Материалдар / "Елбасы ортамызда" 1 - желтоқсан Президент күні

"Елбасы ортамызда" 1 - желтоқсан Президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Шортанды ауданы, Төңкеріс негізгі мектебінде 2018 жылы Елбасына арналған "Елбасы ортамызда" тәрбиелік іс - шара өткізілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Маусым 2018
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төңкеріс негізгі мектебінде қараша айының 29 күні 1 Желтоқсан – Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы ортамызда» әлемді шарлау әдісімен мерекелік іс – шара өтті.Мақсаты: оқушыларға елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының өмір жолы, кісілік келбетін, туып – өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлерін таныстыру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Іс – шараның өту барысында әр сыныпқа төмендегідей тапсырмалар алдын – ала беріліп қойылды. Олар: 1 «А» сыныбында (жетекшісі - Касымова Г.К) тақырыбы: «Елбасымызға арналған » буклет жасау және оны сынып оқушылары толық таныстыру. 2 «А» сыныбы ( жетекшісі - Рахым Шынар) тақырыбы: «Елбасымыздың отбасы және балалық шағы, өмірбаяны» туралы деректер беру. 3 «А» сыныбы ( жетекшісі - Тойлыхан Хуанар ) тақырыбы: «Елбасы туралы слайд көрсету және мағлұмат беру». 4 «А» сыныбы (жетекшісі - Смаилова Ж.А) тақырыбы: «Елбасымды сүйемін» тақпақтар айту және альбоммен таныстыру. 5 «А» сыныбы (жетекшісі - Булекбаева Өзгеріс) тақырыбы: «Елбасы – ел тірегі» атты нақыл сөздерін түсіндіру. 6 «А» сыныбы ( жетекшісі- Смайлова А.А ) тақырыбы: «Ел қолдаған Елбасы» елбасымыздың жүріп өткен жолы, тарихи оқиғаларын баяндау. 7 «А» сыныбы (жетекшісі - Дотей Күлжан) тақырыбы: «Тұңғыш Президент» ғылыми еңбектері мен кітаптарына тоқталып, эссе жазу. 8 «А» сыныбы ( жетекшісі - Ермухамбетова Ж.Б) «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» туралы көрініс көрсету. 9 «А» сыныбы (жетекшісі - Калауиденова А.С) «Елбасы – кемеңгер көшбасшысы» жанұясына арналған фотолары мен газет шығарып таныстыру. Әр сынып жеке – жеке сахнаға шығып, өздеріне берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты, сынып жетекшілері мен оқушылар көп ізденген.Іс – шара оқушыларға да ата – аналарға да қатты ұнады, бір – бірінен біраз мағлұматтар алмасып алды. Өткізілген іс – шараның тәрбиелік мәні зор болды, оқушылар риза болды және фото суреттерге түсті. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арналған өлеңінде:Тәуелсізбін! Бар ма мұң?Жоғары болсын талғамыңӨркені өссін қазақтыңОсы - менің арманым: Күн тұрғанда тұратын,Жұрты сайран құратынҚала болсын АстанаОсы – менің мұратымО, Ақорда, АқшатырҰлысыма бақ шатырБаянды болсын АзаттықОсы менің мақсатымХалқым – менің тірегімҚұрбан жаным, жүрегімАтымыз озсын бәйгедеОсы менің тілегім «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» деп мерекелік тәрбие іс – шарамызды аяқтадық. Мектеп оқушылары және сынып жетекшілері түгел ат салысып қатысты. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жармаганбетова Калима Танаткановна
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