400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп:

Мұғалім: Сәбетова Альбина Самалқызы

География пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 10

Бөлім 3.2 Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері

Сабақтың тақырыбы

Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру

Оқу мақсаттары

10.3.2.3 Ластану және бұзылу деңгейі бойынша әлем аумағын аудандастыру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Мемлекеттерді ластану деңгейі бойынша аудандастырып үйренеді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Әр түрлі деректерді талдап, елдердің ластану деңгейін анықтайды;

  • Ластану карталарын пайдаланып, әлем аймақтарын аудандастырады


Мектеп құндылықтары

Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдауға, қорытынды жасауға баулу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: Оқушылар адамзат әрекетінен пайда болған атмосфералық құбылыстарды сипаттап анықтайды, пайда болуын түсіндіреді, ауызша жазбаша түрде жіктейді. (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары).

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер:

Атмосфераның қолайсыз құбылыстарына...................жатады.

Көмірқышқыл газының әсерінен...........................қалыптасады.

Адамзаттың атмосфераға тигізетін әсерлері...............................бар.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Климат, шаруашылық, көктайғақ, құрғақшылық, қуаңшылық, үсік, найзағай, шаңды дауыл, жылыжай эффектісі, озон қабатының жұқаруы т.б.

Пәнаралық байланыс

Химия – озон қабатының жұқаруын, қышқылды жауын мен жылыжай эффектісінің пайда болуын талдаған кезде

Алдыңғы білім

10.3.2.2 геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру.

Геоэкология ғылымының мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысандары, салалық құрылымымен танысады.


Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі



Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады. Жағымды жаңалық немесе жақсы тілектер айту ұсынылады (мұғалімнің жоспары бойынша)


Презентация слайд 1

Мақсат қою



Сабақтың тақырыбы анықталады. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері жарияланады. Мұғалім: Жапырақтарды жағу кезінде, ауаны ластайтын, адамның және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер ететін улы канцерогенді заттар шығарылады.

Европада жапырақтарды қайта өңдеуін мысалға келтіреді.

Презентация

слайд 4-5

Жаңа материалды игеру







Миға шабуыл әдісі.Оқушыларға слайдтан «Дүние жүзінің экологиялық ең қауіпті қалалары» Рейтингті құрастырған GGMCF жобасы, 2018 ж. Мұғалім сұрақ қояды:

  • Қандай ерекшелік байқадыңдар?

  • Экологиялық қауіпті қалалар қандай мемлекеттерде орналасқан?

  • Не себептен бұл қалалар қауіпті экологиялық аймақтарға айналған?

Оқушылар жеке ойланады, жұпта талқылайды, топтан бір оқушы жауап береді.



«Дүние жүзінің экологиялық ең қауіпті қалалары» Рейтингті құрастырған GGMCF жобасы, 2018 ж

Жаңа материалды бекіту



«INSERT» әдісі.Мұғалім оқушыларға ауа сапасының индексі туралы ақпарат береді.

Ауа сапасы туралы ақпарат Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Еуропалық агенттіктің (EEA, eea) анықтамасына сәйкес келетін еуропалық ауа сапасы индексінің көмегімен ұсынылады.europa.eu). Индекс Еуропалық заңнамамен реттелетін бес негізгі ластаушы заттар бойынша есептеледі: O3 (озон), NO2 (азот диоксиді), SO2 (күкірт диоксиді), PM2, 5 және PM10 (диаметрі тиісінше 2,5 микрометрден кем өлшенген бөлшектер және 10 микрометр).

Мұғалім сұрақ қояды:

  • Неліктен ауа сапасын анықтауда осы көрсеткіштерді өлшеген маңызды?

  • Қандай аймақтарда ауаның сапасы жоғары/төмен деп ойлайсыңдар?

Оқушылар топта талқылап, жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім жауаптарын толықтырады. Кері байланыс ұсынады.

(Ж) Жұптық жұмыс. Оқушыларға дүние жүзі елдерінің «Ауа сапасының картасы» таратылады.

Оқушылар картаны талдай отырып, келесі сұрақтарға жауап береді және кесте толтырады.

Дүние жүзі елдерінің ауа сапасы картасын пайдаланып, келесі кестені толтырыңыз:


0-50

51-100

101-150

151-200

201-300

300+















«Ашық микрофон» әдісі бойынша құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады.

  1. Карта бойынша ауа сапасы деңгейі әр түрлі мемлекеттерді жіктеңіз (кемінде 5 ел)

  2. Карта бойынша дүние жүзінің қай аймағының ауа сапасы ең жоғары? Себебін түсіндіріңіз

  3. Карта бойынша дүние жүзінің қай аймағының ауа сапасы ең төмен? Себебін түсіндіріңіз

  4. Ауа сапасын білу неліктен маңызды?

  5. Ауаның ластануы басқа қандай ластануға әсер етуі мүмкін?

Оқушылар тапсырманы орындайды. Жұпта жауаптарын ұсынады. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Мұғалім қажет жағдайда оқушылардың жауаптарын толықтырады.




Ауа сапасының индексі


https://ru.euronews.com/weather/copernicus-air-quality-index



















Қосымша 1

Жұмыс парағы

Карта

Рефлексия



Кері байланыс:

Ауаның сапасы қандай көрсеткіштермен анықталады?

Ластану деңгейі картада қалай таралған?

Әр түрлі таралуының себебі неде?

Презентация соңғы слайд

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.Рефлексия әдісі «Өз сөзімнің дәлелі»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі