Материалдар / Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні бойынша толыққанды мағұлмат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
832
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы , Алматы қаласы

«Қайнар» Академиясының колледжі

Әдіскер Сағындықова Зейнура Асқарқызы

Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні

Тақырып бойынша қаралатын негізгі сұрақтар:

  1. Экологиялық құқықтың түсінігі

  2. Экологиялық қатынастардың түрлері және жалпы сипаттамасы.

  3. Экологиялық құқық қатынастардың субъектілері және объектілері.

Экология терминін 1966 жылы неміс ғалымы Э. Геккель еңгізді. Грек тілінен аударғанда ол «ойкос»- үй тұратын жер және «логос» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Экологиялық құқықтың пәні - жаңа табиғи сападағы экологиялық қоғамдық қатынастар болып табылады. Осы қатынастардың ерекшеліктерін мыналармен түсіндіреді: Атаулы қоғамдық қатынастар тарихи сипатқа ие. Олардың тарихи сипаты мыналармен шартталады: а) табиғатты тиімсіз пайдалану нәтижесінде табиғатты пайдаланудан гөрі оны қорғау басым болып отырған тарихи жағдай; б) қазіргі тарихи дәуірде адамзаттың мүмкіндігі өндірістік күштердің даму деңгейімен және халықаралық қызметтестіктің жағдайымен шектеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз – қоғам және табиғат арасында туындайтын және экологиялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Кез-келген құқықтық қатынас құқық нормасының әрекетін, оның практикада іске асырылуын білдіреді. Экологиялық құқықтың нормалары адамның қоршаған ортаны пайдалану және қорғау барысындағы жүріп-тұру ережелерін бекітеді. Атаулы нормалар әдетте, заңдармен көзделеді және тұтастай алғанда экологиялық заңнаманы құрайды, экологиялық құқықтық нормалары іске асырылмай қалса, жай декларация түрінде қалып қояды. Сондықтан да экологиялық құқықтың бар болуының қажетті нысаны құқықтық қатынас, яғни экологиялық құқықтың нормасын іске асырумен, қолданумен байланысты туындайтын қатынастар болып табылады. Бірақ, кез-келген құқықтық қатынас соның ішінде, экологиялық құқықтық қатынас құқықтық нормасы мазмұнын көшірмесі бола алмайды. Іс жүзінде құқықтық нысанға айналардан бұрын қоғамдық қатынастар оның мазмұнын өзгертетін, жақсартатын немесе нашарлататын факторлардың ықпалына ұшырайды. Алайда, оған қарамастан құқықтық қатынастар экологиялық құқықтың көрінісін нысаны ретінде осы құрылымның қажетті элементі болады. Демек, экологиялық құқықтық қатынастар экологиялық қатынастардың құқықтық нысаны болып табылады. Экологиялық құқықтық қатынастардың негізі аспектісі нақты құқықтар мен міндеттер иеленетін субьектілердің өзара қатынасы. Сондықтан да кез-келген экологиялық құқықтық қатынасқа жариялық сипаты тән. « Экологиялық құқықтық қатынастарды топтастыруды бәрінен бұрын экологиялық қоғамдық қатынастардың түрлері бойынша жасаған дұрыс «, - дейді Ерофеев Б.В. және экологиялық құқықтық қатынастарды мынадай түрлері боынша топтастырады: Экологиялық пайдалануды мемлекеттік реттеу аясында қалыптасатын экологиялық құқықтық қатынастар; Табиғи ресурстарға меншік құқығын іске асыру аясында қалыптасатын экологиялық құқықтық қатынастар; Жерге және онда орналасқан табиғи ресурстарға заттай құқықты іске асыру аясында қалыптасатын экологиялық құқықтық қатынастар. М.М.Бринчук қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы аясындағы адам мен азаматтың мүдделерін және қажеттігін ескере отырып, қоршаған орта саласындағы қатынастарды: табиғи обьектілерге және ресурстарға меншік қатынастары; табиғи пайдалану жөніндегі қатынастар, әр түрлі ықпал ету нысандарынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар; заңды және жеке тұлғалардың экологиялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар деп бөледі.

