ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҚАРТАЮҒА ЖӘНЕ
АУРУШАҢДЫҚҚА ӘСЕРІ
Маралбаева
Саяжан
Ғылыми жетекшісі:Қалиева
Нәзігүл Ардаққызы
Семей Медициналық
колледжі
Семей
қаласы
Мақсаты:
Адам экологиясының мақсаты,
оның міндеттерінің бірі – адамның білім негізінде, оның ішінде
өзінің табиғаты мен мәнін, өзінің бейімділігін барынша тиімді
жүзеге асыруы.
Практикалық
бағыттылығы:Қазіргі экологиялық жағдаймен
адамның өзіне және қоршаған ортаға экологиялық дұрыс қатынасының
негіздемесі ретінде ұсынылатын әрекеттің схемасы емес, оның
әдістемесі белгіленуі керек.
Өмірді жалғастырушы да,
дамытушы да адам болғандықтан адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі
таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда адам денсаулығы
ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адамның экологиялық
ортасы – қала. Қалада технологиялық қуаттың орасан зор
концентрациясы жиналады. Дүние жүзінің қалаларында қазір
ғаламшарымызды мекендейтін халықтың шамамен жартысы шоғырланған.
Соңғы 45 жылда қала халқының саны 729 млн-нан 2540 млн. адамға дейі
нөсті, яғни 3,5 еседей, ал олардың халықтың жалпы санындағы үлесі
29-дан 44%-ға дейін артқан. Сонымен қатар, қалалардың іріленуі
жүріп отыр. 1995 жылдың соңына қарай дүниежүзінде халқының саны 1
млн.-нан астам халқы бар 320 қала және 5 млн.-нан астам халқы бар
48 қала болған. Қалалардағы адам экологиясына тән нәрсе — бұл
табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті
мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген.
Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-әрекетінің
нәтижелері арасындағы қайшылық, әсіресе қала жағдайында шиеленісе
түседі.Менің тұрып жатқан жерімде де мұндай өзекті мәселелер өте
көп. Оның себептері: химиялық улы заттар жәнеде көптеген фабрикалық
зауыттар жатады. Табиғат пен оған қарама-қайшы заттар өте көп. Бұл
мәселелерді шешу арқылы көптеген зиянды химиялық улы заттарды жою
қажет.
Адамның қоршаған ортаға
негативті әсер етуінің басты көрсеткіші жаңа «ғасыр ауруларының»
туындауы болып отыр.Жан жақты зерттеулер нашар экологияның «жаңа
аурулардың» туындауы ғана емес, экологияға тәуелді топтардың пайда
болуы, сонымен қатар аурушаңдық пен қартаю жасының төмендеуі.
Ұлттық эксперттердің қорытындысы бойынша Қазақстанның 15 қаласында
ауа ластануы максималды рұқсат етілген көрсеткіштен 2,5 есе асып
отыр.
Аймақтық сауалнама бойынша
соңғы жылдарда туа біткен аурулар саны көбейген.
Сұрастырылғандардың ішінде тек 8% -ы қойылған сұраққа жауап бере
алмады. Ауруға шалдығудың негізгі факторы ретінде респонденттер:
Ақмола облысында радиоактивті ауа, уран өнеркәсібінің қалдықтарын,
ал ШҚО орта және төмен активті ядролық қалдықтар мен ядролық
полигон қалдықтарын тап өтті. Адам денсаулығына ядролық
жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға
көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык
қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен
көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған
зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон»
қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде. Ал Батыс
Қазақстан және Қызылорда облыстарының респоденттер түйіні бойынша
басты экологиялық мәселе су мен топырақ ластануы болса, Оңтүстік
Қазақстан облысының тұрғындарына токсикалық қалдықтар мен
радиоактивкті ауа болып отыр. Адамдардың ластанған суларды пайдалануының аймақта
онкологиялық аурулардың артуына әсері бар.Онкологиялық аурулардың
көрсеткіші бойынша Қызылорда облысының республикада алдыңғы орын
алуын да сонымен
байланыстырады
Нашар экологиялық жағдай
балаларда гиперактивтіліктің дамуына себеп болады, бұл өсіп келе
жатқан организмге алюминий мен қорғасынның түсуіне байланысты.
Физикалық мағынада гиперактивтілік қауіп төндірмейді,бірақ
психологиялық бұзылуды тудыруы мүмкін, өйткені гиперактивті балалар
көбінесе құрдастарына қарағанда бейім
болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының (ДДҰ)деректері бойыншаэкологиялық қауіптер ерте жастағы
балаларға және 50-75 жас аралығындағы қарттар үлкен зиян келтіреді
, 33% - дан астам балалар аурулары қоршаған орта әсерінен
туындайды.
