Экологиялық сараптама.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Экологиялық сараптама.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Экологиялық сараптама.
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus –
тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу
және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң
бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде
жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның
өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан
қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық
салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-
әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде
ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарлама лы құжаттармен және
сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-
экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала
жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады.
Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге
арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе
олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады.
Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және
әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін
құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық
зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты
пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды
жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа
зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген
құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс
орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға
сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс
орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы.
Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық
қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік экологиялық сараптама
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы
комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың
ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді.
Қоғамдық негізде жүргізілген экологиялық сараптама
мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер
қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады.
Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған
(1997)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.06.2021
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі