Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экологиялық ассорти
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы:«Экологиялық ассорти» интеллектуалды ойын сабақ
Мақсаты:
Білімділік:Білім алушыларда белсенді танымдық қызмет арқылы экологиялық пікірді қалыптастыру.
Дамытушылық:Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру, бір бірінің пікірін құрметтеуге, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын сабақ
Көрнекілік: суреттер, плакат, сандық,
Әдіс-тәсілі:экологиялық жаттығу, экологиялық әліппе, жаңылыс, экологиялық жағдайлар, қоқысты жел, сыр сандық.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін құрып, бір бірлеріне бейбітшілік тілек тілеу арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Мозайкалар құрастыру арқылы білім алушылар топқа бөлінеді.
Барлық тапсырмалар өсімдік және жануарлар әлеміне байланысты болады.Сабақ жарыс түрінде өтпек.Жарыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
І-кезең «Экологиялық жаттығу»
ІІ-кезең «Экологиялық әліппе»
ІІІ-кезең «Экологиялық жағдайлар»
VІ- кезең «Қоқысты жел»
V- кезең «Жаңылыс»
VІ-кезең «Сыр сандық»
І-кезең «Экологиялық жаттығу»
Әрбір дұрыс жауапқа-1 балл
І-топқа
-
Дүниедегі ең биік ағаш /Секвойя/
-
Құрлықтың ең жылдам жануары /Гепард/
-
Жер шарында ең көп таралған зат /Су/
-
Дүниедегі ең жуан ағаш /Боабаб шеңбері 50 м-ге жуық/
-
Жер шарындағы ең үлкен жануар /Кит ұзындығы 33 метр/
-
Дүниедегі ең үлкен құс /Страус 3 метрге жетеді/
-
Қарағай өсетін орман /Қарағай орманы/
-
Еменнің жемісі /Жаңғақ/
-
Экологиялық таза отын /Сутегі/
-
Жердің жасыл жамылғысы /Шөп/
ІІ-топқа
-
Қандай жануар бірінші қолға үйретілді итпе мысықпа /ит/
-
Қандай құсты орман дәрігері деп атаймыз /Тоқылдақ/
-
«Хлорофилл» өсімдіктерге қалай әсер етеді /Өсімдіктерге жасыл түс береді/
-
Ұшпайтын құс /пингвин/
-
Жалқау қалталы аю /Коала/
-
Каспий теңізінің ең үлкен балығы /Бекіре/
-
Күн баласы атанған өсімдік /Күнбағыс/
-
Жартылай Тұщы тұйық көл /Балқаш/
-
Ботаника ғылымы нені зерттейді /Өсімдіктерді/
-
Жер бетінің су қабаты қалай аталады.
ІІ-кезең «Экологиялық әліппе»
Әр топ бес минут ішінде берілген әріптерден флора және фаунаның өкілдерін кестеге жазу керек.
Әрбір атау-1 балл
№ |
Флора |
Фауна |
№ |
Флора |
Фауна |
№ |
Флора |
Фауна |
А |
|
|
М |
|
|
З |
|
|
Ә |
|
|
Н |
|
|
К |
|
|
Б |
|
|
О |
|
|
И |
|
|
В |
|
|
У |
|
|
Т |
|
|
Г |
|
|
Ш |
|
|
Э |
|
|
Қ |
|
|
Д |
|
|
Е |
|
|
Л |
|
|
Ж |
|
|
П |
|
|
ІІІ-кезең «Экологиялық жағдай»
Әрбір топ ішінде экологиялық жағдай көрсетілген конвертті таңдайды, оның дұрыс шешімі топқа 2-балл әкеледі. Ойлануға 1-минут беріледі.
І-топқа
-
Қоянның Жер шарындағы тіршілігі қалтқысыз емес. Біздің өлкеде бір қоянға 10 аңшы келеді деген ащы сөздерді естисің. Өкінішке орай бұл арақатынас айтарлықтай асыра көрсетілмеген.Қояндар қалай тірі қалады екен? /Оларды өсімталдық құтқарады жылына 3-4 рет ұрпақ әкеледі, әр ретте сегіз көжекке дейін/
-
Қасқырлар аз мемлекеттерде олар қатаң түрде қорғалады және осындай мемлекеттерге апарып көбейтіледі. Қасқырлар санының азаюынеге алып келеді? /Қасқырлар санының азаюы жұтқа және шөпқоректі жануарлардың ауруларына әкеледі, өйткені қасқырлар табиғатта санитарлар болып табылады және шөпқоректі жануарлардың санын реттейді.
ІІ-топқа
-
Неліктен көктемгі суықтар ағаштарды олар қыста одан күшті аязды көтеретіндеріне қарамастан құртады? /Көктемде ағаштарда шырынның жылжуы басталады, олар қысқы тыныштық кезеңінен кейін тіріледі. Суық жасуша цитоплазмасын мұзға айналдыра алады, осы жағдайда жасуша мембраналары бұзылады, олар өлуі мүмкін/
-
Қандай бейімделу белгілері жануарларға қиыр солтүстікте тірі қалуға көмектеседі? /Жылықанды жануарлардың қалың терісі және теріасты майдың қалың қабаты бар/
ІV-кезең «Қоқысты жел»
Жерді ластайтын заттар туралы айтылады. Бірінші сұрақта жауап берілсе -5 балл, екінші сұрақта-4 балл, үшінші сұрақта-3 балл, төртінші сұрақта-2 балл, бесінші сұрақта -1 балл беріледі.
І-топқа
-
Ол қалада көп, ауылда аз.
-
Ол фабрикалар, зауыттар,машиналар, көп өнеркәсіптік қалада әсіресе күшті.
-
Оның салдарынан адамдар ауырады,көп абыржиды, қатты бақырады, және ол одан сайын көбейеді.
-
Оны әр түрлі құрылғыларда машиналар да шығарады.
-
Ол қоршаған ортаның ластануына әкеледі. /Шу/
-
Менің көп ойыншықтарым одан жасалған,
-
Ол түрлі түсті болады, оны сындыру қиын.
-
Одан жасалған заттардың салмағы аз.
-
Егер оны жандырса, онда қара көзді ашытқыш түтін пайда болады.
-
Оны лақтырып тастауға болмайды, өйткені ол табиғатта ыдырамайды. /Пластмасса/
ІІ- топқа
-
Оны қытайлықтар ойлап тапты.
-
Бізде оны сүректен алады.
-
Ол жеңіл жанады.
-
Одан өте көп қоқыс шығады.
-
Оған әдетте сурет салады, немесе жазады./Қағаз/
-
Оны құмнан жасайды.
-
Ол басым жағдайда мөлдір болады.
-
Құласа ол сынады.
-
Егер оны қыздырса, ол қамыр сияқты созылмалы болады.
-
Орманда тасталса, ол өрттің себебі болуы мүмкін./Шыны/
V-кезең «Жаңылыс»
Сөздерді дұрыс ретпен қойыңыз. Мұнда үйлесімде, мәнерде жоқ...
Барлығын дұрыс қойыңыз
Әрбір дұрыс түзету-1 балл
Пингвиндер- шөл тұрғындары,
Сужыландар- қауынды жақсы көреді,
Жүргізушілер- таңқурайдың пайдасын біледі,
Түйелер- мұздақта жүзеді,
Аюлар- машинамен жүк тасиды,
Тасбақа- асықпай жүреді,
Кірпі - қорқыныш дегенді білмейді,
Арыстан - шөпте жасырынады,
Балалар – батпақта жорғалайды
Дұрысы:
Пингвиндер мұздақта жүзеді,
Сужыландар батпақта жорғалайды,
Жүргізушілер машинамен жүк тасиды,
Балалар қауынды өте жақсы көреді,
Түйелер шөл тұрғындары,
Аюлар таңқурайдың пайдасын біледі,
Тасбақа асықпай жүреді,
Қуатты арыстан қорқыныш дегенді білмейді,
Кірпі шөпте жасырынады,
Оны түлкі аулайды.
VІ- кезең «Сыр сандық»
І-топқа
Сандық ішіне жасырылған заттың сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 1 көмек болады, әр бір көмек сайын 1 балл шегеріледі.
-
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған.2.Сондықтан оны «Жылан өсімдігі» деп атаған.3.Ал ежелгі мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.4. Иісі өткір, ащы тамаққа пайдаланамыз. Пияз
-
Бұл жануар өте такаппар құс. Өзінің ұясын құздың ең биік шыңына салады. Көк аспанда қалықтап ұшып, өзінің қорегін іздейді,қиядағыны көзі шалады. Егер жемтігін көрсе аспаннан сорғалап келіп тырнағымен бүре түседі.Бұл қандай құс? /Бүркіт/
ІІ- топқа
-
Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болды.Басында оны дәрі ретінде пайдаланды.ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады. Отаны Қытай/Шай/
-
Бұл жануар екі құлағы тікірейіп ескі бұтаның түбіне таң ата келеді. Сол жерде отырып, жан жағына мазасыздана құлақ түре інінен шығады.Қоян
Рефлексия: «Аспан әлемі»
Ай-бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.
Жұлдыз-бүгінгі сабақты жақсы түсіндім, бірақ толықтыруым керек.
Бұлт- бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым көп, оқуым керек.