Материалдар / Экономика пәнінен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экономика пәнінен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушы-ізденімпаз ғылым, нәзік психолог, жан-жақты шебер. Қашықтықтан оқыту -білім, білік дағдыларды алу үрдісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 33.332

Ж.С.Джазибаева

Экономика ғылымының магистрі, «Мирас» колледжі мекемесі, Шымкент қаласы

e-mail: zhanat.zhazybaeva@mail.ru



ЭКОНОМИКА ПӘНІНЕН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Аңдатпа

Болашақта бәсекеге қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Соған сай оқытушы -ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы белсенді патриот, ғаламдық мәселелер туралы пайымы бар, өз ісін жаһандық талаптар деңгейінде жүргізе алатын болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу нәтижелі болады.

Кілттік сөздер: инновация, қашықтықтықтан оқыту, кейс-технология, желілік –технология, жаһандану, ақпараттық-рецептивті, форум, телекоммуникациялық құрылғылар, мультимедиамен жабдықталған, интернет.


Білім саласында қазіргі кездегі жаңғырту үдерістері ең алдымен XXI ғасыр тұлғасы мен оларды тәрбиелейтін педагогтардың ұлттық және трансұлттық білімдік кеңістіктердегі орны мен роліне, жаһандану жағдайында халықаралық өзара әрекеттестікке дайын болу тұрғысынан жүргізілуде.

«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа оқытушыға үшін өтілген материал тәрізді.

Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады.

Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы.

Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

        Дидактикалық жүйе;

        Технологиялық жүйе;

        Қамтамасыз ету жүйелері.

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Эвристикалық;

5. Зерттеу;

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.     Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.     Жұмыс дәптері.

3.     Анықтама.

4.     Оқу, аудио, бейне материалдары.

5.     Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

-      курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – оқытушы материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

-         Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

-        Білім алушылар оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.

-         Білім алушылар оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

-         Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

-         Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

 Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

-         Интернет желісін пайдалану;

-         Электрондық почтаны пайдалану;

-         Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

-         Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Кәсіпорын экономикасы пәнінен курстық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқалар берілді. Курстық жұмыстың басты міндеті – «Кәсіпорын экономикасы» пәнінен білім алушылардың алған білімдері мен өз бетінше арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу, тапсырмаларды есептеу мен талдау дағдыларын тексеру, әрі бекіту болып табылады.

Экономика білімі қазіргі заманғы экономиканың әрекет ету механизмін үйренуге, жеке экономикалық субъектілердің: пайдаланушы, өндіруші, инвестор, ресурс иеленушілері және жеке фирма шешімдерін қабылдау себептерін және нарық, өндіріс салаларын құрушы пайдаланушы және фирмалардың өзара әрекеттесуін түсінуге мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылық механизмін тереңірек түсінуге және жұмысты ғылыми негізде ұйымдастыруға көмектесетін басқару ғылымдарын білу жалпы қажеттілік болып табылады. Нарықтық экономика, менеджмент және ауыл шаруашылық механизмінің негіздерін түсіну әрбір тұлғаға және әрбір маманға қажет.

Курстық жұмысты орындау теориялық негізде білімнің теориялық негізін кеңейтумен бірге нарықтық экономика саласында практикалық жұмыстың қажетті дағдыларына ие болу үшін ғылыми-өндірістік және анықтамалық әдебиетпен алдын-ала танысуды қажет етеді.

Тыңдаушылардың экономикалық жағдайды сараптау және бағалау негізінде өздігінен шешім қабылдауға, экономикалық мәселелерді шешуге, іс-жүзінде басқару әдістерін қолдануға үйрету қажет. Курстық жұмысты орындау барысы өтілген тақырыптарды жүйелеу, теориялық сабақтарды толықтырып қорытындылау, тақырыптың мазмұнын ашу болып табылады. Білім алушылар курстық жұмысты орындау барысында құжат үлгілерін пайдалана отырып, өздігінен қажетті іс қағаздарын түзіп, оның жасалу, түзілу, сақтау, орындалу, бекіту жолдарына түсіндірме береді.

Курстық жұмысты орындау бойынша білім алушылар мынандай нәтижелерге жетті:

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізуді, теориялық және практикалық бөлімнің өзара байланысын;

  • Іздену жұмыстарын жасауды үйренді;

  • Экономикалық шығындарын есептеуді: материалдық,техникалық және т.б.;

  • Бизнес-жоспарды құруды: ұйымдастыру, құрылымдық жоспарын жасауды.

Білім алушылардың өзіндік даму деңгейлерін анықтау үшін курстық жұмысты орындау және қорғау барысында бағалау нәтижесі:

Кесте 1. Білім алушылардың өзіндік деңгейлерін анықтау

Өзіндік даму деңгейілерін анықтау

Деңгейі

Орташа

Жақсы

Жоғары

%

12%

60%

28%



Сурет 1. Білім алушылардың өзіндік даму деңгейлері көрсеткіштердің динамикасы, %

Сонымен, диаграммадан байқап тұрсақ, білім алушылардың өзіндік даму белсенділігі 28%-ға жоғары. Таңдаманың жақсы бөлігінде орташадан (60%) көрсеткіштерге басым. Бұдан білім алушылардың өзіндік дамуға байланысты қажеттіліктерін қалыптастыру қажеттігі анықталды.

Кез-келген пән бойынша белгілі бір сұрақтарды немесе міндеттерді шешу барысында білім алушыларға жүргізетін жеке, топтық, ұжымдық іс-әрекет нәтижелері. Ондай әрекет барысында білім алушыларда мынадай дағдылар қалыптасады:

білім алушылардың теориялық білім деңгейін арттырады;

теориялық білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын бекітеді;

білім алушының өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

оқу -зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

талдай білуге және күтпеген жағдайларда жол таба білуге үйретеді;

мамандығына, пәнге қызығушылығын оятады;

білім алушының жеке «ішкі» қабілетін ашады; сөйлеу мәдениетін дамытады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды.

Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

  Әдебиеттер тізімі:

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).

3. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)

 4. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж (11-14 б)


Резюме

Дистанционное обучение (ДО) - это процесс приобретения знаний и навыков, при котором все или часть учебных процедур осуществляется с помощью новых информационных и телекоммуникационных технологий, независимо от территориальных различий между преподавателям и обучающиемся. В самом широком смысле концепция дистанционного обучения - это форма обучения, в которой обучающиеся и преподаватель отделены друг от друга в пространстве. Концепция дистанционного обучения предусматривает активный обмен информацией в учебном процессе и использует современные информационные технологии высокого уровня (аудиовизуальные средства, персональные компьютеры, телекоммуникации и т. д.).

Summary

Distance learning (DL) is a process of acquiring knowledge and skills in which all or part of educational procedures is carried out using new information and telecommunication technologies, regardless of the territorial differences between teachers and students. In the broadest sense of the concept of distance learning, it is a form of learning in which the learner and the teacher are separated from each other in space. The concept of distance learning provides for an active exchange of information in the educational process and uses modern high-level information technologies (audiovisual means, personal computers, telecommunications, etc.)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!