89% О2
Тыныс алу
Жану, тотығу Литосфера– 49% О2
Тірі организмдер – 68°/о О
жылына шамамен 155 109 т бос оттек түзілсе, жылына 2 161 010 т оттек жұмсалады (сініріледі), яғни шығындалу түзілуге Караганда артык. Мұндай тепе-тендіктің бүзылуын реттеу — адам-заттьщ борышы.
Азот, күкірт және фосфор айналымы. Азот тірі организмдер денесіне өсімдік арқылы келеді.
Үйге :тақырыптың мазмұнын айту ,қосымша іздену.
Сабақтың тақырыбы: Адамдар экологиясының анықтамасы
Сабақтың
мақсаты: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ
ДЕНСАУЛЫҒЫ
тәрбиелік: адамзат алдында
тұрған экологиялық мәселелер туралы түсініктерін қалыптастыра
отырып экологиялық тәрбие беру.
дамытушылық: өз ойын жеткізе білу және оны жетілдіре отырып талдауға үйрену.
Қоршаған ортаның экологиялық
жағдайы мен ауру деңгейі
Адамның денсаулығының төмендеи,
ауруға шалдығуын ағзаның
ортаға толық бейімделе
алмауымен, қолайсыз әсерлерге
берген теріс жауабы
ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының
(ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек
аурудың болмауы емес, ол толық физикалық,
психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы
50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына,
18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық
сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді
факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр
түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті
нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар
шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа
заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен
аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен
заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге,
бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа»
айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық
жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан
алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай
ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық
күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың
өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
9-кесте
Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің
себептері
Сабақтың
тақырыбы:Қалалар мен табиғи
орта.
Мақсаттары:
білімділік: қалалардың қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы түсінік беру.
тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарау, байлығын бейберекет пайдалануға жол бермеуге тәрбиелеу.
дамытушылық: өз ойын жеткізе білу және оны жетілдіре отырып талдауға үйрену.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. «urbs» латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғанымен «Урбанизм» немесе «Урбанизация» соңғы жылдары қолданыла бастады.
Қалаларда өндіріспен қатынас кәсіпорындары бар, ауылмен салыстырғанда мәдениет, денсаулық , сауда, коммуналдық, тұрмыстық қажеттерді өтеу жақсы жолға қойылған. Қала тұрғындары бос уақытын қызғылықты өткізуге, оқып үйренуге, қалаған мамандық алуға, мәдениет мұраларымен танысуға мүмкіншіліктері мол. Сондықтан да қалада тұрғысы келетіндер қатары көбейіп, ауылдан қалаға көшушілер саны жыл сайын өсіп келеді. Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмыс түрін ұнатуы, басқаша айтқанда Урбанизация процесінің күшеюі, әрине, бұл қоғам мүшелерінің заңды хұқығы.
Оған қарсы тұруға кедергі жасауға негіз жоқ.
Сонымен қатар, қала-өзгеше қоғамдық құрылыс, өзіне тән проблемалары мен ерекшеліктері бар, қоршаған ортаға тигізетін әсері де басқаша.
Соңғы жылдары қала тұрғындарының саны тез өсіп келеді. Егер жалпы халық саны жылына 1-1,5 процент шамасында өссе, қала тұрғындары 4 процентке оның ішінде өте ірі қалаларда 8процентке дейін өседі.
Қоршаған ортаға ауыртпалық көбейеді дегенде қаладағы көліктердің әсіресе автомәшинелер, тракторлар , құрылыста және жол салуға қажет техникалар, ауаны түтін және газбен уландыратынын, сол уланған газбен адамдардың дем алатынын , олардың денсаулығына зиян келетінін айтамыз.
Сондықтанда қала тұрғындары ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатынын айтсақ та жеткілікті.
Қаладағы табиғи ортаның таза, адамдарға зиянсыз болуы ертеден бері ғалымдарды, басшы орындардыалаңдатып жүрген мәселе. Сәулеттік-құрылыстық экологияның бұл жөнінде әзірлеген ұсыныстары да бар. Оларды кешеуілдетпей іске асыру экологиялық жағдайды біршама жақсартуға көмектесетіні сөзсіз.
Қорытынды: Жан-жақты сауаты бар, көзі ашық, өз мамандығын жетік білетін маман табиғи ортаны бүлдірмейді, өзінің өмір сүретін жеріне қастандық жасауы мүмкін емес.
Сабақтың тақырыбы:Жаһандағы өзекті мәселелер
Мақсаттары:
білімділік: жаһандағы өзекті басты мәселенің бірі-экология туралы түсінік беру
тәрбиелік: табиғатқа қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу
дамытушылық: өндіріс орындарындағы экологиялық қажеттілік туралы балалардың білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Бүгіні таңда азаматты толғандырып ортырған басты мәселенің бірі – экология.
Дамыған 8 елдің басшыларының 2008 жылы Жапонияда өткен саммитінде жаҺандық энергетикалық үнем және энерго-экологиялық стратегия қабылдаған болатын. Стратегияның басты мақсаты – ХХІ ғасырдың ортасына қарай жер шарымыздың жер шарымыздың барлық мемлекеттері мен өркениеті энергия қуат көздерін мейлінше үнемді пайдаланып, энергия қуатын өндіретін табиғи шикізаттарды болашақ ұрпақ мүддесі үшін мұраға қалдыру, жаһандық жылыну үрдісіне әкеліп соқтырған ауа таралатын көмірқышқыл газының мөлшерін азайту шараларын белгілеу болып табылады.
Қазіргі әлемнің ең озық деген дамыған мемлекеттерінің өзі энергетикалық үнемшілдік мәселесін мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтеруге бет бұрыс жасауда. Энергетикалық үнемшілдік таяу болашақта электр энергиясының жетімсіздігін ерекше сезінуі мүмкін Қазақстан үшін де аса маңызды міндеттердің бірі болмақ. Елбасы Н. Назарбаев еліміздің электр энергиясын ысырапсыз пайдалану мәселесіне айрықша мән беріп, нақты міндеттер қойды. Осы орайда алыс – жақын шет елдерде электр энергиясын үнемдей ісі былай жүзеге асуда:
-
2005 жылдан бері Шанхайда өнеркәсіп, көмір құрлыс салаларында энергияны үнемдеу жүнінде 200-ден астам тиімді жоба іске асырлыған. Сондай-ақ, 50 млн. энергия үнемдеуші шамдау шығару жұмысы қолға алынды.
-
Германияда 1970 жылдардан бері құрылыс нысандаын салған кезде электр қуатын үнемдеу көрсеткішіне байланысты арнайы энергетикалық паспорт беру дәстүрі қалыптасқан.
-
Жапонияда өндірілетін электр энергиясының 12 пайыздан астамы болат қорыту ісіне пайдаланылады. Қазір бұл елде инженерлер болат қорыту пештерінің энергияны аз тұтынаты жаңа түрлерін және тұтынылған қайтадан іске жарату технологияларын ойлап тапты. Сонын нәтижесінде қазір 1 тонна болат өндіруге жұмсалатын электр энергиясы 20 пайызға дейін төмендетілді.
-
Ғалымдардың айтуынша жылдан-жылға ауаға таралатын көмір қышқыл газының шектен асып, жаһандық жылыну құбылысын жылдамдатуда. Үстіміздегі ғасырда ауаның жылынуы 6,4 градусқа артып, мұхиттардағы су деңгейі 58 см-ге дейін көтерілді. Алдағы уақытта табиғат тепе –теңдігін орнықтырып, ресурстады ысырапсыз пайдаланатын қоғам модельін әрбір адамның, отбасының, мемлекеттің ықшамды да үнемді тұтыну дәстүрін қалыптастыраты ноосфералық этика моделімен алмастыру қажет.
Халқымыздың бар тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Өйткені халқымыз бағзы замандардан табиғатпен біте қатынасып, оның аясында өмір сүріп, түрлі сырларына қанығып өскен. Халық өз табиғатының бел баласы, қамқоршысы. Бүгінгі таңда адамзат алдында аса күрделі мәселе – биосфера тіршілігін тұрақты ұстау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қорғау мәселесі тұр. Бір жылда атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жану нәтижесінде 20млрд . тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының табиғи қоры 50 млрд. тоннаға жуық. Бірақ адамның іс – әрекеті нәтижесінде бөлінген көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі климаттың өзгеруіне алып келеді. Сонын салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градус мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соңында дүниежүзілік мұхиттар деңгейі көтеріліп, түрлі табиғи апаттар болуы мүмкін.
Біздің елімізде Қазақстан Республикасының 2014-2015 жылдараға раналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, «Тза ауа – жанға дауа», «Жасыл ел», «Таза су» бағдарламалары, жүйелі, әрі табысты жүзеге асырылуда.олай болса, «Жер ананың, табиғаттың саулығын сақтауға бірлесіп атсалысайық!», «Туған жерді жасыл желекті, орманды аймаққа айналдырайық!», «Жер – Ананың тағдыры біздің жастардың қолында екендігін ұмытпайық» деген мақсатта өтіоген акция соңында экологиялық үгітшілер барлық оқушыларды ауыл маңын көгалдандыру жұмысына белмене қатысуға шақырды.
Қорытынды.
Жер қойнауын пайдалануда заңсыз істермен мемлекетке, жеке азаматтарға зиян келтірген кінәлі адамдар зиян мен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Үйге тапсырма: «Халық өз табиғатының бел баласы, қамқоршысы» тақырыбына реферат дайындап келу.
Сабақтың тақырыбы:Табиғи ресурстарды ысыраптау.
Мақсаттары:
білімділік: Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру.
тәрбиелік: табиғатқа қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу
дамытушылық: өндіріс орындарындағы экологиялық қажеттілік туралы балалардың білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Адамдар ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келеді. Ол кезде табиғат байлықтары мол, ал оны жұмсау аз болғандықтан адамдар олардың орнын толтыру,қалпына келтіру сияқты мәселелерге көп көңіл бөлмейтін. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан соң басқа ағаш өсіп, аулаған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазартып жататын. Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп қалпына келетін.
Қазір жағдай тіпті басқаша болды. Ғылым мен техника жетістіктерімен қаруланған адамдар үлкен күшке айналады. Оның үстіне адамдардың саны көбейіп табиғат байлықтарын пайдалану да бірнеше есе өсті.
Адамдардың іс- әрекеті, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңдестікті бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің қауіпті бола бастады. Табиғи ортаны бұзудың бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан жасалған зиянды табиғи өз күшімен жоя алмайтын, өздігімен бұрынғы қалпына келе алмайтын күйге түсті.
Дүние жүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрылыс материалын, азық-түлікті т.б. адамдар табиғаттан алады. Сөйтіп 15-20 жылда табиғат ресурстарын пайдалану да екі есе өсіп отырады. Ал табиғат байлықтары болса мұндай қысқа мерзім ішінде қалпына келмейді, орны толмайды. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір түрлері таусыла да бастады.
Көп ғасырлар бойы табиғатқа «Қожалық етіп», билік жүргізуге үйренген адамдар оның байлықтарын есепсіз қисапсыз жұмсап, шашып- төгіп қазіргі экологиялық дағдарысқа әкелді. Өмір сүруге қажетті кеңістіктің тарлығын, табиғат байлықтарының таусылатынын адамдар енді түсіне бастады.
Ерте заман адамдары келешегін ойлауды, іс-әрекетінің зардабы қандай болатынын күн ілгері болжауды біле білмейтін, ол үшін оларды кінәләуға хұқымыз жоқ. Оның үстіне табиғатқа келген зиян сол бойда көрінбей, ондаған жылдар өкесін барып біліне бастайтынын да ескерген жөн.
Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар алдарына белгілі бір мақсат қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды. Бірақ осы орындалған мақсат қоғамға, табиғатқа қосымша қандай, біздің ойымызға келген, залал әкелетінін ескермейді.
Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген еңбегіне ойланбай істелген бір іс туралы мысал келтірейік: «адамдар Местопотомияда, Грекияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде ағаштарды тамырымен жұлып жыртатын жер әзірленгенде, ылғал жинайтын және сақтайтын ормандардан айырылған осы елдердің қазіргі шөлейт өңірге айналуы сол кезден басталғаны олардың түсіне де кірмеген болар» деп, онан әрі қарай «Испандық плантаторлар ойланбастан Кубаның тау бауырындағы ағаштарын өртеп, олардың күліне аз уақыт кофе ағаштарын өсіріп пайда тапқанда да тропиктік нөсер ашылып қалған топырақты жуып әкетіп, өздерінен кейін жалаңаш жартастар қалатынына қынжылған жоқ» деп көрсеткен болатын.
Табиғи ресурстар үш тоқа бөлінеді.
Таусылатын табиғи ресурстар |
Таусылмайтын табиғи ресурстар
|
|
Қайталанбайтын (толмайтын) |
Қайталанатын (толатын) |
|
Минералды заттар (көмір, мұнай, газ, руда т.б.) |
Топырақ, өсімдіктер, жануарлар, су қорлары (бір қатар аудандар үшін, мысалы, сахара, Орта Азия т.б. су қоры қайталанбайды) |
Ауа,су қорлары, күн сәулесі, атом, жел, геотермальдық (жер қойнауы жылуы, ыссы сулары), теңіз суының көтеріліп жағаға соғу және кері тебу энергиялары. |
Кейбір авторлардың болжауынша , қазбалы кендерді пайдалану осы қарқынмен жүргізіле берсе дүние жүзіндегі күмістің қоры 19жылда, мыс-20, қорғасын-23, қалайы-35, көмір, мұнай, газ-150, темір 250 жылда таусылып болады.
Әрине бұл болжамдар қазіргі белгілі қорларға қатысты айтылған. Жер шарының әлі зерттелмеген аймақтары бар, жер қыртысының тек 5-км-ге дейінгі тереңдігі зерттеліп,оның терең қабаттарында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қорытынды: Қалай болғанда да табиғат ресурстарының тапшы екенін ескеріп, оларды ұтымды пайдалануды , бағалы заттарды қалдыққа жібермеуді ойластырған жөн.
Үйге тапсырма: Таусылмайтын ресурс ауа тақырыбына туралы қосымша ізденіп
келу.-
Сабақтың тақырыбы:Қоршаған ортаны ластау
Мақсаттары:
білімділік: қоршаған ортаның ластану туралы білім беру.
тәрбиелік: оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу
дамытушылық: табиғатты сүйе білуге, бүлдірмей қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты
Табиғат-бұл өте үлкен ұғым. Табиғат-бұл өте үлкен ұғым. Табиғат –асыраушың, байлығың, күнделікті оқитын кітабың, тынығатын орның. Табиғат-адам еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау, өндеп іске тарту кезек күтпейтін мәселе болып табылады. Бұл болмайынша қоршаған ортаның ластануын тоқтату мүмкін емес.Өзендерге, теңіз бен мұхит суларынасұн сайын мыңдаған өндірістік қалдықтар мен лай сулар құйылып, қалалардың оңаша бұлт пен тұтін емес, қара бұлдыр тұман жауып тұрса, жер беті айқұш-ұйқыш қазылап жатса қалдықтар өсімдіктер мен жануарларға жиналып, адамдарға өтіп, өлім-жетім, ауыру-сырқау көбейсе- онда өкологиялық дағдарыс адамзатқа төнген үлкен қауіп деп түсіну керек.
Көп жылдар бойы экологиялық дағдарыты капиталисттік жолмен көріп, олардың өндіріс күштері мен жеке меншік деп кінәладық.
Біздегі жабық қоғам мен жеке адам басқарған өкімет алған зұлымдықты өз халқынан жасырып өтірік айтып, олар өмірлерін қорғау құқығынан айырды, өлімге азып үшыратты.
Басқаларды бодан және жартылай бодан халықтың байлығын сүлектей сорды деп кінәлаіан кеңестер империясы Рессей патшасынан бастап 300 жыл бойы қазақ халқының байлықтарын сұрақсыз, ақысыз, керегінше пайдаланды, елдерге сатып пайдасын көрді. Алтын, күміс, мыс, қорғасын, мырыш, темір, болат, хром, никель, мұнай, газ т.б. түсті және сирек кездесетін метаолдар жыл сайын көп мөлшерде әкетіліп жатты.
Басқаларды лас кәсінорындарды бодан елдерге орналастырып өздеріне таза дайын өнімдерді әкелді деп кінәлаған империя Екібастұзды жылына 100 миллион тонна қоңыр көмірді қазып, сонда отқа жағып электр энергиясын жоғары вольтты сым арқылы Рессейге жіберіп, Қазақстанда күлі мен түтіні қалуда. Қазақстан үшін бұл көмір қажет ал оны қазып жер бетін бүлдіру, қоршаған ортаны күлмен ластау тіпті орынсыз. Бірақ Ресейге электр энергиясы тұздағы ондаған мың осы көмірді қазуға қызметкерлерге жұмыс пен жалақы керек.
Сөйтіп бір айналған дөнгелекті тоқта алмай әуре болуда. Басқаларды Радиоактивті қалдықтарды мұхит түбіне тастады,-кеңестер империясы Қазақстан жерінде 40 жыл ауада, жер астында атом жіне сутек бомбаларын жарып келді. Чернобыльде болған үлкен бір апатқа дүрліккен адамдар Қазақстанда жыл сайын бірнеше Чернобыльге тұратын апат болып жатқанын елемеді.
