Материалдар / Елбасы жолы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елбасы жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы жолы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 қазақ қыздар гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы













Шығарма тақырыбы:


«Біздің тұңғыш Президент»
















Жазған: Кайржанова Диана Сапаргалиқызы

10 сынып оқушысы


Жетекшісі: Рахимбаева Айнұр Кендібайқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі







2017 – 2018 оқу жылы

«Біздің тұңғыш Президент»



«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 қазақ қыздар гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы


«Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол».

халық даналығы



Жоспар:

І. Кіріспе бөлім.

«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі».

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Нұрсұлтан Назарбаев – салиқалы саясаткер, талантты елбасы.

  2. Қадірлі елбасына жас жүректің шашуы.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Өмірі үлкен өнеге.


«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», осы мақалда үлкен мағына, кең ұғым жатыр. Себебі, адам дүние есігін ашқан соң, белгілі бір мақсатпен өмір сүреді. Сол мақсатқа жетуді арман етеді. Кез келген азамат өз алдына туған елінің патриоты болуды мақсат етеді деп ойлаймын. Өз елінің сүйіктісі болу, өз топырағыңның шынайы ұлы болу әр ер азаматтың қолынан келмейтін іс. Осындай ерліктер дәлелі ретінде тарихта есімі мәлім азаматтарды айтар едім. Көне түркі ескерткіштерінде айтылған Күлтегін батыр, Оғыз қағаннан бастап, осы күнгі ірі тұлғаларды дәріптеу, мадақтау, бүгінгі жас жеткіншектердің міндеті.

1 желтоқсан күні – елбасы күні. Аталған күн еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елі үшін жасаған игі істерін мадақтау, саналы санаға үлгі боларлықтай әсер қалдыру болып табылады. Ол кісі жайлы сөз қозғағанда, ойыма әр түрлі адами қасиеттердің қырлары түседі.

Елбасын, ең алдымен, саясаткер ретінде тану, меніңше, дұрыс. Өйткені 20-жылдан аса уақытта ел басқару ісінде танытқан істері саясаткер тұлғалы бейнесін айқын да анық көрсетіп келеді. Ол адамның білімділігі, біліктілігі, көрегендігі, тәжірибиелігі сияқты саясаткер адамға қажетті аса маңызды қырлары тек жоғары жағынан байқалады. Себебі елбасының ілгері жасаған әр қадамы шалыс қалмай, тура және дұрыс бағытта келуде. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан - 2050» ұзақ жоспарлы стратегиялары елбасының келешекті болжап, сол келешекті жарқын, бейбіт өмірде көретіндігіне сенімділігін айқындатады. Ал өз-өзіне, өз еліне сенімсіз адам, басқан қадамынан қорқып, артыңа жалдақтағыш келері сөзсіз. Еліне деген сенімділік пен тұрақтылық – бұл елбасымыздың ең басты қағидалары. Саясаткер болу үшін тек саясатты білу жеткіліксіз, ол үшін адам қайратты жігер мен таусылмас талаптың иесі болуы керек. Әр елдің көшбасшысымен қатынас жасап, сол елдің тарихын, әлеуметтік қырын танып білуі қажет деп ойлаймын. «Жаның түсінген адам ғана жақын болады» демекші, әр елді, әр халықтың менталитеті мен психологиясын түсіну де кең дүниетаным мен көзқарасты танытатын тағы да бір асыл қасиет іспеттес.

Сондай-ақ, мен өз басым елбасын шешен-оратор ретінде аса құрметтеймін. Кез келген адам ортаға шығып сөйлеуге қаймығып, ойын жинақтай алмай, түсініксіз сөзді бастаған кездер де болып жатады. Нұрсұлтан Әбішұлы екі тілді де жетік меңгерген, ойын жүйелі, жинақы жеткізе алатын шешендік сөздің иесі деп те айта аламын. Елдің алдына шығып, әр түрлі тақырыпта сөз қозғау және айтылған сөзді маңызды іске айналдыру – бұл елбасымыздың білімділігі мен біліктілігінің айнасы.

Нұрсұлтан Әбішұлын тек салиқалы саясаткер емес, қырағы, ертеңді болжай алатын көреген тұлға ретінде танып келемін. Ол кісінің әр қырын өзіме үлгі етемін. Ең алдымен бұл адамның қарапайымдылығына тәнті боламын. Себебі өмірінің өзі қарапайымдылықтан құралған. Қарапайым отбасында дүниеге келіп, ел қатарлы оқып, алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін тынымсыз тер төккен адам. Оқуда озат, өмірде алда болып, өз армандарын жүзеге асыру арқылы өмірдегі орнын нық белгілеп алған тұлға.

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Біз сіздің арқаңызда Тәуелсіз елде жүйелі білім алудамыз. Сізге сол үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда біздің мемлекет көптеген мемлекетттермен бәсекеге түсе алатын дамыған ел. Ал осы асулардың, жетістіктердің себепшісі - өзіңіз, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек сізбен бірге бағындыра аламыз. Біз, болашағы жарқын Қазақстанның өскелең ұрпағы, әрқашан да сізбен біргеміз. Болашақ ұрпақ - Елбасының тірегі, Елбасы - елдің тілегі! Халқымызға пана, саналы азаматқа аға болған сізге қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! Қазақстандағы елін сүйген әр жеткіншектің бүгінгі ұраны - елбасы мен халықтың біртұтастығы. Біз сіздің ел үшін атқарып жатқан істеріңізді әрқашанда қолдаймыз. Сіз бар арманыңызды елге арнап, күн демей, түн демей елге қызмет еткен керемет ел қамын ойлаған жанашырсыз. Сіздің негізгі мақсатыңыз - ел бірлігін сақтау деп түсінемін. Әр сапарыңыздан, әр кездесулеріңізден осыны аңғаруға болады. Сіздің жыл сайын халыққа жолдауыңыз болашаққа апарар үлкен жолдың бастауы. Көп ұлтты Қазақ елі ынтымағы орнаған халықтар достығы еліне айналып отыр. Біздің бүгінгі ұранымыз: «Жасасын, Қазақстан, Жасасын Елбасы!» Сізге алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында үлкен табыстар, ал Қазақстан халқына тұрақтылық пен игілік тілейміз!

Қорытындылай айтқанда, елбасымыз қазақ халқы тұрғындарының бейбіт өмірде бақытты өмір сүру үшін барлық білімін, ақылын, күшін аянбай салып, әр мақсатын жүзеге асырып келе жатқан кең парасат пен теңіздец ақыл иесі. Ұлы ақын Абай айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» сөзі Нұрсұлтан Әбішұлы өмірінде маңызды орын алғаны байқалады. Елбасы атқарған әрбір ісіне үлкен жауапкершілікпен, нәтижелі бағытпен кіріседі. Сондықтан біздің елбасымыздың тұлғасы, мен үшін үлкен өнеге аларлық өмір. Қазақ халқы өз тарихында ғасырлар бойы ала алмай келе жатқан тәуелсіздігімізді жаңғыртып келеді. Көп ұлтты еліміз тату - тәтті, өзара келісімде өмір сүріп жатыр. Сондықтан біз, қазақ халқы, әсіресе, келешек ұрпақ, өз көшбасшымыздың бастаған ісін қолдап, сол адамнан үлгі алуымыз керек. Елбасы есімі «қазақ» деп соққан әр адамның жадында мәңгілік жаңғырық болып қаларына мен сенімдімін. Жиренше шешеннің сөзімен өз шығармамды аяқтағым келеді: «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді». Сондықтан бұл есім әр уақытта саналы азаматқа ой салары сөзсіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!