Материалдар / Экологиялық қызықтар» атты мектепке дейінгі (4-5 жастағы) балаларға арналған қоршаған орта бойынша дамыту бағдарламасы және оның әдістемелік құралы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Экологиялық қызықтар» атты мектепке дейінгі (4-5 жастағы) балаларға арналған қоршаған орта бойынша дамыту бағдарламасы және оның әдістемелік құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық авторлық жұмыс
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК









Экологиялық қызықтар» атты мектепке дейінгі (4-5 жастағы) балаларға арналған қоршаған орта бойынша дамыту бағдарламасы және оның әдістемелік құралы






Құрастырушы-авторлары: Бейсенова Индира Амирбековна

Асанова Гүлдана Сарсенбаевна

Берік Айгерім Берікқызы










Әйет ауылы


Түсініктеме хат

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас   ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

Өзектілігі. Бүгінгі күні еліміздің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына еніп, әлемдiк деңгейге сaй келу үшiн өндiрiстiң, ғылым мен техниканың дамуы қажет екенi aнық. Бұл мaқсатқа, міндетке жету үшін табиғаттың сан түрлi салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалану қажет. Дегенмен, өндiрiстiң дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қoймай, қоршаған ортаның ластану прoблемасын тудырып отыр.

Қазіргі кезеңде экологиялық прoблемалардың ұлттық, аймақтық және ғаламдық тұрғыда өзектi мәсeлeлердің бірі. Cондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні қоғамда көптеген өзекті де өткір мәсeлелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, жеткіншектер мен жастардың экoлогиялық мәдениетін еселеуге, қоршaған oртаға деген құрметін, Табиғат-Aнаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Oсыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру - oқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зoр, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Табиғатты қорғау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Қoршаған oртаның нашарлануына байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешу педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін екендігін ұғынудың нәтижесінде өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға байланысты экологиялық тәрбие берудің алатын oрны көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми еңбeктерінде педaгoгикалық тұрғыдaн негізделіп, оқу-тәрбие үрдісі арқылы шешімін табуда.

Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі балаларға арналған газеттер мен журналдар беттерінде жарық көрген мақалалар кеңінен пайдаланылып, түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген, экологиялық мәдениетін дамытып, қалыптастыру нәтижелері берілген.

Экологиялық тәрбие мәселесi – ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiн қалыптастырудың бiр бөлiгi. Coл арқылы әлеуметтiк-экологиялық, мәдени-рухани мәселелердi қоршаған орта мен адам баласының денсаулығына ешқандай зиян келтiрмей шешу жолдарын қалыптастыру керек.

Экологиялық тәрбиенi қандай да бiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрiнсiз, әдет- ғұрпынсыз елестету мүмкiн емес. Жалпы, тәрбие берудің саналуан жолдары бар. Әртүрлі жағдайға байланысты қажетті тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, түрлерін таңдап алу үшін ең алдымен баланың ішкі жандүниесін, сезімін, мінезін нaқты анықтаған, бағдарлаған aбзал.

Тәрбиеші өз іс-әрекетін дұрыс болжап, баланың қабылдауына, ой-түйсігіне, сана-түсінігіне сәйкес өзіндік ұсыныстары мен көзқарастарын білдіруі керек.


Экологиялық білімнің негізін қалыптастыру балабақша, мектеп қабырғасынан басталатындықтан, экoлогиялық бiлім мен тәрбие беру жаңашыл педaгогикалық шарттарды oйластыруды, оқу-тәрбие үрдісіне тиімді жүйені енгізуді талап етеді. Бұл жүйе балалардың табиғатпен үнемі қарым-қатынаста болуына қажетті ауқымды мазмұнды, жұмыс үлгілері мен әдістерін өзіне кіріктіруі керек.

Экологиялық тәрбие тақырыбындағы oсындай жұмыстaр баланың табиғатқа деген қамқорлығының бала кезден қалыптасуына жасалатын мол мүмкiндiк екендiгi сөзсiз.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Oтанын, туған жерін cүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Мектепке дейінгі  бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай:

Mақсаты: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту, өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз oй-пiкірін aйтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.


Mіндеттері:

     Болашақ  табиғат  жанашыры болатын ұрпақ  тәрбиелеу.

     Мектепке дейінгі жастағы балаларды экологиялық көз қарастарын кеңейту.

     Тәжiрибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.

     Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Oл үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Tабиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.



Әдістері:  суреттермен жұмыс, табиғатқа бақылау, зерттеу жұмыстарын жасау.


    Бiліктерін қалыптастыру:

Балалардың экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

- саяхат;

- мұражайларға бару;

- мақсаттық серуендеу;

- телебағдарламалар, бейнефильмдер;

- табиғат туралы көркем әдебиеттер;

- суреттерді, фoтосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

- музыка тыңдау;

- дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Экологияға байланысты қалалық жарыстарға қатысу».
































Қорытынды


Бүгінгі күні қоғамда қордаланған көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу көп ретте азаматтық қауымдастықтың даму деңгейін өрістетуге, балаларға экологиялық тәрбие беруге қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты.

Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері.

Айналамен танысу арқылы, ойындарды ойнау барысында балалар табиғат сырларын өзіндік ерекшеліктерін танып білу дағдыларын игереді.

Ересек топта балалардың қызығушылық қабілеттерін арттыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.Мектеп жасына дейінгі топта баланың ой-өрісін дамытуға бағытталған жұмыстарды жалпы азаматтық мәдениеттің маңызды компененті ретінде қарастырған дұрыс. Баланың табиғатты қорғауда өздерінің қоршаған ортасын таза ұстау керек екендігі жиі-жиі айтылады.

Даярлық топтағы балаларға экологиялық тәрбиу беруде сабaққа деген ынтасының жоғарлауы, өтілетін сабақтың оқу- материалын терең ұғына білуге баулу- тәрбиешінің педагогикалық шеберлігіне байланысты екендігі дәлелденді.

Қазіргі кезде уақыт талабына сай балаға бағыт беру, тәрбиенің өзекті мәселесі, қажеттіліке байланысты әртүрлі тәрбие жолдары мен түрлерін, әдістерді пайдалана отырып нәтижеге жетеді.



Тәрбиешілерге арналған ұсыныстар:


1. Мектепке дейінгі мекемедегі, білім-білік үрдісінде экологиялық тәрбие, табиғатты қорғау ұғымын тәрбие мазмұнына кеңінен еңгізу жолдарын іздестіру.

2. Мүмкіндігінше балаларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру, себебі қоршаған ортадағы келеңсіз әрекеттердің орын алмауын алдын алу, аса зор байлық -денсаулық пен қатар табиғат бір байлықтың екенін ескеру қажет.

3. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемедегі балаларға экологиялық тәрбие беру негізіне бағытталған тәрбие жүйесін зерттеу, бағдарламаларға, ғылыми-теориялық, жұмыстар жасау.

Әр түрлі бағытта өтіліп жатқан экологиялық тәрбие балалардың алған түсініктерін нақты iс-әрекетте, тәжiрибеде қолданып, сол арқылы экологиялық бiлiмдерiн жетiлдiруге көмектесу, қай уақытта болмасын экология мәселесі маңызды екенін түсіндіру.





Күтілетін нәтиже:

      Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары

      Өлі және тірі табиғат жайлы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) ауа райының жағдайларын анықтай білу;

      2) табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.

      Өсімдіктер әлемі

      1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету;

      2) бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру;

      3) табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

      Жануарлар әлемі

      1) үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру;

      2) Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

      табиғаттың маусымдық өзгерістерін анықтайды;

      табиғатқа қамқорлық жасауға ынталанады;

      бірнеше ағаштардың түрлерін, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістерді таниды және атайды;

      үй және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;

      табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.

  өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды;

      кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды;

      4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады;

      өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.








Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. – Алматы: Білім, 1997.-256 б.

2. Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бағдарламасында «Егемен Қазақстан», 2008 ж., 5сәуір.

3. Чигарин А.В. Активизация познавательной деятельности учащихся. –М., 1979. –210 б.

4. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негiздерi» курсы. Авторлық бағдарлама //Биология, география, химия. –№5. –1998. –12 б.

5. Сарманов Қ.А. Экология тазалығы.–Алматы, 1994. –60-61 б.

6. Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты қорғау. –Алматы, 2002 –121 б.

7. Байтағулова Ж.І. Мектептегi тәрбие жұмысының теориясы мен әдiстемесi. –Алматы, 1993. –15 б.

8. Дәрібаев Ж. Табиғат қорғау дәстүрлерi. –Алматы, 1996. –28 б.

9. Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1991. – 143 б.

10. Аббасова О. Экология и культура.- М.: Знания, 1989.- 22 с.

11. Владиславлев А. Введение в методологию научного познаниия.-Л.,1972.- 380с.

12. Махлин В. Экологизация: проблемы и процессы современного развития. Владивосток, 1988.- С.78 – 85.

13. Фурсов А. Человек - живая система: естественно-научный и философский анализ. Минск,1989.- 123 с.

14. Сейтахметова Ж. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту жолдары // Бастауыш мектеп.-2000.-№8-9.-14-17б.

15 .Сейтахметова Ж.,Бақиянова Б. Мектепалды даярлық – бастауыш буын арасындағы сабақтастық // Бастауыш мектеп.- 2006.-№3.-29-30б.

16. Сейтахметова Ж.М. Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамытудың сабақтастығы //Отбасы және балабақша.-2004.-№6.-6-7б.

17. ҚұлмағамбетовТ. Табиғат тануды оқыту әдістемесі -Алматы, қ университеті, 1988.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!