1993 жылы қазан айында сұйық радиоактивті қалдықтарды жасырын,түн қараңғысын жамылып Жапон теңізіне тастауы Ресей империясының басқалармен есептеспейтінін, олардың мүддесімен санасапайтын әлемге тағы әйгілі етті.
Қоршаған ортаның ластануын тоқтату жөнінде мәселе көптен айтылып, талқыланып жатса да әлі шешімі табылмай керсінше жыл сайын ластану мөлшері өсіп барады.
Қоршаған орта көп ластаушы заттар қатарына сынап, қорғасын кадмий, мышьяк т.б улы химиялық заттар мен олардың қосындылары жатады.
Қоршаған орта көп тараған көмір қышқыл газ, көміртек тотығы, күкірттің, азоттың, хлордың түрлі қоспалары да табиғатты ластаушы заттар болып саналады.
Табиғаттан керегін алып, қалпына келтіруді, байлықтарын молайтуды ойламай күн көрудің нәтижесінде жер мен ауа ластанып,өзен, теңіз, мұхит түрі жарамсыз қоқыс төгетін орынға айналып барады.
Өкінішке орай, адамдар табиғатты тілсіз құл санап, оған аз биліктерін жүргізуге құмар болып алды. Таі биғат пен арақатынаста адамдар ескертулерді ұмытып, қоршаған ортаға дөрекі көз қарастан арыла алмай келеді.
Адамдар ар-ұяты, сана-сезімі, қайрат –жігері қоршаған ортаның қасіретті жағдайын тез түсініп, табиғаттың бұзылуын, азып-тозуын тоқтатуға жұмсалса жер жүзінде қызықты өмір жалғаса берері сөзсіз.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта нені үйреніп, нені білдік? Осы оқып, білгендеріңді күнделікті өмірде естен шығармай жүруге тырысыңдар.
Тақырыбы: Адамдардың қоршаған ортаға бейімделуі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: таблицалар,суреттер,үлестірмелер.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстар адам өміріне ,денсаулығына
Қандай әсер ететінін ,олар адамның ,бейімделу және көндігу.Табиғатта адамдарға ықпалы жөнінде бір тұтас жүйелі мағлүматтар болмағандықтан,бірен-саран бытыраңқы зерттеулерге сүйеніп қоршаған ортаны қолайлы немесе қолайсыз деп баға беру қиын.
Мыс: Күн бетінде дақ көбейіп ,күшті жарылыстар болған жер бетіне түсетін күн сәулесі де өсіп ,климатта ,биосфера өсімдіктер мен жануарлдар дүниесінде ерекше өзгерістер болады .Күн бетінде дақ азайып жарылыстар кемігенде күн сәулесінің қуаты бұрынғы қалпына түседі.Кейбір шет ғалымдарының айтуына қарағанда күнде дақ көп кезде адамдардың қанында липидтер жоғары,дақ аз болғанда туылғандарда төмен болатын көрінеді.
Көптеген адамдар Қара теңіз жағалауында дем алуды ұнатады.Бірақ көпшілігі бұл өңір және уақыт олар үшін қолайлыма жоқпа оны өздері біле бермейді.Адамның дені сау ,ғұмыры ұзақ болса –бұл қоғамның байлығын ,берекелігін көрсетеді.Сондықтан экология тек қолайлы ,қолайсыз ортаның адамдар организімне ықпалын, әсерін ,жарамсыз жайларды жою жолдары мен нақтылы шараларын да зерттейді.
Табиғат жағдайына неғұрлым қолайсыз болған сайын адамның ауру сырқаудан қорғану мүмкіншілігі азая береді де, қайта қалпына келтіру үшін, көп күш пен қаражат керек болады .
Жаңа тақырыпты бекіту:
1.Күн сәулесінде дақ көбейгенде қандай жағдай болады?
2.Ресейдің Нерильск қаласында күн бетіндегі дақ туралы қандай зерттеулер жүргізілді?
3.Адамдардың дені сау болу үшін нестеуге болады?
4.Адамдар қоршаған ортаға қандай көмегін тигізуі керек?
5.Табиғат жағдай қолайсыз болған сайын,аадам өміріне қаупі қандай?
Қорытынды: Қорытындылай келе, Адамдардың қоршаған ортаға бейімделуі жайлы маңызын ашып түсіндірдім.
Үйге тапсырма: тақырыптың мазмұнын айту ,қосымша іздену.
Тақырыбы: «Ең аз шама » заңы мен толеранттық шек
С абақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: таблицалар,суреттер,үлестірмелер.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Либихтан кейінгі зерттеулер бұл заңдылықта мынандай жағдай сақталған дұрыс болатыны анықталды .Бірінші энергияның кірісі мен шығысы тең болып,жағдай бір қалыпты өзгермей тұрғанда ,жағдай күрт өзгеріп, күшті дауыл, өрт немесе су тасқыны болса ,«ең аз шама » заңы бұзылуы да мүмкін .Екінші заттар айналымы, орын алмастыруы бір қалыпта сақталса,Егер кейбір заттар көп пайдалануға жеңіл болса басқа заттар қажетсіз етіп,химиялық құрамы жақын заттарды орнын алмастырып пайдалана береді.
Заттар аз болса шектеуші фактор пайда болады деу дұрыс емес . Олар көп болғанда шектеуші факторға айналуы мүмкін .
Мысалы; күн сәулесі ,жылу, су көп болса да өсімдік тер нашар өседі , сөйтіп көптікте шектеуші фактор болады .
Соынымен тірі организмдер әрдайм экологиялық ең аз экологиялық ең көп шама аралығында өмір сүреді аралық (ең аз бен ең көп арасы ) мөлшерін ғылымда «толеранттық шек » деп атайды.
«Толеранттық шкек» заңын 1913 жылы Б.Шелфорд ашты.Шектеуші факторлардың экологтар үшін маңызы үлкен.
-организмге керекті зат түрі не аз, не көп болса , заттарға да толеранттық шегі өзгеруі мүмкін.
Мысалы; топырақта азаот аз болса , өсімдік сарғаймас үшін суды бұрынғы мөлшермен құяды ,немесе азот аз болған соң суға деген толерант шегі өседі .
-организмдердің толеранттық шегі кейбір заттарға сонша үлкен болып,кейбір заттар тым аз болуы мүмкін.
Жаңа тақырыпты бекіту:
1.Ю.Либих қай жылдан бастап табиғаттың түрлі факторларымен айналысты?
2.«Ең аз шама» заңы туралы тоқтал?
3.Шектеуші факторларға мысал келтір?
4.«Толеранттық шек » заңын кім ашты?
Қорытынды: Қорытындылай келе, «Ең аз шама » заңы мен толеранттық шек. маңызын ашып түсіндіру
Үйге тапсырма: тақырыптың мазмұнын айту ,қосымша іздену.
Сабақтың тақырыбы:Климаттың шектеуші факторлары
Мақсаттары:
білімділік: климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен құбылыстар туралы түсінік беру.
тәрбиелік: табиғатқа қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
дамытушылық: алған білімдерін өз беттерінше пайдалана білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Табиғаттың көптеген шектеуші факторларының ішінен климатқа жататындарын бөліп алып қараған дұрыс, себебі олардың адам өміріне, шаруашылық жүргізуге жасайтын әсері өте үлкен
Климаттың шектеуші фактор болатыны ондағы өзгерістер мен құбылыстар адамдардың еркімен жүрмейді, тек табиғат заңдарына ғана бағынады. Көп жыл бойы адамдар климатты өзгертеміз, бағындырамыз деп әуреленсе де одан ештеңе шығара алмай келеді.
Сондықтан қандай да болмасын өндірісті ұйымдастырғанда өмір сүруге қолайлы жағдай жасағанда сол жердің климат ерекшеліктерін ескеріп, олардың пайдалы жағын пайдаланып, зиянды жағын азайту бағытында қызмет істеу қажет.
Климаттың шектеуші факторларына ауаның температурасы, күн сәулесі, жылу ағын, жел және атмосфералық қысым жатады.
Климаттағы өзгерістер мен құбылыстар табиғи жолмен және адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде болып жатады.
Табиғи жолмен болатын өзгерістер миллиондаған жылдар бойы жүріп келеді. Жер шарының әр түпкірінен табылған ауа райы туралы деректерді салыстырғанда бірнеше миллион жыл бұрын климаттың басқаша болғаны, содан бері айтарлықтай өзгергені мәлім болды. Ол кезде жоғарғы ендіктер мен экватор арасында климат айырмашылығы қазіргідей көп болмаған.
Кайназой дәуірінде климаттың салқындауына және жоғары ендіктерде мұз пайда болуына атмосферада көмір қышқыл газының азаюыда себеп болады. Кейіннен мұздарда климаттық салқындауына әсерін тигізді.
Адамдардың іс-әрекетіне байланысты болатын өзгерістер ормандарды кесіп, егістік жерлер даярлаған, қала мен су қоймаларын сола бастаған кезден жүріп келеді.
Адамдардың іс-әрекетіне(шаруашылық жұмыстары) дүние жүзі климатына мынадай факторлар арқылы әсер етеді.
-жылына 7-10миллиард тонна отын (көмір,ағаш, шымтезек, мұнай. т.б) жағылуына байланысты ауаға қосылатын көмірқышқыл газы 4-5процент өсуде.Ғалымдардың болжауы бойынша ХХ ғасырдың аяғында атмосферадағы көмір қышқыл газының үлес салмағы 0,04 процентке, 2030 жылы-0,05-0,07 процентке жетіп, өндіріс дәуіріне дейінгі мөлшерден екі есе көп болады.
Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15 С –қа жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 проценке кемиді. Біздің онсыз да өте қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті қолайсыз болуы мүмкін.
Қорытынды:Шаруашылық жұмыстарымен айналысқанда биосфераның өсу заңдарын ескеріп отыру, болашақта болатын пайда-зиянды анықтап алу ақыл.
Сабақтың тақырыбы:Атмосфераның газдық құрамы
Мақсаттары:
білімділік: адамдар ауасыз күн көре алмайтындығы туралы түсінік беру.
тәрбиелік: ауаны ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
дамытушылық: алған білімдерін өз беттерінше пайдалана білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар, химиялық диктант
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Жер шарын қоршап тұрған, шаң-тозаң, бу мен газдан құралған атмосфера ауасы күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ-ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып жатады. Күн сәулесін жер бетіне өткізіп, жерден көтерілген жылуды әлем жүзіне жібермей, шыны жабылған парниктей әсер етеді.
Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап-қараңғы болып күн адамның көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын-шашын болмай, жер бетіндегі температура күндіз +1000С-тан астам ыстық, түнде -1000С-қа дейін төмендеп қақыраған аяз болар еді. Сөйтіп бір тәулік ішінде температура 2000С-қа өзгеріп отырар еді.
Атмосфералық ауа бар кездің өзінде Батыс Сібірде қыста -600С, жазда +300С, жыл бойы 900С-қа өзгергенде өмір сүруге қолайсыз болып, көп қиыншылықтар кездесіп жатады. Мұнан екі есе көп температуралық өзгерістер жыл бойы емес, әр тәулік ішінде болып жатса, әрине, бұл жағдайда жер бетінде ешқандай тіршілік болуы мүмкін емес.
Атмосфералық ауа тым жеңіл, 1м3-де 1300 грамм ауа болады. Соған қарамастан жер бетіне түсетін қысым (салмақ) әрбір 1см2-ге 1кг-нан келеді. Адам денесінің мөлшері орта есеппен 1,5 м2-болса, оған түсетін салмақ 1,5 тоннаға жетіп қалады. Егер адамның ішкі қысымы атмосферлық қысымнан қазіргідей тең болмай, аз болса, олар ауаның салмағынан жаншылып қалар еді.
Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, амиактан, су буларынан және оқшау, басқалармен қосылмайтын (инертті)гелий,неон сияқты газдардан тұрған.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды, таңдауға мұршасы болмай қандай ауа болса да дем алуға мәжбүр. Егер тамақсыз 5 жеті, сусыз 5 күн өмір сүруге болса, ауасыз 5 миөтте тұра алмайды.
Тәулігінде адамдар өкпесі арқылы 25кг, немесе 10-11 мың литр ауа етсе, қойға -20мың, жылқыға -86 литр ауа керек.
Атмосфералық ауа таусылмайтын қорға жатады. Жыл сайын 10 миллдиард тонна оттек жұмсалып, осыншама ауаға қосылып жатады. Ауаның таза болуы, қалыптасқан құрамының сақталуы адамдар мен басқа оргнизмдердің өмір сүруінің негізгі талабы. Таза ауа өнеркәсіпте де қажет, әсіресе вакцина , антибиотиктер , шала өткізгіштер , дәл өлшейтін аспаптар т.б шығару үшін керек.
Қорытынды: Химиялық диктант алу.
Сабақтың тақырыбы:Ауаны ластаушы көздер.
Мақсаттары:
білімділік: ауаның жаратылыс және адамдардың іс-әрекетінен ластануы туралы білім беру.
тәрбиелік: ауаны ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
дамытушылық: оқушылар алған білімдерін іс жүзінде басқаларға түсіндіре білуі қажет.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді, ал уытты заттар улайды. Ауа жаратылыс/ табиғи/ жолдармен және адамдардың іс-әрекетінен ластанады.
Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақтың жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т.б аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады. Желтоқсаннан ақпан айына дейін соғатын тропиктік белдеулер желі Сахараның 60 тан 200миллион тоннаға дейін шаң көтеріп мыңдаған километр жерге апарады.
1985 жылы желтоқсан айының 19-ында күндізгі сағат 10 да Ашгабад қаласын қараңғылық басып, аспан қызғылт сары түске түсті, жарты сағаттан кейін қараңғы болып пәтерлерде шам жағуға тура келді. Сағат 13-те аспан ашылып жарық болса, екі сағаттан кейін қайтадан қараңғы түсті. Сол күні қала үстінен 170 мың тонна шаң өтті. Теңіз сулары буланғанда ауаға тұз қалдықтары, өрттен кейін күл мен шаң қосылады.
Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады. Адамдардың іс-әрекетінен пайда болған шаң-тозаң ,түтін, басқа қалдықтардың химиялық құрамы өте күрделі, адамдар мен табиғат үшін аса қауіпті.
Өндірістің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы заттардағы үлес салмағы мынадай.
Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. отынның барлық түрінің химиялық құрамында көміртек, сутек, күкірт, азот және оттек болады. Олардан бөлінген газдар адамдар мен қоршаған ортаға зиянды.
Ауаны ластаушылардың ішінде автомәшинелердің алатын орны ерекше.
Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Коммуналды-тұрмыстық қызмет орындары да далада от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады.
Қорытынды: ауаны ластаушы көздерді атаңдар
Табиғи жолмен ластануға мысал келтір.
Үйге тапсырма: тақырыптың мазмұнын айту, қосымша іздену
Сабақтың тақырыбы:Ластанған ауаның зиянды әсері
Мақсаттары:
білімділік: Ластанған ауаның тірі организмдерге зияны туралы білім беру.
тәрбиелік: ауаны ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
дамытушылық: оқушылар алған білімдерін іс жүзінде басқаларға түсіндіре білуі қажет.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1км-ге дейін көтеріліп жан-жаққа жүздеген км қашықтыққа тарайды. Ауаны ластаушылар қатарында көміртек тотығы, көмірсутек,күкіртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң, күйе мен күл айтылған болатын. Қоршаған ортаға аса қауіпті автомәшинелерден ауаға қосылатын көміртек тотығы СО халық оны иісті газ деп те атайды. Күкірті газ SO2 оттекпен қосылып күкірт ангидридіне SO3 су буларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі. Ол металды тотықтырады, метанды , бетонды, бояуды күйдіреді, кісілердің өңеші мен өкпесіне, жануарлар мен өсімдіктерге зиянды. Топырақтың қышқылдануынан өнім азаяды.
Судың қышқылдығы көбейсе балықтар, су жәндіктері мен жануары өмір сүре алмайды.
Қышқылды жауын –қоршаған ортаның ластануының ауыр түрінің бірі. Оның зияны адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, үйлерге, ғимараттарға, сәулетті ескерткіштерге көп тиюде. Мұнда ескеретін жай атмосфераға күкіртті газ жіберетін елдермен салыстырғанда олардың көршілері көп зиян көреді.
Отын жаққанда, өрт болғанда, адамдардың іс-әрекетінен ауаға көмір қышқыл газы СО2 өте көп қосылады. Осының нәтижесінде соңғы 100жылда ауадағы көмірқышқыл газы 11-13 процентке өсті. Бұл газдың адамға әсері жүрек соғу мен демалу жылдамдап, басы ауырып, құлақ шуылдап, қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы азаяды. Газ тым көп болса кісі есінен де танып қалады.
Адамның денесіне қорғасын азық-түлік арқылы да өтеді.Мәшинелер көп жүретін жол бойында өскен картоп, көкөніс жеміс құрамында қорғасын шектеулі-рұқсат етілген мөлшерден 5-10есе артық болады.Жоғарыда аталған ауаны негізгі ластаушы газдар мен қосындылардан басқа да адамдарға, бүкіл биосфераға қолайсыз заттар бар.
Ластанған ауаның өсімдіктер мен жануарлаға да зияны көп.
Ластанған ауа құрылыс материалдарының тез бұзылуына әсер етеді. Күйе мен шаң ғимараттарды кірлетіп, қарайтып тоздырады, қышқылды жауын оларды бұзады. Күкір қышқылы үй төбесін жапқан қаңылтырды, қышқылды заттар мен тұздар металды тотықтырады.
Сабақтың тақырыбы:Ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары
Мақсаттары:
білімділік: өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның да тазалығын сақтау туралы түсінік беру.
тәрбиелік: Өз елін,жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
дамытушылық: Өз міндеттерін жүйелі де нәтижелі жүзеге асыруға бағыттау.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Адамға табиғат берген
байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге
ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан
Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған
орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары
атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында
газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар
іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да
өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар
көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің
қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі
құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары
температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның
құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында
мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды
газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты
Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды
ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу
арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600
кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді.
Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда
-50, Шымкентте — 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда,
Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш
сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында,
автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген
тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында
«Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды
ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау
жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50
болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың
денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды
шаңдар 54,2% корғасын —68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш
кен-металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук
заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің
цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері — Юесе, Өскеменнің
титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлаіері 1,8 есе
қыс-қартылды.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер
лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін
жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі
ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл
газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып
отыр.
Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан
8-9 есе асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді
барлық ендіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін
темендеген.
Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен
цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы
комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың
мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар
мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға
қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай
туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде барлығы 144
кәсіпорынның жұмысына «жақсы» деген баға
берілді.
Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды
сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші
болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың
орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатыл-ы.
Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен
бері
Сабақтың тақырыбы: Ластаушы және зиянды газдарды тазалау
Сабақтың мақсаты:Зиянды, ластаушы газдарды тазалау
әдістері.
білімділік: өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның да тазалығын сақтау туралы түсінік
беру.
тәрбиелік: Өз елін,жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі
суды
Осы уақытта ауаға улы қосылыс
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін
Қазіргі кезде ауадағы зиянды заттарды ұстайтын
құрғақ тазалау әдістері;
ылғалды тазалау әдістері;
электр сүзгімен;
физика-химиялық;
термиялық.
Қысқаша толықтырып өтсем. Құрғақ тозан
Циклонды газ ұстағыштарға мынадай әдіспен анықталады,
Ылғалды тозан тазалау әдістері бұлар көп
Электр сүзгімен тазарту әдісі. Ластанған
Физика-химиялық тазалау әдісі. Физика-химиялық әдісі арқылы
Химиялық әдіс бойынша газдардың басқа сұйық
Физика-химиялық процестердің өтуіне қарай химиялық
қалдықтарды ерітетін заттармен жуу (абсорбция әдісі);
қалдықтардың ерітінділерін химиялық жолымен біріктіретін
газ түріндегі шығардыларды қатты заттардың бойына
шығардыны каталитикалық түрмен сіңіру.
Абцорбция әдісімен ластанған газдың бір немесе
Құбырлы скруббер тік қойылған абсорбердің ішіне
Абсорбция және хемосорбция әдістері ылғалды
Зиынды шығарынды құрамын каталитикалық өндеуден өткізіп
Термиялық әдісі қалдықтарды өте жоғары температурада
Атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттардың шығарындысы
Зиянды заттар Бір жолғы барынша көп
Азот қостотығы 0,085 0,085
Аммиак 0,2 0,2
Қорғасын - 0,007
Күкірт қышқылы 0,3 0,1
Көміртек тотығы 3 1
Хлор 0,1 0,03
Мышьяк - 0,003
Фенол 0,01 0,01
Уытсыз шаң 0,5 0,15
Үйге тапсырма: тақырыптың
мазмұнын айту, қосымша іздену
Сабақтың тақырыбы:Атмосфералық ауаны хұқықтық қорғау
Мақсаттары:
білімділік: өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның да тазалығын сақтау туралы түсінік беру.
тәрбиелік: Өз елін,жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
дамытушылық: қоршаған дүниедегі обьектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың түрі : дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс,берілген бағыттармен іздену
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау және жағдайын жақсарту, адамдар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, халық шаруашылығы үшін қолайсыз химиялық, физикалық, биологиялық, тағы бақсқа да әрекеттерді ауада болдырмау немесе нығайту шараларын алу, және атмосфералық ауаны қорғау ісінде шапшаңдықты күшейту жолдары белгіленген.
Ауаны ластайтын заттардың бір жллғы барынша көп мөлшерде атмосфераға жіберу мәселесін мемлекеттік орган тағайындаған арнайы өкілеттігі бар лауазым иесі шешеді.
Жаңа салынған немесе қайта жөндеуден өткен кәсіпорындар тазалығына зиян келтірген болса, оларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Олардың құрылысын жобалаған кезде оларды үлкейту көзделгенде атмосфералық ауаның нашарламауы, зиянды заттарды ұстайтын қондырғылар салынуы ескерілетін болуы керек.
Заңда шектеулі рұқсат етілетін мөлшерден көп және рұқсатсыз ластаушы заттарды ауаны қосқаны, өнеркәсіп орындарды пайдалану тәртібін бұзғаны, ауа тазартатын қондырғыларды пайдаланбағаны, жаңа кәсіпорынды ондай қондырғысыз іске қосқаны, уытты химиялық заттар мен минералды тыңайтқыштарды сақтау және пайдалану тәртібін бұзғаны үщін кінәлі адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген
Осы Заңға сәйкес және оны жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті Министрлерліктер мен мемлекеттік комитеттер тиісті қаулылар қабылдап, қалалық ережелер бекітті.
Республиканың құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеті «Кәсіпорындардың зиянды қалдықтарын ауаға есебін шығару туралы» нұсқау шығарды. Онда кәсіпорындарды салмас бұрын болашақ зиянды қалдықтарды есептеп, оны тазалайтын қондырғы мен салынатын мұржаның биіктігін белгілеу тәртібі көрсетілген.
Қазіргі басты міндет, биік мұржалар салып зиянды қалдықтарды жажаққа шашу емес, ауаға ластаушы заттарды жібермей, оларды пайда болған көзінде ұстап қалу.
Әрбір қәсіпорын, мекеме, ұжым ауаға қанша және қандай зиянды қалдықтар жібергені, оларды тазалау жоспарының орындалуы және шектеулі рұқсат етілген мөлшерге сәйкестігі туралы мемлекеттік талдау және есептеу комитетіне тоқсан сайын есеп тапсырады.
Мына төменде аталған мемлекеттік органдар атмосфералық қысымның жағдайын бақылауға міндетті:
-
Денсаулық сақтау министрлігі мен оның жергілікті органдарды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелері арқылы елді мекенде санитарлық-тазалық сақтауын, жұқпалы ауыруларға күн ілгері шаруалар алынуын, ауаның ластанбауын бақылайды.
Олардың санитарлық-тазалықты сақтау туралы берген жарғылары міндетті түрде орындалуға тиіс. Жаңа елді мекен, кәсіпорын, көлік және коммуналдық мекемелерді салу жөніндегі құжаттарды қарап, келісім береді.
Қорытындылау: Балалар, бүгін біз атмосфералық ауаны хұқықтық қорғау туралы түсінік алдық.
Өтілген тақырып жөнінде қорытынды ойларын ортаға салу.
Тақырыбы:Озонның табиғатта таралуы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: таблицалар,суреттер,үлестірмелер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісе
Жаңа сабақты түісіндіру:
Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқыл газдары қосыла бастады.
Алғашқы ,көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутект,метан, амиак,күкіртті сутек газдарын біртіндеп азайта береді. Мысалы, сутек бактериялары ауадағы сутекті,күкірт бактериялары жанар таулардан бөлінген күкіртті сутекті толықтырып , қара қошқыл, көк және көкжасылбалдырлар көмір қышқыл газды пайдаланып ,ауаға оттек газын бөле бастады.
Ауадағы қалыптасқан мөлшерде болатын шаң- тозаң атмосферада өтіп жататын процестер үшін қажет. Олар буларды сұйық түрге айналдыруға ,күн сәлесін азайтып
жерді өте ысып кетуден сақтауға, жер бетіндегі жылудың әлемге тарап кетпеуіне , жауын-шашын әкелетін бұлтарды жинауға қатынасады. Жер бетінен көтерілген жылы шаң-тозаң ауаның араласуына әсерін тигізеді. Әрине,шаң –тозаң милиондаған жылдар бойы қалыптасқан мөлшерде болса ғана пайдалы. Егер өте көп болса келтіретін зияны да аз емес.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды,таңдауға мұршасы болмай,қандай ауа болса да дем алуға мәжбүр.Егер тамақсыз 5 жеті ,сусыз 5күн өмір сүруге болса ,5 минөтте тұра алмайды.
