Материалдар / «Экологиялық химия» Қолданбалы курс.Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныптарына арналған.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Экологиялық химия» Қолданбалы курс.Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныптарына арналған.

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған қолданбалы кур жоспары:Өзе әріптестерімен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
2531
52 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Экологиялық химия»

Қолданбалы курс.Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныптарына арналған.

«Экология химия» курсының бағдарламасы (аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат ).



«Табиғатпен байланыс балаларға тек эстетикалық тәрбие беріп қоймайды,сонымен қатар,баланың бойнда адамгершілік көзқарасы дамиды,дүниетанымы кеңейтіледі және алған әсері толықтырылады»

К.Д.Ушинский

Түсінік хат

Курстың оқыту бағдарламасы 34 сағатқа 7 сынып оқушыларына есептелген.Химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген бағдарлама. Жаратылыстану ғылымында химия пәнінің негізгі орны ерекше, өйткені дүние жүзіндегі барлық элементтерді және оның қосылыстарын оқытады

  • Оқушылар химия пәнінен алған білімдерін күнділікті өмірде, тұрмыста қажет екендігін ұғындырып, адам ағзасы химиялық элементтерден тұратындығын, ол элементтердің ағзадағы қызметімен адам денсаулығы үшін маңызымен таныстыра отырып әлем ғажаптарын түсіну үшін химия ғылымының қажеттігіне көздерін жеткізу.Геологиялық химиялық қосылыстарда Жер қыртысы қандай элементтерден тұратынын туралы білетін боламыз.

  • Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуде ең маңызды рөлді білім саласы атқарады.Жер бетінде өмір сүретін адам жас

күнінен бастап қоршаған ортаға қамқорлықпен қарамау қандай зардаптарға әкелетінін білу керек; қошаған ортаның ластану себебінен қандай аурулар пайда болатыны; генетикалық ауытқулар; өсімдіктермен жануарлардың өлімдері; жердің құнарлығының төмендеуі; ауыз суқорының азаюы т.б. Бұны тек біліп қана қоймай,сонымен қатар,бұл жағдайдағы өзіңніңде жауапкершілігіңді сезіну қажет





Мақсаты:

  • Химия пәнін экологияландырудың негізгі мақсаты – бүгінгі оқушыларды қоршаған ортаны ластану мәселелерін шешуде белсендіктерін арттыру.Қазіргі заманда экологиялық мәселелерді шешуде жаңа бағдарламалар енгізілуде.

  • Оқушылардың химия ғылымына деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін тереңдету.Химия пәні бойынша алғырлыққа, ізденуге , терең білімдікке баулу.

  • Бұл бағдарлы курстың бағдарламасы табиғатта , тіршілікте кездесетін химиялық үдерістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмге тигізетін зиянын сабақтық ұстанымен оқып білуді үйретеді.

Тақырыптың өзектілігі:

  • Химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына,күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр.Біздің қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынымен дамуда,үнемі хмияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр.

  • Адамзат табиғи ресурстарды ойланбай, шектеусіз пайдалану арқылы табиғатқа орасан зор зиян келтіреді.Сондай – ақ табиғат ресурстарын шектеусіз пайдалану барысында қор көзі таусылып,адамдарды ресурспен қамтамасыз ету мәселелері туындайды.

  • Екінші жағдай: ресурстарды пайдаланғаннан кейінгі қалған қалдықтар далаға тасталады.Сөйтіп олар қоршаған ортаны ластайды да,экологиялық мәселелерді тудырады. ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың өркендеуі себебінен адамның қоршаған ортаға ықпалы артып отыр.Сонымен қатар, дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі - химияның әсерінен адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы.Мұны шешудің бірден – бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Курстың принциптері мен міндеттері

Курс негізіндегі принциптер:

«Экология білім арқасында»

- оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Химиялық түсініктерді, химиялық тілді ,химия заңын толықтыру және кейбір маңызды тараулар бойынша оқушыларға терең білім беру.

  • Тақырыптарға сәйкес есптерді шығаруға үйрету.

  • Химиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру,сұраныс тудыратын мамандыққа баулу.

  • Интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;ғылыми зерттеу ізденісін,коммуникативті дағдысын,топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Оқу процесін ұйымдастыру:

  • Курс бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:

  • Курсқа қызығушылықты арттыру;

  • Белсенді қатысу;еркіндік және диалогқа дайындық,өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

  • Зертеушілік – ізденіс;

  • Ғылыми жұмыс және бағдарламалар.

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме,семинарлар,пікірталастар,теориялық сабақтар ( дәрістер),есептер шығару.

Бағалау барысы:

  • Материалдың дұрыстығы,әрі сапалы баяндалу;

  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы:

  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы:

  • Дербес жауап,материалдық логика:

  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.

Күтілетін нәтижелер:

1.Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

2.Экологиялық жағдайларды шешеді.

3.Экологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.

4.Танымдық қабілеттері дамиды.



Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы

Кіріспе. Адам ағзасындағы химияляқ элементтердің жиынтығы.

І бөлім. Адам ағзасындағы химиялықььэлементтердің құрамы және таралуы. ( 3сағат)

Макроэлементтер , олардың ағзадағы мөлшері. Микро және ультрамикроэлементтер олардың ағзадағы мөлшері ,мүшелер мен ұлпаларда таралуы. Химиялық элементердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі. Оқушыларға Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері мен атқаратын қызметтерін білу,түсіндіру.

ІІбөлім. Адам ағзасындағы химиялық элементтер мен қосылыстар. Дәрумендер (5 сағат)

Дәрумендердің жіктелуі,олардың биологиялық маңызы. Дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу. Дәрумендерді тағамда сақтау. Химия .Экология және денсаулық. Д. И. Менделеевтің өмір баяны. Оқушыларға дәрумендердің жіктелуі,олардың маңызын және дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу. Дәрумендерді тағамдарды қалай сақтаукеректігін.Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызын түсіндіріп, ұғындыру.

ІІІ бөлім.Химиялық элементтердің периодтық кестесі. (9 сағат)

Химиялық элементердің жіктелуі. Периодтық жүйесінің құрылымы.

Химиялық элементтердің табиғи топтары І А тобы – сілтілік металдар.

V IIА тобы – галогендер. V IIIА тобы – инертті газдар. Ауыспалы металдар ( қосымша топша металдары). Металдар мен беймейталдар. «Иод».Ағзада иод жетіспегендіктен болатын аурлардың түрлері. Кім көп біледі. Сайыс сабақ. (Металдар мен бейметалдарға). Оқушыларға химиялық элементердің периодтық құрылымымен таныстыру және металдар мен бейметалдарға сыныптар арасында сайыс өткізіп ,химия пәніне қызығушылықтарын оятып,білімдерін кеңейту.

IV бөлім.Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар (8 сағат)

Атом мен молекулалар.Жай және күрделі заттар. Химиялық элементтер және олардың таңбалары. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары. Химиялық формулалар.Валенттілік. Валенттік бойынша формула құрастыру. Салыстырмалы молекулалық масса. Химиялық формулалар. Химиялық формулалар бойынша есептер шығару. Тест, бақылау жұмыстары. Оқушыларға тақырыптарға сәйкес есптерді шығаруға үйрету.Білімдерін тексеріу мақсатында тест жұмыстарын алу,білім сапасын кеңейту.

V бөлім.Геологялық химиялық қосылыстар (8 сағат)

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен және металдарды алу. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбаларды өндірудің экологиялық аспектілері. Ең үздік кім ( Тест ). Викторина сұрақтары сайыс сабақ. Есірткі заттар олардың ағзаға зиянды әсері. Темекі – наркотик. Темекі түтініндегі зиянды заттар.Қорытынды.

Бұл тарауда оқушыларға пайдалы қазбаларды игеру,кен өндіру,т.б.барысында туындайтын мәселерін қарастыру.Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.Зиянды заттардың адам өміріне тигізетін зардабы,оны болдырмау жолдарын түсіндіру.

























«Экологиялық химия» курсының тақырыптық жоспары (34сағат)



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе.

Адам ағзасындағы химияляқ элементтердің жиынтығы

1



І. Адам ағзасындағы химиялықььэлементтердің құрамы және таралуы.

3


2

Макроэлементтер , олардың ағзадағы мөлшері

1


3

Микро және ультрамикроэлементтер олардың ағзадағы мөлшері ,мүшелер мен ұлпаларда таралуы.

1


4

Химиялық элементердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі

1



ІІ Адам ағзасындағы химиялық элементтер мен қосылыстар. Дәрумендер

5


5

Дәрумендердің жіктелуі,олардың биологиялық маңызы

1


6

Дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу

1


7

Дәрумендерді тағамда сақтау

1


8

Химия .Экология және денсаулық

1


9

Д. И. Менделеевтің өмір баяны

1



Химиялық элементтердің периодтық кестесі

9


10

Химиялық элементердің жіктелуі

1


11

Периодтық жүйесінің құрылымы

1


12

Химиялық элементтердің табиғи топтары

І А тобы – сілтілік металдар

1


13

V IIА тобы – галогендер

1


14

V IIIА тобы – инертті газдар

1


15

Ауыспалы металдар ( қосымша топша металдары)

1


16

Металдар мен беймейталдар

1


17

«Иод».Ағзада иод жетіспегендіктен болатын аурлардың түрлері

1


18

Кім көп біледі. Сайыс сабақ. (Металдар мен бейметалдарға)

1



Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар

8


19

Атом мен молекулалар.Жай және күрделі заттар

2


20

Химиялық элементтер және олардың таңбалары

1


21

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары

1


22

Химиялық формулалар.Валенттілік.