Атаулы қоғамдық қатынастар өндірістік сипатқа ие және қайта өндірудің экономикалық процесінің төрт фазасында да: өндірісте, өнімді бөлуде, айналымға жіберуде және тұтынуда болады.

Экологиялық қатынастардың субьектілерінің құрамы ерекше (жеке тұлға, ұйымдар, мемлекет). Бұл қатынастардың барлығында халықтың атынан және халықтың мүддесі үшін мемлекет әрекет етеді.

Экологиялық құқықтық қатынастар тікелей мақсаттардан басқа ерекше мақсаттарды көздейді, дәлірек айтсақ:

а) табиғи ресурстарды пайдалану барысында оларды сақтап қалу немесе сақтап қалуды қамтамасыз ету;

б) табиғи ресурстарды пайдалану барысында оларды жақсартып отыру. Мысалы: егістік жерлерді пайдалану барысында жер пайдаланушылар топырақтың құнарлығын арттырып отыруы тиіс;

в) бұзылған табиғи обьектілерді қалпына келтіру. Мысалы: ағаш кесумен қатар ағаш отырғызу немесе балық аулаумен қоса балық өсіру.

Экологиялық қоғамдық қатынастарды - табиғи обьектілерді -экологиялық жүйені және адамның денсаулығына, қызмет ету жағдайына, өмірінің сапасына ықпалын тигізетін басқа да материалдық обьектілерді сақтап қалуға, жақсартуға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытгалған, тарихи түрде қалыптасқан өндірістік қатынастар. Экологиялық құқықтың пәні - азаматтар мен ұйымдардың арасында болатын, міндетті түрде мемлекет қатысатын, табиғи ресурстарды сақтап қалу, жақсарту, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жөніндегі экологиялық-құқықтық нормалардың күші бар салада қалыптасатын өндірістік қатынастар.

Экологиялық құқық құқық саласы ретінде қоғам және табиғат арасындағы бірқалыпты қарым-қатынастарға қол жеткізу мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды ерекше әдістермен реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін білдіреді.

Экологиялық құқықтың құқықтық реттеу әдістерінің ерекшелігі оның пәнінің ерекшелігімен шартталады. Сондықтан экологиялық құқықтың пәнін құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастардың кешені оның құқықтық реттеу әдістерінің комбинациясымен көрінеді. Құқықтық реттеу әдістері- қоғамдық қатынастарға мемлекет тарапынан құқықтық ықпал ету тәсілдері. Құқық теориясында әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық әдістер кең танымалы. Әкімшілік-құқықтық реттеу әдісі көбінесе жария құқық салаларында қолданса, азаматтық-құқықтық әдіс жеке құқық салаларында қолданылады. Әкімшілік-құқықтық әдіс тараптардың теңсіздігі жағдайынан туындайды және тиісінше, рұқсат беру, нұсқау, тиым салу сияқгы шаралармен тығыз байланысты болады. Демек, тараптар тең емес жағдайда, яғни, әкімшілік құқықтық қатынастарға қатысушылар арасында билік және бағыну қатынастары қалыптасады. Азаматтық-құқықтық реттеу әдісі құқықтық қатынастың тараптарының теңдігіне негізделеді. Азаматтық-құқықтық қатынастарда оған қатысушы тараптар тең құқылы субьектілер ретінде, бір-біріне тәуелсіз жағдайда болады. Олар екі арада жасалатын келісім-шартта заңмен көзделген шектерде өздерінің құқықтарын және міңдеттерін өздері анықтай алады. Қазіргі уақытта экологиялық құқықта құқықтық реттеудің екі әдісі бірдей қолданылады. Бірақ, нарықтық қатынастарға өту барысында осы құқық саласында азаматтық-құқықгық реттеу әдісінің неғұрлым жиі қолданылып жүргенін атап кеткен жөн. Сонымен қатар, соңғы кезде ықпал етудің экономикалық әдісінің маңызы арта түсуде. Ықпал етудің экономикалық әдісі - шаруашылық жүргізуші субьектілердің табиғи ресурстарды тиімді пайдалануына және қорғауына материалдық мүддесі арқылы қоршаған ортаны қорғауға ықпал ету. Бұл әдіс бәрінен бұрын табиғат пайдаланушыларға қатысты қолданылады. Экономикалық реттеу әдісінің мақсаты - экологиялық қатынастарға қатысушыларды экономикалық жағынан тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз шаруашылық қызметті іске асыруға ынталандыру болып табылады.

Ықпал ету тәсілдерінің реттелетін қоғамдық қатынастардың мазмұнынан алшақ болуы құқықтық реттеудің тиімділігіне теріс әсерін тигізеді, демек, осы алшақтауды болдырмас үшін экологияландыру әдісі қолданылады.

Б.В.Ерофеев. экологиялық құқықтық қатынастардың обьектілерін : 1) табиғи обьектілер және олардың элементтері, табиғи кешендер және бүтіндей қоршаған табиғи орта; 2) осы обьектілерді пайдалану және қорғау тәртібі деп екіге бөледі.

Экологиялық құқықтық қатынастардың обьектілердің жіктелуі:

  1. бүтіндей қоршаған табиғи орта;

  2. табиғи ресурстардың жекелеген түрлері;

  3. құрамына бірнеше жеке табиғи обьектілер кіретін табиғи кешендер;

Оның ерекшеліктеріне қарай құқықтық қатынастардың субьектілерінің құқықтыар мен міндеттері туындайды. Басқаша айтар болсақ, экоологиялық құқықтық қатынаестардың обьектілерінің ерекшеліктері атаулы құқықтық қатынастардың мазмұнына ықпал етеді. Ал, құқықтық қатынастардың негізін субьектілердің құқыққабілеттілігі құрайтыны құқық теориясынан белгілі. Демек, экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұны дегеніміз - құқықтық қатынастарға қатысушылардың қоршаған табиғи ортаны пайдалану және қорғау жөнінде құқықтарының және маіндеттерінің жиынтығы. Құқықтар мен міндеттерндің мазмұны құқықтық қатынасқа қатысушылық құрамына және қатынастың обьектісіне байланысты болады. Б.В.Ерофеев экологиялық құқықтық қатынастардың барлық субьектілерін экологиялық құқықтық субьектілеріне және экологиялық құқытық қатынастың субьектілеріне бөледі. Экологиялық құқықтың субьектілері - табиғат қорғау сипатындағы іс-қимылды атқару заңмен өкілеттік берілген тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастардың субьектілерін: өкілеттік берілген және міндет атқаратын деп екі топқа бөлуге болады. Экологиялық құқықтық қатынастардың өкілеттікң берілген субьектілері – орындалу осы субьектілердің еркіне байланысты болатын, белгілі бір субьективтік құқықтарды иеленетін тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастардың міндет ақпаратының субьектілері осы құқықтық қатынастардың өкілеттік берілген субьектілердің құқықтарын іске асыру жөніндегі міндеттерді атқаратын тұлғалар.

Құқықтар мен міндеттердің мазмұнына қарай, В.В.Петров экологиялық құқықтық қатынастардың барлық субьектілерін төрт категорияға бөледі. Табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі құқықтарды иеленетін және міндеттерді атқаратын – табиғат пайдаланушылар; табиғи ортаны қорғауға бақылау жүргізуге және табиғи ресурстарды пайдалануды реттеуге құқығы бар, арнай уәкілеттік мемлекеттік органдар, өкілетті және атқарушы билік органдары, экологиялық мақсаттағы қоғамдық бірлестіктер; экологиялық құқықтық қатынастардың заңдылығына қадағалау жүргізетін сот прокуратуралық қадағалау органдары.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Экологиялық құқығының түсінігі және пәні

  2. Экологиялық құқығының негізгі міндеттерін атаңыз

  3. Экологиялық құқығының қағидаларын атаңыз

  4. Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдістері.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Стамқұлов Ә.С. Алматы: Жеті Жарғы, 1995

  2. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Стамқұлов Ә.С. Тараз, 2003

  3. Экологическое право РК Культеев С.Т. Алматы, 2003

  4. Экологическое право РК Бекишева С.Д. Караганда, 2001

  5. Экологическое право Бринчук М.М. Москва: Юрист, 1998

  6. Юридическая отвественность за экологические правонарушения Байдельдинов Д.Л. Алматы, 1993


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!