Озон қабаты ұзындығы 200-300 нанометр шамасындағы ультра күлгін түстес күн сәулесін толықтай ұстап жер бетіне жібермейді .Соның нәтижесінде 30-60 кмбиіктіктегі ауа 30°С- қа дейін жылынса ,онан төменгі қабат тағы ауа өте салқын -60-70° шамасында болады.
Озонның тез бұзылып ,жоғалуына адамдар кінәлі .Халық шаруашылық салаларында түрлі аэрозолдарды шашуға ,бояауларды сұйылтуға сырдың жылтыр түрін кетіруге қолданылатын хлорофторметандар атмосфераға зиянсыз газ ретінде қосылады да 30км биіктікте көтерілгеннен кейін күннің ультракүлгін түстес сәулесінің әсерімен хлорға ,фторға бөлініп , бұл екеуі де озонды бұзуға тікелей қатынасады .
Атмосфера атом бомбаларын сынау ,ғарышқа ракетамен жер серіктерін ұшыру ,жоғары биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына өздерінің зиянын тигізуде
Жаңа сабақты бекіту
Кестелерді толтыра отырып сұрақтарға жауап береді
Қорытынды :
Қорытындылай келе, озон қабаты жайында терең түсіндірдім
Үйге тапсырма:тест құрау,мазмүнын айту
Сабақтың тақырыбы:Озонды қорғай аламыз ба?
Мақсаттары:
білімділік:Озонның табиғатта таралуы туралы түсінік беру.
тәрбиелік: Озонды қорғауға тәрбиелеу.
дамытушылық: Оттектің аллотропиясы жайлы мағлүмат беру.
Көрнекілігі: Суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
Озон –үш атомды оттек, газ, көк түсті. Төменгі температурада (-1120с) қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатса қанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 шқ аралығындағы биіктікте. Озон қабатының қалындығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шқ), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес , көлемі 3млрд. Тоннадан астам.
Озон қабаты қалай пайда болды?
Кәдімгі екі атомды оттектен озон пайда болуы үшін үлкен энергия қажет – 150кДж жуық.
Басты реакция кәдімгі екі атомды оттек атомдық оттекпен әрекеттеседі 02+00→03
Өте қуатты күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласының атомдары О0+О0 ыдырайды. Осы үздіксіз өнімнің әсерінен тұрақты озон қабаты пайда болады.
Озон қабаты қорғанышымыз.
Озон күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелердің бір бөлігін бойына сіңіреді: О3→О2+О0
Озон жердің тіршілігін сақтайды. Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады.
-
Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруының саны артады.
-
Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді.
-
Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.
-
Фитопланктонның өсу жылдамдығы кемиді.
-
Өсімдік тағамдарының санының кемуінен теңіз, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.
Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшаршарда жылудың тепе-теңдігі сақталады (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырау кезінде (бұзылуы) жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады.
Жазда және көктемде озон концентрациясы көтеріледі. Полярлы аймақта ол барлық кезде жоғары, экваторда ол күн жүйесіне сәйкес келетін 11 жылдық жүйемен өзгеріп отырады.
1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антрактика аймағыында баяу, тұрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы төмендеуін байқаған. Бұл құбылысы «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде мұндай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастайды.
Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады. Неге озон жоғалады? Шын озонның шығыны ультракүлгін сәулелерді жұту кезінде, сол сияқты кейбір реакцияның өтілу кезеңінде байқалады, мысалы:
О3+О0꞊2О2 О3+NO꞊NO2+O0
Бұл жағдайда ХХ ғасырдың екінші жартысында басқа да жағдайлар қосыла бастайды. Әуелі атомдық жарылыс, ракетаның және биікке ұшатын ұшақтардың әсерінен озон концентрациясы төмендеді десек, оған қоса химия зауыты өндірісінің басты кінәсі де бар. Олар озонмен реакцияға түседі. Сонымен бірге кәдімгі өндіріспен шығатын – фреон (хлорланған, фторланған көміртек). Ол нағыз бүлдіршін (1985 жылы стратосферадағы озон концентрациясы 1%-ға төмендеген). Озон қабаты
Хлорфторкөміртек (ХФУ) қазіргі тұрмыстық және өндірістік тоңазытқыштарда, аэрозольдік боллондарда, химиялық тазартқыш орындарда, кейбір өндірісте транспорттар өртегенде сөндіру үшін қолданылады.
Полимер синтездеу үшін және көбік түзуші ретінде қолданылады. Бұл заттың әлемдік өндірісі 105 млн. Т жетті. Болашақта өзінің ұшқыш және тұрақты химиялық әрекетімен хлор мен көміртек қолданылғаннан кейін атмосфера құрамына тап болып, онда 75 жылға дейін болады, озон қабатының биіктігіне жетеді. Онда күн сәулесінің әсерінен олар ыдырап, атомдық хлор бөлінеді, озон қабатында кәдімгі басты «тәртіп бұзушы» қызметін атқарады. Хлор озон мен атомдық оттекті жеп қояды, тез жүретін еркін ағымдағы мына реакциялардың есебінен:
О3+СI0→O2+CIO0 CIO0+O0→CI0+O2 соңғы реакцияларда хлор белсенді күйге енеді. Бұл жағдайда хлор жоғалып кетпей, озон қабатын бүлдіре береді. Ең бастысы хлор мен фтордың бұзу әрекетінен 1990 жылдың аяғында стротосферадағы озонның концентрациясы 10%-ға төмендеді
Сабақтың тақырыбы: Су қорларының жалпы сипаттамасы
Мақсаттары:
білімділік: өзге табиғи байлықтармен бірге судың да тазалығын сақтау туралы түсінік беру.
тәрбиелік: Өз елін,жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
дамытушылық: қоршаған дүниедегі обьектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіру.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың түрі : дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс,берілген бағыттармен іздену
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі-су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн.
Денедегі су мөлшері 10-12 процентке кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдей бастайды, 20-25 процентке кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді.
Су – түсі, исі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық (жіңішке түтк пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ертінділерін өсімдіктер бойына «сорып» алып күн көруі үшін өте қолайлы.
Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарту жүйелерінде көп пайдаланады. Қоршаған ортаның жылуын су өзіне жинап алатын болғандықтан өнеркәсіпте жылу алмасатын орталықтар жұмыс істейді.
Көптеген өндірістік процестерде құрал-сайман тез қызбау (темір немесе тас кескенде ) және кептіріп жылыту (кептіргіш қондырғыларда) үшін су қолданады. Су электр энергиясын алуға, жүк тасуға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық қажетті өтеу үшін керек.
Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар, олардың агрогаттық (сұйық, бу, мұз түрлерінің жиынтық атауы) күйіне қарамастан, жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады.
Жер бетінің 77,5 процентін (мұздары, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр.
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұшы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана.
Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі – мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр.
Сабақтың тақырыбы: Су қорларын ластаушы көздер.
Мақсаттары:
білімділік: Су қорларын ластаушы көздер туралы түсінік беру.
тәрбиелік: Суды ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу
дамытушылық: Су жөніндегі түсініктерін ары қарай жалғастыра отырып, оның қасиеттерімен таныстыру.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар, кластер, мақал-мәтелдер
Сабақтың түрі : дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс,берілген бағыттармен іздену
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700 см куб жұмсалады, олардың ішінде 130-150 км куб-і гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз және жерасты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен 10-20 процент шамасында ластаушы заттар бөлінбей сақталады. Бір рет пайдаланған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-14 есе кейбірейлерін 30 есе көп таза, оттегі мол сумен араластыру керек.
Өндірістік технологиянын жаңаруына қарамай 20 ғасырдың аяғында қалдық сулар көлемі 6000 км куб-ге жетеді. Ал мұншама қалдық суды таза сумен араластыру үшін, барлық өзендердің бір жылыдқ ағымы жетпейді. Міне сондықтан тұщы судың тапшылығына сапасы жақсы судың жетіспеуі қосылатын түрі бар. АҚШ-та 100 миллоннан астам адам бір рет пайдаланып сосын тазартудан өткен суды ауыз су ретінде пайдаланады. 1994 жылдың басында Мәскеу баспасөзінде Ресей халқының 42 проценті сапасы санитарлақ нормадан төмен, ауыз су ішетінің хабарланды.
1952 жылы өзен бетінде қалқып жүрген майлар мен шайырлар жанып, үлкен өрт болды. Суда балық қалған жоқ, егістік жерлерді суаруға болмайды. БҰҰ комиссиясының қортындысы бойынша өзенде кемелер ғана жүруге рұқсат етілді.
Жапонияның «Гиссо» химиялық компаниясының зауыттары Кюсю аралығындағы Миномата шығанағына ұзақ уақыт сынап қосындылары бар қалдықтарды төкті. Бұл уытты қалдықтар балықтар арқылы адам денесіне өтіп, жүйке тамырларына зиянды әсер етті. Ауырған адамдар сөйлей алмайтын, көздері көрмейтін, құлақтары естімейтін, түзу жүре алмайтын болып қалды..
«Миномата» аурыуына шалдыққандардың сынап қалдықтармен уланғаны дәлелденген соң «Гиссо» компаниясы сотқа тартылды. Сот үкімі шыққанға дейін 60 кісі өліп, 344-і мүгедек болып қалды. Бұл елде 1958 жылдан бері тазаланбаған қалдық суларды теңізге жіберуге тыйым салынған. Бірақ заң бұзылып, орындалмау себептен қаншама адам азап шегуде.
Су көздерін таза ұстау мәселесі бізде онып түрған жоқ. Алматы қаласның көшелерімен өтетін Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Весновка Қарасу өзендерінде мұнай өнімдерінен басқа зиянды қалдықтар көп. Автобазардың, тері комбинатының қаладан жоғары канализациясы жоқ елді мекендердің қалдықтары өзен суларын ластайды.
80-шы жылдары Жамбыл обылысының химия кәсіпорындарында бірнеше рет апат болы олардың уытты өнімдерін манайдағы көлдерге құйып «өлі» көлге айналдырды. Қарағанды облысында Нұра өзені сынап қалдықтарымен уланып адаидармен қоршаған ортаға өте қауіпті болып отыр.
Жайық өзеніне Ресей мен Қазақстанның химия, металлургия және машина жасайтын кәсіпорындары тазаланбаған қалдықтарын төгуде. Осының салдарынан өте бағалы мекре балықтар ұрық шашпайтын алқаптар уланып Атырау өңіоі көп зиян шегуде.
Ертіс өзені мен оның салалары Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарының түсті металлургия құрлысы материалдары, ағаш, тері және жүн өндеу кәсіпорындарының қалдықтарымен улануда.
Сырдария өзені Өзбекстан мен Қазақстанның мақта, күріш егістіктерінен, химия және машина жасау кәсіпорындарының уытты қалдықтары көп алуда.
Теңіздер мен көлдердің де экологиялық жағдайлары өте ауыр. Арал теңізінің көлі баршаға мәлім Каспий теңізі мұнай қазғанда танкілермен тасмалдағанда, кемелерді жуып тазалағанда мұнай қалдықтарымен ластанады. Балқаш көлі сол өңірдің кәсіпорындардың қалдықтарымен ластанып, Іле өзені мен келіп ағын сулар азаюына байланысты қиын жағдайда қалды. Республиканың басқа өзендері, көлдері және су қоймалары да шектен тыс ластануда.
Оқушыларға су туралы мақал-мәтелдерді айтқызу
Жаңа сабақты қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: Су қорларын қорғау және үнемді пайдалану.
Мақсаттары:
білімділік: Суды үнемдеу жолдарымен таныстыру.
тәрбиелік: Суды ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу
дамытушылық: Су және оның табиғатта болатын орындары туралы білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың түрі : дәстүрлі емес
Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс,берілген бағыттармен іздену
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Су қорлары мемлекет меншігіндегі бүкіл халықтың байлығы болып табылады.Оларды сатуға басқаның меншігіне беруге рұқсат етілмейді ,тек пайдалануға беруге болады.Еліміздің су қорлары өзендерден,көлдерден,бөгендерден,жер асты суларынан,мұздардан мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулардан құралады.
Республиканың Министрлер Кабинеті су қорларына иелік етеді,оларды пайдалану,сақтау тәртібін белгілейді,судың сапасы мен жалгерлік бағасы жөніндегі құжаттарды бекітеді.Су қорларын пайдалану мен қорғау жүйелерін анықтап,оның есебін жүргізеді.
Жергілікті жерде су қорларын пайдалану мен сақтау мәселелері обылыстық және аудандық әкімдер мен үкімет құрған өкілетті мекемелерге жүктелген.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп,тұрмыстық қажетті өтегеннен кейін, өсімдіктер балық және басқа жануарлардың өмір сүруіне,сақталуына зиян келмейтін болса ғана жаңадан салынатын немесе жөндеуден өтетін кәсіп орындар құрлысын жобалауға,жүргізуге,технология жабдықтарын жақсартуға рұқсат етіледі.
Құрылыс жұмыстарын, арна тереңдету және кеңейту,жол бұрғылау,жарылыстар,жүргізу,пайдалы кендерді қазу,өсімдіктерді жинау,кабель сымдары мен құбыр салатын жол қазу,су қорлары маңайындағы ағаштарды кесу,тағы басқа жұмыстарды жергілікті әкімдермен, су қорларын қорғау мекемелерімен келіспей жүргізуге болмайды.
Су қорларын пайдаланудың мынаңдай түрлері бар:
Ауыз су, курорт сулары, Өндірістік сулар,
Тұрмыстық су, Сауықтыру сулары, Энергия қуатын алу
Емдеу үшін, ауыл,шаруашылығы үшін,
үшін, көлік қатынасы үшін,
балық шаруашылығы үшін
басқа да мемлекеттік қажет үшін,
Су пайдаланушылар суды ұтымды және үнемді жұмсауға,сапасын төмендетпеуге,топыраққа,орманға,қазбалы кендерге, жануарлар дүниесіне зиян тигізбеуге міндетті.Су тазалайтын қондырғылар үнемі түзу қалыпта болып,керегінде жұмыс істейтін болу керек.
1 |
2 |
|
|
|
Су бетінде қалқып жүрген қосындылар ЗАТТАР |
Су бетінде қалқып жүрген жапқыш сияқты қалдықтар,май дақтары,қосындылар жиынтығы болмауы керек |
|
||
Иіс пен дәм |
Суда иіс болмауы керек.Дәм 2 балладан аспауы керек |
|
||
Судың түрі көрсетілген тереңдікте өзгермеуі керек |
10 см |
20см |
|
|
Судың температурасы |
Жаз айларында судың жылуы көп жылғы ыстық айлардағы орташа температурада 3С-тен артық көтерілмеуі керек |
|||
Судың қышқылдығы |
6,5-8,5рН аралығынан шықпауы керек |
Қорытынды:Су қорларын үнемді пайдалану кезек күттірмейтін мәселе.
Тақырыбы: Табиғат-елдің панасы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: таблицалар,суреттер,үлестірмелер.
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Табиғатты аялап,оның құндылықтарын тиімді пайдаланып,сақтауда жас ұрпақтар өзінің бойындағы тәрбиесімен қарайтыны анық.Қоршаған ортаны тау,орман,су, тірі организмдер пайдалы қазбаларды адам баласы барлық қажеттілігне пайдаланып отыр.Тәрбиеде имандылықтың орны ерекше деуге болады.Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі басты ,мәселенің бірі болып отыр.Осы мәселе химияны оқыту үрдісінде қалай шешімін табады деген сұрауға қандай жауап берер едің?
Осы тақырыпты қозғамайтын ұстаз жоқ деп айту қиын.Әр ұстаз оқу үрдісінде табиғат пен адам арасындағы қатынасты қорғап отырады.
Табиғат екі қателікті кешірмейтінін және оны қадірлеу басты принцптері екенін өркениетті елдер даму стратегиясында айқын көрінеді.
Адамзат өзінің дамуының барлық деңгейінде қоршаған ортамен тығыз байланыста болады.Жоғары өндірісті қоғам пайда болғаннан бастап адамның табиғатқа ,қоршаған олртаға әртүрлі әсері күшейіп,қазір бүкіл адамзат үшін ғаламдық қауіп туып отыр.Қазіргі кезде адамның шаруашылық іс –әрекеті барлық тіршілік таралу аймағы –биосфераның негізгі ластаушы көзі болып отыр табиғи ортаға газ тәріздес қатты және сұйық агрегаттық күйдегі өндіріс қалдықтары өте көп мөлшерде түсіп отырады.Қалдықтар құрамындағы әртүрлі химиялық заттар топыраққа,ауаға және суға араласқаннан кейін экологиялық айналым тізбектерінде түрлене ,ауыса отырып тізбектердің аралық немесе соңғы сатыларының бірінде адам ағзасына түседі.
Ғаламшардлы ластаушы заттар мүлдем кездеспейтін таза аймақ кеде кем,тіпті ешқандай өндіріс өнімін шығармайтыны.Табиғат ортаны ластаушы .Заттар химиялық құрамына ,қоспаконцентратциясына ,адам ағзасына әсер ету уақыты, ұзақтығына қарай сан түрлі қолайсыздықтарды туғызады. Улы заттардың қысқа мерзімді әсер ету адамның бас айналуына ,жүрегі айнуына ,тамағының ұрғауы мен ашып жөтелуіне тынысының тарылуына әкеледі.
