Материалдар / Елбасы мақсаты-ел мұраты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елбасы мақсаты-ел мұраты

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан.Бұл - мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АShape1 қтөбе қаласы №34 орта мектебі






«Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты»

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын

Рисунок1.jpg


























Өткізген: аға тәлімгер Елекеева Ж.А







2017-2018 оқу жылы

«Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты»

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын сценарийі


І жүргізуші:

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым» –деп Елбасымыз 2017 жылдың сәуір айында БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ мақаласын жариялаған болатын.


ІІ жүргізуші:

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан.Бұл - мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады.Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр.


І жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізгелі тұрған «Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

(Гимн, Ту кіреді)


ІІ жүргізуші:

Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты.Ол-Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағал, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту.

Ән: 4 класс оқушылары «Елбасы – ел бағым» әнімен.

І жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

1ә класс оқушысы Назарбеков Расул «Періште тілек»

Алдарыңызда 3а және 8а класс оқушылары Елбасына арналған өлең шумақтарымен.


ІІ жүргізуші:

Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: "Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.Біріншісі-ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.Екіншісі-алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің керітартпа тұстарынан бас тарту керек»



І жүргізуші:

Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

ІІ жүргізуші:

«Латын әліпбиіне көшу»-Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

І жүргізуші:

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпы ұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға әрі елдегі туристік инфрақұрылымдарды дамытуға мүмкіндік береді.

ІІ жүргізуші:

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады.

Баяндама: Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру. Тарих пәні мұғалімі Есеркенова Айжан Курбаналиевна

4б класс оқушысы Мереке Жансейт «Батырлар жыры» әнімен.

І жүргізуші:

Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманын жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты.Ендігі міндет-осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Ең бастысы - бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

(Флешмоб: «Алға Қазақстан» 9а класс оқушылары)

ІІ жүргізуші:

Кең байтақ далалы жеріміз

Ақ көңіл қонақжай еліміз

Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден

Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз

Байтақ жерді басқаратын қамқоршы

Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы

Елін сүйген, елі сүйген Прзидент

Шуақ шашар елімізге күн болшы

Тәуелсіздік алып келген еліме

Нұр ағадай президент бар біздерде

Бейбітшілік ынтымақты сақтаған

Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

I KAZAKHSTAN мектеп ұландары (10а класс оқушылары) «Жаса Қазақстан» әнімен

І жүргізуші: ҚР Мемлекеттік Туы шығарылсын!

(Ту шығады)

ІІ жүргізуші:

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты» атты салтанатты жиын жабық деп жарияланады.




Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған

«Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты»

салтанатты жиынының өткізілгендігі туралы

анықтама


Желтоқсан айындағы айтулы мерекелердің бірі 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып мектебімізде 30 қараша күні «Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты» атты салтанатты жиын өткізілді. Жиынға мектеп мұғалімдері, 1-11 класс оқушылары бірыңғай формада, елбасына арналған плакаттар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша мәліметтер айтылып «Латын әліпбиіне көшу», «100 жаңа есім», «Туған жер» тақырыптарында лозунгтер дайындап келді.

Салтанатты жиын Гимнмен басталып, 3-8 оқушылардың жүрекжарды тақпақтары, 1ә класс оқушысы Назарбеков Расулдың мәнерлеп орындауындағы «Періште тілек» өлең шумақтарымен, 4 класс оқушыларының «Елбасы-ел бағым» әнімен жалғасты. Елбасы мақаласына сәйкес тарих пәні мұғалімі Есеркенова Айжан Курбаналиевна баяндама жасады. Салтанатты жиын 9а класс оқушыларының «Алға Қазақстан» патриоттық флешмобы, мектеп ұландарының («I KAZAKHSTAN») «Жаса Қазақстан» әні орындалып қорытындыланды.

Мерекелік жиын мектеп спорт залында өткізілді. Себебі кең ауқымды қамтып өткізуге мектепте басқа орын жоқ. Кеткен кемшіліктер залдың жаңғыруына байланысты оқушылардың және жүргізушілердің дауыстары анық естілмеді.Дегенмен берілген тапсырмаларды барлық класс түгел орындап келген.





Аға тәлімгер: Ж.А.Елекеева





















30.11.2017 сағат 12.30-да

Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы мақсаты-ұлттың ұлы мұраты» «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектеп спорт залында салтанатты жиын өтеді

(әр кластан 10 оқушы, ақ футболка қара трико киіп келулері сұралады)


1 кластар-қызыл шар

2 кластар-сары шар

3 кластар-көк шар

4 кластар-жасыл шар

5 кластар-Рухани жаңғыру лозунг (100 есім, Туған жер)

6 кластар- Рухани жаңғыру лозунг (латын әліпбиіне көшу)

7 кластар-Тұңғыш Президент туралы лозунг

8 кластар- флажок, Рухани жаңғыру (тақпақ 4 оқушы)

9 кластар-Рухани жаңғыру (флешмоб)

10 класс- I KZ

11 класс-флажок

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!