Материалдар / Элективті курс "ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Элективті курс "ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні аптасына 1 рет болады және «Дербес компьютердің архитектурасы» тақырыбына 5 сыныпта небәрі 3 сағат қана бөлінген. Бұл сағаттар негізінен теориялық тұрғыда өтеді және практикаға артық сағаттар берілмеген. Ал 6 сыныптарда 2 сағат қана бөлінген. Оқушылар дербес компьютер жайлы жалпы мәліметке қарағанда, оның құрылысын, қасиеттерін, әр бөлшегінің неге жауап беретіндігін, ол компьютердің қай жерінде орналасқандығын қызыға үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
604
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

«ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ»

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЗЕРТХАНАСЫ




УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА АЛМАТЫ

ГОРОДСКОЙ НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ

ЦЕНТР НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБРАЗОВАНИИ

НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКАЯ ЛАБОРАТОРИЯ

«ГОРОДСКОЙ МЕТОДИЧЕСКИЙ КАБИНЕТ»




БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ

1-7 СЫНЫПТАР ҮШІН ВАРИАТИВТІ ЖӘНЕ

8-11 СЫНЫПТАР ҮШІН БЕЙІНДІ ЖӘНЕ

БЕЙІНАЛДЫ ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ




СБОРНИК

УЧЕБНЫХ ВАРИАТИВНЫХ ПРОГРАММ

ДЛЯ 1-7 КЛАССОВ, ЭЛЕКТИВНЫХ КУРСОВ

ДЛЯ ПРОФИЛЬНЫХ И ПРЕДПРОФИЛЬНЫХ

8-11 КЛАССОВ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ

ЕСТЕСТВЕННО-МАТЕМАТИЧЕСКОЕ НАПРАВЛЕНИЕ














Алматы, 2017 ж.

Редакционная коллегия:

Тюкачева Е.В., к.ф.н., руководитель НМЛ «ГМК»

Ежова Т.В., руководитель отдела по издательской работе НМЛ «ГМК»

Кусаинова Р.Т., руководитель отдела ОКО НМЛ «ГМК»

Батырбаева М.А., руководитель отдела по учебной работе НМЛ «ГМК»

Ниязбеков С.А., руководитель отдела по духовно-нравственному воспитанию и самопознанию НМЛ «ГМК»

Пашаева Г.А., руководитель отдела по работе с одаренными детьми НМЛ «ГМК»

Сулейменова Г.Ж., руководитель ТиПО НМЛ «ГМК»

Бигалиева А.С., методист учебного отдела НМЛ «ГМК»



Эксперты:

Киябаева З.Н., учитель математики Л № 178; Ануар Ж.А., учитель математики Л № 178; Федан Е.В., учитель математики Г № 83; Пащенцева С.В., учитель математики ШЛ №28; Рахметова Г.С., учитель информатики ОШ № 50; Андросова А.В., учитель информатики Л № 166; Мариева Г.А., методист НМЛ «ГМК» (информатика); Абикен Г.М., учитель информатики ШЛ № 163; Акымешева К., учитель информатики СГ № 12; Жанбатыр Х.Ә., учитель физики ШГ № 148; Алиева А.К., учитель физики Л №173; Кулик С.Н., учитель физики Л № 71; Ахметова А.С., учитель информатики Г № 83; Батырбаева М.А., руководитель отдела по учебной работе НМЛ «ГМК» (физика); Лукпанова К., учитель химии ШГ № 86; Оспанова М. К., учитель химии Г № 159; Алимбекова Б.Б., методист НМЛ «ГМК» (химия); Белоусова Т.Г., учитель химии ОШ № 95; Соколова Н.М., учитель биологии ШЛ № 28; Малдыбаева Б.К., учитель биологии Г № 130; Алина Ж.А., учитель биологии ШЛ №146; Корнелюк О.И., учитель биологии Г № 60; Мамбетова Ж.Х., учитель географии Г № 60; Шот С.В., учитель географии ШГ№ 5; Арзыкулова Г.А., учитель географии ШГ № 59; Шестель В.В., учитель экономики ЧШ «Достар»; Тохтыбакиева Т.С., методист НМЛ «ГМК» (география).




Рекомендовано к изданию решением Экспертного совета № 1 от 02.02.2017 года.


В сборник включены адаптированные программы учебных вариативных программ для 1-7 классов, элективных курсов для профильных и предпрофильных 8-11 классов организаций образования. В нем содержатся программы для учителей естественно- математического направления в системе профильного обучения.






















БАҒДАРЛАМА

элективті курс

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ

5 сынып оқушыларына арналған

( аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)

Сейтхазиев Д.Ш.

А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі


Пікір жазған: Тукеев Уалишер Ануарбекович, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, т.ғ.д.























Түсінік хат мазмұны

Компьютерді тиімді пайдалану үшін компьютерді жақсы меңгеру шарт. М. Шаханов ағамыз айтқандай, біз «компьютербасты» заманда өмір сүріп жатқандықтан, компьютерді білмеу, түсінбеу, меңгермеу – әбестік. Ұсынылып отырған «Дербес компьютердің архитектурасы» қолданбалы курс бағдарламасы оқушылардың мүмкіндіктерін жан - жақты дамыта отырып, олардың ой - өрісін кеңейтеді және олардың білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылады. Себебі, қазіргі кезде оқушылар «компьютер деген не?» деп сұрасаңыз , жауап беруге біраз тосылып қалатыны сөзсіз. «Электронды есептеуіш машинасы мен компьютер арасында қандай байланыс бар немесе айырмашылығы неде?» деген типтегі сұрақтар қойсақ, жауап беруге қиналады. Жүйелік блокты көрсетіп, бұл қалай аталады десеңіз, оны мүдірместен «процессор» деп жауап береді. Мұның себебі, оқушылар көп дүниені білсін деген ниетпен күнтізбелік жоспарда көп тақырыптарды қамтуға тырысамыз, алайда оқушылар бұл тақырыптарға бөлінген мардымсыз уақытта оның бәрін игеріп кете алмайтындығын ескермейміз. Осыған орай оқушылардың информатика пәнінен алып жатқан білімдерін практикалық тұрғыдан нақтылау мақсатында және аптасына бір рет болатын информатика сабағында үлгермеген дербес компьютердің негізгі құрылысына қатысты практикалық сабақтарды жандандыру үшін осы курс бағдарламасын ұсынбақшымын. Курс құрылымы теориялық материалдарды қарастыра отырып, практикалық сабақтарда қолдануды ұсынады. Қолданбалы курс бағдарламасы 5 сынып оқушыларына арналады, себебі одан жоғарғы сыныптарда информатика пәнінен бағдарлама курстары басталып кетеді. «Дербес компьютердің архитектурасы» тақырыбы бойынша курс бағдарламасы орта жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына арналған.

Көптеген жалпы білім беретін мектептерде информатика пәні аптасына 1 рет болады және «Дербес компьютердің архитектурасы» тақырыбына 5 сыныпта небәрі 3 сағат қана бөлінген. Бұл сағаттар негізінен теориялық тұрғыда өтеді және практикаға артық сағаттар берілмеген. Ал 6 сыныптарда 2 сағат қана бөлінген. Оқушылар дербес компьютер жайлы жалпы мәліметке қарағанда, оның құрылысын, қасиеттерін, әр бөлшегінің неге жауап беретіндігін, ол компьютердің қай жерінде орналасқандығын қызыға үйренеді. «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын, маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын, ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсең, мен үйренемін» деген Қытай даналығы. Бағдарлама информатика курсы бойынша білім беру стандарты мен 5 сыныпта курсты оқыту бағдарламасына сай құрастырылған. Егер 5 сынып оқушысы компьютерлік сауаттылығының жоғары екендігіне көз жеткізсеңіз , әрине, жақсы ойда қаларыңыз анық. Сондықтан мектеп оқушыларын «компьютер – бұл ойын немесе ғаламтор құралы ретінде» деген ойынан арылтып, робототехниканың дамып келе жатқан уақытында компьютерлік сауаттылығын арттырып, компьютерді баптап күту құрылысымен толық таныстыруды мақсатқа алып, 5 сынып оқушыларымен «Дербес компьютердің архитектурасы» тақырыбында бағдарлы курс ұйымдастыруға болады.

Курстың мақсаттары:

- электронды есептеуіш машинасының пайда болу тарихы мен компьютердің буындары жайлы толық мағлұмат беру;

- компьютердің негізгі құрылымы неден тұратындығын меңгерту;.

- компьютердің негізгі құрылымын құрайтын әрбір бөлшегінің сипаттамасымен таныстыру;

- оқушыларға интернеттен, слайдтан, электронды оқулықтан, видеоүзіндіден көріп жүрген компьютерді және оның бөлшектерін көз алдыларында ұстап көруге жағдай жасау;

- жүйелік блоктың қандай бөлшектерден тұратындығына көз жеткізіп, әрбір бөлшегі істен шыққанда қандай сигналдар болатындығын іс жүзінде байқап, тексеруге мүмкіндік беру;

- оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру; - сабақта алған білімін өмірінде қолдана білуге үйрету;

- жеке тұлғаның есте сақтау, ойлау, елестету сияқты психологиялық қасиеттерін қалыптастыру; - тапсырмалар жүйесін шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

- оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, оларды мектеп бітіргеннен кейін де еңбек етуге дайындығын қамтамасыз ететін білімдерімен, дағдыларымен және іскерліктерімен қаруландырады.

