«Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» КММ
Тақырыбы: Ел мерейі –Рухани жаңғыру
Дайындаған: Карпыкова Г
«Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір ірі бұтағы, қомақты тармағы-халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық, елжандылық рухқа елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру»Н.Ә.Назарбаев Құрметті әріптестер, ұстаздар, әдістемелік семинарға қатысушылар! Рухани жаңғыру –еліміз үшін маңызы зор үлкен жаңалық. Елбасының бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсаты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отырғандығы бәрімізді қуантар жәйт. Иә, Елбасы бірғана мақала мен барлығын бір жолда айта салған жоқ. Ол әр жылы Қазақстан халқына жолдайтын дәстүрлі жолдауларында рухани жаңғыруға халықты саналы түрде дайындап келді. Олай дейтініміз бұған дейінгі жолдауларында Елбасы рухани мәселелерді елдік мүдде мен ұлттық мәселені күн тәртібінен түсірген емес. Келешек жас-буынның өсіп өркендеуі үшін, олардың бойына ұлттық сана-сезім, адамгершілік, имандылық, ізеттілік, патриоттық сезімдерін ояту, рухани тәлім-тәрбие алу мақсатында бұл бағдарламаның маңызы зор екенін ұсынуға тиіспіз. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұра- міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Егеменді еліміздің тірегі –білімді ұрпақ. Есті тәрбие ұл мен қыздың болашағы, негізгі тұлға –ұрпақ тәрбиелеуден басталады. «Жас бала-жас шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» -деп, М.Жұмабаев айтқандай тұлғаны мектеп жасынан бастап жан тәнімен елдің қамын ойлайтын, бойында патриоттық сезімі қалыптасқан, болашақтың тізгінін берік ұстайтындай етіп тәрбиелеу міндеті өзекті мәселе. Қазақ даласындағы жер-су атаулары біздің тарихымыз, ұлттық жадымыз екені белгілі. Атаулар кез –келген елдің тарихынан сыр шертіп, болмыс-бітімінен, халықтың тыныс-тіршілігімен шаруашылығынан, салт-дәстүрінен, тілі мен дінінен хабар береді. Осы Торғайды мекендеген біздер, ұрпағымызға оның тарихын, табиғатын сақтау және жаңа технологиялардың көмегімен көркемдеу, экономикалық даму қарқынына үлес қосу өз міндетіміз деп түсінуіміз қажет. Қазіргі білім беру жүйесіндегі ауыл мектебі-ұлттық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі екені және өмір өлшемдеріне зер салсақ, дана да, алып та, ойшыл қайраткерлер де ауылдан шығып, халқы арасында кең тарағандығын көреміз. Ауыл-алтын бесік, бесіктегі тәрбие мен мектеп тәрбиесінің жүйелілігі –бүгінгі күннің басты талабы. Өз Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлей білетін рухани кемелденген азамат болып өсуі үшін ауыл мектебінің алдында тұрған міндеттер зор. Ауыл мектебі тек білім ошағы ғана емес, руханият ошағы, ұлттық болмысымыздың көрінісі екендігін таныту. Осындай ауыл мектептерінің бірі Жангелдин ауданындағы Қалам-Қарасу ауылындағы Ғафу Қайырбеков атындағы орта мектебі. Ең алғаш ауыл мектебі 1969 оқу жылы Қалам-Қарасу бастауыш мектебі болып ашылған. Алғашқы оқытушылары Исламбек Аппазов болған. 1970-1971 оқу жылында Қалам-Қарасу сегіз жылдық мектебі болып, мектеп директоры болып Қонақбай Алин басқарған. 1983-1984 оқу жылынан бастап Қалам-Қарасу орта мектебі болып өзгертілді. 2000 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен Асарланып мектептің қабырғасы көтеріліп, салынды. Ал 2001 оқу жылынан бастап пайдалануға берілді. Сол уақытта мектеп директоры Меңдібай Әбдібаев болды. 2003 жылдан бастап мектепке Ғафу Қайырбеков атамыздың аты берілді. Қазіргі таңда мектебіміздің оқушылары дәл сол асарланып салынған мектепте білім алуда. (Ауыл халқының күшімен асарланып салынған Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі)(Ашылу салтанатынан көрініс) Ауыл-қашаннан қазақтың алтын бесігі, ал ауыл мектебі халқымыздың қадір қасиетін жан-тәнімен қабылдаған, ұлттық рухымыз бен рухани мұраларымыздың қайнар бұлақтарынан нәр алған еліне, жеріне адал азаматтарды, небір дарындар мен даналарды шығарған және әлі де шығара берер киелі қара шаңырақ, руханият ордасы. Соңғы жылдары еліміздің қоғамдық өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар екені белгілі. Соның ең басты әлемдік білім кеңестігіне ену, еніп қана қоймай, өзіндік орнымызды алу. Дәл қазіргі уақытта біздің негізгі мақсатымыз ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірибе жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде өмірде баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше мән беру. Болашағымыз Қазақстандай Ұлы Даланың еркін өмір сүретін ұрпағы болуы шарт. «Ұлы Дала ұрпағы » осы аталған жұмыстарды зерделеп дұрыс қойылған мақсат пен міндетті жүзеге асыру жолында жұмыс жасаған жағдайда Отансүйгіш, рухы биік , ұлтжанды, білімді, шыншыл, қайсар, ізденгіш, төзімді әрі туған еліміз бен жеріміздің қадір қасиетін терең білетін білімді ұрпақ болып қалыптастыра аламыз. Бұл қағидаларды тәрбие жұмысының негізіне алу бағыты біздер үшін үлкен таптырмас қазына. Алдағы жүргізілетін жұмыстарға айқын бағыт-бағдар береді. Жастарға ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты тәрбие беру –сол өркениетке жету жолындағы мұратымыздың кепілі. Терезесі теңескен, төрт құбыласы тең мемлекет ретінде қалыптастыру үшін білім-білік пен өнегелі тәрбие қажет. Осы орайда «Менің Қазақстаным-менің болашағым», «Білімді ұрпақ-ел тірегі», «Мен өз-елімнің патриотымын!» , «Ел мерейі-рухани жаңғыру » , «Туған жерім менің алтын бесігім» тақырыптарында өткізілген ашық тәрбие сағаттары мен танымдық сабақтардың жас ұрпақтың ұлтжанды болып өсуіне тигізер әсері молынан болды. Мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңбері аясында біздің «Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі» -де өз үлесін қосуды жалғастыруда. Мектеп ұжымы руханиятқа, білімге, ғылымға мән беріп, еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстары жетерлік. Жоспарға сәйкес «Торғай – киелі мекенім» атты фотоколлаж байқауы өткізілді. Бұл фото байқауда Торғайдың тарихы, жер-суы және атақты адамдарды жайлы оқушыларға мәлімет беріп, бейне-ролик көрсетілді. Оқушыларға Жангелдин ауданы – тарихы үлкен өлке екенін жете түсіндірілді. Сонымен қатар Торғай даласының тарихи атаулары туралы оқушыларға толық мағлұмат берілді. Туған жер, туған ел тұнып тұрған ұлтымыздың-ұлы байлығы. Ұлттық дамуда мызғымас ұлт бірлігі аса маңызды. Рухани дүниелер арқылы қоғамға үлкен маңыз берген бастама-ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған.
Мектебімізден «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» Республикалық конкурсына «Баймырза ата кесенесін» зерттеп, 7 сынып оқушысы Сағит Әділет қатысып,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі пән мұғалімі Мырзағалиева Айгүл. Сонымен қатар Рухани жаңғыруға байланысты мектеп мұғалімдерінің баспасөзге мақалалары шығарылды және 28 ақпан күні өткізілген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім алушылардың заманауи құзыреттілігін қалыптастыру» облыстық ғылыми-практикалық конференциясының сырттайына қатысып, сертификатталдым. Ұлттық рухымызды көтеру үшін, әлбетте төл тарихымызды, туған еліміз бен жерімізді тәрбиенің түп қазығы-құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету-бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндетіміз. Жас ұрпақты жақсы тәрбиемен сусындату үшін келешектің тізгінін батыл ұстайтын тұлға ел тарихын, ел мәдениетін және ұлттық құндылықтарымызды терең меңгеруі қажет. Әрине, Ұлы дала елін асқақтататын –ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу парызымыз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел болашағы үшін жасап жатқан игі істеріне біз үнемі қолдау көрсетуге дайынбыз.