Материалдар / Елбасы күніне арналған тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Елбасы күніне арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақаша тәрбиешілеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
672
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Біздің Елбасы! Мақсаты: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш Президент екені туралы әңгімелеу,түсіндіру. Баланың сөздік қорын байыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Отанын ,елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстан рәміздерін айту.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,тақпақ , ойын,сергіту, Көрнекіліктер: Елбасы Н:Ә:Назарбаевтың суреті, Қазақстан картасы, Алпамыс, асықтар, гүлдер,шар , қолдан жасалған Бәйтерек макеті, Ту,Елтаңба, «Аялы алақан» суреттері .Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының Әнұраны айтылады. (балалар қолдарын жүрек тұсына қойып ,Әнұранды айтады) Амандасу шеңбері: Күніміз шуақты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Елімізде тыныштық болсын! Сәлеметсіздер ме , қонақтар! Тәрбиеші : Балалар, бүгін бізде мереке! Жылдың қай мезгілі басталды? Қыстың айларын атау.Қыстың алғашқы айының ең алғашқы күні елімізде «Президент күні» болып мерекеленеді. Балалар біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Біздің Елбасы» атты тақырыпта сабақ өтеміз. Балалар ,біздер қандай Республикада тұрамыз? Бізідң кең байтақ жеріміз бар,онда әр ұлттың өкілдері тұрады. Олай болса ойын ойнап жіберейік. Д/О: « Туған жерді гүлдендір!» (Балалар алдын ала түрлі-түсті гүлдерді алып,әуен ырғағымен жүріп,тілек айтып Қазақстан картасына апарып ,гүлдерін орналастырады) .Тәрбиеші: Балалар туған жерді гүлдендірер ұл-қыздары міне,сендерсіңдер! Қазақстанның ертеңі сендердің қолдарыңда! Осы кең байтақ Қазақстанды басшылық етіп отырған тұңғыш елбасымыз ол – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1991 ж.1-желтоқсанында алғаш елбасы болып сайланды. Осы кісінің құрметіне 1-желтоқсан Президент күні деп атапты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1940ж.6 шілдеде Алматы облысы,Шамалған ауылындағы Үшқоңыр жайлауында дүниге келіпті. Бұл кісінің балалық шағы осы жерде өтеді. Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі –Нұр. Тағы бірі- сұлтан. Анасының аты –Әлжан. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған. Ол Қаскелең қаласының Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат,үлгілі оқушы болған. Мектеп бітірісімен Теміртауға келіп, Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік – техникалық училищеге оқуға түседі. Металлург мамандығын алып шығады. Металлург болып еңбек жолын бастап, көптеген жұмыстар атқарған. Отбасылық жағдайы: Жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың үш қызы бар: Дариға, Динар,Әлия. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар екен. Тәрбиеші : сонымен біздің Елбасымыз кім? 1. .Қ.Р.-ның қандай рәміздерін білесіңдер? -- Әнұран, елтаңба,Ту.2. Рәміздермен таныстыру. 3. Бәйтерек туралы мәлімет беру( бәйтеректің макетін жасап, балаларға түсіндіру, ең жоғарғы бөлігіндегі «Аялы алақан» суретін көрсету. Балалар алақанға қолдарын қойып, армандарын айтады. Тосын сәт: (қоңыраудың үні естіледі, Алпамыс қонаққа келеді)Алпамыс: Сәлеметсіңдер ме! Балалар : Сәлеметсіз бе! Алпамыс: Менің атым –А лпамыс. Сендер қазақша білесіңдер ме? Балалар: Иә,білеміз.Ендеше білімдеріңді көрсетіңдер ,ойын ойнайық . Алпамыс: Мен сендерге сұрақ қоямын, .Кім дұрыс жауап берсе, соған асық беремін.А. Біздің Отанымыз қалай аталады? Б. Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы. (дұрыс жауап берген баллаар асық алады) А. Қ.Р. рәміздерін айтыңдаршы? Б. Ту,Елтаңба, Әнұран. А. Тудың түсі қандай? Б. Тудың түсі көк. А. Ең әдемі ән қалай аталады? Б. Ең әдемі ән- Әнұран. А. Біздің Елбасы кім? Б. Біздің елбасы*- Н.Ә.Назарбаев. А. Біздің бас қала қалай аталады? А. Президент туралы кім тақпақ біледі? (балдар тақпақ айтады) Нұрбақыт : Елбасы елді қорғайды , Халық қамын ойлайды, Осындай жақсы адамның Жақсылығы тарайды. Мадияр: Орындалып арманы, Ақзере: Сарқылмайтын қуатым, Халқымызда ажарлы, Тірегімсің Қазақстан! Осының бәрі әрине, Мәңгі соғып тұратын Елбасының – арқасы. Жүрегімсің Қазақстан!Нұрым : Қиялы ұшқыр ,ойлы адам, Ақжан: Қазақтың тұңғыш -Елбасы Әлемге болған аты аңыз, Пана боп Алла қолдашы ! Ұрпақтың қамын ойлаған Дидар: Тіл менен Дінді сақтаған Аман-сау жүрші Атамыз! Бар қазақ сіздей болсашы! Нұрислам : Отан деген-атамекен Отан –деген туған жер! Алихан: Жастарға ол сенеді . Құдірет: Отан-ана, Отан-үлкен, Ернар: Үмітін Елбасының Қазақстан туған ел! Біз ақтаймыз! А. Енді санаңдар ,кімде неше асық бар? ( балалар санайды) А. Рахмет ,ақылды екенсіңдер. Сендерге осы асықтарды сыйлаймын. Мені әжем күтіп отыр, үйге қайтайын. Сау болыңдар! Тәрбиеші : Сау бол, Алпамыс . Сыйлығыңа рахмет! Д/О: «Күннің суретін құрастыру» ( балалар күннің суреті салынған суреттердің бөлшектерінен күнді құрастырып шығару) . Мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сергіту : Қане,қане тұрайық! Дөңгелене тұрайық! Қазір өзіміз көрген, Ақорданы құрайық ! Қорытынды кезеңі: Балалар,мен сендерге ризамын,өйткені сендер Алпамыстың сұрағына дұрыс жауап бердіңдер . Білді: Елбасы туралы мағлұмат білді. Игерді: Отан , рәміздер туралы меңгерді.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!