Оқушылардың компьютер жайлы білімдеріне жеке тоқталып, оны толықтыру, зерделеу, тәжірибе барысында пайдалану арқылы төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:

- оқушыларды курс мазмұнымен таныстыру;

- оқушылар тілдеріне жатталып кеткен компьютерлік ұғымдарды түзетуге мүмкіншілік туғызу;

- «компьютер» ұғымына қатысты қате аударылған термин сөздердің дұрыс мағынасын үйрету;

- бірнеше тақырыптың басыл шалып мардымсыз мәлімет алғанша, нақты бір тақырып төңірегінде білімін тереңдету;

- компьютердің жұмыс жасау қуаты оның жадына орнатылған бағдарламаға ғана емес, сонымен қатар жүйелік қораптағы бірнеше бөлшектерінің сипаттамасынан да тәуелді екендігіне көз жеткізу;

- компьютер – адамның ұзақ уақытын өткізетін арнайы орын емес, адамның жұмысын жеңілдетуге, уақытын үнемдеуге арналған машина екендігіне көздерін жеткізу;

- компьютердің зиянды және пайдалы жақтарын жете түсіндіру;

- білімдерін толықтыру;

- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау;

- топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту;

- өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу;

- оқытылып отырған мағлұматтардың адам өміріндегі маңыздылығынан туындап отырғанын көрсету.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

Сабақ өткізу формалары:

Түсіндірмелі - иллюстративті, лекциялар, практикалық жұмыстар, шығармашылық жұмыстар, өзіндік жұмыстар, тестілеу, демонстрация, жобалық тапсырмалар, интеграциялық сабақтар, интерактивті сабақтар.

Курс оқушылардың практикалық, шығармашылық іс - әрекеттерін қалыптастырудың негізі болуы тиіс.

Сабақ өткізу түрлері:

- мұғалімнің лекциясы мен әңгімесі;

- мұғалімнің практикалық сабақтары;

- оқушылардың баяндамасы;

- ойын сабақтары;

- дайын модельдермен практикалық сабақтар;

- интернет ресурстар, ақпарат көздерінен алынған, т.б. мәліметтермен жұмыстар;

- информатика апталығына дайындық, қатысу жұмыстары;

- зерттеу жұмыстары.

5 сынып

Электронды есептеуіш техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері (1 сағат)

Электронды есептеуіш техникасының тарихы, буындары (5 сағат)

«Компьютер» ұғымының пайда болуы, мағынасы, құрылысы (24 сағат)

Дербес компьютердің бағдарламалық жабдықталуы (3 сағат)

Тараулар бойынша жылдық қорытынды сабақ ( 1 сағат)

Оқушыға қойылатын талаптар:

- бағдарлама мазмұнымен толық танысу;

- сабақта үйренген дүниесін өмірмен байланыстыра білу;

- бағдарлама барысында жүргізілетін жұмыстарға толық қатысып, берілген тапсырмаларды уақтылы орындау;

- практикалық жұмыстарды ұқыптылықпен орындау;

- шығармашылықпен жұмыс жасау;

- әдеби оқулықтар, ғаламтор көздерімен, газет - журналдармен үнемі байланыста болу;

- мұғалімнің сабақта берген білімімен шектеліп қоймай, ғаламтордағы үйретуші видеолардан көргендерін жолдастарымен бөлісу;

- әлемдегі компьютерге қатысты болып жатқан жаңалықтарды сыныптастарымен бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

- «компьютер» ұғымына қатысты жаңа термин сөздердің мағынасымен танысады; - компьютерге қатысты мазалап жүрген ойларын нақтылайды;

- компьютердің негізгі құрамына нелер кіретінін меңгереді;

- монитор және жүйелік қораптың түрлерін ажырата алады;

- компьютердің берген қателіктеріне қарап диагноз жасай алады;

- компьютерді сипатына қарай бөле алады;

- компьютер сипатына қарай амалдық жүйе таңдай алады;

- компьютерге өздігінен драйвер мен қажетті бағдарламаларды орната алады.

Нормативті бөлім

(Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат



Р\с

Тақырыптың аты

Жалпы сағат саны

Өткізі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!