Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Оразахимова Алуа Болатбеккызы
Астана қаласы әкімдігінің
«№82 «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ
Біз табиғатты терең зерттеуден
тек ой ғана емес, іс те туындайтынын қалаймыз.
А.Э.Ферсман
«Табиғатта барлығы бір - бірімен байланысты» - дейді экологияның бірінші заңы. Яғни, қоршаған ортаға әсер етпей, көбіне оны бұзбай бірде-бір іс-әрекет жасауға болмайды. Қазіргі кезде адамзат алдындағы ең басты қауіп – экологиялық дағдарыс. Баска да әлемдік дағдарыстар (энергетикалық, шикізат, демографиялық) айналып келгенде табиғатты қорғау мәселесіне келіп тіреледі.
Ғаламдық экологиялық дағдарысты жеңу үшін планетаның әрбір тұрғыны табиғат алдында жауапты екенін сезіну қажет. Экологиялық дағдарыспен куресуде сауатты және тиімді ғылыми - техникалық шешімдерді іздеу де маңызды болып табылады. Келесі қадам - тиімді де сапалы табиғатты қорғау заңдарын қабылдау. Бұл проблеманы шешудің басты жолы - қоғамдағы барлық жастағы, барлық әлеуметтік деңгейдегі адамдардың экологиялық сауатты болуы керек. Экологиялық мәселелерді шешу тек экологиялық сауаттылық, адамдардың табиғатты басқа да бір тіршілік иесі сияқты қабылдап, мейлінше оған да, өзіне де шығын келтірмей қараудан басталады. Қоғамда экологиялық білім және тәрбие беруді мемлекеттік деңгейде, балалық шақтан бастау қажет. Адамзат қандай жағдайда, қандай күй кешсе де оның табиғатпен үйлесімділігі сақталып қалуы қажет.
Қазіргі таңдағы жаратылыстанудың мақсаты - жаңа жағдайда биосфераның және планетада адамзаттың шексіз ұзақ тіршілік етуін камтамасыз ететін шаралар жүйесін жасау болып табылады. Адам шығу тегі, материалдык және рухани қажеттіліктері бойынша тірі табиғатпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың ауқымы мен түрі - өсімдіктер мен жануарлар түрлерін пайдаланудан, қазіргі таңдағы өнеркәсібі дамыған, қоғамның қажеттіліктерін өтеу үшін планетадағы бүкіл тіршілік қабаттарын, тіршілік иелерін толықтай пайдалану дәрежесіне дейін өсті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғары қарай жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады.
Келешек ұрпаққа экологиялық мәдени тәрбие беру қазіргі заманда өзекті мәселе болып табылады. Осы орайда, «Жас эколог» таңдау курсы оқушыны шығармашыл жеке тұлға, зерттеуші ретінде сезінуге, өзін-өзі дамуына мүмкіндік береді.
Құрастырылған жұмыс білім беру жүйесіндегі экологиялық тәрбие беруде жас ұрпақты ұлттық, патриоттық экологиялық сананы қалыптастыруға мүмкіндік беретін мазмұнды бағдарлама. Үйірме жұмысының бағдарламасы оқушының зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге жетелей отырып ғылыми тілде ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін жетілдіруге негізделген. Сонымен қатар, еліміздің экологиямен айналысқан ғалымдардың еңбектерімен танысуға бағыттылған.
Бастауыш мектепте экологиялық білім беру баланың дүние танымының қалыптасуында өте маңызды кезең деуге болады. Теориялық және әдістемелік экологияға байланысты шығармаларды талдау нәтижесінде бастауыш мектептегі экологиялық білім беру жұмысын жандандыру жөнінде ой туды. Осыған байланысты аталмыш таңдау курсы енгізіліп отыр.
Берілген курсты жоғары дәрежеде меңгеру үшін табиғатты және өз денсаулығын қорғау үшін теориялық білімін қолдана білу, ұсынған жоспар мен сұлба бойынша табиғаттың заттары мен құбылыстарын бақылау, тірі және өлі табиғаттың объектілерімен қарапайым тәжірибелер жүргізу, өзінің табиғатқа, адамдарға деген көзқарасын ойнағанда және өмірде суретпен, бұйымдар жасау арқылы, ертегі құру арқылы, шағын шығарма арқылы көрсете білу жұмыстарын жүргізуге ерекше мән беріліп отыр.
Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала – бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата – бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласың», «Аққуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген ата – баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата – бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң - құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанаршылықпен қарап, табиғат тұнығын «обал» деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.
Жоғарыда келтірген халықымыздың ырымдары мен тыйым сөздері жас өспірімдерге экологиялық білім беру жолына үлес қосады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс – қимыл бірілігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы – бұл бағыттағы оңды нәтижелерге тек мектеп жасындағы оқушылырмен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық – туристік - өлкетану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына негіз болатын білім Ордасы мектеп екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оқушылардың ой - өрісін, ұлттық мәдениет пен сана-сезімін дамытып алғыр тұлғаны қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Оқушыларға инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім беру жолдарын қарастыру үшін, ең алдымен біз ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді зерттеп қарастыру қажет.
Экологиялық білім берудің маңыздылығы – жеке адамның бойында қазаққа тән ізгілік пен әдет - ғұрыптарын дарыта отырып, «адам-қоғам- табиғат» арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту болып табылады. Экологиялық білім беру әрқашанда жеке адамның тәрбиесін экологиялық мәдениетін дамытудан бастап көпшілікке экологиялық білім беру деңгейіне көтерілді. Сондықтан, экологиялық білім беру өте күрделі процесс. Оны «дайын» күйінде ұсынуға болмайды. Ол үшін оқушылардың санасына, ой - өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып беру керек.
Оқушыларды табиғатты қорғау шараларына қатыстыру, олардың экологиялық білім деңгейлерін одан әрі жетілдірумен қосымша білім берумен тығыз байланысты. Әрбір мектептің міндеті оқу бағдарламасынан тыс әртүрлі тәрбиелік білімділік мәні бар сабақтардан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларға дүние жүзінде болып жатқан экологиялық мәселелерді ұғындырып, болу себептерін айқындап, экологиялық білімін арттыру.
«Жас эколог» курсының экологиялық жұмыстарының басты міндеттері:
1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, экологиялық материалдарды тереңінен меңгеруге көмектесу;
2. Экологиялық мәдениет пен саясатты және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;
3.Оқушылардың бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.
Жаратылыстану пәнінде экологиялық жұмысты іске асыру үшін мынандай талаптар ескерілу қажет:
1. Жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды еркіне қарай топтастыру;
2. Қандай да жұмыстың түрі болмасын, оның қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіру;
3. Экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта - ықыласын, талабын, қабілеті мен құштарлығын ескеру;
4.Ұйымдастырылған қандай бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болуы;
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, педагогикалық, философиялық, психологиялық әдебиеттерге қоршаған ортаны қорғау туралы талдау жасау бұл мәселенің бірден пайда болғанын көрсетеді.
Экологиялық білім беру жүйесі міндеттерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Бұл салада педагогика теориясы мен орта мектептің осы бағыттағы іс – тәжірибесін зерттеу және экологиялық білім беру мүмкіндіктерін, орқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасын барлық пәндер негізінде жүргізуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Есеналина Н. Этнопедагогика үлгісінде экологиялық тәрбие беру.
2011 жыл
2.Бастауыш мектеп №12, 2014 ж.
3.Шілдебаев Ж. Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі // Қазақстан
мектебі, 2014ж № 8.
4.Манкеш А.Е. Табиғатты бағала да аяла. Алматы,2010 ж.
5.Манкеш А.Е. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары
//Қазақстан мектебі, № 4,2014 ж.
6.Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030» Жолдауы
7.ҚР Білім туралы заңы
8. Дүниетану 3-сынып. Алматыкітап,2013 жыл.
9. Дүниетану 4-сынып.Алматыкітап,2015 жыл.
10.Дүниетану әдістемелік құралы 3-сынып.Алматыкітап 2013 жыл.
11. Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры. Алматы,2016 жыл.
12.Жер және ғарыш. Балаларға арналған танымдық энциклопедия, Аруна,
2015 жыл.
13.Планета земля энциклопедия, Москва, 2008 жыл.
14.Бейсенова А.С.Задачи экологического образования и воспитание в современной перестройке высшей школы,В сб.науч.трудов. Экологическое образование в Казахстане. –А: АГУ.1991. –100с.
15. М.Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. А, 2002. - 4-6б.
16.Руссо Ж.Ж.Педагогическое сочинение. Т.2. –М.:1981. –320с.