Электр тогының жұмысы мен қуаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып оқушыларына арналған "Электр тогының жұмысы мен қуаты" тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар. Сабақ барысында АКТ көбірек қолданылады,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ...............

Қысқа мерзімді жоспар

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Бөлім:

Тұрақты электр тогы

Педагог

Сүлеймен Аяжан

Күні:

13.02.2023

Сынып: 8 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы және қуаты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Ток жұмысы мен қуатын анықтауға арналған формулаларды есептер шығаруда қолданып үйренеді.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.




Warm up activity

«Charades»

Алдыңғы тақырыптарда қолданылған терминдерді «Charades» қосымшасына алдын-ала енгізіп, қосымшаны қолдану жолын түсіндіреді.

Тақтаға кез келген оқушы шығады, ұялы телефонға орнатылған қосымшада сөздер беріледі, тақтадағы оқушыға қалғандары сөйлемей, ым арқылы сөздерді іс-әрекетпен көрсетуі керек.


Ұялы телефон

Charades

қосымшасы

Алдыңғы білімді еске түсіру

«RQ» әдісі

«Spinner Wheel»қосымшасын жүргізеді, кездейсоқ таңдалған оқушының өзіне тиісті сұрағын қойып, жауабын тексереді.

Қойылатын сұрақтар тізімі:

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Ток күші дегеніміз не?

3. Ток күшінің формуласы қандай?

4. Ток күшінің және кернеудің өлшем бірлігі қандай?

5. Вольтметр дегеніміз не?

6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы қандай?

7. Реостат деген не?

8. Тізбектегі түйін дегеніміз не?

9. Кедергінің өлшем бірлігі қандай?

10. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауға өмірден қандай мысал келтіресің?

Аты көрсетілген оқушы, өзіне тиісті сұраққа жауап береді.


Spinner Wheel қосымшасы


Сабақтың ортасы

5 мин

Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіреді.


Түсіндіру барысында қолданылатын тапсырма:

- Электр есептеуіш аспаптың көрсеткіші бойынша (120-сурет) бір айда жұмсалған энергияның мөлшерін анықтаңдар.

Жаңа тақырыпты тыңдап, керекті анықтамалар мен формулаларды дәптерлеріне түсіреді.


Слайд

Сабақты бекіту

25 мин


Есептер шығару:

1. Қуаты 100 Вт электр шамы 1 кВт*сағ электр энергиясын тұтыну үшін неше уақыт жанып тұруы қажет?

2. Қуаты 100 Вт электр шамы күніне 6 сағат жанады. 1 ай (30 күн) ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап, 1 кВт*сағ біздің қалада 9 теңге тұрады?

3. Электр шамы кернеуі 220 В электр желіге қосылған. Шамның қыл сымының кедергісі 484 Ом болса, шамның қуаты қандай?

4. Қуаты 600 Вт шамның кедергісі 150 Ом болса, шамдағы ток күші қандай?

5. 220 В желіге қосылған шам 0,5 мин жарық шығарғанда 1800 Дж энергия бөлінген. Шамның қыл сымының кедергісі қандай?

Оқушылар тақтаға шығып, слайдта көрсетілген есептерді шығарады. Қалған оқушылар жылдам дәптеріне шығарып, мұғалімге тексертеді.

5 балл


Әр дұрыс шығарылған есепке 1 балл беріледі.

Тақта, слайд

Individual work

Оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырма қағазын таратады.

2 кезеңнен тұратын таратпа қағазындағы жеке тапсырманы орындайды.

Дескриптор арқылы


Жалпы: 5 балл


- Барлық анықтамаларды дұрыс сәйкестендіреді.

[2 балл]

- Әр физикалық шаманың формуласын жазады, түрлендіреді.

[3 балл]



Таратпа қағазы

Сабақтың соңы

8 мин

«Mentimeter» әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімін тексереді.

Жаңадан үйренген тақырыбын «Mentimeter» қосымшасына жазу арқылы қорытындылайды.


«Mentimeter» қосымшасы


Кері байланыс

«БББ» әдісі

Өтілген сабақ жайлы оқушылардың пікірін сұрайды.

Оқушылар осы сабақтан нені «Білдім», «Білгім келеді», «Білмедім» сұрақтарына жауап береді.



Үй жұмысы


20 жаттығуды орындап келеді.


Кітап, 172 бет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2023
331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі