Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаттың тақырыбы: Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы.
Тәрбие сағаттың мақсаты:
Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихын, әлем елдерінің ынтмақтастығын және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Әр бір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүюге, адам мен табиғат әрқашанда егіз екендігін түсіндіре тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және ЭКСПО-2017 көріністері туралы слайдтар.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызға Елбасы сөзі эпиграф болады.
«Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО — 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады»
1-бөлім. ЭКСПО деген қандай көрме?
1-оқушы:
Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.
2-оқушы:
ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, »экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.
3-оқушы:
Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ-ға 1997 жылы мүше болып кірді.
4-оқушы:
Жалпы, ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады. Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2-2,5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді.
2-бөлім. Халықаралық көрмелердің тарихы.
1- оқушы:
ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 166 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат — Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон жеңіске жеткен.Сол кездегі дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған. 1936 ол өртеніп кеткен.Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын.
2-оқушы:
Көрмеден түскен пайда комақты болған — шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған. Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы, ал үшінші көрмесі 1924 жылы өткен.
3-оқушы:
Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған. Көрменің әлемді дүр сілкіндіргендігі соншалық, Францияның императоры III Наполеон өз үйінде осыған ұқсас бірдеңе ұйымдастыруды ұйғарыпты. Ол өзінің шарасын былай атаған екен: Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Ол 1855 жылы Париж қаласында, 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 млн аса адам келген. Дәл сол Парижде адамдар алғашқы рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш және мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.
4-оқушы:
1867 жылы француздар тағы да көрме өткізуді шешкен және оны Екінші әмбебап деп атаған. Басты идеясы ғылыми-техникалық революцияның дамуын көрсету емес, елдер арасындағы ынтымақтастықты ретке келтіру еді. Алайда бұл көрмеде өнертапқыштардың туындылары көрсетілген жоқ деген сөз емес.
5-оқушы:
1857 жылы жұртшылыққа алғашқы рет сүңгу және өртке қарсы костюмдер, гидравликалық жеделсаты,сусындарды бөліп құюға арналған құрал-жабдықтар және басқа заттар ұсынылды. ЭСКПО-ға барлығы 15 миллион адам келген.
6-оқушы:
1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Ол мұнараны француздар әуелде бүкіләлемдік көрме павильондарына жол ашатын арка ретінде тұрғызған. «Темір ханым» деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы.
7- оқушы:
1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкіләлемдік әмбебап көрме ашылды. Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды. Христофор Колумбтың құрметіне бұл әлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. 1893 жылғы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады.
8- оқушы:
Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.
9- оқушы:
ЭКСПО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». ЭКСПО -1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды.215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.
10-оқушы:
1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше-ел болып табылады. Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады. Экспо Сарагоса Көрмесінің нәтижесінде, қатысушы "C" категориялы елдер ішінде, Қазақстан Республикасы жүлделі үшінші орынды алып, қола медальмен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, осындай шараның Астана қаласында өткізу маселесін, алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне ресми сапары кезінде айтқан болатын.
3-бөлім. Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы:
1-оқушы:
«EXPO 2005, Аичи» Жапония
• Келушілердің саны: 370 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
• Тақырыбы: «Табиғат
даналығы»
2-оқушы:
«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;
• Келушілердің саны: 361 500 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
• Тақырыбы: «Су және тұрақты
даму»
3-оқушы:
«EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
• Келушілердің саны: 446 000 адам
• Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
• Тақырыбы: «Астана – Еуразия
жүрегі
4- оқушы:
ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.Ёсу ЭКСПО-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.
5-оқушы:
2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев өтініш жасап 10 маусымда Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
4-бөлім. EXPO алаңы
6-оқушы:
EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткізу үшін алдын ала белгіленген аумақ:
Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан учаске.
7-оқушы:
Учаске сипаттамасы:
Аумақтың ауданы - 113 гектар.
8-оқушы:
Қала құрылысының бас жоспарымен үйлесімділігі:
EXPO орталығының көрме кешені қаланың бас жоспары мен бөлшекті жоспардың жобаларында жетілдірілген жоспарлау құрылысына жатады.
9-оқушы:
Халықаралық жолдардың желісі:
EXPO Орталығының орналасқан жері қол жетімді, яғни Қазақстанның қалааралық жолдары желісімен байланысы бар, атап айтқанда К-1 шығыршықты жолы, ол қалааралық хабарламаның барлық бағыттарынан жылдам жетуін қамтамасыз етеді.