Адамның жедел қартаюның көрсеткіші болып оның
календарлық жасынан биологиялық жасы жоғарланғаны. Адамның жедел
қартаюның себебі әртүрлі факторлардың әсері болып табылады, сонымен
қатар экологиялық фаторлар. Қала тұрғындары мен ауыл
тұрғындарының қартаю көрсеткіштері мен аурушаңдықтың жедел қартаюға
әсерін бөліп қарастыруға болады. Қазақстан халқы саны көбейгенмен
,қартаю көрсеткіші жоғары.
Бүгінгі таңда медициналық жетістіктер мен
өмір сүру деңгейінің жақсаруы орташа өмір сүру ұзақтығын
айтарлықтай арттырды (бірақ өмір сүрудің ең жоғары ұзақтығы
өзгеріссіз). Көптеген елдерде бұл процесс халықтың қартаюына,онда
халықтың қалған бөлігінен басқа қажеттіліктері бар егде жастағы
адамдар үлесінің ұлғаюына байланысты соңғы жылдары қартаюға
байланысты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер
болды.
Зерттеу қорытындысы бойынша біздің елде
экологиялық мәселе белең алуда, атап айтқанда ауа мен топырақ
ластануы, зиянды токсиндер , су мәселесі- сапасыз су,су
жеткіліксіздігі, өндірістерден шығарылатын зинды қалдықтар мен
ядролық қалдықтар мен поллигон әсері болып
отыр.
Осы мәселелер есебінен халықтың өмір сүру
сапасы мен әр түрлі ауруларға шалдығуы, нақтылай кетсек «ғасыр
аурулары», ауру жасының жасаруы мен ерте қартаю және орташа өмір
сүру ұзақтылығының төмен болуы болып
саналады.
Шешу жолдары экологиялық
проблемаларды ,токсинсіз және қайта өңдеу өнеркәсіптерін дамыту мен
аурушаңдық пен қартаюдың көрсеткішін жақсарту мақсатында
экологиялық,әлеуметтік,медико-санитарлық проблемаларды қарастырып
,шешу жолдарын іздеу және өмір сүру ұзақтылығын
жоғарлату.
Экологиялық
проблемалар
|
Пайда болу
себептері
|
Шешу
жолдары
|
Халық санының
артуы
|
Табиғат ресурстарын барынша
пайдалану
|
Демографиялық тұрғыда реттелу,қолайлы мекендерге
қоныс аудару
|
Су
ресурстарының тапшылығы
|
Суды барынша пайдалану және ластау,ақаба сулардың
көбеюі
|
Суды пайдалану технологиясын жақсарту және
жауапкершілікті арттыру,экологиялық
мониторинг
|
Жарамсыз жерлердің
көбеюі
|
Ландшафтылардың жарамсыздануы және климаттың
өзгеруі
|
Жерді тиімді пайдаланудың жаңа
экотехнологиясы,экологиялық сараптама
жүргізу
|
Биокөптіліктің
азаюы
|
Адамның іс – әрекеттері,табиғи биоценоздың
жойылуы,түрлердің азаюы
|
Табиғи ланшафтыларды қайта
түлету,экожоспарлау,жер сіндіру , экологиялық
мониториг
|
|
|
|
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың
көбеюі
|
Өндірістік қалдықтармен
ластануы
|
Қайта өңдеу немесе қалдықсыз технологияға
көші,экотекнология экологиялық
мониторгинг,сараптама
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Адам экологиясының қазіргі
көзқарастарына сәйкес, адам оны зерттеудің негізгі объектісі болып
табылады және оның барлық ортасы – физикалық (табиғи және
техногендік) және әлеуметтік – қоршаған орта ретінде қарастырылады.
Экологияның бұзылуы ол тек қана белгілі бір зауыттарға ғана
жатпайды. Әр адам экологияны сақтай білуі
керек.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
Дуамбеков С.М. Экологический менеджмент, г.
Астана, 2003 г. 452 стр.
-
2.
Акимова Т.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-Среда: Учебник для
студентов вузов/ Т.А. Акимова, В.В. Хаскин; 2-е изд., перераб. и
дополн. - М.: ЮНИТИ, 2009. - 556 с. Рекомендован Минобр. РФ в
качестве учебника для студентов вузов.
-
Шилов И.А. Экология: учебник для биологических и
медицинских специальностей вузов. М.: Юрайт, 2011. 512
с.
-
Темирбеков Ж. Т. (национальный эксперт Программы
«Институциональное усиление для устойчивого развития РК» 2002
г.).