Материалдар / «Экология: ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Қазақ тілі 11-сынып 2-тоқсан.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Қазақ тілі 11-сынып 2-тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаты: 11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау 11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; 11.3.5.1.Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс ұсына білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
8103
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Экология: ядролық және мұнай өндірістері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі 11-сынып 2-тоқсан.

Оқу мақсаты: 11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

11.3.4.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

11.3.5.1.Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс ұсына білу

Бағалау критерийі:

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейді.

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдалана отырып,шығармашылық жұмыс ұсына біледі.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты: 30-35 минут

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып шығыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

А) Мәтіндегі көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, 3-талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Ә) Мәтінде көтерілген мәселені негізге ала отырып, 5-6сөйлеммен сыни көзқарас білдіріңіз.

Арал теңізінің  экологиялық жағдайы

  Бұл проблеманың тууына себепші  болған — адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге  жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы  оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі  кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған  бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың  есептеуі бойынша, теңіз табанынан  атмосфераға жылына 200 млн тоннаға  дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз  суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі  жойылып, теңіз айналасы бұл күнде  тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан  мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес  қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде  сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді.

Соңғы отыз бес жылдың көлемінде  Арал теңізі 700 км2 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз  деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен  жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл  сайын 75 миллион тонна топырақ  пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын  тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болып  отырған жағдайы бар.

1960 жылға дейін Арал  аймағы қандай болды? Ол КСРО-ның  құрлықтық көлдері ішінде төртінші  орын алған. Аралдың су қорын  толтыратын.  Орта Азияның екі  ірі өзені-Әмудария және Сырдария  еді. Олардың суы өте нәрлі,  егістікке пайдалы болатын. Арал  теңізінен жыл сайын 450 мың  тонна бағалы балықтар ауланатын  болған. Балықшылар қайығы мен  жол қатынас кемелері теңіздің  көркі еді. Арал теңізі сол  аймақтың ауа райына жағымды  әсер еткен табиғатты реттеуші  болды. Алпысыншы жылдардан бастап  екі өзеннің суын егістікке  пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс  қарқын алып, соның салдарынан  теңіз суы тартыла бастады.  Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.

Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік  әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен  көгалды аймақтары жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық  мүлде ауланбайтын болды. Жер  тұзданып, оның өнім беруі тоқтады. Бүкіл Арал аумағында іш ауруы  етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр  аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке  айналдырды.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне  өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын  тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты  жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық  конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Аралды қалпына келтіру  үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар  жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне  ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады

 Арал теңізін құтқару  жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар  мен жобалар бар. Олар:

1.     Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.     Амудария  мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.     Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.     Каспий теңізінің  суын жасанды канал арқылы  әкелу.

5.     Жер асты  суларын пайдалану.

6.     Арал теңізінің  өздігінен табиғи реттелуін немесе  толысуын күту.

  Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны  күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының  білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару  бағытында батыл да жоспарлы түрде  ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға  ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіннің негізгі ойын ашатын 3 негізгі ақпаратты іріктеп жазыңыз.

3-тапсырма. «Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартудың алғышарттары » тақырыбында көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдалана отырып, шағын мақала жазыңыз. 100-120 сөз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым - қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды.


1

1-сұрақ

1

2-сұрақ

1

3-сұрақ

1

Мәтінде көтерілген мәселені негізге алады.

1

Сыни көзқарас білдіреді.

1

Лексикалық құрылымдарды орынды қолданады.

1

Емле ережелерін сақтап жазады.

1

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейді.

2

1 тиісті ақпарат

1

2 тиісті ақпарат

1

3 тиісті ақпарат

1

Әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды пайдалана отырып,шығармашылық жұмыс ұсына біледі




3

Лексикалық құрылымдарды қолданады.

1

Тақырыпты ашады.

1

Бүгінгі қоғаммен байланыстырады

1

Өзіндік көзқарасын білдіреді

1

Сөз санын сақтайды

1

Пунктуациялық қателерді жібермейді.

1

Көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.

1

Емлелік қателерді жібермейді

1

Нақты дәлелдер келтіреді.

1

Мақала талаптарын орындайды.

1

Барлығы



20



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!