400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ел есіндегі Есел күйші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақ Жайық өңірі, оның ішіндегі Киелі Нарын өлкесі Бөкей заманынан бастап күні бүгінге дейін халқына талай-талай саңылақтарды сыйлаған қасиетті мекен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ел есіндегі Есел күйші


Ақ Жайық өңірі, оның ішіндегі Киелі Нарын өлкесі Бөкей заманынан бастап күні бүгінге дейін халқына талай-талай саңылақтарды сыйлаған қасиетті мекен.

Қазақ қоғамының қай саласында болмасын бүгінгі күні осы өлкеден шығып, еліне елеулі, халқына қалаулы болып жүрген ерлер аз емес.

Әсіресе осы өңірде дүниеге дүниеге келген Құманғазы , Дина, Соқыр Есжан, Мәмен, Әлікей, Баламайсан,Дәулеткерей, Сейтек сынды күй өнері майталмандарының дәстүрін жалғаған, Сейтектің шәкірті Саркенже Сәрсембиевтен тәлім алған,белгілі дәулескер күйші Есел Қазиев Туралы сөз қозғамақпын.

Мен өзім осы кісінің жиені болғандықтан бала кезімнен ол кісіні жақын біліп-өстім десем артық болмас. Бала кезімде нағашымның ауылына жиі-жиі барып, өнер туралы, оның ішіндегі күйшілікке қатысты талай-аңыз-әңгімелерін тыңдап өстім.

Нағашы атам да елге белгілі күйшілердің бірі болды. Әлі есімде, нағашы атам күй тартқанда бүкіл дүниені ұмытып кеткендей бар ынтасымен тартатын. Ол кезде бұл күнгідей әркімнің үйінде радио-теледидар жоқ,әдейі атамның күйін тыңдауға көрші-көлем, ауылдастар өз алдына, алыс-жақын ауылдардан қонақтар келетін. Тіпті нағашы атам шаңырағында Т.Жароков, М.Шолохов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жантілеуов сынды зиялылар, өнертану ғылымының докторы Б.Қарақұлов және басқаларының құрметті қонақ болып, нағашы атамның күй орындау шеберлігіне тәнті болған. Мүмкін сол кісілердің де ықпалы болуы мүмкін, бір жылдары Алматыдан арнайы музыка мамандары келіп,ол кісінің орындауындағы бірнеше күйлерді жазып алып кеткен болатын. Бұл күнде Қазақ радиосының Алтын қорына оның орындаған 28 күйі сақтаулы. Оның ішінде ел арасындағы ұмытыла бастаған, сирек кездесетін бірнеше күйлер де бар.Бір қызығы, нағашы атамның өзі де бірнеше күй шығарған. Өкініштісі, біраз күйлері қазіргі күнге жетсе, енді біреулері күні бүгінге дейін еш жерде сақталмаған .  Бір ерекшелігі, ол қай күйді орындаса да бәрінің тарихын мөлдіретіп, майын тамызып айтып отыратын.

Тахауи Ахтановтың «Күй құдіреті» әңгімесінде күймен ботасы өлген нарды идірген күйшінің құдіреттілігін аңыз етсе, нағашы атам туралы ауылдың үлкендері ол кісінің қыран құсты күймен ұшырып, күймен қондырғанын әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. 

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, нағашы атамыздың бақилық болғанына ширек ғасырдан аса уақыт өтсе де ел –жұрты ұмытпай, есімін ұлықтап, күні кеше 90 жылдығы аталып өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кәрима Сахарбаева атамның және оның ұрпақтарының күйшілік ғұмырына арналған «Күй – киелі ғұмыр» атты кітабін жарыққа шығарды.

«Ата көрген оқ жонар » демекші Есел күйшінің дарыны бүкіл ұрпағына дарыған десек те болады. Ұлы-Ермек Еселұлы Қазиев Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, дәулескер күйші, «Алтын қобыз» ( 2006 ж), «Алтын домбыра» және «Құрмет» ордені иегері болса, қызы Асылғаным ұзақ жылдар бойы Құрманғазы атындағы саз колледжінің халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.. Ал атама мұраға қалған Сейтектің қара домбырасының бүгінгі иесі, немересі Асылхан Қазиев Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, республикалық Құрманғазы атындағы күйшілер байқауының бас жүлдегері.

«Күй-құдірет, үй-кие» деп ұғатын Қазиевтер әулетінің дәстүрін жалғастыратын тағы да келер ұрпақ ертең ел алдында өнерін көрсететіне сенімдімін.









Орал «Сервис» технологиялық

колледжінің саз жетекшісі Алесов Ғабит Қабиболлаұлы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.01.2019
607
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі