Материалдар / "Елбасы жобалары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Елбасы жобалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мемлекет басшысының жобаларын, тарихи бастамалары мен идеяларын насихаттау, өскелең ұрпақты Елбасының жарқын да, ұлағатты өмірі үлгісінде отансүйгіштік пен еңбексүйгіштік рухында тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
1097
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасы жобалары

Мақсаты: Мемлекет басшысының тарихи жобаларын, бастамалары мен идеяларын насихаттау, оқушылардың ғылыми ізденістерін қолдап-қуаттау, өскелең ұрпақты Елбасының жарқын да, ұлағатты өмірі үлгісінде отансүйгіштік пен еңбексүйгіштік рухында тәрбиелеу.


Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алдық. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.


Әлбетте, мұның бәрі өткен 25 жылда өздігімен бола салған жоқ. Бұған біз Елбасының ұйытқы болуымен Тәуелсіздіктің белгілі бір кезеңдерінде арнайы жоба-жоспарларды жүзеге асыру арқылы, сол жобаларға халықты тіке­лей қатыстыру арқылы қол жеткіздік. Елбасы біртіндеп еліміз­ді муль­ти­­пликативті әсер беретін халық­ара­лық жобаларды жүзеге асыруға жетеледі. Бұл орайда, ең алдымен, ойға оралатыны –Болашақ стиендиясы бағдарламасы, Серпін-2050, «Рухани жаңғыру» аясындағы «100 нақты қадам» мен «100 жаңа есім», «Қасиетті Қазақстан», «Жаңа индустрияландыру», «Астана» және «EXPO-2017» жобалары.

  1. Серпін - 2050. Мәңгілік ел жастары – индустрияға

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың  Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жоба  жұмыс жасайды. Жобанның басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау. «Серпін-2050» -  жарқын болашақ жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс  Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және  оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған. Бұл жобаның жұмысын үйлестіру мақсатында белгілі қоғам қайраткері  Мұрат Әбенов жетекшілік ететін Республикалық Үйлестіру орталығы құрылған. 2015 жылдан бастап  «Серпін-2050» жобасына жүзеге  асырушы  ЖОО ретінде белгіленген А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мемлекеттік бағдарламалардағы басымдылыққа ие инженерлік-техникалық, ақпараттық  технология, ауылшаруашылығы мен оны өңдеу, ветеринария бағыттары бойынша 14 мамандыққа серпіндіктерді қабылдай бастады.  2015-2016 оқу жылы  аталмыш жоба бойынша  университетке  450, ал 2016-2017 оқу жылы 145 білім гранты бөлінді. Қазіргі таңда университетте 570 студент «Серпін-2050»  әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатыр.

2. 100 нақты қадам - ұлт жоспары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың назарына Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам» жобасын ұсынды. «100 нақты қадам» елімізде «2050 - Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған. Жоспардың қоғамда мемлекетіміздің тарапынан қабылданған заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған. Осыған байланысты аталған құжаттың 19 қадамы мемлекетіміздің сот-құқықтық жүйесін дамытуға арналған.  Бұл елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, оның ішінде еліміздегі сот қызметінің беделін көтеруге, судьялардың қызметіне деген халықтың сенімін арттыруға, сонымен қатар, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайтуға бағытталып отырғанын көрсетеді. Судьялыққа үміткерлердің бұл жауапты қызметке 30 жастан бастап кірісуін белгілеу, сот істерін жүргізуге қатысудағы 5 жылдық өтілі болуының, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу, судьялыққа үміткерлердің соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағлымдамадан өтуі, одан соң судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі қажеттілігі қарастырылған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен 1-ші көтерілген мәселе мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, ондағы жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алуға және сауықтыруға бағытталған. Ұлт жоспарының жүзеге асырылуының бірден-бір айғағы - сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы, сот жүйесі инстанцияларының азайып, яғни оңайлатылып, үш сатылы: бірінші, апелляциялық, кассациялық сот төрелігіне көшуі. Сот жүйесіндегі жаңа өзгерістер қоғамның сот қызметіне деген сенімін арттырып келеді. Бұл мәселеге Елбасының да ұдайы көңіл бөліп отыруы судьяларға үлкен жауапкершілік жүктейді.




3. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. «Мен бүгінгі замандас­тары­мыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас-қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең... Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады», деген Елбасы мақаласындағы осы бір жолдар жобаның болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтаса керек. Жобаға үміткерлерді іріктеу барысында  еліміздің барлық аймақтары қамтылатын болады. Жалпы, жобаға қатысты ұсыныстар 2017 жылдың 5 маусымына дейін қаралаы. «100 жаңа есім» жұмыс тобының тең төрағасы Дәурен Абаев

«100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші – өтініштер қабылданады. Ол краудсорсинг негізінде жүзеге асады. Жобаға кез-келген үміткер қатысуға мүмкіндігі болды. Басты критерий – Тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне қосқан үлесті көрсету,- болып табылды.


4. Жаңа индустрияландыру бағдарламасы

Shape1

«Қазіргі уақытта Қазақстан Президенті Нұрұслтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы бизнес жағдайды жақсарту жөніндегі бағдарламаның арқасында соңғы үш жылда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты түрде артуы байқалады». Бағдарламаны қаржыландыру бірқатар бағдарламалар бойынша мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инновациялар енгізуге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады», – деді Қазақстан Преизденті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған байланысты ол Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Аталған бағдарлама «Бизнестің жол картасы – 2020» деген атауға ие болды.

Бүгінде 35,063 млрд теңге  субсидия төленді, 8,077 млрд теңге сомаға кепілдеме берілді. Жалпы, бағдарлама бойынша қолдау көрсету шараларымен 37 мыңнан астам кәсіпкер қамтылып, 136 мың жұмыс орны сақталды және қосымша 34 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Осы орайда, елеулі еңбек етіп жүрген жандарға Елбасы «Алтын сапа» сыйлығын тағайындады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi.

Сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығымен марапаттау әр жылдың соңында өтетін, елімізде маңыздылығы жоғары шара болып табылады. Байқау сыйлығымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке марапаттауы байқаудың маңыздылығын айқындайды.

 

5 "Болашақ" бағдарламасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен құрылды. 1994 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде әлемнің 13 елінде 785 стипендиат білім алды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің табысты мансаптық өсуінің, кәсіптік өзін-өзі іске асыруының өзіндік кепілі болды. Бұған бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болуы, мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеуі, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуы дәлел бола алады. Мемлекет басшысының «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының санын арттыру бойынша бастамасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен осы мақсатта бекітілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына тапсырылды. Соңғы жылдарда (2004 — 2010 жылдар) «Болашақ» стипендиаттарымен қатар түлектерінің де саны жылдан жылға артуы байқалуда. 2008 жылдан бастап ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілген, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер үшін академиялық бағдарламаларда оқу үшін квоталар енгізілген. 2011 жылдан бастап мамандарды даярлау стипендиат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және жұмыс беруші арасында үш жақты шарт жасаумен кадрларды іріктеу және даярлаудың бағдарламалы-мақсаттық әдісі шеңберінде жүзеге асырылуда. 2012 жылдан бастап меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдардың ғылыми, педагог, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлерге кәсіптік тағылымдамадан 1 айдан 12 айға дейін өту мүмкіндігі берілді.


Стипендиаттарды неғұрлым сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін серіктестер тізімі сапалы түрде қайта қаралып, шетелдік жоғары оқу орындарына талаптар күшейтілді. 2012 жылы ұсынылатын жоғары оқу орындарының саны Times Higher Education, QS World University Ranking Academic Ranking of World әлемдік рейтингілерінде ең жоғарғы деңгейдегі қуатты ғылыми базасы мен зерттеу университеттері бар 200-ге дейінгі жетекші ғылыми орталықтарға қысқартылды. Қазақстандық экономика үшін өзекті бағыттар бойынша әзірлемелер жасалып жатқан ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалардың базасы құрылды.

Осы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондон қаласында білім алып, қазір елімізге қызмет етіп жүрген баршамызға үлгі болатын жерлесіміз Мұхтарғалиева Айнұр Тоқтасынқызын ерекше атап өтсек болады.



6. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» ЖОБАСЫ

Қазақстан Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын жасау үшін сарапшылар тобы іске кіріскен. «Қасиетті Қазақстан» орталығының мамандарына Киелі орындар тізімі жасалғанда олардың анықтамасы және ел-жұртқа аты мәлім, расында көпшілік үзілмейтін жерлерге аса мән берілуі керектігі ескертіліп, жүзеге асып жатыр.


7. ЭКСПО-2017

"Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз жиырма бірінші ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады", — деді Президент. 

"Көрмеге әлемнің 115 мемлекеті,  22 халықаралық ұйым қатысты. ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне  әлем елдерінің 20 мемлекет және үкімет басшысы келді. 

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйекке дейін жұмыс істеді. Көрменің тақырыбы – "Болашақ энергиясы". Ол баламалы энергия көздері, "жасыл" технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады. «Болашақ энергиясы» жобасының тақырыбы тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени әралуандылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үдерістер ұғынылады.

«Болашақ энергиясы» жобасы алдына тұрақты мақсаттар қояды - қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға, энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету.

Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер таныстырылды.

115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады. 

8. Астана – Елбасының тәуелсіздік дәуіріндегі қайталанбас жобасы

Сарыарқаның сайын даласында Отанымыздың жаңа елордасы, өркендеу үстіндегі Қазақстанның орталығы - Астана бой түзеді. Жаңа елорда салу бастамасын алғаш Қазақстан Президенті көтергені баршаға мәлім. Ол кезде, тоқсаныншы жылдар ортасында бұл идея жүзеге асатынына сенгендер көп болған жоқ. Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандар да болды. Бірақ олардың бәрі қателескен еді. Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына, миллион тұрғыны бар ірі шаһарға айналды. Ақмола қаласы 1998 жылғы 6 мамырда Президент Жарлығымен Астана атауын алды. Әрине оған жергілікті жұртшылықтың да қосқан үлесі бар. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, төбеміз бір көкке жеткен. Қаланың бас сәулеткері шын мәнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Оның идеясы мен ұсыныстарының арқасында Астана Батыс пен Шығыс мәдениеті мен дәстүрін тоғыстырған көз тартар бірегей келбетке ие болды. Қаланың көптеген ғимараттары, ескерткіштері кезінде Президент сурет, сызба және нобай түрінде түсірген ойлардан алынды. Әлемнің белгілі сәулеткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын өмірде жүзеге асыра білді. Олардың арасында Кисе Курокава, сэр Норманн Фостер, Кензо Танге және тағы басқалар бар. Ғимараттардың басым көпшілігі Астананың ең көрнекі орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды.

Мемлекет басшысының сызбасы бойынша «Бәйтерек» - Астананың және бүкіл елдің ең танымал бренді бой көтерді. Ол елорданың жаңа бөлігінің дәл орта тұсында орналасқан. Оның басынан бүкіл қаланың әсем көрінісі көзге шалынады. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің суреті мен сызбасы негізінде «Хан Шатыр» бірегей сауда және ойын-сауық кешені салынды. Арнаулы полимерлік жабыннан жасалған кешен Forbes Style журналы нұсқасы бойынша, әлемдегі ең үздік он экоғимарат қатарына енді. Дүкендер мен павильондарға қоса, мұнда кинотеатр, көптеген аттракциондар, сұлулық салондары, тіпті аквапарк та бар. Мемлекет басшысы ойластырған тағы бір маңызды нысан - «Отан қорғаушылар» монументі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу үшін Нұрсұлтан Назарбаев пирамида түрінде арнайы сарай салуды ұсынды. Бұл идеяны Норман Фостер табысты жүзеге асырды. Бүгінде Бейбітшілік және келісім сарайы - Астананың сәулеттік ансамблінің бөлінбес бөлшегі. Президент мәдениет орталығы, Ақорда резиденциясы және Астананың өзге де сәулетті ғимараттары да алдымен Нұрсұлтан Назарбаев сызған жоба түрінде пайда болған еді.

Мемлекет басшысы - Астана құрылысына тікелей қатысушы. Президент жұмыстардың қарқынын, ең бастысы - сапасын үнемі қадағалап отырады. Мұны барлық сәулеткерлер мен инженерлер, Астана прорабтары мен құрылысшылары ұдайы есте ұстап, мемлекет басшысын және елорда тұрғындарын ұятқа қалдырмауға тырысады.

Еуропадан Азияға апаратын жолдар қиылысында қолайлы орналасуы еліміздің астанасын еуразиялық кеңістіктің жаңа орталығына айналдырды. Бүгінде Астана аумақты өңірдің ең әсем қаласына, оның саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығына айналды.

Президент Астана туралы

Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі-деп пікір айтқан.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!