10-оқушы:
Көлік инфрақұрылымы:
Көрмеге арналып таңдалған орын EXPO Орталығын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын көщелердің желісіне ие, оның ішінде, қаланың әкімшілік және көліктік орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін 4, 6, 8 жолақты қозғалысы бар магистралды көшелер (Халықаралық Әуежай, ТЖ Вокзалы, Әкімдік және т.б.).
5-бөлім.ЭКСПО бізге не береді?
1-оқушы
ЭКСПО бұл өнертабыстар алаңы.Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО
осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы
уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді
әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын
болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы
көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам
келген.
2-оқушы
Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау
мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген
аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған
стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің
күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай
жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз
дүниелерін Астанада көрсетуге
дайындалуда.
3-оқушы
Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,
Татулығы бар әлеммен жарасқан.
Жер бетінде достық болу үшін де,
«Көрме» өткізіп жатыр елім
Қазақстан!
Бастау алған Лондон атты қаладан,
Сәулет, өнер, түрлі-түрлі саладан.
Астанама келді кезек менің де,
Тікті көзін келбетіне бар адам.
4-оқушы
Халық үшін еңбек етер жолында,
Қазағымның туы бүтін қолында.
Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да,
Алға жұртым, тек ешқашан налыма!
Тәуелсіздік нұрын төккен шағында,
Келген бақты бағалай біл, арылма.
Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде,
Жаса мәңгі, Қазақ елі жалында!
5-оқушы
Тарихымды, салт-дәстүрді танысын,
Көрсін әлем жүйрік аттың шабысын.
ЭКСПО – ол келешектің кепілі,
Қазақ деген атқа лайық намысың.
Құрылыстан талмай қолы Қазағым,
Көзбен көріп жүргендіктен жазамын.
«Мәңгілік ел», жарқын сенің ертеңің,
Әлі-ақ айтар күн де туар жаз әнін.
6-оқушы
Қыран – елім талмай қанат қағады,
Алға қойған құрылыстық саланы.
Елдігіміз, бірлігіміз жарасып,
Абыроймен өткізейік жобаны.
Өтсін уақыт, үлгереміз бәріне,
Келгелі тұр күллі әлем жеріме.
Бір береке кіргелі тұр бүгінде,
ЭКСПО боп Астанамның төріне!
«Зерделіге зерлі сөз» сайысы
Оқушыларды екі топқа бөлу, топ өздеріне есім
таңдайды.
1. ЭКСПО деген не?
2. ЭКСПО-ның неше жылдық тарихы бар?
(166 жыл)
3. Осы уақытқа дейін әлемде неше ЭКСПО
болған? (63 жыл)
4. Алғашқы ЭКСПО қай жылы,қай елде,қай қалада
болған? 1851 ж
5. Алғашқы ЭКСПО-дағы ерекше ғимарат саналған
сарай? Хрустальды сарай
6. Темір ханым аталған ғимарат қай ЭКСПО-ның
жеңісі,қ ай қала, қай елде еді? Эйфель Париж
7. Қай ЭКСПОда қазақ әншісі әлемге ұлтымыздың
қандай құндылығын танытты,ол кім? Әміре Қашаубаев
8. Ол өз өнерінен нешінші орын алды,әлемдегі
қандай өнер адамдарымен үзенгілес болды? Энрико Карузо мен Марио
Ланца. 2 орын
9. Алғашқы ЭКСПОдан қандай қаражат түсті,ол
қаражат қайда жұмсалды? 186000 фунт стерлинг Виктория мен
Альберт
10. Есу ЭКСПОсы қай елде,қай жылы болды? 2012
ж.Онт.Корея
11. Шанхай қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл
қай ел? 2010ж.Кытай
12. Милан қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл
қай ел?2015ж Италия
13. Сарагоса қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл
қай ел? 2008ж Испания
14. Аичи қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл қай
ел? 2005ж Жапония
15. Қазақстан Халықаралық көрме бюросына қай
жылдан мүше болды? 1997ж
16. Қазақстан ЭКСПОға қатысуды қай жылы,қай күні
жеңіп алды? 2012ж 22 караша
17. ЭКСПО бізді неге үйретеді?
Өнертапқыштық,бәсекелестік
18. ЭКСПО әлемде нені қолдайды? Халықтар
бірлігін,ынтымағын
19. ЭКСПО қандай жаңалық әкеледі деп ойлайсың?
Күн көзінен энергия өндіру
20. Әлемдегі мұнай қоры туралы не білеміз? 35
жылға жетеді
21. Болшақ энергия қуаты қайдан алынбақ? Күн
көзінен
22. Болашақ энергиясы туралы не ойлайсың? Бүкіл
әлем халқына қызмет етеді