Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін ic бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айна- лысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет- тер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ipi корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны элемдік тэжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай эр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры үсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жа- салуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырық- тандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмай- тыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айна- лымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, aca жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда- рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мүнайдың, мүнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген үранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде эр кәсіпкер, эр кәсіпорын ең жоғары таза пай¬да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған ic — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бүл қадам нарық субъектілерін қүру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру түрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемле¬кет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің ба-рысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен- дірілді, олардың қатарында үжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бүл кезеңнің aca маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртүтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту ба-сталды. Қызмет көрсету саласында бэсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жыл- дан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару жэне онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла баста¬ды. Республикалық мемлекеттік жэне коммуналдық мемлекеттік кэсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаниялар арқылы сақталды. Мүнай-газ секторында — бүл "ҚазМүнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".
Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бүл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа үшы- рауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экс- портқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі эдетіне басып, өзде- рінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты.
Сондықтан, бүл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы түрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің қүлдырауы тоқтатылып, экономиканы түрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тэуелсіздіктің aca маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бүл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макро- экономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты үлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді қүралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы ша¬ралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық түрақтандыру жэне қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса разы етпеді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан ic жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдай- ларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық эко- номикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ep- теден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бүлар болған жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нэтижесін бермей, аяқсыз қалды.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан¬дыру, үжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бүл үрдіске үйренбеген жэне ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі эрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің қүлдырауын тоқтату жэне өндірістің үлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нүсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің қүлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992 жылы өндірістің қүлдырауы біршама түрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де¬ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық қүжатқа мүқтаж бо- латын. Олар "Қазақстан — 2030" ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Э.Назарбаев республика халқына "Қазақстан — 2030" деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың жэне жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын үсынды. Бағдар- ламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы жэне стратегиялық үзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын жэне сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы үзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) үлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен эл-ауқатын көтеру; 5) энер¬гетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақүрылым, көлік жэне байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті қүру.
Тек осы aca маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жэне эл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
"Қазақстан — 2030" бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне қүқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең қүқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси жэне экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық үйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жүмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік жэне терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.
"Қазақстан — 2030" стратегиясында көрсетілгендей, эсіресе, соңғы жылдары республикада түрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылда¬ры жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды қүрады. Cay- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бүл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестиция- лар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі aca ipi компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды қүрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 еліиеи 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оныц қаржысы Ресей мен өцірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономи¬касына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Әлемдік децгейдегі менеджмент қызметі қүлдырау жағдайында болған aca ipi кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу жэне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаца кезец — жаца экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).
Осыныц нәтижесінде республика экономикасыныц барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканыц жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мысалы, стати¬стика мәліметтері бойынша, 2004 жылдыц I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мыц зацды түлғаныц 192,7 мыцдайы жекеменшік секторға келеді. Бүл жалпы санныц 98%-i, өцдеу саласында бүл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті қүрайды. Коптеген экономикалық процестердіц нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оныц мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кецінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-қүлық қалыптастырды. Әсіресе, шағын кэсіпкерліктіц дамуы атап корсетуге түрарлық.
"Қазақстан — 2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздіц басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Бүл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, эл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде элемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мэртебесін беру тура¬лы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бүл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мэртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда үйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.
Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам қүрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер қүрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жүмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей "кәсібің — нәсібің" деген үстаныммен өмір сүруге көштік.
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт үстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жүмыс істеп жатқан нарық экономикасын қүрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жүмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуы¬на жол ашпады. Халық шаруашылығының бүл саласын дамы- туда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа aca қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі қүрылыстың қысқаруы экономикаға кері эсер етті. Экономиканың түрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркэсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің қүлдырауына жол берді. Халық түтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана қүрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мүнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат қүю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Қүрылыс жэне ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.
Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.
1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау жэне жеке жобалар бойынша ipi объектілерді жекешелендіру жөніндегі жүмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің қүлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің қүлды- рауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.