Адам ағсасына әкелген улы зат мөлшері неғұрлым көп болса адам соғұрлым күшті уланып,кенеттен естен танып қалуы мүмкін .
Әсіресе,желсіз тымырсық күндері өндірісті үлкен қалаларда жиі болатын киелі улы түтін –«Смоог» немесе өндіріс орындары ауаға лақтырып отыратын.«Түлкі құрықты » өте қауіпті
Сондықтан ,қоршаған ортаны қорғау.Біздін ғасырымыздың өзекті мәселесі болып табылады.Әр адамның өзі тіршілік етіп отырған ортасын қорғауға міндетті.
Жаңа тақырыпты бекіту:
1.(Экология) сөзін алғаш енгізген кім?
2.Қорық дегеніміз не?
3.БҰҰ-ның табиғатты қорғау туралы ұйымы қалай аталады?
Қорытынды :
Қорытындылай келе, Табиғат елдің панасы маңызын ашып түсіндірдім.
Үйге тапсырма: өз бетінше іздену,мазмұнын айту
Сабақтың тақырыбы:Жер қойнауы және оның байлығы
Мақсаттары:
білімділік: жер қойнауы және оның байлықтары туралы білім беру.
тәрбиелік: жер қойнауын ластамауға оған қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу.
дамытушылық: оқушылар алған білімдерін іс жүзінде басқаларға түсіндіре білуі қажет.
Көрнекілігі: суреттер. схемалар
Сабақтың барысы 1.ұйымдастыру
2.үй тапсырмасын сұрау
3.жаңа сабақ
Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер – барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек . Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллион атмосферге жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактівті элементтерден бөлінген жылудан қызып,біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келеді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, құрамы мен үлес салмағы аздап «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп,үлес салмағы ауыр төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарында радиус 3500 км шамасын да өте тығыз орналасқан зор жердің ядросы (өзегі)пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия кремний,темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км –ден 80 км дейін болады . Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі.
Жер қойнауындағы пайдалы кендер 3 топқа бөлінеді.
-
Жанатын пайдалы кендер - көмір , шым тезек,мұнай, газ,жанғыш тақта тас т.б.
-
Металдық пайдалы кендер – темір , қалайы, қорғасын, мырыш,т.б. басқа метал алатын рудалар
-
Бейруда пайдалы қазындылар-тау мен химия шикі заттары(гипс,минералды тұздар,күкірт,аппатит т.б) отқа төзімді материалдар (талық кварцит ,отқа төзімді саз).
Адамдар ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып , керегіне жаратып келеді Пайдалы кендер қазу мөлшері жыл сайын өсіп,қазір 125 милиард тоннаға жетті, немесе бір адамға есептегенде 25 тоннандан келеді .Алғашында жер қойнауынан тек 4 металл.Алтын ,күміс, темір және мыс алынатын болса, осы күндері 200 ден астам шикізат пен отын түрлері қазылады.
Жер қойнауынан жан жақты зерттеу және тереңірек «қарау» үшін кең көлемде сейсмикалық, геофизикалық т.б геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Жерасты байлықтарын ашуға ғарыштық аппараттардың да пайдасы көп.Дәстүрлі зерттеулер жүргізгенде әуелі жер қойнауының жарылған ,сынған, арасы ашылған жерлерінің гологиялық сипатын суретке түсіріп, мыңдаған км жол жүріп бірнеше жерді бақылап , көп кісінң жинаған мәліметтерін тексеріп, талдау жасап, қортынды шығарады. Бұл өте ұзаққа созылып және қымбатқа түседі. Ал ғарыштан түсірілген суреттер пайдалы кен көздерін тез және аз шығынмен табуға көмектеседі.»Салют» кемелері Каспийдің шығыс жағалауыфнан газ бен мұнайдың жаңадан 66 көзін тауып олардың 10 өте тереңде екенін көқрсетті.
Еліміз түсті, асыл және сирек кездесетін металға да бай .Олардың ішінде түсті металдың –боксит ,никель,кобальт,мыс,қорғасын,мырыш,(соңғы екеуі полиметалға жатады), асыл металдан- алтын,күміс, сирек кездесетін металдан-қалайы ,вольфрам,млоибден, танатал, ниобий,цирконий,висмут, сурьма,сынап,мышьяк,кадмий, галий,индий,рений,талий,селен,теллур т.б бар.
Жаратылыстың бергені көп екен деп қолда барлды шашып-төгу, орынсыз жұмсау қазіргі кергін алып қалғанын қалдық санау әрине дұрыс емес.Қазақ елінің байлығын әдейі алуға келген келімсектерге өнімнің бір бөлігін- шетелдерге сатып өздеріне жеңіл афтомәшине,жақсы теледидар,тоңазытқыштар т.б жеке бастарына қажет заттар алуға рұқсат беру Қазақстанның байлығын шашу ,талан таражға салу болып саналады .
Қорытынды.
Тақырыбы: Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарға нақты түсінік беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: таблицалар,суреттер,үлестірмелер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісем.
Өкінішке орай, адамдар осы күнге дейін қазбалы кендерді ұтымыды пайдалану өздеріне,қоршаған ортаға да тиімді екенін ескере бермейді.Оның орнына қазбалы кен құрамындағы бір-екі пайдалы затты алып, қалғандарын қалдыққа жіберіп шашып-төгіп, айналаны ластап жатады. Бар пайдалы заттарды айырып қалуды үйренбей қазіргідей шаша берсе, ондай қоғамның тез арада баюы екі талай . Айтылғанының дұрыстығын дәлелдейтін мысалдар келтірейік.Жаңа салынған электр станцияларда жағылған отынның тек 40-42℅ ғана электр энергиясын шығаруға жұмсалады. Ал ертеде салынған электр станциялары бойынша бұл көрсеткіш онанда төмен. Тоқты электр жүйесімен таратқанда эенргия қуатынын тең жартысы жоғалады. Электр қуатымен жүретін поездар энергия қуатының 15-20 процетін пйдаланса көмір жағатын паравоздар мен тепловоздар тек 3-5 процетін пайдаланады. Сөйтіп жаққан отының 80-90 процеті басқа шығын болып, аспанды жылытуға , түтінді көбейтуге кетеді.
Металды рудаларды,тас көмірді, мұнайды, газды, құрылыс материалдарын қазғанда олардың біраз бөлегі жер астында алынбай қадлады Мысалы, осы күнгі әдіс бойынша мұнайдың тек 35-40 процентіалынады ,ал егер скважинға су толтырса 70-80 процетін алуға болады. Тек көмірмен металды руданың 20, калий тұзының 50 процеті алымбай, жер астынды қалып жатыр. Біздегі қара және түсті металлургия , химя кәсіпорындары артта қалаған техналогиямен жұмыс істеп қазбалы кендердегі барлық пайдалы заттарды айырып ала алмайды. Соколов-Сарбай кен орындарында қазылатын темір рудада 10-нан астам пайдалы заттар бар. Олардың тек біреуін алып ,қалған 9-ын қалдыққа жібереді. Осындай жағдай Жезқазған тау металлургия, Өскемен қорғасын-мырыш , Балқаш мыс, Қарағанды металлургия зауыттарында да бар .Бұл, әрйне, табиғаит байлықтардың шашылып төгілуіне , қоршаған ортаға зиянды болуына , жер бетімен ауаның ластануына әкеліп соқтырады. Зиянды қалдықтар химиялық реакция араласу нәтижесінде ауаға , суға топыраққа зиянсыз қалыпта түскен .
Запорожье қаласындағы барылық қалдықтарды осылай тазалап зиянсыз ету үшін шамамен 100 миллион доллар тұртын кәсіпорын салса, ол 5 жылда шыққан шығынды қайтарар еді.Бірақ бұл тәжірибе онан әрі жүргізілмей қалады. Металлургия шылактарын кварц құмдарымен және арнаулыор қазаып, соған құяды. Бірінші қабатты 30см болған соң, үстінен су құйса шылыктар жарылып , бөлек –бөлек тас болып қалады . Сонан кейін үстінен тағы 30см шылк құйып, сумен жарып тас дасайды. Солай ор толғанша қайталай береді.Осылай жасалған тастарды бөгет жасаған да , мал қораларын салғанда пайдалнуыға болады.Басқа құрылыстарда ірге тасқа да жарайды
Жаңа тақырыпты бекіту:
Арнайы үлестірмелер таратылады
Оқушылар сұраққа жауап береді
Қорытынды: Қорытындылай келе, Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар маңызын ашып түсіндіру
Үйге тапсырма: тақырыптың мазмұнын айту ,қосымша іздену.