Материалдар / Экологиялық мәселелер 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық мәселелер 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал экология тақырыбында сабақ өткізу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
1160
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

экологиялық білім сағатының жоспары



Мектеп: №25 ЖББОМ

Күні: 16.11.2019ж.

Мұғалім: Зайтова Г.Қ.

Мақсатты топ: 10 «Ә» сынып ата-аналары.

Берілген уақыт: 40 минут.

Құралдар: интербелсенді тақта, аудио, видеожазбалар, флипп, маркер, стиг, қоқыс қалдықтарына арналған контейнерлер т.б.

Мақсаты:

1. Қатысушылардың назарын экологиялық мәселелерге аудару;

2.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға, қамқорлық жасауға, мейірімді болуға әрбір адам жауапты екендігін сезіндіру;

3. Тазалық пен табиғатқа қамқорлықтың ересектерден бастау алатындығын ұғындыру .

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ой қозғау т.б.



ІС-ӘРЕКЕТ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Уақыты

1.

Ұйымдастыру бөлімі.

Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Сіздерді бүгінгі қала бойынша өткізіліп отырған «Ұлы дала мұрагерлері» іс-шарасы аясында көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біз сіздермен «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында сөйлесетін боламыз.

Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат – сұлулықтың таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» экологиялық сағатымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 

2 мин.

2.

ТАНЫСУ.

«Қар көшкіні» ойыны арқылы.

Құрметті ата-аналар, мен сіздерге алдымен бір-бірімізбен танысып алуды ұсынамын. Танысудың келесі түрі бойынша танысайық. Әрбір қатысушы өз есімін және өз есіміне сай бір сын есімді айтады. Мысалы: мен – Гаухар – гүлдеймін, Талғат - тапқыр, Әсем - әдемі, Ойрат – ойшыл және т.б.

5 мин.

3.

КЕЛІСІМДЕР ҚАБЫЛДАУ.

1. «Көтерілген қол ережесі» - әрбір пікір айтқысы келген адам қолын көтереді;

2. «Шкафтан түсіп қалмау» - тақырыптан ауытқымау;

3. Тек бір адам ғана сөйлейді (бір-бірімізді тыңдаймыз).

4.Өз пікірімізді ашық айтамыз.

5.Әр қатысушының ой-пікірін сыйлаймыз­(сынамаймыз).

6.Регламент (қысқа да нұсқа сөйлейміз).

7.Сұрақтарға ерекше көңіл мен орын бөлінеді.

8.Бір-бірімізді аты-жөнімізбен атаймыз.

9.Мұғалімнің ұсынысын орындаймыз.

1 мин.

4.

Ойлануға берілетін ақпарат. МИ ШАБУЫЛЫ.

  • Экология дегеніміз не?

  • Экологиялық сауаттылық бізге қажет пе?

Жауаптар тыңдалады, қабылданады.

2 мин.

5.

Кіріспе бөлім.

ШАҒЫН ДӘРІС.

«Қазақстан-2030» Бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балалар кінаратсыз толыққанды өмір сүретін болады», -деп атап көрсеткен еді. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның міндеті.

 Күнделікті киіп жүрген киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі табиғаттың бізге тартқан сыйы. Ендеше бүгінгі сынып сағатымыз табиғатты қорғау жөнінде болмақ. 

Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды. 

Адамның екі анасы бар: бірі-туған анасы, екіншісі-табиғат. «Егер маған біреу "Дүние дидарындағы ең сұлуды, ең қымбатты, адам баласына ең жақынды, ең қаталды, ең дананы, қара қылды қақ жарған ең әділді аташы" десе, мен соның бәріне де "Табиғат" деп бір ғана сөзбен жауап берер едім» - деген екен ұлы жазушы Ақселеу Сейдімбек. 

Түсіне білгенге табиғат жаюлы кітап сияқты. Керек десеңіз жұмыр жердің бетіндегі тіршілік атаулыны бір ғана өз заңдылығына бағындырып, ұлы тұтастыққа, қозғалысқа келтіруші де Табиғат. 

Табиғат өзінің қайталанбас сұлулығымен, таусылмас қызығымен, мың сан жаратылысымен, асқақ та өрлігімен, өрең жетпес шексіздігімен, ал кейде мизамдай нәзіктігімен қайран қалдырады. Тек қайран қалдырып қана қоймайды, өз бауырындағы тіршілік атаулыға жайылып төсек, иіліп жастық болып, ең асылын солардың аузына тосады. 

Мұндайда табиғат жаны нәзік, мейірімі мол, ерекше төзімді де бейнетқор анаң сияқты болып көрінеді. Сөйте тұра, қажет болса орнымен қатал да бола алады. Оның әділдігінің теңдесі жоқ. Тірі жан атаулының бәріне бірдей қарайды, ешқайсысын алалауды білмейді. Ал болмашы қателіктеріңді елеусіз қалдырмастан, лайықты жазасын көлденең тартып отыратын қасиет те тек қана табиғатқа тән. Бұл ретте ол – тіршілік атаулының реттеушісі, ұлы сұрыптаушысы. 

Адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас баспана. Демек, өз төріңнің басындағы тәртіп пен тазалықты қалар болсаң түптеп келгенде табиғатпен санасу, оған қамқор болу – адамзат баласының асыл парызы. "Балыққа су, құсқа ауа, аңға орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін Отан деген ұлы ұғым сондай қажет. 

Ал табиғатты сүю –Отаныңа қамқор болу деген сөз.

3 мин.

6.

Негізгі бөлім.

І. Назарымызды келесі бейнебаянға аударайық.

Ата-аналардың назарына «Табиғат – адамзатқа аманат» бейнеролигі ұсынылады.

Құрметті ата-аналар, осы бейнероликтен біз табиғаттың сұлу да сырлы, әдемі де әрлі бейнелерін, адам баласы қолдан жасай алмайтын құдыретін көрдік. Десек те... Қазіргі таңда осындай мөлдір, таза қалыптағы табиғатқа біз қамқор бола алып жүрміз бе? Назарларыңызға келесі бейнефильмді ұсынамын.

ІІ. «Табиғатты қорғайық, аялайық» бейнефильмін көру ұсынылады.

Ата-аналарға қойылатын сұрақтар:

  • Бейнебаянда көрсетілген ақпараттар сіздің өміріңізде кездесті ме?

  • Табиғат аясындағы Сіздің демалысыңыз қалай өтеді?

  • Үйде балаларыңызбен табиғатты қорғау тақырыбында әңгімелесесіз бе?

  • Тазалық қайдан басталады?

Жауаптар тыңдалады және қабылданады.

ІІІ. Табиғатқа қамқорлық біздің әрбірімізден басталады. Айнала қоршаған ортаға деген жауапкершілікті өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына құя беру – үйде ата-ананың, мектепте мұғалімдердің міндеті деп ойлаймын.

Жер шарына пластик бөтелкелер мен полиэтилен қағаздардан келетін зияннан Жер-ананың шыдамы шегіне жетті, ол осы күні зар илеп жылауда деп БАҚ дабыл қағуда. Қазір назарларыңызға осы мәселе бойынша №25 ЖББОМ оқушылары дайындаған «Қарағанды қоқыстары» жобасын ұсынамыз.

Уланова Эльнура, Бейсенова Заринаның жобасы ата-аналар назарына ұсынылады.

3 мин.











5 мин.















5 мин.

8.

Шығармашылық жұмыс.

«Кім көп біледі?» ойынын назарларыңызға ұсынамын. Ол үшін тақтада берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керекпіз. Жер тағдыры - ... ... (ел тағдыры) 

Барша байлықтың анасы- ... (Жер) 

Гүл жердің көркі,.. .. ..(қыз жердің көркі) 

Туған жердей жер болмас,.. .. ...(туған елдей ел болмас) 

Су бар жерде... ... ( ну бар) 

Табиғаттың тазалығы - ... ....(адамзаттың амандығы) 

Жер – байлықтың анасы болса,... ... (әкесі еңбек) 

Бір тал кессең, ... ... ...(он тал ек) 

Көлдің көркі құрақ,.. ... ...(таудың көркі бұлақ) 

Атаңнан мал қалғанша .. ..( тал қалсын) 

Сөз сағасы-құлақ,... ... ...(су сағасы бұлақ) 

Жер қазына, ... ....(су гауһар) 

Жер байлығы, ... ... (ел байлығы) 

Таулы жер бұлақсыз болмас,... ... (сулы жер құрақсыз болмас) 

Орман тоғай-жер сыны,... ...(Көкорай шалғын көл сыны) 

Дала көркі мал,.. ... ...( қала көркі тал) 

Жер тойынбай - ... ....(ел тойынбайды) 

Жаңбыр жауса жер ырысы,... ... (батыр туса ел ырысы)

Ағаш көркі – жапырақ,... ...(адам көркі шүберек). 

Мақал-мәтелдерді жалғастыру «Таза тақта» әдісімен іске асырылады.

5 мин.

9.

Сергіту сәті.

«Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе «Мейірімді жүрек» ойыны. 

Әр адам қасындағы көршісіне бір тілек жазып жүрекшені ұсынады. Ол үшін ата-аналарға қағаз жүрекшелер таратылады.

4 мин.

10.

Қорытынды бөлім. 

Елбасының «Қазақстан-2030» жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтып өткен, сондықтан біз өзіміз өмір сүретін ортаны гүлдендіруге, көркейтуге тиіспіз. Табиғат – Отанымыздың  байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды, табиғаттың иесі мына сіздер мен біздер. Демек, табиғатты қорғау – өз Отанымызды сақтау деген сөз. 

2 мин.

11.

СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ (Кері байланыс).

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Шеңбердің ортасына бір адам шығып, сабақ туралы өз пікірін білдіреді. Мысалы: «Маған бүгінгі сабақ............ ұнады», қалған қатысушылар оның пікіріне қошемет көрсетіп қол соғады, екінші қатысушы шығып өз пікірін білдіреді, яғни «Маған түсініксіз болғаны............» және т.с.с. Қатысушылар жағымды пікір білдірсе қалғандары қол соғады, жағымсыз пікір білдірсе қол соғылмайды.

Мұғалім қатысушылар пікірін тыңдап болғаннан кейін осы шеңбер жасау кезінде біз қалай біріккен болсақ, оқушы-мұғалім-ата-ана үш жақты принципімен жұмыс жасау кезінде де осындай ұйымшыл болайық деп аяқтайды.

Қатысқандарыңызға рахмет!

3 мин.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!