Материалдар / ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР!

Материал туралы қысқаша түсінік
Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан, Мол бақыт күтем, жас ұрпақ сенен жасырман. Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым, Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан – деген, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жастар екені белгілі. Елбасы әрқашан да жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Егемен ел болғалы Елбасының ел жастарына сенім артпаған, қолдау білдірмеген кезі жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2022
494
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР!


М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжінің

Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы А.А.Алдабекова




Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтем, жас ұрпақ сенен жасырман.

Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан – деген, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жастар екені белгілі. Елбасы әрқашан да жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Егемен ел болғалы Елбасының ел жастарына сенім артпаған, қолдау білдірмеген кезі жоқ.

2019 жыл қазақстандық жастар үшін жақсылыққа толы жыл болды. Биыл ел жастарына бұрынғыдан да мол көмек көрсетіледі. Себебі, Елбасы бұл жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бұны Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі Жолдауында айтты. Осыдан кейін-ақ ел жастарына деген қолдау бұрынғыдан да арта түсті. Осы үлкен қолдауды сезіне білген барлық жас мемлекет үшін барынша қызмет атқарып жатыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды елімізде Жастар жылы деп жариялағанын айтып отырмыз. Тұңғыш Президент мемлекеттің болашағы жастардың қолында екенін үнемі айтып жүреді. «Ел ертеңі – жастар» деген Елбасы сөзіне сай мемлекет тарапынан жастарды қолдау ісі бұрыннан күн тәртібінен түскен емес.

Жастарды қолдау дегенде, ең алдымен ең маңыздысы ел ертеңі саналатын жастарды барынша жұмыспен қамту мәселесі бірінші орынға шығады. Мемлекттің басты назарында жастардың жерде қалмай, жұмыс істеп өзін асырауы және елге үлес қсуы болып отыр. Сол үшін Елбасының бастамасымен, арнайы тапсырмасымен бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, жұмыс істеуде. Атап айтқанда, «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» сынды бірқатар өтімді бағдарламалар жұмыс істеп, жастарды қолдаудың нақты қадамы ретінде бағаланып отыр.

Енді сөзіміздің айқын дәлелі ретінде аймақтарда орын алып жатсқан игі бастамаларды мысалға алайық. Несиесіз бизнес жоба жасап, айналасына жастарды топтастыру мақсатында іске асып жатқан «Zhas Project» мемлекеттік жобасына еліміздің әр өңірінен жастар қызығушылық танытуда. Жыл басынан бері жастар жылы аясында жер-жерде жастарды қолдау мақсатында іс-шаралар өтіп жатыр. Оның бірінде жастардың оқып-білім алуына жағдай жасаса, екіншісінде жастардың кәсіп бастауына мұрындық болуда. Сөзіміздің дәлелі біз сөз етіп отырған «Zhas Project» жобасы. Бұл жоба жастар жобалаларын жүзеге асыруда өз өміршеңдігін көрсетіп, ауыл жастарын, әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көп септігін тигізіп жатыр.

Жастарды қолдап-қуаттау деп жатырмыз, сол жастардың өзі кәсіп жаратып, жоғары тұрмыс өресіне жету үшін толық жағдай жасалуы керек. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сүйенуге болады. Мәселен, әлемнің қай елін алып қарасақ та азаматтары алаңсыз өмір сүріп, емін-еркін болашақ жасауы үшін оны демеп тұратын үш үлкен күш керек. Бұл әлемнің кез-келген елінде бірдей қажетті құбылыс. Ол үш алып күш анықтап айтқанда - білім, жұмыс және баспана болмақ. Осы үш қажеттілік толық қанағаттандырылған жағдайда азаматтар алаңсыз өмір кешіп, сол елдің ертеңі жарықн болмақ. Осыны басты назарда ұстаған біздің елдің басшылары бірқатар бағдарламар қабылдап, ел жастарының еңсе тіктеуі үшін нақты қадамдар жасап отыр. Біз бұл жерде жоғарда ғана атын атаған «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Zhas Project» қатарлы жобаларды айтып отырмыз.

Жастарды жұмыспен қамту дегенде мемлекет тарапынан жасалып жатқан жастардың кәсіпкерлікпен айналысуын қолдау аясындағы бірнеше бағдарламалар жайлы да айтуға болады. Мәселен 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы үлкен сынақтардан өтіп, ел ертеңі үшін аса қажетті бағдарлама екені мойындалды. Бұл туралы Елбасы өткен жылғы бесінші қазандағы Жолдауында былай деген еді: "Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім. Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді қарастырамын. Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді", - деген еді Тұңғыш Президент. Біз сөз етіп отырған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында индустриялық-инновациялық маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз түрде гранттар беру жұмысы жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бұл бағдарламаның шеңберінде кәсібін жаңа бастап жатқан жастарға басымдылық беріледі. Оның сыртында мүмкіндігі шектеулі жандарға да жеңілдіктер қарастырлығанын айта кетейік. Бұл жерде түсінікті болу үшін, жастар мемлекеттен қайтарымсыз гранттар ұтып алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» немесе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында арнайы кәсіпкерлік білім алуға міндеттелетін болады.

Елбасы арнайы Жастар жылы деп жариялаған 2019 жылы осындай мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздегі көптеген жастар жұмыспен қамтылып және баспаналы болады деген сенімдеміз.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын.

Қай заманда болмасынқоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер.Сіздер жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» - деген сөзі мемлекетпен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беру керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы- оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген моноторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының төр жарым миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың отыз пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.

Кешегі күн кетті, көп нәрсе қолымызғы жетті, бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Ендігі кезек- жастарда. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иіледі. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспей ме? Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім. Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді,татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.

Заманның заңғар тұлғаларының бірі - Мыржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе мақтанамын», - деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен  әрқашанда мақтанамыз.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Қорыта келгенде  бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны - Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр - деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!