1


23

Валенттік бойынша формула құрастыру

1


24

Салыстырмалы молекулалық масса

1


25

Химиялық формулалар. Химиялық формулалар бойынша есептер шығару


1


26

Тест, бақылау жұмыстары

1



Геологялық химиялық қосылыстар

8


27

Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар

1


28

Кен және металдарды алу

1


29

Қазақстанның пайдалы қазбалары

1


30

Пайдалы қазбаларды өндірудің экологиялық аспектілері

1


31

Ең үздік кім ( Тест )

1


32

Викторина сұрақтары сайыс сабақ

1


33

Есірткі заттар олардың ағзаға зиянды әсері

1


34

Темекі – наркотик. Темекі түтініндегі зиянды заттар.Қорытынды.

1






Қолданылған әдебиеттер:

1.7- сыныбына арналаған оқулық.химия «Мектеп» баспасы-Алматы, 2017ж.

2. Жаратылыстану.5- сыныбына арналған оқулық . «Арман - ПВ» баспасы,2015ж.

3. «Химия Қазақстан мектебінде» №2 2008ж. «Экология – химия сабағында»

4. «Химия мектепте». Республикалық әдістемелік журналдар.№6,2003ж; №4,2004ж: №3,2005ж; №2 2006ж

5. « Химик анықтамалығы». Республикалық әдістемелік журналдар.№3 2008ж.

6. «Денсаулық журналы» № 4,2005ж; № 11, 2006ж; № 5,2007ж



«Бекітемін » Бекітемін: АӘК әдіскері :

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі Ш . Спанова

________ М.Байжанова __________ С. Куралов

«---------» ------------ 2017ж «--------» ------------ 2017ж ------------------------------------

«---------- » ---------- 2017 ж









«№ 112 » жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тақырып :

«Экологиялық химия»

Химия пәнінен 7 сыныпқа арналган жоспары.















Химя пәнінің мұғалімі : Адиханова Д .Ж .

2017-2018 оқу жылы.

« Ең үздік авторлық бағдарлама» облыстық сырттай байқауына қатысуға сұраныс



Байқауға қатысушының толық аты-жөні : ___Адиханова Динара Жумабековна

Байқауға қатысушының жұмыс орны ____№ 112 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Туған күні,жылы,айы : 01.08.1985ж

Қызметі,осы қызметте қашаннан жұмыс істейді. 2011жылдан бері жұмыс істейді.

Педагогикалық өтілі_____6 жыл___

Базалық білімі ( қай жылы қай оқу орнын бітірді)

"Сырдария университеті" 18.06.2008жыл. Химия және биология мамандығы бойынша

Атағы ,ғылыми дәрежесі,марапаттары :

1. «Тағлым» республикалық ғылыми – әдістемелік журналының серфикаты

2.«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ , табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ » атты экоклубтарының облыстық фестивалінің камандасын дайындағаны үшін Алғыс хаты .3. Мұғалімнің олимпиада ІІ орын марапат.

Мекен- жайы : Оңтүстік қазақстан облысы.Мақтарал ауданы.Асықата кенті.Ғабит Мүсірепов көшесі №27

Жұмыс телефоны _________________Ұялы телефоны :8778 -282-82-57

Электрон поштасы : adehanova85@ mail.ru

Аудандық ( қалалық ) бөлім басшысы

Күні :







« Ең үздік авторлық бағдарлама» облыстық сырттай байқауына қатысуға сұраныс



Байқауға қатысушының толық аты-жөні ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Байқауға қатысушының жұмыс орны ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Туған күні,жылы,айы __________________________________________________________________

Қызметі,осы қызметте қашаннан жұмыс істейді ____________________________________________________________________________________________________________________________________Педагогикалық өтілі______________________________________________________________

Базалық білімі ( қай жылы қай оқу орнын бітірді) ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Атағы ,ғылыми дәрежесі,марапаттары ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен- жайы ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс телефоны _________________Ұялы телефоны ____________________

Электрон поштасы

Аудандық ( қалалық ) бөлім басшысы

Күні





«№ 112 » жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тақырып :

«Экологиялық химия»

Химия пәнінен 7 сыныпқа арналган жоспары.























Химя пәнінің мұғалімі : Адиханова Д .Ж .

2017-2018 оқу жылы.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!