400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Электр қауіпсіздігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты. Оқушыларға электр қауіпсіздігі туралы мәлімет. Дайын тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Электр қауіпсіздігі

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Білімділік: Балаларға « электр қуаты», «электр тоғы» туралы түсінік беру; электр қуатын пайдалануда сақтану ережелерінің негізін қалыптастыру; найзағайдың пайда болу себептерін түсіндіру.Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.Электр тоғы арқылы жұмыс істейтін заттарды дұрыс қолдану туралы түсінік беру.

Дамытушылық: ой-өрісін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, презентация,видео ролик түрінде көрсету.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Шаттық шеңбер:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің неше айы бар?
- Қазір көктемнің қандай айы?

- Көктем мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.

-Ал енді балалар маған айтыңдаршы электр тоғы деген не білесіңдер ме?

-Электр тоғының адамдарға қандай пайдасы бар?




Шаттық шеңберіне тұрады.






-Балалар сұрақтарға жауап береді.






-Балалар өз ойларын айтады.

- Балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі Электр тоғының, қуатының қаншалықты қауіпті екенін білейік. Тұрмыста көп қолданатынымыз – Электр. Электр - жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен, оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін.
Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау. Үлкендердің көмегінсіз электр разеткаларына ештеңе тығуға болмайды.

-Электір қауіпсіздігінің белгісін көрсетеді.

-Топ ішіндегі электр құрылғылырын көрсетеді.

-Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.

Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2-3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.

-Электр тоғы жайлы видео роликті көрсетеді.

-Электр тоғын жөндейтін адамды электрик деп аталады.Оның құрал саймандарымен таныстыру.

-Балалар мен сендерге электр тоғы арқылы жұмыс істейтін заттар туралы жұмбақ жасырамын:

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып.


Аязға толы жәшігім,

Ішінен тамақ тасыдым.


Тәбетін ашсаң,

Тамағы лас, шаң.


Ән салады чемодан ,

Ішінде тұр көп адам.

Естімейді сөзіңді ,

Сөйлесең де сен оған.


Төбемізде тұрағы,

Пайдасы мол ұққанға.

Түнде жанып тұрады,

Сөнеді Күн шыққанда

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып, безектеп.

Өрт шыққан кезде кімді шақырмыз?

101-өрт сөндіру қызметі

103- жедел жәрдем

-Электр тоғы ұрған адамға алғашқы көмек. Көмек көрсетуші электр тоғы ұрған кісіге жақындамас бұрын, өзінің қауіпсіздігін қамдау керек қуат көзін өшіру,зардап шегушінің денесінен ағаш затпен тоқ өткізгіш затты алып тастау және т.б

-Сақтық туралы мақал – мәтелдер сұрау балалардан.





Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорытындылау:

Электр құрылғыларымен ойнауға болама?

Электр қауіпсіздіген сақтауымыз үшін не істеуіміз керек?



-Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды балалар.







Өз ойлары мен пікірлерін айтады.













-Балалар жұмбаққа жауап береді.



-Үтік




-Тоңазытқыш



-Шаңсорғыш







-Теледидар





-Электр шамы


-Телефон

-Өрт сөндірушілерді

101 нөмеріне қоңырау









Жалғаймын деп үзіп алма,

Түзеймін деп бұзып алма.

Айзере

Сақтықта қорлық жоқ.
Диас
Сақтықты сұңқырдан үйрен.

Айханым


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі