жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экологиялық сукцессиялар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Экожүйе |
Мектеп:Жамбыл орта мектебі |
|||||||
|
Күні: 14.09.18 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ақбұзауова Н.Қ |
|||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Экологиялық сукцессиялар. Экожүйелердің алмасуы. |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.3.1.4 Экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Экологиялық суукцессия не екенін біледі Оқушылардың басым бөлігі: Бірінші реттік және екінші реттік сукцессияны түсінеді Кейбір оқушылар: Экологиялық сукцессияның себебін түсінеді, бірінші және екінші реттік сукцессияның өзара айырмашылығын талдайды. |
|||||||
|
Бағалау критерийлері Экологиялық сукцессия үдерісі |
|
|||||||
|
Дағдылар |
Білу, түсіну, талдау |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бірінші реттік сукцессия, екінші реттік сукцессия Оқытудың тілдік мақсаты: Бірінші реттік және екінші реттік сукцессия деп екі топқа не себепті бөлгенін айтады, айырмашылық белгілерін атайды. Жазылым дағдысы Бірінші және екінші сукцессияның айырмашылықтарын дәптеріне жазып алады. |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам жоғары руханият |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
География, ботаника, зоология |
|||||||
|
Алдыңғы білім |
7.3.1.3 Қоректік тізбектер және қоректік торлар |
|||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы |
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. «Атомдар мен молекулалар» жаттығуы. Топқа бөлінеді. «Жуан және жұқа сұрақтар» әдісі. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде өткен сабаққа байланысты жұқа және жуан сұрақтар құрастыруға берілген. Топ бола отырып бір-біріне сұрақтарды қойып, жауап алады. Оқулықпен жұмыс. Оқушылар жаңа сабақпен танысу мақсатында оқулықтағы 13-15бб оқиды. Суретпен жұмыс. 1-тапсырма Оқушыларға төмендегі суреттер беріледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар бірінші реттік және екінші реттік сукцессиялардың айырмашылығын дәптерге жазып алады. Топта талқылайды.
Жұптық жұмыс. 2-тапсырма «Венн диаграммасын» толтыру (айырмашылығы мен ұқсастық белгілері). Соңынан топта талқылайды. Бірінші реттік сукцессия Екінші реттік сукцессия
3-тапсырма «Он сұрақ!» әдісі. Оқушылар оқулықтағы мәтіннен өз беттерінше сұрақ құрастырады. Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның басына негізгі сөз жазылған (сукцессия) қалпақшаны кигізеді. Қатысушы топқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 4-тапсырма 3 топқа жеке тапсырмалар беріледі. 1– топ «Түйінді сөздер» стратегиясы ұсынылады. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрастыру (бірінші реттік сукцессия, екінші реттік сукцессия, табиғат факторлары, шалғын, шөптесін өсімдіктер, бірлестіктер, процесс, тепе-теңдік, көптеген жылдар). 2 - топ «Әліпби-әңгіме» стратегиясы. Қазақ тілінің әліпбиі ұсынылады, оқушылар әр әріптен басталатын сөздерден тақырып бойынша әңгіме құрастырады. 3 - топ «Тізбектелген суреттер» стратегиясы. Берілген суреттерді кір жайғыш жіпке тізіп, тізбегі бойынша әңгіме құрастыру.
|
Алдын-ала дайындалған оқушылардың сұрақтары Оқулық Суреттері бар карточка Венн диаграммасы Қалпақ, оқушылардың қағазға жазылған сұрақтары Түйінді сөздер жазылған карточка Қазақ әліпбиі Суреттері бар карточкалар |
||||||
|
Сабақтың соңы |
Оқушыларға «Бағалау парағы» таратылады. Бағалау парағы әр оқушыға беріледі, ол дескрипторға қарап, өзін-өзі бағалап, белгі соғады, өзінің үйден не оқып келетінін өзі анықтап, жазып кетеді. Айталық, сыныпта игеріп кеткен материалына қосу белгісін соқса, ал игермегенін үйден дайындалатын мәселенің тұсына құс белгі қояды, яғни өзі үшін үй тапсырмасының көлемін анықтайды. Бұл тәсіл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады. |
. |
||||||
|
Мұғалім оқушылардан бүгінгі мақсатқа жеткен, жетпегендіктерін сұрайды. |
|
|||||||
|
Кері байланыс парағында мынадай сұрақтар болады:
|
||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс |
||||||
|
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: |
||||||||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген