Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экологиялық қасіреттің зардаптары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№44"Жаңа дала" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Экологиялық зардаптардың қасіреті.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету -қоғамның тұрақты дамуының кепілі.
Мақсаты: Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын табу.
Міндеті: Оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеу.
Адам мыңдаған жыл бойы өзінің тіршілігіне қажеттінің барлығын бәрін табиғаттан алады. Бірақ қалыптасқан табиғи тепе-теңдікті бұзған жоқ. Бүгінгі таңда экономикалық өсу мен азаматтың дамуы биосфераны талқандау есебінен өсуде.
Бүгінгі өндіріс саласындағы экономикалық өндіріс өнеркәсіптік қалдықтардың жылдам көбеюіне, ірі қалалар ауасының ластануына, сондай-ақ, өзендер мен су қоймаларының бүлінуіне әкеледі. Қазіргі сәтте еліміздегі мұндай қалдықтар 20мллирд.тоннаны , оның ішінде улысы 2мллирд.тоннаны құрайды. Айналаны ең көп ластайтын мұнай-газ саласы, түсті металлургия , тау-кен өндірісі, жылу энергетикалық кешендерінің кәсіпорындары болып табылады.
Қоршаған орта барған сайан радиациялық, химиялық және т.б қауіпті ықпалға ұшырап отыр.
Әсіресе , Каспий қайраңын белсенді игеру экологияға үлкен қауіп туғызады. Теңіздегі мұнай өндіруді табиғатты қорғау шараларын сақтамай дамыту Каспийдегі биоресуртарға үлкен зиян келтіреді.
Еліміздегі техногендік жағдайлардың әлеуметті қауіп де осал емес. Эконоимканы одан әрі қарай дамыту мәселелері табиғатты қорғау заңдарының талаптарын қатаң ескеру мен бірге кешенді түрде жүзеге асқаны жөн дейтініміз де сондықтан. Жоғарыда аталған проблемаларды шешуге қатысты мемлекет басшысы Үкіметке тұрақты даму бойынша Ұлттық комиссия туралы ережені жасауға, сондай-ақ, елдің тұрақты дамуының Ұлттық бағдарламасын жасау бойынша ұсыныс енгізу қажеттілігіне тоқталды.
Қоршаған ортаны қорғау- әрбір адамның төл міндеті. Экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік бағдарламасын жаасау қажет. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталсы экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Қоршаған ортаның экологиялық мәселелерді бірнеше топқа бөлуге болады:
-- ағзалардың тіршілік ортасының бұзылуына қатысты мәселелер жатады. Солардың бірі -Дүниежүзілік мұхит суының ластануы. Ондағы тірі ағзаларға мұнай ластығы ерекше зиян келтіреді. Мұхиттағы тірі ағзалардың құрлық жануарларындай өз мекенін жиі тастап кететін мүмкіндігі жоқ.
-- жарамдылық мерзімі аяқталған соң да құрамындағы элеметтермен табиғатты уландыратын жасанды заттарды (пластмасса, жасанды талшықтар, бояулар) пайдалануға байланысты.
Бұдан басқа адам баласы өміріне қауіпті заттарды (радиоактивті заттарды, сынапты,мышьяктар ) кеңінен пайдаланылады. Өсімдіктер және жануарлар дүниесін жоңға қатысы бар мәселелер күн тәртібінен түспей отыр. Балықтарды бақылаусыз аулау, өсімдіктердің сирек түрлерін жинау олардың көптеген түрлерінің санын азайтуда.
Ормандарды кесу де табиғи түрлерді қысқартуға әкеледі. Жыл сайын 20млн. га-дан астам болатын ормандар жойылуда. Бұл жануарлар мен өсімдіктердін көптеген түрлерінің жойылып кетуіне апарып соғады. Адамның шаруашылық әрекеті-табиғаттың алуан түрлілігін жоюға септігін тигізуде. Бұл табиғаттың тепе -теңдігінің бұзылуына әкеп соқтырады. Адамдардың шаруашылықтың арекеті табиғаттың табиги күйінің бұзылуына , қоршаған ортаның ластануына яғни антропогендік бұзылуына әкеледі. Жер бетіндегі әртүрлі экологиялық дағдарыстар мен апаттардың өріс алуы бүкіл адамзат баласына ой салып , әлемдік деңгейде атап өтілетін айтулы экологиялық күндер белгіленді. Мұндай айтулы күндердің өскелең ұрпақтар үшін танымдық және тәрбиелік мәні зор екендігін ескере отырып , мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілердің айтулы экологиялық күндерге арнап арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастыру жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениеттілігін оятуға септігін тигізеді.
Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір адамзаттың абыройлы міндеті , әрі парасатты парызы. М.Мақатаев айтқандай
Пай,пай,пай киелі неткен жер !
Батырлар дүрілдеп өткен жер !
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер
Ғашықтар бір-бірімен өпкен жер.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1..География және табиғат. 2011-2012-2013ж
2.."Экология " 2000ж
3..http// google.com
Экологиялық зардаптардың қасіреттері.
Мақсаты: Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.
Міндеті: Қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін шешу жолдарын меңгерту.
Қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдалану мен тікелей байланысты , адамзат тіршілігіне қажеттігінің барлығын табиғаттан алады. Табиғат-табиғи қажеттілігімізді қамтамасыз етуші орта. Табиғат пен қоршаған орта қолдан жасалған өзгерістерді қаламайды. Табиғи өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру үрдісі ұзаққа созылады. Табиғатымызды тиімді пайдалану , көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуіді қарастыру кереке.
Қоршаған ортаның ластануынан соңғы жылдары тері, сары ауру, жұқпалы аурулар , ішек-құрт аурулар, қатерлі ісік, жүрек, қаназдық, тыныс ауруларының т.б. көбеюіне әсер етуде. Ластанған ауаны, суды, ауаны, топырақты пайдаланған халықтың денсаулығы дұрыс болмайтындығы айқын. Бұл әсіресе жастар арасында белең алуда. Жастар біздің ертеңгі болашағымыз емеспе. Экологиялық жағдайдың әсерінен экологиялық денсаулықтың қалыптасуы болашақ адам өміріне , тіршілікке кері зиянын тигізері анық. Осындай жағдайдың алдын-алу үшін экологиялық тақырыптан шығу, апаттардың алдын алу шараларын қарастыру керек.
1-ден қоршаған ортаның тазалығын бұзбай, экологиялық жағдайын жақсарту үшін қала халқының экологиялық сауаттылығын арттыру қыжет.
2-ден айналадағы ортаны көгалдандыру шараларын жүргізу.
Соңғы кездері дүниежүзінде адамзат үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Экологиялық дағдарыс жайлы әңгіме жиі бас көтереді. Мұндай жағдай бірден қалыптасқан жоқ.Адам баласы белгілі бір деңгейде табиғаттқа кері әсерін тигізіп келгені анық. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын тұрғызғанда, жерді игергенде, канал мен жол салғанда табиғи ауытқушылықтарға жол бердік.Осынның бәрі табиғатқа зиян екенін білмедік емес, білдік, бірақ ештеңе жасамадық. Сөйтіп біздер адамзат қағамы табиғаттың тепетеңдігін бұздық.
Өнеркәсіпті жаппай дамыту табиғат пен қоршаған ортаға кері әсерін тигізді, пайдалы қазбаны паудалану қоршаған ортаның ластануын күшейтті .Жылдан-жылға дүние жүзінде демографиялық жағдай күрт өзгерді.Жер шары халқының саны тез өсіп кетті. Бұл халықтың өсуі қоршаған ортаның ластануына үлкен әсер тигізуде.
Ешкім табиғи ресурстарды пайдаланудан бас тарту керек деп есептемейді. Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасындағы "ЗАТ АЛМАСУЫНА " тікелей байланысты. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиянсыз жүзеге асуы керек. Адамзат кез келген уақытта табиғатқа бағынышты болады, оның ресурстарын өз қажеттілігіне жұмсалады.
Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны ұқыпты сақтауға, оның ластануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктер мыналар:
- Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін , аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жаппай өндіріске ендіру.
- Өндірісте сумен жабдықтаудың қитымды және тұйық айналымдарын кең қолдану су шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.
- Топырақтағы ылғалдың жиналуын және атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
- Жылу мен энергияның дәстүрлі түрін ауада көмір қышқыл газының жиналуы мен климаттық өзгерістің алдын алуға мүмкіндігі бар табиғи көздермен алмастыру.
Табиғатты ұтымды пайдалану ұстанымдары.
Табиғатты ұтымды пайдалану және табиғат қорғау бағдарламасы |
||||
Жергілікті табиғи жағдайларды жан-жақты есепке алу |
Антропогенді әсер салдарын алдын ала болжау |
Табиғи ресурстарды пайдаланудың орынды кезектігі |
Қайта жаңармайтын ресурстарды үнемді пайдалану |
Қайта жаңаратын ресурстардың кең ұдайы өндірісі |
Сарқылмайтын ресурстарды ұқыпты пайдалану |
Шаруашылық игеру процесінде табиғатты өзгерту |
Рекреациялық- сауықтыру мақсаттары есебімен табиғи ресурстарды пайдалану |
Табиғат және архитектуралық жарасымдылық тың үйлесімділігі |
Ғылыми- эстетикалық құндылығы бар табиғи оьбектілердің сақталуына |